Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 16:09, доклад

Краткое описание

Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету қағидаты, оны балаларға қатысты іс-шараларда бірінші кезекте есепке алу қажеттігі Қазақстан Респбликасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек» Кодекстерінде және «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында, бекітіліп берілді, оларда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мемлекеттік билік органдары қызметінің басым саласы болып танылады.

Содержание

Алғы сөз........………………………………………………………………...….........
Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет....................
Қазақстан Республикасында балалар
құқықтарына қатысты ұлттық саясат..................................................................
Балалардың білім беруге құқығын қамтамасыз ету саясаты............................
Балалардың денсаулық сақтауға
құқықтарының сақталуы туралы...........................................................................
Әлеуметтік саясат және балалы отбасыларды
әлеуметтік қамтамасыз ету .......................................................................................
Балалардың демалысы, бос уақыты және қоғамның
мәдени өміріне қатысуы.............................................................................................
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау..................................................
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, қараусыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу.............................................
Адам құқықтары бойынша ақпараттандыруды арттыру...............................
Қорытынды және тұжырымдар...............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

DOKLAD_Prezidentu_kaz..doc

— 1.54 Мб (Скачать документ)

2010 жылы Павлодар қаласында  дәстүрге айналған Қазақстанның VI Облыстық жастар Дельфия ойындары өтті, оған 366 адам қатысты.  Ойынның негізгі идеясы –дарынды жастардың өзін жүзеге асыруына тиімді жағдай жасау.

Елімізде оқушылардың  Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген гуманистік және демократиялық  құндылықтарды қолдауын, төзімділігін, құқықтық өзіндік санасын, азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеуге, заң мен құқықтық тәртіпті құрметтеуге негізделген әлеуметтік тәртібін, өзін анықтау мен жүзеге асыру қабілеттерін, саяси және құқықтық мәдениетін, рухани-адамгершілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін  «Қоғамға қызмет ету» еріктілер қозғалысы дамып келеді.

2011 жылғы күзде Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды  облыстарында пилотты мектептер  оқушыларының заңнамалық бастамаларын  облыстың мәслихат депутаттары, жергілікті атқару органдары және үкіметтік емес ұйымдары  өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық тыңдаулары өтті. Қатысушылардың жалпы саны 3 мың адамды құрады.

Оқушылармен балалардың бос уақытын сапалы ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғын-үй коммуналдық сала, өздері өмір сүретін жергілікті жердің экологиялық жағдайын жақсарту мәселелері зерделеніп, қоғамдық тыңдауға шығарылды, қала аумағын аббаттандыру, балалар мен жастар үшін бос уақытын өткізу инфрақұрылымын дамыту бойынша қызықты, стандартты емес шешімдер ұсынылды, кәмелетке толмағандардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе компьютерлік клубтар бойынша ұсыныстар айтылды.

Каникул кезінде компьютер  клубтарында бос уақыттарын өткізетін  балалар саны өсіп келеді.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың рухани-адамгершілік дамуына, олардың денсаулығына зиян келтірмейтін ақпараттар немесе бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша компьютерлік клубтардың (Интернет-кафе) қызметтеріне бақылау жасауды іске асыру шаралары қабылдануда.

2010 жылы педагогтарға, психологтарға, ата-аналарға «Балалардың тәни және психикалық денсаулығына зиянды қатігездік пен зорлықты, порнографияны үгіттейтін аудио-бейнеөнімдер, компьютерлік және ақпараттық тасымалдағыштардың әсері. Олардың адамгершілік құндылықтарын қорғау» бағытында әдістемелік ұсыныстар (мемлекеттік және орыс тілінде) шығарылған.

2010 жылғы 19 сәуірде  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  жанындағы кәмелетке толмағандар  істері және олардың құқықтарын  қорғау ведомствоаралық комиссиясының  алтыншы отырысында балалар мен жасөспірімдердің дамуына компьютерлік клубтардың кері әсерін төмендету мәселесі қарастырылды.

Астана қаласының Есіл аудандық соты Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік Бұқаралық ақпараттық құралдар өнімдерін жасөспірімдік  порнографияны жарнамалайтын интернет-ресурстарды таратуды жою туралы 2011 жылдың 3 маусымында № 2-1078/11 шешім қабылдаған.

Балалардың әлеуметтік маңызды ақпараттарды алу қолжетімділігін  қамтамасыз ету мақсатында 90-нан  аса Бұқаралық ақпараттық құралдары  жұмылдырылған, олардың ішінде: «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» РТРК, «Рахат-ТВ», «Астана» телеарнасы, «Казинформ» ақпараттық агенттігі, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Айқын», «Ақ желкен», «Альянс kz», «Балдырған», «Жас ұлан», «Дружные ребята» және т.б. газеттер.

«Қазақ радиосында»  балаларды қорғау бағытында 4 бағдарлама жарық көрген. Бұлар «Жеткіншек», «Бап пен бақ», «Заман біздікі», «Балауса» - кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың  алдын алу бағытындағы бағдарламалар.

Бала құқықтары туралы Конвенция қағидалары мен ережелерін түсіндіру мәселесін талқылау, сондай-ақ, балалардың құқықтарын тәни барлық жазалаудың түрлерінен қорғау «Бетпе-бет», «Жеті  күн», «Талап пен тәртіп», «Третьего  не дано», «Сырға», «Көңілашар», «Бір күн», «Көзқарас», «Апта kz», «Азамат» және т.б. ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар аясында өткізілуде.

«Ел арна» телеарнасында  балалардың мәдени, білімін жетілдіру  бағытында жыл басынан бері  6 бағдарлама жарық көрген («Хочу  быть», «Топ малыш», «Волшебные буквы» бағдарламалары, «Наши дети», «Мейірім» жобалары және т.б.)

Бұқаралық ақпараттық құралдар басылымдарында жасөспірімдер мен  балалардың жетістіктеріне, Бала құқықтары  туралы Ковенциясының 20 жылдығына арналған материалдар жарық көреді. Көбіне, «Миссия Батыра» («Экспресс К»), «Батыр стал послом» («Время»), «Добрая воля Батырхана» («Комсомольская правда»), «Бала тағдырына бей-жай қарауға болмайды» («Айқын») және т.б. мақалалар.

Республикада 256 балалар  кітапханасы қызмет етеді. Балалар  кітапханаларындағы оқырман бала саны – 1,5 миллион.

Бұқаралық ақпараттық құралдар басылымдарына, соның ішінде балалар  көркем әдебиетіне, танымал қазақстандық балалар жазушылары мен ақындарының  шығармаларын жандандыруда балалардың қол жетімділігін қамтамасыз ету  мақсатында жыл сайын «Қазақстан жазушылары – балаларға» атты мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Мектепішілік, қалалық кітапханаға балаларды тарту үшін аталмыш іс-шаралар орталық кітапханаларда балалар жазушыларының, ақындарының, тілшілерінің қатысуымен өтеді.

Бұдан басқа, балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық театрларда 100 мыңнан аса баланың қамтылуымен мемлекеттік және орыс тілінде 200-ден аса қойылымдар қойылған.

 

Жетім балалар  мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

 

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік  жәрдемақылар туралы», «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көрініс тапты.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әр бала өмір сүруге және отбасында тәрбиеленуге құқылы. Ата-аналары жоқ болған жағдайда, олардың ата-аналық құқықтарынан айырылған жағдайда және басқа да ата-ана қамқорлығынан отбасында тәрбиелену құқығынан айырылған жағдайларда баланы бағу мен тәрбиелеуді  заңнамаларға сәйкес  қамқоршылық, қорғаншылық органдары қамтамасыз етеді.

2011 жылы Қазақстан Республикасында  ата-ана қамқорлығынсыз қалған  және жетім балалар саны 36 777-ге жетті, ол өткен 2010 жылмен салыстырғанда 1 609 балаға азайды.

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алғысы келетін  немесе қамқорлыққа, патронаттыққа  алатын азаматтарға қолдау көрсету  үшін Респубиканың өңірлерінде - 19 ата-аналарды қабылдау мектебі және 14 Отбасына көмек қызметі құрылған.

Балаларды биологиялық отбасына қайтару  бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2007 жылдан бастап 4000 астам бала қайтарылды. Жыл  сайын биологиялық ата-анасына  қайтарылған бала саны артуда. 2010 жылы – 1328 бала (2007 жылы – 1004 бала) қайтарылды.

Білім беру бөлімдерінде қорғаншылық  және қамқоршылық міндетін жүзеге асыратын мамандар саны 116-ға өсті. 2007 жылы – 210, 2010 жылы - 326 маманға.

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбилеуге алған азаматтар үшін қаржылық ынталандыру енгізілді. 2011 бастап осы санаттағы балаларды тәрбиелеуге алған қамқоршылар және қорғаншыларға 10 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде жәрдемақы төленуде.


36 777 жетім бала мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың 21 585-і қамқорлықта(қорғаншылықта), 2 267-і патронаттық тәрбиеде, 12 925-і интернаттық мекемелерде.

Қазақстан Республикасының  әлеуметтік саясатының  негізгі  міндеттерінің бірі  интернаттық  мекемелердегі тәрбиеленушілердің санын азайту.

 Қазіргі уақытта   жетім балалар мен ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балаларға  арналған мекемелерде 12 925 бала тәрбиеленуде. Өткен жылмен салыстырғанда 1 127 балаға (8 пайызға) азайды.

 

Отбасылық ортасынан  айырылған балалар

 

2011 жылдың аяғында  республикада 12 925 жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға арналған, балалардың өмір сүруі мен тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған 209 мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме жұмыс істеді. Алайда, көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша психологтар мен педагогтар интернат үлгісіндегі мекемелердегі  балалардың мекен-жайы оның негізгі талабына сай еместігін,ол өз кезегінде баланың жекеше ерекшелігін бұзуға әкеп соғатынын көрсетеді. Интернаттық үлгідегі мекемелерде отбасының, жақын адамдардың және достарының жоқтығына байланысты баланың әлеуметтік дамуы шектелген. Жас кезінен жетім қалғандар ата-ана іс-әрекетіне қарап, өз мінез-құлқын түзеу мүмкіндігінен айырылған, сондықтан балалар үйi және интернаттардағы бiркелкi ортада болуы бұл балаларда төмендетілген тiршiлiк стандарттарын қалыптастырады.

Жетім балалар мен  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға  арналған барынша отбасылыққа жақындатылған  жағдай туғызу мақсатында республикада балалар үйінің және интернаттық үлгідегі мекемелердің уақталуына деинституционализациялау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде балалар үйінде отбасы үлгісінде жұмыс істеп жатқан топтарда өзара туыстық қатынаспен байланысқан, бір-бірімен достасқан балалар 8-10 адамнан тұрады. Бұдан басқа балалар үйлерінде баланың ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу бағдарламалары енгізілді, отбасына жақындатылған жағдайлар жасалды.

Барлық ұйымдарда тәрбиеленуге және білім алуға жағдай жасалған, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен  жабдықталған, 148 ұйым Интернет желісіне қосылған.

Жыл сайын өңірлерде  балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Ризашылық!», «Доброта во благо  детям...» қайырымдылық мерекелері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды  өз отбасында тәрбиелеуге алатын адамдарды тарту және іздестіруге бағытталған «Қуан сәби» республикалық акциясы жүргізілуде

Осының аясында, 2010 жылғы  қысқы және көктемгі демалыс кезінде  балалар үйлерінің 1103 тәрбиеленушілері қазақстан азаматтарының отбасыларында  демалды. Жыл сайын балалар үйлерінің 120-дан астам тәрбиеленушілері жазғы демалыс кезеңінде шетелде демалады.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың балама түрлерінің бірі бала асырап алу болып табылады. Бала асырап алудың негізгі мақсаты – ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларды туған отбасылық өмір жағдайымен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес бала асырап алу  мәселесі бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мәртебесіне ие болған баланы сол сәттен бастап асырап алуға құқығы бар біздің еліміздің азаматтарына басымдылық беріледі.

«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған 1999 жылдан бастап 41 091 бала, соның ішінде қазақстандық азаматтар – 31 929 бала, шетелдік туыстары – 487, шетелдік азаматтар – 8675 бала  асырап алды.

Соңғы уақытта қазақстандық азаматтардың асырап алған бала санының  өсу тенденциясы байқалады, сонымен  қатар шетелдік азаматтар асырап алған балалардың саны кеміді.

2010 жылғы 12 наурыздағы  Қазақстан Республикасының Заңымен   Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция ратификацияланды.

Қазіргі уақытта ұлттық заңнаманы аталған Конвенцияның нормаларына сәйкестендіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

2010 жылғы қыркүйекте  Шығыс Қазақстан облысында «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясының ережелерін іске асыру шеңберіндегі қамқоршылық және қорғаншылық органдарының міндеттері туралы» мәселесі бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорлары мен балалардың құқықтарын қорғау мамандарының қатысуымен Республикалық кеңес өтті.

Астана қаласында 2011 жылғы  наурызда «Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты  ынтымақтастық туралы конвенцияның ратификациялануы аясында баланы шетелдік асырап алудың өзекті мәселелері» республикалық семинар-кеңесі өткізілді.

Семинар-кеңеске мемлекеттік  органдардың, ҚР Бас прокуратурасының, Астана қаласының Ювеналдық сотының, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері қатысты.

Республиканың  алдыңғы  қатардағы  телеканалдарында  2010 жылы  әлеуметтік бейнероликтер  көрсетілді. «Ел арна» телеарнасында  «Біздің балалар» бағдарламалар  топтамасы шығуда.

Жергілікті газеттерде «Әр балаға – отбасы», «Мен анамды іздеймін!», «Ана, мені тауып алшы!», «Әлемге мен қажетпін, маған отбасы қажет» және тағы басқа арнайы айдарлар ашылған.

Талантты, дарынды балалар  халықаралық байқауларға қатысады. Мысалға, 2011 жылғы 30 сәуірде «Үміт» балалар үйінің 27 баласы Түркияның Фетхи қаласында өткен Халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, 23 мемлекет қатысушылардың арасында 2-ші орынды иеленген.

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың  мәселелерін шешу мақсатында, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Респубикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясы, Мәдениет, Байланыс және ақпарат министрліктерімен бірлесіп әзірленген 2011 жылы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуды насихаттау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет