Қарбыздың құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 14:09, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмысымды республикада кең тараған шаруашылықтағы маңызды бұршақ дақылы – жоңышқа өсімдігінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, шаруашылықтағы табиғи – климаттық жағдайлары, өсіп жетілу кезеңіндегі күтіп – баптау, өісірілген өнімді оңтайлы да қысқа мерзімде жинап алу үшін алқаптарды даярлау жөніндегі еңбекті дұрыс ұйымдастыру әдісі қарастырылған және Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы жоңышқаның аудандастырылған сорттары, сорттардың өнімділігі және сапасы туралы және жоңышқаны суармалы өсірудің интенсивті технологиялары қарастырылған.

Содержание

Нормативтік сілтемелер........................................................................
Анықтамалар.........................................................................................
Белгілеулер мен қысқартулар...............................................................
Кіріспе......................................................................................................
1.1 Халық шаруашылығындағы маңызы...................................................
1.2 Қарбыздың құрылымы.....................................................................
1.3 Сыртқы фокторларға қойылатын талаптар
1.4 ............................
1.5 Топырақ жамылғысының сипаттамасы
1.6. Шаруашылық жөнінде жалпы мәлімет
2 Технологиялық бөлім........................
2.1 Жоңышқаны суармалы жерлерде өсірудің ерекшелігі....................
2.2 Ауыспалы егістікте алатын орны......................................................
2.3 Жоңышқаның аудандастырылған сорттары.....................................
2.4 Топырақ өңдеу жүйесі........................................................................
2.5 Тыңайтқыш енгізу жүйесі...................................................................
2.6 Жоңышқаны күтіп – баптау................................................................
3 Қоршаған ортаны қорғау....................................................................
Қорытынды...........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

қарбыз.doc

— 764.50 Кб (Скачать документ)

      Сыдыра жырту –  топырақты қайырмасыз құралдармен  жыртып өңдеу.

      Сыртқы орта –  тірі ағзаға әсер ететін қоршаған  орта факторларының жиынтығы.

      Өсімдік аурулары  – зиянды саңырауқұлақ қоздырғышының  әсерінен дамитын өсімдік кеселі.

       Тәлімі  егіншілік – ауа райының қолайсыз  жағдайында өсірілетін дақылдар  өнімі көктемгі жауын-шашынға  негізделген суарылмайтын егіншілік  саласы.

        Тыңайтқыштың әсерлі заты –  тыңайтқыш құрамындағы өсімдік  сіңіре алатын элемент мөлшері

         Белгі – өсімдік құрылымының  шаруашылықта пайдалы және тиісті 
құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты сипаты.

       Дақыл  – белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін өсімдік түрі.

     Сорт –  белгілі бір дақылдың тиісті  табиғи және өндірістік жағдайларда 
өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі бойынша туыстас және морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас өсімдіктерінің тобы.

     Технология  – нақты топырақ-климат жағдайында  тиімді мөлшерде және сапалы  өнім алу мақсатында арнайы  ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген белгілі бір дақылды өсіру тәсілдерінің жиынтығы.

 

 

 

Белгілеулер мен  қысқартулар

 

га         гектар

кг/га         1 гектардағы келі

м3/га         1 гектарда текше метр

мг/кг         1 келідегі миллиграмм

м         метр

м2             шаршы метр

мм         миллиметр

ҒЗИ         ғылыми-зерттеу институты

ФАО         Ғооd and Agriculture Organization of the United Nations

                          (ООН-дағы өндірістік ауылшаруашылық  ұйымы)

а/ш         ауыл шаруашылығы

см         сантиметр 
мың дана./га1    гектарда мың дана

т         тонна

мың. га         мың гектар

ц/га         1 гектардағы центнер

°С         ауа температурасы

N         азот

Р         фосфор

К         калий

Са         кальций

%         пайыз

г         грамм

л                      литр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Кіріспе

 

Елімізде және дүние  жүзінде инновациялық жаңа әзірлемелерді  өндіріске енгізу мәселелері үлкен маңыздылыққа ие.

Осы орайда облысымызда  бақша дақылдары оның ішінде қарбыз егісін арттырып, халықты қарбыз өнімдерімен  қамтамасыз ету үлкен маңызды іс-шаралардың бірі.

Қарбыздың жаңа, бәсекеге қабілетті, селекциялық сорттарын өндіріске енгізуден алдын оның қолданылуы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті топырақ-климаттық жағдайларына оның тиімділігін анықтау және ғылыми негізделген қорытынды жасау қажет.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағытында бірқатар іс-шаралар аткарылып, ауыспалы егіс тізбектері бойынша бақша дақылдарының егіс көлемі ұсыныстарға сай біршама артқаны байқалады.

Дегенмен, еліміздің Ресей  және Белоруссия мемлекеттерімен бірге кедендік одақ құруы облысымыздағы бақша өнімдерін өндіретін шаруа диқандар үшін қолайлы жағдай туғызды. 2010 жылы Онтүстік Қазақстан облысынан Ресейге 70-80 мың тоннаға жуық қарбыз ешқандай кедендік кедергісіз өтіп, диқандар үшін жоғары бағаға сатылды.

Бірақ, өнімдерді нарық  талабына сай, жоғарғы сапада өндіріп шығаруда шаруа диқандар бірқатар кедергілерге кез келді. Жергілікті жерге бейімделген, аудандастырылған, сұранысқа ие қарбыз сорттары және оның сапалы тұқымдары болмады. Тұқымдарды шаруа диқандар Өзбекстаннан қымбатқа сатып алды, оның кебісі ойдағыдай өнім бермеді. Қаншама тұқымға жұмсалған қаржы Өзбекстанда қалды.

Республикада жергілікті жердің топырағы мен ауа райына бейімделген қарбыз сорттарын шығаратын және олардың элиталық тұқымдарын дайындап, көбейтумен айналысатын арнайы ғылыми-зерттеу институты болмағандықтан аталған мәселелер кенже қалып келген. Осының салдарынан шаруалар табылған тұқымды егіп, өнімдерін өткізе алмай, тіпті жұмсалған шығынын қайтара алмай жүргендері де бар.

Осы орайда аталған мәселелердің шешімін табу мақсатында облысымыздың ауыл шаруашылығы басқармасының ұсынысы бойынша Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 2008 жылдан бастап жоғары өнім беретін қарбыз сорттарын шығару бағытында Өзбекстан мемлекетімен ғылыми байланыс негізінде өз қаражаты есебінен ғылыми жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде жоғары өнім беретін қарбыздың «Сапалы» сортын шығарды. Ол сорт 2011 жылдан бастап Мемлекеттік сорттық сынақтан тексерілуден өтуде.


Сонымен қатар шаруалар егетін қарбыз сорттарының тұқымдарын елімізде дайындап қарбыз түқымшылығының сапасын арттыру барысында институтта бірқатар ғылыми жұмыстар жүргізіліп келеді.

 

 

 

1 Аналитикалық бөлім

 

    1. Халық шаруашылығындағы маңыздылығы

         Қарбыздың шөл қандыратын және көңілді сергітіп жадырататын қасиеті бар. Оны эсіресе ыстық ауа райында егістік басында қара судың орнына шөл басу үшін пайдаланған жақсы. Қарбыз салқын сусындарды алмастырады, оның қүрамында көп мөлшерде (12% дейін) жеңіл сіңімді қант болады. Қарбыз қанты, көбінесе қант диабетімен ауыратындарға қажетті жақсы сіңіретін фруктозадан тұрады. Қант мөлшері бойынша карбыздар көптеген жемістер мен жи-дектерден асып түседі, тіпті ананас, жүзім, алмүрттан кем емес.

Қарбыздарда адам ағзасындағы көптеген физиологиялық үрдістерді реттестіруге ықпал ететін - глюкоза, сахароза, фруктоза, дәрумендер (А, В, С,), пектиндер, сіңімді ДК тұздары,сондай ақ фолий қышқылы мен темір сияқты заттар болады. Сондықтан қарбыз өнімін цингаға қарсы, бүйрек, өт жолдары ауруларын алдын алу мен емдеу, ағзаның тіршілік қабілетін көтеру үшін пайдаланады.

Қарбыз жүмсағын үзақ пайдалану мақсатында, олардың  же-містерін консервілейді-тұздайды.

Қарбыздар - тағам  өнеркэсібі үшін құнды шикізат. Олардан қүрамында 65% қант пен 0,3% дейін сіңімді темір болатын бал (нардек) дайындайды. Қарбызды өңдегенде бал шығымы 5-7% (өз массасынан). Бал тағамға пайдаланылады, одан кисель жэне повидло дайындайды.

Стандарт  талаптарына сай емес өте пісіп  кеткен, ұсақ және жарылған қарбыздарды өте кұнды қантты концентратқа айналдыруға болады. Қарбыз жемісінің қабығынан тосап, цукат, ал қара қабықтылардан тағамдық бояу дайындайды.

Қарбызды  өңдегенде, оның бөлініп алынған  тұқымдарынан май өндіруге болады. Қарбыз майы - сұйық, ашық,иісі мен дэмі жаксы. Ол қүрамында Д дэрумені болғандықтан, рахитке қарсы емдік қасиетімен айшықталады. Ыстық сығымдауда түқымнан алынатын май шығымы 17-20%. Сығымдаудан кейін қалатын қалдық-күнжара кондитер өнеркэсібіне қүнды шикізат. Одан халуа мен басқа тағамдар жасайды. Тіпті қарбыз тұқымының қабығын өңдеу арқылы лак-бояу өндірісіне кажет өнім - фурфурол алуға болады. Фурфурол электротехникада да пайдала-нылады.

Қарбыздың кейбір сорттарында консерві зауыттары  үшін өте қажет пектиндік заттар көп. Пектиндік заттардың қантпен қосып қайнатқанда желе тэрізді масса түзетін қасиеті болғандықтан, жидек пюресі мен повидло дайындағанда оларды қоюлату үшін қарбыз шырынын пайдаланады.

Еліміздің жартылай шөлді аймақтарында ықтырмалы егіс ая-сында қарбызды суармай-ақ өсіруге болады.

Қарбыз күздік жэне жаздық астықтар үшін жақсы алғы да-қылдардың бірі. Олардан кейін  танаптар таза күйінде қалады. Қарбыз дақылы ірі жапырақтарымен жерді көлеңкелеп топырақ-та ылғал сақтайды.

Қарбыз - мол  кіріс экелетін дақыл, эсіресе суарылмайтын ай-мақтарда оны өсіріп өзіндік қүны төмен жоғары өнім алынады.

Шырынды малазықтық жемнің маңызды көзі-малазықтық карбыз. Оның құрамында 1,2 % шикі протеин, 0,1- май, 7,2 -АЭЗ, 2,3 - жасұнық, 0,2 - күл және 88,5 % су болады.

Малазықтық  қарбызды сабан, топан (75% қарбыздар, 25% топандар) жэне басқа да масақты дақылдармен аралыстырып сүрлем дайындауға болады. Оның сүрлемін мал сүйсініп жейді де тез қоңданады, өнімділігі артады. Малазықтық қарбыздың тұқым шығымы 2-2,5 % тұқымының майлылығы 50% дейін жетеді.

1.2 Қарбыздың құрылымы

 

Қарбыз басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары секілді  өсіп-даму барысында тамыр, сабақ, жапырақ  және гүлден құралады. Гүлден жемісі пайда  болады. Қарбыздың әрбір ағзасының  өздеріне тиісті атқаратын қызметі  бар.

Қарбыздың сорттары мен будандары вегетациялық өсу кезеңінің үзақтығына байланысты (көгін шыққаннан бастап биологиялық піскенге дейін) беске бөлінеді: өте ертелік - (70 күнге дейін), ертелік - (70-80 күн), орташа - (81-90 күн), орташа кештік-(91-100 күн) және кештік-(100 күннен астам). Кейбір өсу кезеңі барысында қысқа мерзімді ылгал жетіспеушіліктің өзі қарбыздың өсіп-дамуына кері әсерін тигізеді. Мүндай кезендер өте қауіпті деп аталады. Осындай кезеңдерінің бірі тұқымның өну кезеңі. Мүндай кезеңде ылғалдың жетіспеушілігі көгіннің шыгуын кешіктіреді, кей жағдайларда көгін шықпай да қалады. Қарбыздың көгіні шыққаннан соң топырақ ылғалдылығы жеткілікті жағдайда олар жақсы өсіп дамиды және вегетативтік және өнім беретін ағзалары суды көп талап етеді. Гүлдеу кезеңінде ылғал жетіспеушіліктің арқасында гүлі мен түйнектерін тастап жібереді, сондықтан да қарбыздың гүлдеу кезеңі қауіпті деп саналады. Шағылысу процесі бал арасы, құмырсқа, трипс және де басқа жәндіктер арқылы жүзеге асырылады. Екі жынысты гүлдерінің тозаңдары ұрықты болып келеді, сондықтан шағылысу процесі олардың аналығына сол гүлден, сондай-ақ басқа гүлдерден де тозаң келіп түсуі нәтижесінде жүзеге асады.

     Тамыры.Қарбыздың тамыр жүйесі өте мықты, күшті дамыған, ол негізгі және өте майда тарамдары көп жанама тамырлардың бірінші және екінші ретінен тұрады. Кейбір жағдайларда жанама тамырлардың үшінші және төртінші реттері де болады. Негізгі тамыр өз кезегінде төмен қарай 1 метр тереңдікке дейін барады. Жанама тамырлар негізінен 20-30 см тереңдікке барады. Қарбыздың жалпы тамыр жүйесінің жан-жаққа қарай таралғаны топырақтың кең көлемін алады, ал олардың барлық қосындысы 60 м-ге дейін жетеді.

      Сабағы.Қарбыздың сабағы жақсы дамыған, жайылатын, жан-жаққа таралған домалақ бес қырлы пішінде, ұзындығы 2-4 м болады. Негізгі сабағынан бірінші реттегі жанама, ал олардан өз кезегінде екінші реттегі сабақтар пайда болады. Кей жағдайларда үшінші және төртінші реттегі сабақтар да болады. Сабақтардың тармақталуы моноподиялдық.

      Жапырағы. Қарбыздың жапырағы жасыл түсті, бөбе жапырақсыз, сағақтары үзын, үш бөлікке бөлінген, әр қайсысы майда бөліктерге бөлінген. Жас жапырақтары түкті, жұмсақ және нәзік. Жапырақтардың орналасуы кезектелген. Жапырақтың бетінің көлемі (кей жагдайларда бір өсімдікте 300 жапырақтан асады).Жапырақтың қуысында мұртшалары пайда болады. 1 сурет (Қарбыздың жапырағы)

 




   Гүлі.Қарбыздың гүлі әдетте бөлек жынысты болады. Бір өсімдікте аталық және аналық гүлдер кұралады. Бірақ көптеген сорттарында бір жынысты (гермофродитные) және аталық гүлдер, кейбір сорттарында - аналық, бір жынысты және аталық гүлдер болады. Әдетте аналық гүлдер аталық гүлдерден үлкен болып келеді. Аталығы үлкен, бестемді. Қосжынысты гүлдер аналық гүлдерге ұқсас, бірақ олардың айырмашылығы аналығы да, аталығы да болады. Көбінше қосжынысты гүлдерде аталығының саны едәуір көп болып келеді.

Гүлдер таңертең ашылады  және 16 сағат уақыт көлемінде  ашылып бітеді. Аталық гүлдерге қарағанда  аналық және қосжынысты гүлдер ертерек  ашылады. Үрықтанбаған аналық және қосжынысты гүлдер келесі күні де ашық болып тұрады. Қарбыздың гүлдеуі олардың ерте пісетін сорттарына байланысты көгін шыққаннан соң 30-50 күннен кейін гүлдеп вегетация соңына дейін жалғасады. Аналық жэне қосжынысты гүлдер сабақтың бірінші және екінші тәртібінде орналасады. Қарбыздың «Сапалы» сортының аталық және аналық гүлдер көрсетілген.

 

         

 

    2 сурет Қарбыздың гүлі (сол жақта - аталык, он жақта - аналық)

                                                     

Жемісі.Көптұқымды жидек тәріздес асқабақ, сырт бітімі түрі, түсі әртүрлі және қабыгының қалыңдығы мен құрылымы және түқымы да түрліше.

Көптеген қарбыздың  жемісі домалақ, орташа диаметрі 20-25 см, ал орташа салмағы 3-6 кг. Қабығының сырты  тегіс, қалыңдығы әртүрлі, олар сорттың  ерекшеліктеріне, топыраққа және өсіру  әдістеріне байланысты. Қабығы өте  жұқа және өте қалың сорттары да кездеседі. Әдетте көптеген сорттардың қабығының қалындыгы 1-1,5 см болады. Жұқа қабықты қарбыздардың қабығы 0,5 см, ал қалың қабықты сорттары 2,5-4,0 см болады. Қалың қабықты қарбыздар тасымалдауға төзімді болып келеді. Қарбыздың сыртқы реңі мен жолақтары әртүрлі болады. Жемісінде жеңіл қорытылатын қант, жүйелі шағын элементтер, ұлпа, дәрумендер және фолий қышқылдары бар (3 сурет).

    

 

                                                                 3 сурет Қарбыз жемістері

                                                      

Информация о работе Қарбыздың құрылымы