Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 00:38, реферат
Әлеуметтану тарихы неден басталады және оның пайда болуын қай кезеңнен бастап есептеген дұрыс? Бұл сұрақтың жауабы көп жағдайда әлеуметтану пәнін түсіндіруге байланысты: әлеуметтану пәні неғұрлым қысқа және нақты анықталса, оның тарихы да соғұрлым қысқа болып шығады. Екінші жағынан, бұл пән неғұрлым кең қамтылған және белгісіздеу болып көрінсе, әлеуметтану тарихының бастауы да соғұрлым ғасырлар қойнауына тереңдей түседі.
Адамды қоршаған ортада пайда болуы ғана емес, оның қоршаған ортадағы басқа адамдардың арасында өмір сүруі проблемалары да ежелден қызықтырып келеді.
Қарапайым адамдардың ережелері
егжей-тегжейлі жасалмады және көп
жағдайда дәстүрлі ведалық діннің дәстүрлі
нормаларынан алынды. Касталарға буддалық
көзқарастың өзіндік ерекшелігі
оның варналардың тізбесінде брахмандардың
орнына бірінші кшатрилерді атағанында
болды. Буддизмнің әлеуметтік талаптары
істің шын мәнінде діни саладағы
касталарды теңестіруге келіп тірледі
және қоғамды құрылыс негіздерін
қозғамады. Өзінің көрініп тұрған бар
шектеулілігімен бұл ілім мұрагер
брахмандардың беделіне, олардың
қоғамды идеялық және саяси басқаруға
ұмтылуына нұқсан келтірді. Буддизмнің
оппозициялық абыздыққа қарсы сипаты,
оның наным ісіндегі касталарға бейжайлығы,
күйзелістің алдында адамның
психологиялық жағынан өзін-
Алғашында буддизм қарапайым
жер өңдеуші қауымдармен қала
кедейлерінің көзқарастарын білдірді.
Соңынан буддизм едәуір өзгерістерге
ұшырады. Үстем сословиелердің қолдауына
мүдделі будда қауымдарының жетекшілері
ілімді қайта қарады. Онда көнгіштік
және өкіметке қарсы болмау уәжі күшейтіліп,
шегіне жеткен аскеттілік талаптары
жұмсартылған, қарапайым адамдарды
құтқару идеясы пайда болған. Зайырлы
билеушілер өз кезегінде ілімді абыздықтың
озбырлығына қарсы күресте
Үндінің қоғамдық ойының одан кейінгі тарихы брахманизмнің, буддизмнің және басқа да бір қатар нанымдардың элементтерінің сіңірген дін – индуизмнің пайда болып, нығаюымен байланысты. Буддизм негізінен Үндістаннан тыс жерлерде – Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде, Қытайда, Жапонияда және т.б. елдерде кең тараған. Б.з алғашқы ғасырларында буддизм әлемдік діндердің біріне айналды.
Ежелгі Грекиның әлеуметтік білімі. Көне ой әлеуметтік салын зерттеулерге күш серпін берді және әлеуметтану негіздерінің іргетасына бірқатар элементтер қалады. Платонның «Мемлекет», сондай-ақ Аристотельдің «Саясат» атты еңбектері мемлекет отбасы, құқық сияқт ыжекелеген әлеуметтік институттарды зерделеудің бастауы болды. Көне философар алғашқылардың бірі болып адамның қоғамдағы орны проблемасына көңіл бөлді.
Көне дәуірде қоғамның
пайда болуы мен
Басқа дәстүрге сәйкес, қоғам – жасанды құрылым; адам – табиғатынан және әуел бастан әлеуметтікке қарсы және өзімшіл тіршілік иесі; адамның табиғи күйі – қоғамнан тыс және қоғамға дейінгі.
Қоғам – өзінше жеке адамдардың игілігі үшін адамдар құрастырған жасанды механизм. Адамдар мен күшке сүйенетін мемлекет осы механизмнің өзі болады не болмаса оны берік жәнетиімді етудің басты құралы болады: ол өз бодандарын өзіне ақыр соңында олардың өз еріктермімен және өз игіліктері үшін бағындырады (Платон, Эпикур, Лукреций).
Платонның (б.з.д. 428/427-348/347 жылдары)
дүниетанымында оның қоғамға және мемлекетке
көзқарастарының мағызы зор. Оның назараны
ортақтасып өмір сүру қандай болуы
қажет және мұндай ортақтасып өмір
сүруді орнатуға және сақтауға адамдар
қандлай тәрбие мен болу керек
деген мәселелер аударылды. Қоғамдық-саяси
мәселелерге Платон өзінің неғұрлым
жан-жақты екі туындысын
Мемлекет Платонның
Қоғамның тектік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріктігінің шарты деп жариялады. Төменгі тектен жоғарысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белгіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. «Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу – әділдік деген осы». Әділдіктік платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін анықтауға құрылған.
Платон мемлекет басына мәңгілік игілікке қатысы бар және идеялардың көктегі әемін жердегі өмірге іске асыруға қабілетті философтарды қою қажет деп сендірді. Билікті керемет ұйымдастыру жобасында Платон «қанның аристократиясы» принципінен бас тартып, оны «рух аристократиясымен» алмастырады. Бұл идеяны негіздей отырып, ол билеуші философтарға рухани элита қасиеттерін таңады – интелектуалдық еррекшелік, өнегелілік, кемелдік және т.б.
Мемлекеттің бұрмаланған
нысандарын сипаттай отырып, Платон оларды
мұратпен салыстырғанда ретімен
орналастырады. Даналар аристократиясының
азғындауы, оның айтуынша, жеке меншіктің
орнығуына және үшәншә сословиенің
еркін жер өңдеушілерінің құлдарға
айналуына әкеп соғады. Мемлекеттің
криттік-спартандық түрі, немесе күшті
жауынгерлер үстемдігі –
Мемлекеттік құрылымның келесі түрі олигархия – жеке адамдарда байлықтың жиналуы нәтидесінде пайда болады. Бұл құрылыс мүліктік шекке негізделген. Билікті аз ғана байлар иеленіп, кедейлер алакөздікке душар болған олигархиялық мемлекет үнемі өзімен-өзі шайқасып отырады.
Кедейлердің жеңісі демократияның – халық билігінің орнауына әкеп соғады. Демократия кезіндегі қоғамдық лауазымдар жеребе арқылы бөлінеді, соның салдарынан мемлекет бостандыққа шектен шығып мастанады. Демократияда әркімнің өз еріктілігі мен бостандықтары сақталады.
Ақыр соңында тым еркіндік өзіне қарама-қарсы – асқан құндылыққа айналады. мемлекеттік құрылымның ең нашар түрі – тирания орнайды. Тирандар (қатыгездер) билігін сатқындықпен және зоролықпен ұстап тұрады. Тирандық құрылым – мемлекеттің ең ауыр кеселі, онда қандай да бір адамгершілік мүлдем болмайды.
Платон өз заманындағы мемлекет нысандарын – демократияны, тиранияны, олигархияны және тимократияны айыптайды. Мемлекеттік құрылыстың осынау барлығы дұрыс емес дейтін нысандарына «керемет мемлекетті» қарсы қояды, мұның өзі кейіннен Платон туралы социалистік және тоталитарлық идеялардың негізін қалаушы деп айтуға негіз болды.
Платон жетілген мемлекеттік
құрылым деп демократия мен монархияның
бастамалары бірлескен басқаруд
айтады. Ондай бастамаларға жататындар:
арифметикалық теңдіктің
Орта ғасрдағы әлеуметтік таным
Еуропадағы қоғамдық-саяси көзқарастар
Орта ғасырлар Еуропа тарихында Ү ғасырдағы Рим империясының күйреуінен бастап Қайта өрлеу дәуіріне (ХІҮ-ХҮ ғ.ғ.) дейінгі ұзақ аралықты алады.
Бұл кезеңдегі қалыптасқан философияның екі өзіндік негізгі қалыптасу көзі болды. Оның бңріншісі – ежелгі грек философиясы, ең алдымен платондық және аристотельдік дәсүрі. Екінші көзі – философияны христиандыққа бұрған Киелі жазу.
Орта ғасырлардағы әлеуметтік-философиялық жүйелердің көпшәлігінің идеологиялық бағдары христиан дінінің негізгі парыздарымен айқындалды, олардың ішіндегі аса маңыздылары жаратушы құдайдың тұлғалық нысаны туралы қатаң қағида мен құдайдың дүниені «жоқтан бар етуі» туралы қатаң қағидалар болды. Мемлекеттік билік қолдаған осындай қатал діни парыз жағдайында философия «діннің қызметшісі» болып жарияланд, оның шеңберінде барлық философиялық мәселелер теоценризм, креоционизм, провиденциализм тұрғысынан гешілді
Теоцентрицизм (грекше theos - Құдай) дүниені бар нәрсенің көзі мен себепшісі құдай болып табылады деп түсіну. |Ол дүние құрылысының орталығы жіне оны жасаушы бастауы. теоцентризм принципі танымға да танылады, онда білім жүйесінің жоғарғы сатысында теология; одан төмен - теологияның қызметіндегі философия; одан да төмен – әр түрлі дербес жіне қолданбалы ғылымдар.
Креацинионизм – (латынша creatіo – жасау, құру) бұл принципке сәйкес Құдай тірі және қлі, шіріген, өткінші және тұрақты өзгерісте болатын табиғатты жоқтан жасаған.
Провиденциализм – (латынша providentia көрегендік, құдырет), көзқарастар жүйесі, оған сәйкес бапрлық әлемдік құбылыстарды, соның ішінде тарих пен жеке адамдардың мінез-құлықтарын құдайдың құдірет күші басқарады (құдірет – діни ұғымында: Құдай, жоғары жан немесе оның іс-әрекеті).
Шығыс араб елдерінің әлеуметтанушылық
ойы. Шығыстың философиялық ойының
барлық тарихында осы аймақтың көрнекті
ойшылдар өздерінің қоғамдық-саяси
көзқарастарын тұжрымдай
Орта ғасырлардағы неғұрлым кешенді және негізделге әлеуметтік ілімдердің бірінің авторы философ және жаратылыстанушы Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950 жылдар шамасы) болып табылады. Фараби өзінің әлеуметтік-этикалық трактаттарында мемлекеттік басқарудың шығу тегімен, мәнісімен және нысандарымен байланысты мына проблемаларды қарастырды:
Қоғамдық бірлестіктердің шығу тегі құрамы құрылымы және нысандары;
Мемелкет-қала, қалалық (мемлекеттік) бірлестіктің ерекшеліктер мен тіршілігі;
Мемлекет және оны басқару ныандары;
Адамның қоғамдағы орны мен міндеттері, оны функциялары қоғамдық құбылысы ретінде, еңбек қызмет, парасаттылық және тәрбие мәселелері;
Мемлекеттік бірлестік түпкілікті мақсаты, бақытқа жетудің жолдары мен тәсілдері.
Келтірілген мәселелердің мазмұны
мен құрылымының өз Әл-Фарабидің
азаматтық қоғам
Жаңа дәуірдің әлеуметтенаушылық
ойлары. Жаңа дәуір – XVI-XIX ғасырларды
қамтитын үлкен тарихи кезең. Еуропада
буржуазиялық тәртіп орнады. Осы кезеңдегі
еуропалық философияны
Қайта өрлеу дәуірі. Қайта өрлеу дәуірін (XV-XVI ғасырлар) әлеуметтік ой дамуының жаңа кезеңі деп есептеуге әбден болады. Адамға және мәдениетке қатысты теология үстемдігінен бостандық алу әлеуметті-саяси теориялар жаса саласында да толық көрініс тапты. Адам, оның бостандыққа бақытқа және теңдікке деген құқықтары жердегі өмірдің жоғарғы құндылықтары , ал мемлекет оны қамтамасыз ете алатын ұйым деп жарияланды. Сондықтан сол кездегі ғалымдар жасаған әлеуметтік теориялардың өзегі мемлекет болды.
Жаңа дәуірдегі алғашқы теоретиктердің бірі итальяндық НИККОЛО МАККИАВЕЛЛИ (1949-1557) болды. Саяси тақырыптағы («Тит Ливийдің бірінші декадаға ой-толғаныстары, «Әмірші») және тарихи тақырыптағы («Флоренция тарихы») шығармаларынан басқа, оны бірқатар әдеби шығармалары бар.
Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О.Конттың есімімен байланысты (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивтік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-жылдары «Позитивті философияның курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көрді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын қояды. Міне осы пікір социологяның ,ылым ретінде пайда болып, дамуына негіздеді деген сұрақ туады. Бұл мәселені О.Конт философия саласындағы өзінің адам ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық және позитивтік (ғылыми) сатылар. Екінші сөзбен айтқанда оларды адам интеллектінің дамуының үш тарихи қалпы деп айтуға болады. Яғни, бұл адам ақылы өзінің табиғи қасиеттеріне байланысты ойлаудың ең алдымен теологиялық (діни), содан кейін метафизикалық, одан кейін позитивтік (ғылыми) тәсілдерімен қолданылатындығын көрсетеді. Демек, адам ойлаудың алғашқы, теологиялық сатысында өзін қоршаған ортаны діни нанымдарға сүйене отырып түсңндеірген. Ал екінші, метафизикалық сатыда діни негіздерден бас тартады да, құбылыстарды білгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқөылы түсңндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға негізделеді. Конттың пікірінше, ойлаудың алдыңғы сатылары кейінгілерге негіз болып отырады. Адам ақыл көзінің дамуы осы үш сатының бірінен екіншісіне, одан үшіншісіне өту эволюциясын көрсетеді деп тұжырымдайды Конт. Сөйтіп, позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылды деп көрсетеді. Содан кейін ойлаудың ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды дейді. Ал социологияны позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Басқаша айтқанда, адам ақылының бақылау арқылы біліми тұжырымдар жасау процесінің шегі ретінде социология пайда болуы керек немесе социология жасалынуы керек деп қорытындылайды.
Информация о работе Классикалық әлеуметтік теория ежелгі әлеуметтану ретінде