Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 16:09, доклад

Краткое описание

Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету қағидаты, оны балаларға қатысты іс-шараларда бірінші кезекте есепке алу қажеттігі Қазақстан Респбликасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек» Кодекстерінде және «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында, бекітіліп берілді, оларда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мемлекеттік билік органдары қызметінің басым саласы болып танылады.

Содержание

Алғы сөз........………………………………………………………………...….........
Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет....................
Қазақстан Республикасында балалар
құқықтарына қатысты ұлттық саясат..................................................................
Балалардың білім беруге құқығын қамтамасыз ету саясаты............................
Балалардың денсаулық сақтауға
құқықтарының сақталуы туралы...........................................................................
Әлеуметтік саясат және балалы отбасыларды
әлеуметтік қамтамасыз ету .......................................................................................
Балалардың демалысы, бос уақыты және қоғамның
мәдени өміріне қатысуы.............................................................................................
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау..................................................
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, қараусыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу.............................................
Адам құқықтары бойынша ақпараттандыруды арттыру...............................
Қорытынды және тұжырымдар...............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

DOKLAD_Prezidentu_kaz..doc

— 1.54 Мб (Скачать документ)

 

Адам дамуының индексі (АДИ)

 

         

ЮНЕСКО-ның барлығы  үшін білім беру мониторингі жөніндегі  жыл сайынғы баяндамасының мәліметтері  бойынша Қазақстан Білім беруді дамыту индексі бойынша (БДИ) көшбасшы елдердің алдыңғы төрттігінде.

Рейтингтегі жоғарғы  тұғырға елімізде мектепке дейінгі  дайындық және он бір жылдық орта білім  міндетті және тегін болуының нәтижесінде  қол жеткізілді. Гендерлік сипат  бойынша білім беру қызметтеріне қолжетімділікте  кемсітудің болмауы қосымша артықшылық болып табылады.

 

 

Білім беру құрылымы Халықаралық  стандартты білім беру классификациясымен сәйкестендірілді. 12 жылдық оқыту моделін  енгізу үшін жағдай жасалуда.

Білім беру ұйымдарының  материалдық базасы нығаюда.

Мектептерге 640 биология кабинеттерін, 536 лингофонды мультимедиалық кабинеттерін (одан әрі - ЛМК), 10 физика кабинеттерін, 78 химия кабинеттерін, 721 мектепке-интерактивті тақталар жеткізілуі жүзеге асырылды.Казіргі уақытта 3450 мектепте лингофонды мультимедиялық кабинеттер бар.

Білім беру сапасы көтерілуде.

2010 жылы Қазақстан  құрамасы 228 алтын, 285 күміс, 335 қола медальдар мен 33 грамотаны иеленді.

Қазақстандық оқушылар Балқан, Батыс Қытай математика олимпиадаларының, «Математика және жобалау» халықаралық математика конкурсының және халықаралық деңгейдегі көптеген басқа да сайыстардың қатысушылары болып табылады. Еліміздегі таланты жас математиктердің жалпы қоржынында 62 медаль бар, оның ішінде 8-і алты, 17-сі күміс және 37-сі қола.

Инклюзивті білім беру дамуда.

Орта мектеп оқушыларын ыстық тамақпен тегін тамақтану  және тасымалдау мәселелері шешілуде.

Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді

Қазіргі уақытта «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мектептер желісінің саны 6-дан 20-ға дейін көбейтіледі.

Республикадағы мектеп оқушылары  100% оқулықпен қамтамасыз етіледі.

2015 жылы жалпы білім  беретін білім беру ұйымдарының  барлық оқушысы жергілікті бюджет  есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім ресурстарымен қамтамасыз етіледі.

Мектептердің спорт  залдарын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру мәселесі шешіледі.

Жергілікті бюджет қаражаттары  есебінен мектептерге сервистік  қызмет көрсете отырып, оларды физика, химия, жаңа түрлендірілген биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиалық кабинеттерімен жарақтандыру жалғастырылатын болады, олардың үлесі 35,6%-дан 80%-ға дейін ұлғаяды.

Сонымен қатар, мектептердің үш ауысымдығы мен апаттылығын жою мақсатында мектептер салынатын болады. 2015 жылға дейін республикалық қаржы есебінен екі жүзден кем мектеп және жергілікті қаржы есебінен сонша мектеп салынады.

2011 жылы республикадағы 6 040 (82%) мектептегі барлық 1 882 087 немесе 77% оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Олардың 615 236 (33%), оның ішінде аз қамтылған отбасылардың 210 467 (89%) оқушысы тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

 

Ыстық тамақ  ұйымдастырылған мектептер саны


Ыстық тамақпен тегін  тамақтандыру Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының барлық бастауыш сыныптарының оқушыларына ұйымдастырылған.

Ыстық тамақ  ұйымдастырылған мектептердің саны

Күнкөрісі төмен отбасылардың балаларын тегін ыстық тамақпен қамту %


2005 жылдан бастап  аз қамтылған отбасылардың оқушылары  үшін тамақтануды ұйымдастыруға  бөлінетін шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес бес есеге ұлғайтылды. 2010 жылы оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға жаппай оқу қорынан 2,9 млрд. теңге (2005 жылы – 518,5 млн. теңге) бөлінді.

Мектептері жоқ елді мекендерде тұратын 24 649 (2009 ж. – 26 458, яғни 71,6%) немесе 76% оқушыларды білім беру құқығымен қамтамасыз үшін мектепке тасымалдау ұйымдастырлған. Білім беруге арналған құқықты қамтамасыз ету үшін мектеп жоқ елді мекендерде тұратын 24 649 (2009 ж. – 26 458, яғни 71,6%) немесе 76% мектепте тасу ұйымдастырылды.

Мектепте тамақ беруді жаңғырту және балаларды мектепке дейін жеткізіп салуды ұйымдастыру мәселелері 

-Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.

Балаларды ең үздік қамтамасыз ету үшін республикада аз қамтылған  отбасылардың балаларына тұрақты көмек көрсетілуде.

2011 жылы аз қамтылған  отбасылар білім беру ұйымдарының  деректері бойынша бір жүз  елу мыңға жуық, оларда үш мыңнан  астам бала бар. 

2011 жылы «Мектепке  жол», «Қамқорлық» акцияларының  барысында әлеуметтік қорғалмаған  санатқа жататын 386 мың балаға 2 млрд. теңге сомаға жуық көмек көрсетілді (2010 жылы – 374 655 мың балаға жуық 1,7 млрд. теңге сомаға).

Жаппай оқу қорына әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек көрсетуге аударымдардың сомасы 7 млрд. теңгені құрады немесе мектепті күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасының 1,7% (2010 жылы – 505 млрд. теңге немесе 1,7%).

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 
4-тармағына сәйкес мемлекет Қазақстан Республикасының әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарын білім алу кезеңінде ұстауға арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтейді.

 

Техникалық  және кәсіптік білім

 

Техникалық және кәсіптік білім жүйесі (ТжКБ) тұлғаның мүддесін қанағаттандыруда, нарықтық еңбек сұранысында, экономика және әлеуметтік саласының  даму перспективасында басты рөл  атқарады.

2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, мемлекеттік статистика деректері бойынша, 896 кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары қызмет етеді, оның ішінде 325 кәсіптік лицей, 571 колледж. Оның ішінде 176 немесе 19,6% ауылдық жерлерде орналасқан.

ТжКБ оқу мекемелерінде 600 751 адам адам оқиды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 41,6% құрайды.

Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау 185 мамандық және 495 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

Оқу орындары «ҚазМұнайГаз», «Қазақмыс», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком», «Қазинжиниринг», «Қазақалтын», «Азия Авто», ENRC, «Қазэнерджи» ақционерлік қоғамдары және т.б. жұмыс берушілермен 17,5 мыңнан астам келісім-шарт жасасты. 2011 жылы ғана кәсіпорындар өндірістік тәжірибие өтуге 150 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынды.  Материалдық-техникалық жағдайын нығайтуға 200 млн. теңге сомасына көмек көрсетілді, кәсіпорындар есебінен 4 мың адам оқыды,3 мыңы шәкірт ақы алады.

2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ТжКБ-ді маңызды жаңарту қарастырылған, оған 2015 жылға дейін 90 миллиард теңгеден астам бөлінді.

 

Білім беру жүйесін  ақпараттандыру

 

Білім беруді ақпараттандыруды дамыту жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 2010 жылы 18 оқушыға бір компьютерден келді,ал 2011 жылы бір компьютерге 16 оқушыдан келеді. 

Бүгінгі күні білім беру ұйымдарының 50% интерактивті кабинет  және мектептердің 98%-ы Интернетке, оның ішінде 34%-ы кең жолақты Интернетке қол жеткізді.

Мектептерде «Он-лайн жүйесінде  оқыту» жобасы енгізілген. Апта сайын республикадағы ең үздік мұғалімдер он-лайн сабақтар,семинарлар өткізеді.

www.sabak.kz білім беру порталы қызметжасайды.

Бүгін мүмкіндігі шектеулі 9300 бала денсаулығына байланысты мектепке бара алмайды. Биылғы жылдан бастап мемлекет жыл сайын осы санаттағы 3 000 балаларны қашықтан оқыту бағдарламаларымен компьютерлермен, интернетпен камтамасыз етуде. Үш жылда бұл мәселе шешіледі, оған 5,6 млрд.теңге бөлінді.

Қазіргі таңда пәндердің 95 пайызы цифрлық форматына көшірілді.

Соңғы 5 жылда 11 мыңға  жуық мектептегі информатика мұғалімі дайындалды.

Білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең  қолжетімділікті қамтамасыз ету  мақсатында білім беру ұйымдарында «e-learning» электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады.

«E-learning» электрондық оқытуды 2015 жылы – 50%, 2020 жылы – 90% пайдалану жоспарланып отыр.

Алға қойған мақсаттарқа  жету  балалардың оқу сапасын  ұлғайтады.

Ашық қолжетімділіктегі  орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрлық білім беру контентімен толық қамтамасыз ету (қандай да болмасын ақпараттық ресурсты – мәтін, графика, музыка, бейне, дыбыс және т.б. толтыру немесе ұстау) жоспарланып отыр. Оқу үрдісіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықпен жарақтандырылатын болады: жаңа үлгідегі компьютерлер, Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және басқалары.

«Е-learning» шеңберінде орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрлық білім беру контентіменкамтамасыз ету соңғы үш жылғам жоспарланып отыр.

Мемлекет 2012 жылы  мектептік  пәндер бойынша 5 мың ресурс құруға, 2 мың ТжКО пәндері бойынша 2 млрд. теңгеден астам көлемінде қаржы  бөліп отыр.

 

Қосымша білім  беру

 

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басымды бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.

2010-2011 оқу жылында республикада  балаларға арналған 620 қосымша білім  беру ұйымы, оның ішінде оқушылардың  шығармашылық дамуын қамтамасыз  ету үшін 27 мемлекеттік емес, 324 мемлекеттік музыкалық және көркемсурет мектебі, 163 оқушылар сарайы, 54 техникалық, экологиялық және саяхаттық станциялар қызмет істейді.

Әр бесінші оқушы  қосымша білім беру ұйымында білім  алады. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өңірлерді дамытудың стратегиялық жоспарларына оқушыларды қосымша біліммен қамту деңгейін арттыру бойынша индикаторлар енгізілді. Қосымша білім беру ұйымдарының санын көбейту жоспарлануда. 2011 жылы Астана қаласында Оқушылар шығармашылығы сарайының құрылысы аяқталады.

Соңғы жылдары білім  беру ұйымдарында мектептік спорттық секциялар санының арту тенденциясы  байқалуда. Спорттық секцияларды ашу  бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде  республиканың мектептерінде екі  жылда  олардың саны 1500 бірлікке жетті. Қазіргі уақытта, оқушылардың 21,8 пайызы қосымша біліммен қамтылып отыр.

 

Репатрианттар (оралмандар) мен мәжбүрлі

түрде қоныс  аударғандардың білім алуы

 

2011-2012 о.ж. республикадағы білім беру ұйымдарында 24 725 -репатриант-оқушы (оралмандар), оның ішінде жалпы білім беретін мектептердің 9 658 – бастауыш, 11 379 - негізгі, 3 679 – жоғарғы сатыларын және 9 – балалық шағынан бастап инвалид бала оқиды.

Оның ішінде ең көп бала саны Оңтүстік Қазақстан (6 010), Алматы (4 578), Жамбыл (4 477), Шығыс Қазақстан (3 909), Маңғыстау (1 204) облыстарында тұрады. Қазіргі таңда барлық мектеп жасындағы репатриант балалар (24716), тек балалық шағынан бастап инвалид 9 баладан басқасы, оқумен қамтылған.

Республиканың жалпы  орта бiлiм беретін ұйымдарында таяу және алыс шетелдерден келген оралман оқушылар үшiн олардың бiлiмiндегi кемшіліктерді жою және бiлiм бағдарламаларына бейiмдеу мақсатында қосымша сабақтар, консультациялар өткiзiледi, арнайы көшу бағдарламалары көзделген.

2011-2012 оқу жылында кәсіптік және техникалық білім ұйымдарында 2 480, оның ішінде кәсіптік лицейлерде 739, мемлекеттік және жеке колледждерде 1 741 оралман оқиды.

Соңғы үш жылда ең көп  оралмандар келесі елдерден келді:Өзбекстаннан, Қарақалпақстаннан, Монғолиядан, Қытайдан, Ресейден, Қырғыстаннан.

2011-2012 оқу жылында кәсіптік және  техникалық білім ұйымдарында  Өзбекстаннан – 1199, Қытайдан – 444, Монголиядан – 389 келген оралмандар оқиды.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу мекемелеріне оралмандарды оқуға қабылдау жалпы негізде типтік үлгі ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Білім алушылар Қазақстан  Ресупбликасы азаматтарымен тең  барлық жеңілдіктермен және құқықтарымен қамтылған: жатаханада тегін тұру, тамақтану, кітапхана қорын пайдалану, қалаған факультативтер, үйірмелер, секцияларға қатысады, сабақтан тыс іс-шараларға белсене қатысады

Оқытушылар, бөлім меңгерушілері, өндірістік оқыту шеберлері оқитын оралмандарға оқу жағдайы мен  өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Мемлекет Қазақстан Республикасының саны аз халқы мен этникалық топтарына жәрдем көрсетеді, олардың мәдениетін, ұлттық ерекшелікті сақтау мен қалпына келтіру жөніндегі саясатты жүргізеді.

Республиканың білім  беру ұйымдарында негізгі ережелердің  бірі ретінде ана тілін үйренуде ұлттық саны аз топтардың құқықтарын іске асыру орындалуда.

Азшылық топ ұлттарына  республикада ана тілін оқуға  мүмкіндіктер жасалған.

Бұдан басқа, олардың  оқу-тәрбие процесіне зардапсыз  кірігуі, қазақ және орыс тілдерін меңгеруі мақсатында қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативтік сағаттар ұйымдастырылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет