Қарбыздың құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 14:09, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмысымды республикада кең тараған шаруашылықтағы маңызды бұршақ дақылы – жоңышқа өсімдігінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, шаруашылықтағы табиғи – климаттық жағдайлары, өсіп жетілу кезеңіндегі күтіп – баптау, өісірілген өнімді оңтайлы да қысқа мерзімде жинап алу үшін алқаптарды даярлау жөніндегі еңбекті дұрыс ұйымдастыру әдісі қарастырылған және Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы жоңышқаның аудандастырылған сорттары, сорттардың өнімділігі және сапасы туралы және жоңышқаны суармалы өсірудің интенсивті технологиялары қарастырылған.

Содержание

Нормативтік сілтемелер........................................................................
Анықтамалар.........................................................................................
Белгілеулер мен қысқартулар...............................................................
Кіріспе......................................................................................................
1.1 Халық шаруашылығындағы маңызы...................................................
1.2 Қарбыздың құрылымы.....................................................................
1.3 Сыртқы фокторларға қойылатын талаптар
1.4 ............................
1.5 Топырақ жамылғысының сипаттамасы
1.6. Шаруашылық жөнінде жалпы мәлімет
2 Технологиялық бөлім........................
2.1 Жоңышқаны суармалы жерлерде өсірудің ерекшелігі....................
2.2 Ауыспалы егістікте алатын орны......................................................
2.3 Жоңышқаның аудандастырылған сорттары.....................................
2.4 Топырақ өңдеу жүйесі........................................................................
2.5 Тыңайтқыш енгізу жүйесі...................................................................
2.6 Жоңышқаны күтіп – баптау................................................................
3 Қоршаған ортаны қорғау....................................................................
Қорытынды...........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

қарбыз.doc

— 764.50 Кб (Скачать документ)

Алғашқы өскіндер 2-3 сәуірде алынды. 100 пайыз бірыңғай өскін егістен 10 кұн өткен соң, яғни 7-сәуірде алынды.

Өскін алынғаннан 7 күн өткенде - 14-сәуірде алғашқы нағыз жапырақ пайда болғанда, 1 метрде 3-4 өсімдік қалдыра отырып, бірінші жегенелеу жүргізілді. Екінші жегенелеу 17-сәуірде үшінші нағыз жапырақ пайда болғанда 1 метрде 2 өсімдік қалдыру арқылы орындалды.

Өсімдіктердің нақты  орналасу жиілігі 1 гектарда 12 мың өсімдіктен тура келді. Жегенелеу жұмыстарын өз уақытында жүргізу керек, әйтпесе жегенелеу кеш қалғанда жиі өскен бақша өсімдіктері өте әлсіз дамиды. Құнарлы және суармалы жерлерде тәлімі және құнарлылығы төмен жерлерге қараганда 1 гектардағы өсімдік санын көбірек қалдырады. Құнарлылығы төмен жерлерде жиі орналасқан өскіндер майда, қанттылығы темен ѳнім береді.

Фенологиялық бақылауларға қарағанда бастапқы кездегі өсімдіктердің  өсіп дамуы температураның тѳмендеуінен және жауын-шашынның әсерінен біршама баяу жүрді, соған қарамастан Сапалы сорты барлық нұсқаларда бақылау сортына салыстырғанда алда болды.

        




 

 

                                           4 сурет Бірінші катараралық өңдеу

 

Үшінші нағыз жапырақ  пайда болған кезде 18-сәуірде 16-18 см тереңдікте қатараралық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Екінші қопсыту жұмыстары 18-20 см тереңдікте чизель жәрдемінде жүргізілді. 23-сәуірде өскіндердің айналасындағы топырақ қолмен қопсытылды. Жас өсімдіктердің айналасындағы топырақты қопсытқанда оның жүргізілу сапасына ерекше назар аудару керек. Терең қопсыту өсімдіктің жақсы ѳсуіне және өнімнің артуына жағдай жасайды.

Кейінгі қопсыту жұмыстары әр 12-15 күннен 18-20 см тереңдікте жүргізілді, одан да терең қопсыту тамыр жүйесіне зақым келтіруі мүмкін. Қатараралығы толық қабысып кетуі үшін 6 рет өндеу жұмыстары жүргізілді

    

   2.5 Тыңайтқыштар енгізу жүйесі

 

Тәжірибе алқаптарының барлық нұсқаларына сүдігер жыртудан алдын қараша айында гектарына 80 келі әсерлі зат мөлшерінде суперфосфат тыңайтқышы еңгізілді.

Бірінші катар аралық өңдеу жұмыстары 15-сәуірде мннералды тыңайтқыштар енгізумен бір уақытта жүргізілді: 1-нұсқа – N15; 2-нұсқа – N20; 3-нұсқа – N25; 4-нұска – Nзо келі әсерлі зат. NH4NO3.

Аммиак селитрасы үш кезеңге бөліп енгізілді:

  1. - 2-3 нағыз жапырақ кезеңі;
  2. - пәлек жаю кезеңі;
  3. - гүлдеу кезеңі.

Екінші қатараралық өңдеу 25-сәуірде жүргізілді. Аммиак селитрасын МТЗ-80 тракторына тіркелген КПН-4,2 мақта копсытқышымен төмендегі мөлшерлерде енгізілді: 1-нұсқа – N20; 2-нүсқа – Nзо; 3-нұсқа – N35; 4-нұсқа – N40. қатараралық терең өңдеумен бір уақытта аммиак селитрасын үшінші рет енгізу 5-мамырда жүргізілді. Тыңайтқышты енгізу үшін МТЗ-80 тракторына тіркелген арнайы құрылғысы бар чизель пайдаланылды. 1-нұсқа – N25; 2-нұсқа – N20; 3-нұсқа – N20; 4-нұсқа – N30.

Суармалы жерлерде карбыз өсіруде тыңайтқыштар енгізу жоғары өнімге қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Қазақстанның оңтүстігінің суармалы аймақтарында бақша дақылдарының егісіне енгізілетін тыңайтқыштардың мөлшері мен түрлері зерттелмеген. Алайда Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жүргізген зерттеулері, суперфосфат 3 ц/га, аммиак селитрасы 3 ц/га және калий тұзы 1 ц/га мөлшеріндегі минералды тыңайтқыштарын енгізу ең жақсы нәтиже бергенін көрсетеді. Тыңайтқыштардың тиімділігі олардың топыраққа енгізу терендігіне де байланысты; суармалы алқаптарда фосфатты тыңайткыштарды едәуір терең өңделген жағдайында, әсіресе, сүдігер жыртуда олардың тиімділігі арта түседі.

Біздің жүргізген зерттеулеріміз бойынша Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аймактарда ѳсіп даму кезеңінде 3 рет қоректендіру қажет. Бірінші қоректендіру шатрик кезеңінен алдын енгізу керек. Екінші қоректі өсімдік пәлек жаюды бастаған кезде енгізеді. Үшіншісі гүлдеу және жемістері түйіндеген кезде енгізіледі. Қорек ретінде жергілікті және минералды тыңайтқыштарды да қолдануға болады. Тыңайтқыштарды құрғақ түрінде топырақтың 12-15 см кабатына енгізеді, ал сұйық түрінде ағын сумен бірге беріледі. Бір рет қоректендіру үшін гектарына физикалық салмақта 100 кг аммиак селитрасы, 100 кг суперфосфат және 40 келі калий тұзы енгізіледі. Бақша дақылдарының егісіне енгізілген минералды тыңайткыштар жемістің көлеміне, сондай-ақ сапасына да әсер етеді. Фосфор және калий тыңайтқыштары бақша жемісінің пісіп жетілуін тездететіні және қанттылығын да арттыратыны анықталды.

 

2.6 Суару

 

Қарбыздың суға деген  талабы өте жоғары. Қарбыз гүлдеу және ѳнім пайда болу кезеңінде суды ѳте көп мөлшерде талап етеді.

Сонымен бірге топырақтың шектен тыс жоғары ылғалдылығы қарбыз ѳсімдігіне кері әсер етеді. Біздің зерттеулеріміз бойынша жауын-шашын мөлшері қалыпты болған жылдары гектарына 600-700 текше метр мөлшерімен орташа 4-5 рет суару жеткілікті болады. Ылғал мол түскен жылдары 600м3/га мөлшерінде 3-4 ретке қысқарту керек.

Көптеген зерттеу мәліметтерінен, суаруларды: біріншісін – ылғал жинактау үшін (ылғалды аз мөлшерде жинақтауда); екіншісі – екі-үш нағыз жапырак шығарған кезеңінде; үшіншісі – гүлдеу кезеңінде және төртінші мен бесіншісі – жемістерінің өсу кезеңінде жүргізу ұсынылады.

Біздің тәжірибемізде суару тізбегіне сәйкес 4-нұсқада бірінші вегетациялық суаруды 600 м3/га мѳлшерімен пәлек жаю кезеңінде жүргізілді. Екінші вегетациялық суару барлық 4 нұсқада да аналық және аталық гүлдерінің ашылуы мен жеміс түйіндеу кезеңінде орындалды, 1 -2-нұсқаларда - 2 суару 1200 текше метр мөлшерімен, аралығы 10 күн, 3-4-нұсқаларда - 1800 м3/га мөлшерінде, аралығы 7-8 күнде 3 суару жүргізілді. Үшінші суару 2-3-4-нұсқаларда жемістерінің қалыптасуы мен өсу кезеңінде 600 текше метр мѳлшерімен жүргізілді.

Қазақстанның оңтүстік жагдайында бақша дақылдарын өсіруде суландырудын маңызы зор. Бақша дақылдары кұрғақшылықка төзімді өсімдіктерге жатады, сондықтан олар аз суарылды. Алайда Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жүргізілген зерттеулер, минералды тыңайтқыштарды енгізумен бірге суарулардың өте тиімді екенін, қарбыз өнімін екі есе арттыратынын көрсетті (20-кесте).

Тыңайтқыштарсыз суару жемістердің канттылығын 1% төмендетеді, ал суарылмаған және тыңайтылмаған нұсқаларға салыстырғанда тыңайтқыш қосып суарылған нұсқаларда канттылығы едәуір жоғары болады.

Қазақстанның онтүстігіндегі суармалы аймактарда қарбызды арасы 10-15 күн етіп 3-5 рет суарады. Суаруды пәлек жаю кезінде бастайды, гүлдеу кезінде тоқтатып, және түйіндеу кезінде қайта бастайды. Суару мѳлшері 600-700 м3/га. Қысқы сор шаюлар өте тиімді, себебі олар қарбызды егуде егіс алды суаруды қажет етпейді және вегетациялык суарулар санын қысқартады.

 

 – Суарулардың қарбыз өнімділігіне әсері

(3 жылдық орташа көрсеткіш)

                                                                                                                                   7 кесте

Тәжірибе нұсқалары

Өнімділігі, т/га

Қосымша өнім, т/га

Суарылмаған және тыңайтқыш енгізілмеген

20,6

-

I вегегациялық суару

23,8

3.2

2 вегетациялық суару+N60P80

32,6

12,0

3 вегетациялық суару+ N70P80

29,1

8,5

2 вегетациялық суару+ N80P80

38,7

18,1

2 вегетациялық суару+ N100P80

41,3

20,7


 

Жер асты сулары 3 м деңгейінде жатқан алқаптарда бірінші вегетациялык суару ѳскін алынғаннан 20-шы күні, ал кейінгілері 10-15 күннен кейін жүргізіледі. Вегетациялық кезеңде 3600-4200 текше метр мөлшерімен барлығы 6-7 рет суарылады. Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жер асты суларының жайласу деңгейіне қарай қарбыздың төмендегі 21-кестеде көрсетілген суару тізбектерін ұсынады:

 

8 кесте – Жер асты суларының жайласу деңгейіне

қарай қарбызды суару тәртібі

 

Жср асты суларының жайласу деңгейі, м

Суару саны

Суару мѳлшері, м3/га

Суландыру мөлшері, м3 /га

2 м-ден төмен

6-7

700

4200-4900

1-2

4-5

600-700

2400-3500

1 м-ге дейін

2-3

600-700

1200-2100


 

Қарбыз егісі ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген жағдайда тамыр жүйесі жақсы дамиды және сол мықты тамырлары арқылы топырақтың терең қабаттарынан ылғалды сіңіріп алады; жапырақ бетінің көлемі артады, нәтижеде жоғары өнім алынады. Мүны Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ылғалдылығы орташа болған 2011 жылы жүргізген тәжірибесіндегі алып барылған фенологиялык бақылаулардың көрсеткіштерінен көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

               9 кесте – Ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайына қарай

карбыздың өсуі мен дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Суару

Ѳнімге кеткен жалпы судың шығыны, м3/га

Тамырлардыц терепдігі, см

Жанама тамырларының ең жогарғы ұзындығы

5- маусымдағы өсімдіктің жапырақ бетінің көлемі, м3

Өнім,

ц/га

 

 

Негізгі

массасының

Жеке тамырлардың

Өзек тамырының

 

 

 

2 суару (бақылау-Ницца)

1800

27

36

70

87

180

0,72

251.3

2 суару -Сапалы

1800

28

43

 

210

1.82

328,4

4 суару -Сапалы

2400

28

59

104

240

2,92

341,2

5 суару -Сапалы

3000

30

62

111

260

3,83

357,7


 

Суару коректену тәртібіне екі жақты әсер етеді. Олар топырақтағы қоректік заттардың корын жандандырады, сол арқылы топырақтың табиғи кұнарлылығының артуына жағдай жасайды. Сонымен бірге олар осы қоректік заттар қорының жоғары өнімнің қарқынды түрде сіңіруі нәтижесінде азаюына да жағдай жасайды.

Суарулар пайдаланылатын қоректік заттар мѳлшеріне әсер етіп қана қоймай, сондай-ақ ондагы фосфордың тиімді мөлшерін реттеп отырады, ал бұлардың бәрі өз кезегінде өнімді едәуір арттырады. Сонымен бірге ағын су топырақтағы қоректік затардын химиялык түрленуіне де түрткі болады. Әсіресе нитраттардың ѳзгеруіне суару күшті әсер етеді: әрбір суарудан кейін олардың мөлшері едәуір шайылады да, нәтижеде нитрификация процесі әлсірейді. Суару нитраттардың жылжуын күшейтеді; мұнда топырақ қаншалықты терең ылғалданса, олар да соншалықты тереңге түседі. Суару салыстырмалы түрде көп жүргізілетін бақшашылықта суару мөлшерлерінің артып кетпеуін қатты қадағалап отыру керек, өйткені көп мөлшерде суару нәтижесінде топырақтың құрамындағы маңызды қоректік элемент – нитратты азоттың азайып кетуіне алып келеді.

Тыңайтқыштар енгізе отырып суару қарбыздың дәмдік қасиеттерін едәуір жақсартады, қанттылығын, құрғақ заттар мөлшерін, С дәруменінің мөлшерін арттырады, жалпы кышқылдылығын төмендетеді (23-кесте).

 

 

 

 

        10 кесте – Суарулар мен тыңайтқыштардың қарбыз жемісінің сапасына әсері

 

Аталуы

N60P80 + 2 суару

N60P80 + 4 суару

N100P80 + 5 суару

Құрғак зат, %

9,0

9.4

9,6

Жалпы қант мөлшері, % Соның ішінде: Қант С дәрумені, мг

6,6

1,1

4,89

7,1

1.5 6,93

7,4

1.8 7.54

Жалпы қышқылдығы шикі затка % есебінде

0,076

0,105

0,068


                         2.7    Қарбыз дақылының сорттары

 

 

Қарбыздың Мелитопольский 142сорты . Волгоградтагы Быков атындағы тәжірибе стансасының селекциялық сорты. Бұл сорттың өсімдігі шамамен 6 келі және одан да ауыр ірі жеміс береді. Жемісінің пішіні шамалы сопақша келген шар тәрізді. Жемісінің беті әлсіз сегменттелген. Реңі жасыл түсті, көк-жасыл жолақтары бар. Балдыры сулы, дәмді, қызғыш-қызыл. Тұқымы орташа үлкендікте, қызыл түсті. Жемісінің қабыгы қалың, тасымалдауға төзімді, сақтауға жарамды. Орташа-кеш пісер сорт.

Информация о работе Қарбыздың құрылымы