Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 16:09, доклад
Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету қағидаты, оны балаларға қатысты іс-шараларда бірінші кезекте есепке алу қажеттігі Қазақстан Респбликасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек» Кодекстерінде және «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында, бекітіліп берілді, оларда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мемлекеттік билік органдары қызметінің басым саласы болып танылады.
Алғы сөз........………………………………………………………………...….........
Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет....................
Қазақстан Республикасында балалар
құқықтарына қатысты ұлттық саясат..................................................................
Балалардың білім беруге құқығын қамтамасыз ету саясаты............................
Балалардың денсаулық сақтауға
құқықтарының сақталуы туралы...........................................................................
Әлеуметтік саясат және балалы отбасыларды
әлеуметтік қамтамасыз ету .......................................................................................
Балалардың демалысы, бос уақыты және қоғамның
мәдени өміріне қатысуы.............................................................................................
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау..................................................
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, қараусыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу.............................................
Адам құқықтары бойынша ақпараттандыруды арттыру...............................
Қорытынды және тұжырымдар...............................................................................
Облыстардың, Астана және
Алматы қалаларының білім
басында республиканың 108 жалпы білім беретін мектебінде 18 563 оқушы жеке пән ретінде 15 ана тілінде: неміс – 623, поляк – 970, корей – 156, дунған – 9 766, курд – 1 092, түрік – 4 158, татар – 343, азербайджан – 377, ұйгыр – 343, шешен – 296, грек – 85, армян – 25, иврит – 10, украин – 319, белорусс - 5 оқушы оқиды.
Білім беру ұйымдарында мәдени-көпшілік іс-шаралар: мерекелік бағдарламалар, конкурстар, КТК, дискотекалар, көркемдік жұмыстар мен қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізіледі. Мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде оқушылар мен студенттердің 50-80%-ы қамтылады
Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерін оқытатын жалпы білім беретін мектептердің түлектері қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) тапсыруға қатыса алады. ҰБТ қорытындылары бойынша бітірушілердің орта мектептен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсуге құқығы бар.
IV. Балалардың денсаулық сақтауға құқықтарының
қорғауды сақталуы туралы
Баланың денсаулық сақтау саласындағы мүдделерін ең үздік қамтамасыз ету мақсатында балаларға тегін медициналық қызмет көрсету, педиатриялық қызмет жүйесі сақталып, жетілдірілуде. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 445 бұйрығымен Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балалар мен емдік тағамның мамандандырылған өнімдері рецептімен тегін берілетін аурулардың түрлерінің және тұрғындардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді.
Қазақстан Республикасында халыққа
медициналық көмектің сапасы мен
қолжетімділігін арттыру
Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған қазақстандықтар өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту бағытының арқасында елде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жақсару үрдісі байқалып отыр.
Мәселен, өлімнің азаюы байқалады, халықтың табиғи өсімі артты.
Халықтың табиғи
қозғалысының коэффициенттері | ||||||
1000 адамға | ||||||
Облыстардың атауы |
Табиғи өсім |
Туу |
Өлім-жітім | |||
2010ж |
2011ж |
2010ж |
2011ж |
2010ж |
2011ж | |
Қазақстан Республикасы |
13,44 |
13,56 |
22,53 |
22,54 |
9,09 |
8,98 |
Ақмола |
5,12 |
5,10 |
16,91 |
17,69 |
11,79 |
12,59 |
Ақтөбе |
14,62 |
14,64 |
23,10 |
22,24 |
8,48 |
7,60 |
Алматы |
12,74 |
16,27 |
21,45 |
24,46 |
8,71 |
8,19 |
Атырау |
20,29 |
20,73 |
28,05 |
28,09 |
7,76 |
7,36 |
Шығыс Қазақстан |
4,31 |
3,91 |
16,39 |
16,19 |
12,08 |
12,28 |
Жамбыл |
17,99 |
19,29 |
26,16 |
27,10 |
8,17 |
7,81 |
Батыс Қазақстан |
9,00 |
9,34 |
18,74 |
19,19 |
9,74 |
9,85 |
Қарағанды |
5,83 |
5,76 |
17,44 |
17,34 |
11,61 |
11,58 |
Қызылорда |
20,50 |
21,79 |
27,47 |
28,56 |
6,97 |
6,77 |
Қостанай |
2,49 |
2,01 |
14,39 |
14,23 |
11,90 |
12,22 |
Маңғыстау |
25,58 |
24,26 |
31,98 |
29,55 |
6,40 |
5,29 |
Павлодар |
5,52 |
5,57 |
16,45 |
16,83 |
10,93 |
11,26 |
Солтүстік Қазақстан |
0,71 |
0,54 |
13,23 |
14,42 |
12,52 |
13,88 |
Оңтүстік Қазақстан |
24,03 |
25,46 |
30,32 |
31,97 |
6,29 |
6,51 |
Астана қаласы |
19,28 |
20,21 |
24,18 |
24,65 |
4,90 |
4,44 |
Алматы қаласы |
18,95 |
9,27 |
27,37 |
17,58 |
8,42 |
8,31 |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері |
Сонымен қатар, республикада бала және ана өлімі өзекті мәселе болып қалуда.
Бүгінгі күні Қазақстанда 4 млн. астам бала туатын жастағы әйелдер тұрады, бұл республика халқының жалпы санының 30%-ын құрайды.
Ана өлiмi – жүктiлiк, босану және босанғаннан кейiнгi кезеңдегi асқынудан қайтыс болған әйелдердiң саны. Ана өлімінің көрсеткіштері тұрақсыздығымен сипатталады.
Қазақстанда ана өлімі, ең алдымен, негізгі үш себеппен: акушерлік қан кетумен, экстрагениталийлік аурулармен мен түсіктерден кейінгі асқынумен негізделген. Бұл жағдайлар өзара тығыз байланысты әрі әйелдер өлімінің себептері болып табылады.
2010-2011 жылдардың 9 айында бала және ана өлімінің көрсеткіштері | ||||
Облыстар атауы |
тiрi туған 1000 балаға шаққанда болған балалардың саны. |
тiрi туған 100 000 анаға шаққанда қайтыс болған аналар саны. | ||
2010 ж. |
2011 ж. |
2010 ж. |
2011 ж. | |
Қазақстан Республикасы |
17,1 |
14,9 |
25,3 |
17,1 |
Ақмола |
14,7 |
17,8 |
0 |
23,3 |
Ақтөбе |
16,7 |
10,7 |
45,5 |
15,2 |
Алматы |
16,3 |
14,8 |
18,5 |
22,1 |
Атырау |
17,7 |
17,2 |
18,2 |
0 |
Шығыс Қазақстан |
22,6 |
18,5 |
28,4 |
23,5 |
Жамбыл |
17,3 |
16,9 |
34,5 |
24,9 |
Батыс Қазақстан |
14,6 |
11 |
0 |
0 |
Қарағанды |
15,4 |
11,8 |
5,6 |
11,0 |
Қызылорда |
20,9 |
18,3 |
40,2 |
7,0 |
Қостанай |
14,7 |
13,8 |
20,3 |
20,8 |
Маңғыстау |
18,7 |
16,4 |
8,9 |
8,4 |
Павлодар |
14 |
13,9 |
21,7 |
10,4 |
Солтүстік Қазақстан |
15,7 |
12,3 |
32,0 |
0 |
Оңтүстік Қазақстан |
20,1 |
16,8 |
26,6 |
17,2 |
Астана қаласы |
13,2 |
11,5 |
8,3 |
14,1 |
Алматы қаласы |
13,5 |
13,6 |
25,5 |
14,6 |
Нәрестелер өлiмінің көрсеткіштеріндегі осыншалық қомақты айырманың себебі тірі туу мен өлі туудың халықаралық өлшемдерінің енгізілуі болып табылады. Бұл ретте ұлдар арасындағы өлім қыздарға қарағанда жоғары, ал 5 жасқа дейінгі балалардың арасында нәрестелер өлімі ауылдық жерлерге қарағанда қалалық мекендерде 6,8%-ға жоғары.
Тірі бала табудың
халықаралық өлшемдеріне
2010 жылдың қорытындылары бойынша ана өлімінің
көрсеткіші 27%, сәби өлімі 20% азайды. 15-18
жас аралығындағы жасөспірімдер арасында
жүктілік деңгейі 1,1% (4 205 оқиға) және түсік тастау 4,5% (133 мыңнан астам),
3,1% дейін (106 мыңнан астам) азайды.
2010 жылы барлығы 368 957 бала туу тіркелді, оның ішінде 15-18 жастағы жасөспірім қыздарда – 4 205, бұл 1,1% құқрайды.
2010 жылы түсік тастаудың жалпы санының 3,1 пайызын жасөспірім қыздар (18 жас және одан кіші) арасындағы түсіктер құрады, 2007 жылы – 4,5 пайыз (түсіктер барлығы – 133 097).
Әйелдер мен балаларға жоғары дәрежеде мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 2007 жылдан бері Астана қаласында дүниежүзілік стандарттарға сай келетін қазіргі заманғы 500 төсектік Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы мен 300 төсектік Республикалық балалар оңалту орталығы жұмыс істейді.
Сонымен бірге Алматы
қаласындағы Республикалық «Ақс
Алматы қаласының Педиатрия мен балалар хирургиясы, Астана қаласындағы Ана мен бала ғылыми орталықтарында онкогематологиялық патологияны емдеу бөлімдері жұмыс істейді. Алматы қаласында 2011 жылдың аяғына қарай онкогематологиялық бөлім 80 төсекке дейін кеңейтіліп, жұлын салу бөлімі ашылады.
Балаларға кардиохирургиялық көмекті дамыту шеңберінде 2011 жылдың аяғында жоғарыда аталған ғылыми орталықтарда балалар кардохирургиялық бөлімдерін ашу жоспарланып отыр.
Шалғайдағы ауылдық жерлерде тұратын балалар мен әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігі үшін республикада бірқатар жылдардан бері жылжымалы бала-әйел консультациялары ойдағыдай жұмыс істеуде. Сонымен бірге 2010 жылдың аяғында республиканың жетекші республикалық клиникаларымен байланыс орнатқан 150 телемедициналық орталық құрылды.
2010 жылы жаңа әлеуметтік жоба іске асырыла бастады – 2 мамандандырылған емдеу-диагностикалық «Денсаулық» пойызы жолға шықты. 2011 жылы тағы бір пойыз жолға шығады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауын дамытудың «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Онда бастапқы медициналық-санитариялық көмекті (БМСК) жетілдіру және оның қолжетімділігі, ана, балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғау жөніндегі басымдылық бағыт одан әрі жалғастырылды, оның шеңберінде 2011 жылдан бастап БМСК ұйымдары деңгейінде арнайы әлеуметтік қызметкерлерді енгізу жоспарлануда, бұл балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға жәрдемдесетін болады.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 50 жылжымалы медициналық кешенді іске қосы жоспарланып отыр, олардың қазірдің өзінде 11-і жұмыс істейді, мұнда терапевттер, гинекологтар, педиатрлар, стоматологтар медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, экспресс-зертханалық диагностика, УЗ-зерттеулер жүргізіледі.
Балаларға егу Қазақстан
Республикасында тегін
2011 жылғы 15 маусымда
Алматы қаласында өткен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 160-бабын іске асыру мақсатында 2011 жылдың өткен кезеңінде Мемлекеттік санитариялық–эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық органдары ЮНИСЕФ-пен және Қазақстан астық өңдеушілері мен наубайханашыларының одағымен бірлесіп ұнды міндетті түрде фортификациялау және ұндағы фортификанттарды анықтау бөлігінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинарлар өткізді. Қолданылып жатқан шаралар бидай ұнын фортификациялау жөніндегі іс-шараларды одан әрі жалғастыруға мүмкіндік береді, өйткені олар темір тапшылығы анемиясымен ауруды азайтуға және алдын алуға жәрдемдеседі.
Білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, денсаулық сақтау, әділет министрліктері мен ЮНИСЕФ баланы қорғау, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуын жақсарту, тамақтануды жақсарту және микронутриенттік ауытқулардың алдын алу мәселелері бойынша 2010-2011 жылдарға арналған екіжылдық жұмыс жоспарына қол қойды.
Алматы қаласындағы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы экологиясы жайсыз Семей және Арал өңірлерінен келген балаларды тексереді, емдейді және кезең-кезеңмен оңалтады.
Қазақстан Республикасындағы балалардың
иммунопрофилактикасы бойынша іс-шаралар
«Халық денсаулығы және
денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасының
Бүгінгі күнге халықты иммунизациялау саласындағы мемлекеттің нысаналы саясатының арқасында елде полиомиелит, сіреспемен, дифтериямен ауыру жойылды, көкжөтелмен ауыру тым сирек кездесетін болды, «В» вирус гепатитімен ауыру, паротит індетіне шалдығу азайды. Қызылша мен қызамықты элиминациялау жөніндегі БДҰ бағдарламасын іске асыру одан әрі жалғасуда, сондай-ақ елдің полиомелиттен құтылған ел мәртебесін қолдау жөнінде жұмыс жүргізілуде, Қазақстанда 2008 жылдан бері профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне балаларға гемофильдік инфекцияға қарсы егу енгізілді.
Ерте жастағы балалардың өлімі мен ауруға ұшырауын азайту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі үстіміздегі жылдың аяғынан бастап жекелеген өңірлерде балаларға пневмококтық инфекцияға қарсы егуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Республикада ерте жастағы балаларға осы инфекцияға қарсы жаппай егу жөніндегі іс-шаралар 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасына енгізілді.
Жасөспірімдердің денсаулығы
Балалардың ауруларын уақтылы анықтау және оларды сауықтыру үшін республикада жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. 2010 жылдың қорытындылары бойынша қаралуға тиесілі балалардың 98,6% профилактикалық медициналық тексерумен қамтылды. Балалардың 26%-ынан ауытқу анықталды, олардың ішінде 68% науқас сауықты, балалардың 15% диспансерлік есепке алынды.
Балаларды профилактикалық тексеру нәтижелерін талдау 2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда көзінің көруі нашарлаған балалардың деңгейінің сақталып отырғандығына қарамастан, құлақ естуі төмендеген балалардың үлестік салмағының (18%-ға азаю), сөйлеуінде ақауы барлардың (24%-ға), сколиозы барлардың (24%-ға), мүсінінің бұзылуының (2 есеге) азаю үрдісі байқалғандығын көрсетті.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет