Классикалық әлеуметтік теория ежелгі әлеуметтану ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 00:38, реферат

Краткое описание

Әлеуметтану тарихы неден басталады және оның пайда болуын қай кезеңнен бастап есептеген дұрыс? Бұл сұрақтың жауабы көп жағдайда әлеуметтану пәнін түсіндіруге байланысты: әлеуметтану пәні неғұрлым қысқа және нақты анықталса, оның тарихы да соғұрлым қысқа болып шығады. Екінші жағынан, бұл пән неғұрлым кең қамтылған және белгісіздеу болып көрінсе, әлеуметтану тарихының бастауы да соғұрлым ғасырлар қойнауына тереңдей түседі.
Адамды қоршаған ортада пайда болуы ғана емес, оның қоршаған ортадағы басқа адамдардың арасында өмір сүруі проблемалары да ежелден қызықтырып келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

әғрдтмк.docx

— 56.31 Кб (Скачать документ)

Даосизмнің пайдаа болуы  жартылай аңызға айналған дана Лао-цзы (б.з.д. ҮІ ғ.) есімімен байланысты. Ол «Дао дэ цзин» («Дао және дэ туралы кітап») канондық трактатын жазған деп айтылады. Ілімнің негізінде «дао» (сөзбе-сөз алғанда - жол) ұғымы жатыр. Лао-цзы ізбасарларының түсіндіруі бойынша, Дао – абсолюттік дүниенің бастауы. Ол аспан әміршісінің ізашары және өзінің күш-қуааты жағынан одан асып түседі. Дао – барлық тіршілік иелерінің бастау көзі, табиғи пайда болулардың және барлық құбылыстар алмасуының, олардың бір нәрседен екінші нәрсеге өтуінің шексіз ағыны, туу мен өлудің мәңгі иірімі. Адамға ол әлемді билейтін тылсым заң ретінде көрінеді. Жаппай өтімді бұл күштің алдында адамға тек өзінің өмірін ұзартуға тырысудан басқа ештеңе қалмайды.

Лао-цзы өзінің адамдық  қатынастардың табиғи қарапайымдылығын қалпына келтіруге деген үмітін «даоның керемет құпиясын» көре алады және соңынан халықты ерте алады деген мұрагер ақсүйектерден  шыққан ақылды көсемдермен байланыстырады. Даостардың пікірінше, данышпан тақсыр елді бейәрекет әдіспен, яғни қоғам  мүшелерінің ісіне белсене араласудан өзін-өзі ұстай отырып басқарады. Лао-цзы өз заманындағы билеушілердің  тым әрекетшілігін, салықтар мен  тыйым салынатын заңдарды көбейткендіктерін, шексіз соғысқұмарлықтарын бетіне басып  отырды. «Билеушінің жақсысы ол туралы халық оның бар екенін ған білетін  адам».

Қытайдың әлеуметтік ойлары тарихындағы аса ықпалды доктриналардың бірі – конфецийшілдіктің негізін  қалаушысы Конфуций (б.з.д. 551-479 жылдар) болып табылады. Конфуцийшілдіктің  негізгі категориялары аыл текті  қайраткер, адамды сүю және салттық  ереже ұғымдары болып табылады. Бұл  категориялар өзара тығыс байланысты, өйткені оны алып жүрушілердің көзқарасы  тұрғысынан қарастырылған біртұтас саяси мұраттың, жалпы принциптер мен нақты нормативтік ұйғарымдардың  әр қырын көрсетеді.

Конфцийге сәйкес мемлекетті тақсырдың басшылығымен асыл текті  қайраткерлер басқаруға жаралған. Конфуций адамдарды «жоғарғы» және «төменгі»  деп бөлу жойылмайды деп дәлелдеді  және асыл тектілерді шығу тегіне байланысты емес, моральдық қасиеттері мен біліміне қарай бөлді. Конфуций ілімінде асыл текті қайраткер – кемел өнегеліліктің  үлгісі, өзінің бар мінез-құлқымен мораль нормаларын дәлелдейтін адам. Конфуций мемлекеттік қызметке ұсынуға дәл  осы белгілерді алуды ұсынды.

Асыл текті қайраткерлердің  басты міндеті – адамды сүюге  өзін тәрбиелеу және жан-жақты көрсету. Бұл ұғымға Конфуций ерекше, қазіргі  заманға дәлме-дәл келмейтін мазмұн берді. Адамды сүюді отбасылық-әулеттік және патриархалдық қоғамдастықтардың  өнегелілік құндылықтарына сай келетін  мінез-құлық деп түсінді. Адамды сүю: ата-аналардың балаларына қамқорлығын, отбасындағы жасы үлкендерге перзенттк  құрмет көрсету, сондай-ақ бір-бірімен  туыстық байланыспаған адамдардың әділ қарым-қатынасын қамтыды. Саясат саласына көшірілген бұл принциптер жалпы басқару жүйесінің іргетасы болуға тиіс еді. Оны қайта құруды Конфуций атауларды түзеуден бастадв, яғни қоғамдағы лауазымдар мен оның жүктейтін міндеттерінің шын  мәніндегі, бастапқы мағынасын қалпына  келтіруден бастады. Тақсырға өз қарамағындағы  бодандарды өзінің баласындай көру міндеттелді. Ол елдегі азық-түліктің жеткілікті болуын қамтамасыз етуге, оны қарумен қорғауға жіне халықты тәрбиелеуге тиіс. Бодандарды тәрбиелеу  - маңызды мемлекеттік  іс, оны өзі үлгі көрсету арқылы жүзеге асыру қажет. Өз кезегінде  халық билеушілерге перзенттік құрмет көрсетіп, оларға қалтқысыз бағынуы  қажет. Мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты бейнесі Конфуций үшін отбасылық  әулеттердегі және рулық қауымдастықтардағы (патронимия) басқару болды. Ойшылдардың  тұжырымдамасы патерналистік мемлекет мұратын негіздеуге ең ерте жасалған әрекеттердің бірі болып табылады. «Лунь юй» кітабының беттерінде егер де алттық ережелерді барлық адам сақтайтын болса, онда мемлекеттік  басқаруға деген қажеттілік болмай қалады деген ой айтылған. Конфуций мен оның ізбасарлары сол бақытты  шақтың тууы үшін бағынбайтындарға қарсы  жазалау жорықтары қажет болатындығын жоққа шығармайды. Ең бастысы, жазалау  жорықтары туралы өкімдерді билеушілері  немесе уделдердің сановниктері емес, асыл текті және өз халқын сүюші тақсыр бергендігінде. Жазалауды әкесіндей, яғни адамдарға деген сүйіспеншілікпен қолдану қажет.

Ерте конфуцийшілдіктің  әлеуметтік-саяси бағдарламасы жалпы  алғанда консервативтік деп бағаланады. Билеуші тектік-топтық жаңаруының конфуцийшілдік идеялары артықшылдықтарға ие емес топ  өкілдерінің есебінен мемлекеттегі түбегейлі қайта құруға алып келе алмады, өйткені ежелгі дәстүрмен  тәрбиеленген олар рулық ақсүйектер қорғаштайтын билік ұйымының белсенді қорғаушыларына айналды. Әділ адамдарды  ұсыну тұжырымдамасы ескі және жаңа аристократия арасындағы қақтығыстарды  әлсіретуді ғана көздеді. Сонымен бірге, доктринаның жеке қағидалары, жоғарыда айтылғандай, прогресшіл мәнгі ие болды. Оларға ең алдымен моральдық білімдер мен адамдарды қай текке жататынына қарамастан оқыту идеяларын жатқызған  жөн. Конфуций мен оның шәкірттерінің  ағарту қызметі қытай мәдениетінің дамуында орасан рөл атқарды.

Мұрагерлік аристократияның  билеуіне сын айтқан моистер мектебінің негізін қалаушы Мо-цзы (шамамен  б.з.д. 479-400 жылдар) болды. Оның ілімін оның долын қуушылар «Мо-цзы» кітабында  баяндаған. Моизм әлеуметтік жағдайы  тұрақсыз, қарама-қайшылықты ұсақ меншік иелерінің – ерікті жер өңдеушілердің, қолөнершілердің, саудагерлердің, мемлекеттік  аппараттағы төмен шен иелерінің  мүддесін білдірді. Бір жағынан, олар еңбекші бұқараға жақын болды  және белгілі бір дәрежеде олардың  сенім-пікірлерін қабылдады, ал екінші жағынан – қоғамда белгілі  бір орынды иеленгеннен кейін  билеуші төбе топқа жақындауға тырысып  бақты, жоғары тектің артықшылықтарын  өздеріне талап етті. Моистердің ілімін осындай қарама-қайшылықтар жайлаған болатын.

Әлеуметтік төменгі топтың кейбір түсініктерін қайта жаңғырта отырып, моистер мемлекеттік лауазымдарды шығу тегі мен туыстық принциптері  бойынша иеленуді айыптады. Олар барлық адамдардың көктегі құдай алдында  бірдей екендігін дәделдеді. Мемлекеттік  қызметке шығу тегіне қарамастан неғұрлым ақылды адамдарды ұсыну қажет. Олар осы тұрғыдан мұрагерлңк аристрократтарда білім туа бітеді деген ойға жол  беретін және ақылдылардың ұсынылуын  білім деңгейімен шектейтін конфуцийшілдіктің  ымырашылдық доктринасын да сынға  алды.

Мо-цзы қалыптасқан атқарушы қызметтің басында ақылды билешісі бар мемлекетті биліктің керемет  ұйымдастырылуы деп есептеді. Биліктің беріктігінің кепілі мен негізі шенеуніктердің тақсырдың еркін бірдей етіп орындауында  деп түсінді. Мемлекеттің толық  біртұтастығын орнату үшін бірдей ойлауы енгізу, зиянды іоімдерді жою ұсынылды.

«Әрбір адам жақсы немесе жаман нәрсе туралы есептегендерін жоғарыда тұрғандарға хабарлауға тиіс, жоғарыдағылар дұрыс деп тапқанды барлығы да дұрыс деп мойындауға, ал жоғарыдағылар дұрыс емес деп  тапқанды барлығы да дұрыс емес деп  мойындауға тиіс». Бұл тәртіпті жасалған қылықтарға сай жазулар мен мараптаттаулардың көмегімен сақтау қажет болды.

Осылайынша моизим тұжырымдамасында теңдік идеялары іс жүзінде сырт қалды; тұжырымдама халықтың басқаруға  қатысы ғана емес, мемлекеттік істерді  талқылауға қатысу мүмкіндігін де болдырмайтын деспоттық-бюрократиялық мемлекетті мадақтаумен аяқталды. Мемлекет бірлігіне  деген Мо-цзы көзқарастары билікті  орталықтандыру идеяларына жақын болды.

Ерте дегизмнің ірі  өкілі ШАНЬ ЯН (б.з.д. 390-338 жылдар шамасы) ұсынған реформалардың жобалары мен жарлықтиары «Шань цзюнь шу» трактына («Шань облысының әміршісі кітабы») енген. Легизм ілімі оның алдындағы тұжырымдамалардан едәуір өзгеше болды. Легистер саясатты дәстүрлі мораьдық баяндаудан бастартып, билікті атқару техникасы туралы ілімді жасады. Шань Ян осы қайта бағдарлануды жүзеге асыра отырып, патриархалдық тәртіпті жоюға қол жеткізген мемлекеттік міндеттерді атқырған ақсүйектер мен ауқатты қауымшылардың ұмтылыстарын басшылықа алды. Саяси теориядан олар басқаларға қарағанда ізгілікті ақыл-өсиеттерді аз күтті. Оларға керегі жалпы мемлекеттік түрлендірулердің салыстыра тексерліген бағдарламасы болатын.

Легизмнің ерекшеліктерін қоғамдық құбылыстарға тарихи көзқарастардың элементтері  құрады. Жаңа аристократияның жекеке меншіктік мүдделері қауымдық өмірдің  архаистік ұстанымдарына қайшы  қайшы келгендіктен, оның идеологтарына  дәстүрдің беделіне емес, әлеуметтік шарттардың бұрынғымен салыстырғандағы  өзгерістеріне шағынуына тура келді. Ежелгі тәртіптерді қалпына келтіруге  шақырған достарға, конфуцийшілдерге және моистерге қарсы легистер ескіге қайта оралудың мүмкін еместігін  дәлелдеп бақты.

Легистер қауымдық өзі-өзі  басқаруды шектеу, отбасылық-рулық, қауымдар мен патронимияларды жергілікті әкімшілікте әкімшілікке бағындыру  қажет деп есептеді. Шань Ян қауымдық өзін-өзі басқаруды теріске қоюды  көздейтін жобаларын (елді аудандарға бөлу, жергілікті жерлердегі шенеуніктік  қызметтер т.б.) ұсынды. Бұл жобаларды  жүзеге асыру Қытайда азаматтардың аймақтық бөлінудің бастауы болды.

Барлық мемлекет үшін бістұтас заңдар белгілеу ұсынылды. Басқа да ерте легистер сияқты Шань Ян әдеп-ғұрып  құқығын заңдамамен толық алмастыруды  ойлаған жоқ. Зиянды ол қуғын-сүргін саясаты (қылмыстық заң) және үкіметтің  әкімшілік әкімі деп түсінді.

Билік пен халық арасындағы қарым-қатынастарды Шань Ян жауласушы  тараптардың бір-біріне қарсы тұруы  деп қарады. Үлгілі мемлекетте әміршінің  билігі күшке арқа сүйейді және ешқандай заңға бағындырылмаған. Шань Янға азаматтардың құқығы, олардың заңды кепілдері  туралы және т.б. ұғымдар белгісіз. Заң, оның бо ынша, қорқыныш ұялатушы, ескерту жасаушы террор болып шығады. Тақсыр қызметінің жоғарғы мақсатын Шань Ян басқыншылық соғыстар жолымен Қытайды біріктіруге қабілетті күшті билік құру деп есептелді.

Легистік тұжырымдамаларды іс жүзінде қолдану қатыгездіктің  күшеюімен, бодандардың санасына әмірші алдыдажаппай үрейді сіңірумен және жаппай сезіктенумен қатар жүрді. Жалпы  бұқараның легистік тәртіпке наразылықтарын ескере отырып, Шань Янның ізбасарлары  неғұрлым жексұрын жағдайлардан бас  тартып, легизмді моральдық мазмұнмен  толықтырып, оны даосизммен немесе конфуцийшілдікпен жақындастырды. Б.з.д. ІІ-І ғасырларда легизм идеясымен  толықтырылған конфуцийшілдік Қытайдың мемлекеттік діні ретінде бекіді. Моистер  мектебі біртіндеп келмеске кетеді. Даосизм буддизммен және жергілікті нанымдармен астарласып магия белгілеріне  ие бола бастайды және уақыт өте  келе саяси идеологияның дамуына  ықпалын жоғалтады. Конфуцийшілдік 1911-13 жылдардағы Синхай революциясына  дейін императорлық Қытайдың ресми  ілімі болып келді.

 

Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси  көзқарастары

Ежелгі үндістанның саяси  және құқықтық идеологиясының жетекші  бағыттары брахманизм мен буддизм  болды. Олар б.з.д. І мыңжыдықта пайда  болған және өзінің тамырын әрийлердің ежелгі салттық кітпатары – Ведаларда  баяндалған діни-мифологиялық көзқарастардан алған. Брахманизм мен буддизм арасындағы идеялық алшақтықтар дін құрметтеген  мифтер мен мінез-құлық ережелерін түсіндіруде пайда болған.

Брахмандар діни-мифологиялық ұғымдардың негізінде жаңа идеология  – брахманизмді құрды. Брахманизмнің  әр түрлі мектептерінің әлеуметтік-саяси  идеялары сансыз көп заңтану және саяси трактаттарында көрсетілген. Олардың ішінде неғұрлым беделдісі  б.з.д. ІІ ғасыры – б.з. ІІ ғасыры кезеңінде  құрастырылған «Манавадхармашастра» трактаты – «Ману заңдары» болды.

Брахманизм дінінің негізгі  қағидасы жанның жаңа түрге енуі туралы қасақ қағида болды, оған сәйкес адамның  жаны өлгеннен кейін тексіз адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің денелерінде  адасып жүреді не болмаса, егер де ол адам адал өмір сүрсе, онда қоғамда неғұрлым жоғары орындағы адам немесе көктегі  өмір сүретіндер болып қайта туылады. Брахмандарға Ведаларды зерделеу, халықты  басқару және оны дінге үйрету белгіленді: кшатрилерге әскери іспен айналысу қажет болды. Мемлекеттік және қоғамдық істерді басқару екі жоғары варнаның артықшылықтары болды. Жат жұрттықтар мен варналарға бөлінбейтін тайпалар үшін құлдық табиғи құбылыс ретінде мойындалды.

Адмның тектік белгісі  туғаннан анықталып, өмір бойы сақталды. Брахмандар жоғары варнаға өтуге  адам өлгеннен кейін, оның «болашақ өміріне» ғана құдайларға қызмет еткені, төзімі мен момындығы үшін марапат ретінде  жол беріледі деп ойлады. Брахманизмде касталық жазмышты қамтамасыз ететін құрал құдайладың жазалаушы күшінің  жалғасы деп ұғынатын мемлекеттік  мәжбүрлеу болды.

Брахмандар тақсырлардың зайырлы заңнан діни заңның жоғарылығын  мойындауына үміттенді. Брахманизм теориясы бұл тұрғыдан ұсынған идеялардың көмегімен абыздар қоғамдағы  саяси гегемондық үшін күресті.

Ежелгі үнділік саяси  ойдың тарихындағы ерекше орынды «Артхашастра» атты («Пайда туралы қсиеттер») трактат иеленеді. Оның авторы Каутилья (б.з.д. ІҮ ғ.) болып саналады. Тарктат брахманизмнің касталық жазмыш туралы, драхма заңдарын қатаң  жазалаулармен қамтамасыз етудің қажеттігі  туралы, абыздардың басқа тектерден  басымдығы, діни табынушылықты атқару монополиялары туралы ережелерін дәл  береді. Брахманизмнің жорамалдарын толық сәйкес келе отырып, мұрагерлік ақсүйектердің үстемдігі және зайырлы  билеушілердің абыздарға бағынуы  идеяларын жүргізді. Трактатта Патша  «шәкірті ұстазына, баласы әкесіне, малайлар қожайындарына» құлақ асқандай, сарай  Абызын тыңдауға тиіс делінген.

Сонымен қатар трактатта  абыздықтың дәстүрлі ілімдеріне сай  келе бермейтін идеялар бар. Трактат  авторларының дін заңының жоғарылығына тоқтайтын Брахманизмнің ортодоксальді  мектебінен айырмашылығы – олар заңнамалық қызметтегі басты рөлді тақсырға берді. Драхманы заңдастырудың төрт түрінің – патша жарлығының, қасиетті заңның (драхмашастраның), сот шешімінің  және салт-дәстүрдің ішіндегі патша  жарлығының күші жоғары. «Артхашастрада»  бірінші орынға күшті орталықтандырылған патша билігі қойылған. Трақтатты  жасаушылар негізгі назарды патша  билігінің діни негізделуіне емес, мемлекетті басқарудың тәжірибелік  ұсынымдарына аударады. «Артшастра» - үнді әдебиетіндегі саясат туралы қолданбалы білімдердің неғұрлым толық жинағы, өзіндік саяси өнер энциклопеиясы.

Абыздық дінге қарсы күресте  буддизм қалыптасты. ол б.з.д. ҮІ-Ү  ғасырларында пайда болды. Оның негізін  қалаушы, аңыздарға сәйкес, Будда, яғни Нұрланған атанған ханзада Сиддхартха Гаутама болды. Бізге жеткен будда  канондары жинағының ең ежелгісі – «Типитака» (сөзбе-сөз – «Үш  себет» - сірә, канонның мәтіндері тақырыптары  жағынан үш бөлімге бөлінгендігінен  осылай аталса керек). «Типитака» б.з.д. ІІ-І ғасырларда жазылған. Ертедегі буддизм қарапайым идея ретінде адамды дүниелік қалаулар себепші болатын күйзелістерден азат ету идеясын ұсынды. Құтқарудың алдын ала шарттарын буддстер адамның дүниеден шығуы және монахтар қауымына кіру деп жариялады. Ертедегі буддизмде діне-моральдық жазмыштардың екі жүйесі болды: бірі – монахтар қауымына арналған, екіншісі – негізгі адамдарға арналған.

Буддалық монахтар қауымына еркін адамдар ғана жіберліді (құлдарды қабылдамады). Қауымға кірген адам отбасынан  және меншігінен бас тартуға, өз варнасының ұйғарымдарын сақтауды доғаруға тиіс болды. Монахтық өмір егжей-тегжейлі реттелді.

Информация о работе Классикалық әлеуметтік теория ежелгі әлеуметтану ретінде