Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 00:38, реферат
Әлеуметтану тарихы неден басталады және оның пайда болуын қай кезеңнен бастап есептеген дұрыс? Бұл сұрақтың жауабы көп жағдайда әлеуметтану пәнін түсіндіруге байланысты: әлеуметтану пәні неғұрлым қысқа және нақты анықталса, оның тарихы да соғұрлым қысқа болып шығады. Екінші жағынан, бұл пән неғұрлым кең қамтылған және белгісіздеу болып көрінсе, әлеуметтану тарихының бастауы да соғұрлым ғасырлар қойнауына тереңдей түседі.
Адамды қоршаған ортада пайда болуы ғана емес, оның қоршаған ортадағы басқа адамдардың арасында өмір сүруі проблемалары да ежелден қызықтырып келеді.
Қазақстандағы әлеуметтану ғылымы
Қазақстанда әлеуметтану
көзқарастарының қалыптасу
Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуына алдымен әлеуметтік-саяси және әлеуметтану идеяларын қалыптастыратын әлеуметтік ойдың даму кезеңі негіз болған. Әлеуметтану ойы қоғам, өның өзара байланыстары, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік шынайылықтың теориялық конструкциясының құрылымы туралы көзқарастардың, ұғымдардың жиынтығын білдіреді, ол белгілі бір тарихи уақыт ішінді белгілі бір әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларда қалыптасады. Ол заңдардың, механизмдердің, зерттеу амалдарының айқын ресмиленген және қатаң жүйесін қалыптастырудың негізі болып табылады.
Батыстың әлеуметтану тұжырымдамаларының қалыптасуы мен даму ерешелігі бірқатар теорияларда көрініс табатын өнеркәсіптік капиталистік қоғам дамуының тарихи кезеңдерімен байланысты. Ресейде әлеуметтану «ұлттық өзіндік сана нысанына», «ресейтануға» айналды. Әлеуметтану ойын зерттеушілер жазғандай, орыс әлеуметтанушысы (әлеуметтік философы) «жалпы қоғамды», «жалпы әлеуметті» және т.б. сирек зерттеген, ол Ресейді зерттеген, тіпті абстрактілі ұғымдарды қолданғанкезде де бұл оның тарапынан «таза ғылымға» жасалған саналы немесе еріксіз құрмет болатын, ал іс жүзінде ол не Ресейді, не жалпы әлемді тұтасымен қарастырған болатын. Орыстың әлеуметтану ойы «өзіндік зерттеумен», «өзіндік рефлекциямен» сипатталады – бұл оны идеялық және рухани жағынан қазақ ағартушылығымен және қазақстандық ойшылдардың әлеуметтік-саяси ілімдерімен жақындастыра түседі.
Қазақстандағы әлеуметтік ой қалыптасуының қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы – ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыпасуыныңобъективті шарттары мынадай факторлар болды: 1) рухани кқтерілу – мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркедеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгендігі атап өтілді; 2) әлеуметтік-саяси даму – Қазақстандағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалы арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлі нысанының өзгеруіне әкеп соқты.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835-65), Абай Құнанбаев (1845-1904), Ыбырай Алтынсарин (1841-89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:
1. Қлассикалық кезең – Ш.Уәлихнаовтан, А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады;
2. Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері: М.Сералин, С.Торайғыров (1893-1920), С.Дөнентаев.
Белгілі ғалым С.Зиманов
ағарту ісінің даму процесі кезең
кезеңімен өтеді: білім беруді насихаттаудан
бастап саяси бостандықты талап
етуга және оған қол жеткізу үшін
күресуді талап етуге дейін деп
жазады. Сонымен қатар, ағарту ісіне
баға бере отырып, зерттеушілер қандай
да бір ұлттық «негізде» пайда
болған кез келген ағарту идеологиясы
өзінің мәні бойынша интернационавлдық
болып табылады, себебі ең алдымен
ұлттық емес, әлеуметтік және ұлттықтан
жоғары проблемаларды, яғни буржуазиялық
қоғамдық қатынастардың қалыптасу
дәуіріндегі түбегейлі
Ағарту философиясына тән белгілі бұқара халықты білімге, білім беруге, мәдениетке, озат идеяларды қабылдауға және т.б. жұмылдыру болып табылады. сол кездегі қоғамдық ой алдында тұрған басты мәселе қоғамдық әлеуметтік прогресі және оны дамыту проблемалары болды. Ағартудың әлеуметтік философиясында қоғамдық қатынастардың даму деңгейі, меншік нысандары, қоғамдың әлеуметтік құрылымы таптар және қоғамның таптық жіктелуі, әлеуметтік теңсіздіктер және оны жоюдың жолдары, мемлекет және мемлекеттік басқару нысандары, отбасы және қоғам, қоғам және жеке тұлға туралы мәселелер, сондай-ақ оқыту, тәрбие және пелагогика мәселелерә қамтылған. Сонымен қатар, билік пен басқарудың айрықша құзырлығын, қоғамның саяси ұйымын және ондағы режимді талқылай отырып, ағарту ісі қоғамның сезімтал тұстарын қозғамай тұра алмайды және мемлекеттік билікке сөзсіз қарсы келеді. Егер де ол мемлекеттік биліктің қызметіне ықпал етуге ұмтылса, онда ол оған опозицияда болады.
Қазақстандағы әлеуметтанулық
көзқарастарын қалыптасу
Шәкәрімнің философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық көзқарастары оның «Үш анық» атты еңбегінде көрсетілген, онда сәтті бөліп қарауға болады: 1) Шәкәрім Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін сын көзбен зерделеп, Спенсердің, Конттың еңбектерін талдайды, олардың көзқарастарына қатысты ұстанымын білдіреді; 2) дамыған халықтардың білуімдерін өз халқына жеткізуге әрекеттенеді; 3) ақиқат ғылымды іздеу- басқа жат проблемалардан бас тарту деп есептейді. Ғылыммен еркін, жалтақтамай шүғылдану қажеттігін айтады.
Екінші бағыт – таныммен,
танымдық қызметпен, танымдық белсенділікпен
және олардың дамуының ьелгілі бір
әлеуметтік институтардың нақты
қызметімен ұштасуымен бвйланысты. Бұл
кезеңде қазақ даласында
Үшінші бағыт – «Адам дүниені қалай танып біледі» атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды. Білім берудегі әлеуметтану бұл проблеманың кейбір қырларын өз зерттеулерінің пәні ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда, Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегі аталмыш проблеманы зерттеу құралы болып табылады.
Қазақ ойшылдарының әлемдік
қоғамдық ойға қосылғандығы және қоғам
мен прогресс идеяларын айрықша
қабылдауы Қазақстанда
спенсер «үлкен эволюцияны» үш сатыға бөледі: бейорганикалық, органикалық және органикаүстілік. Әлеуметтік эволюция – көптеген тіршілік иесінің өзара іс-әрекетін, салдары жағынан кез келген жеке әрекеттердің мүмкіндіктерінен асып түсетін үйлестілірген ұжымдық қызметті білдіретін органика-үстілік эволюцияның бір бөлігі.
Орыс ғалымы М.М.ковалевский «прогресс» ұғымын үдемелі қозғалыс және оның барысында адам баласы сан ғасырлардан бері жасап келе жатқан құндылықтардың дамуы деп түсінді және бұл қозғалыс сырттан болатын күрт секірулер мен дүмпулерге жол бермейді: ол қоғамның өз игілігі үшін экономикалық өмірдің шарттары мен саяси санасын басшылыққа ала отырып әлеуметтік үдеткіштерсіз (төңкерістер, революциялар) жүзеге асуға тиіс. Үдемелі, прогрессивті қозғалысқа әлемнің барлық қалықтары ат салысалы, тарихи даму барысында олар барлық өркениеттің игілігі және прогрессивтік дамудың көрінісі болып табылатын құндылықтарды жасайды. Прогрестің алдыңғы шебірндегі халықтар – өздерінің құндылықтарын да, басқа халықтар мен ұлттардың жасаған құндылықтарында игеріп, олардың өздеріне пайдалы екендігін көре біліп және бұл әлеуетті пайданы экономикалық, мәдени және саяси өмірдің нақты көрінісіне айналдыра білгендер.
Абай ілімінде қоғам мен адамның даму процесі үш сатыға бөлінеді. Біріншісі – төменгі саты, онда білгілі бір әлеуметтік тәртіп өмірлік бағдарлар жоқ. Бұл «жарым адамның» ауыр, ұзақ, бақытсыз өмірі, ол адамды Абай жануарға теңейді. Екінші кезеңде қоғам белгілі бір тәртіпке ие болады, оны нығайтады, материалдық молшылыққа қол жетеді, ақыл-ой арқылы рухани болмыс ретінде жалпы адамзаттың негізі танылады. Бұл деңгейде адам таза рухани болмыс ретінде жалпы адамзаттың негізі танылады. Бұл деңгейде Абай жеке адамды «адам» деп атайды. Үшінші деңгейде адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуге тиіс. Бұл шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол, оған «толық адам» жетеді. Алайда, бұл деңгейге жалпы қоғам т.гел қол жеткізе бермейді, оған тек жекелеген адамдар қол жеткізе алады, сондықтан да ол алдағы мақсат болып қала береді. Қоғадық прогрестің өозғаушы күші тұлға болып табылады. Қазақ ойшылы үшін прогесс – қоғамның алға жылжуы, оның жоғары сатысы әлеуметтік тәртіп пен жоғары парасатты тұлғаны қоса қамтиды. Төменгі саты – бейберекеттік және жарым адам. Ортаңғы сатысы – тұлғаның материалдық молшылығы мен рухани тепе-теңдігінің үйлесуі.
Қазақ классикалық ағарту ісінде проблемалар мынадай бөліктерге бөлінеді:
Зерттеулердің орталық фигурасы адам, оның табиғаты болып келген, солай бола береді де. Қазақ ағартушылары жеке
Қорытынды
Жалпы, ежелгі ағартушылық кезеңде дамыған әлеуметтік ілім мынадай бірқатар елеулі шектеулермен және кемшіліктермен сипатталады:
Әлеуметтанудың дербес ғылыми пән ретінде бөлініп шығуы қоғамды тануда аталмыш шектеулер мен жетіспеушіліктердің орнын толтыруда пайда болған қажеттіліктермен тікелей байланысты. Қоғамды әлеуметтану жағынан зерттеу бірнеше шарттардың орындалуын талап етті.
Біріншіден, ол өзінің зерттеу
объектісіне тікелей
Әлеуметтанудың ғылым
ретінде қалыптасуының келесі бір
алғышарты әлеуметтік детерминизм
ұғымы облып табылады. Бұл ұғым
бойынша, қоғамды былық пен зорлық-
Белгілі бір мағынада, әлеуметтану әлеуметтік дамуға жататын үш заңның белгіленуінен дамыды деп айтуға болады:
Информация о работе Классикалық әлеуметтік теория ежелгі әлеуметтану ретінде