Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 11:24, реферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

- оқушылардың сөздік қорының лингвистикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттер арқылы анықталды;
- сөздік қордың өсуіне негіз болатын лексикалық нормаларды және оған қойылатын талаптарды белгіленді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Сөйлеу-әрекетінде-лексиканың-әдеби-тіл-нормасында-қолданылуы.doc

— 651.50 Кб (Скачать документ)

           ІІ.  Стильді-синтаксистік қате деп сөз бен сөздің байланысу тәсілдерінінен, сөз тіркестерінен, сөйлем құрастыруынан жіберілген кемшіліктерді айтамыз. Оқушыларға бұл қателердің мына сияқты түрлері кездеседі:

           а/ сөйлемдегі сөздердің байланысу  тәсілдерінен қате жібереді. Мысалы, алыстағы ағаш басы қарауытып көрінеді. бұл сөйлемдегі матаса байланыс жасайтын ілік септігінің жалғасуын түсіндіріп қолдану, сөйлемдегі ойды күңгірттеген. Тілімізде ілік септігінің жалғауының түсіріліп қолданылуы кездесе береді. Сондықтан оқушылар ондай құбылысты дағдылы норма деп ұғынады да өз ойларын жеткізуде талғамай қолданып стильдік қате жібереді.

           ә/ сөйлемдегі сөздердің орын  тәртібінің қате жіберіп, сөздің  әдеттегі ауыстырып қолданудағы  стильдік мәнін ескермейді. Содан  барып оқушылар инверсиядан қате жібереді, ол туралы түсініктерінің аз екендігін байқатады. Мысалы, ұзақ сапардан шаршап келді Ер Төстік деген сөйлемдегі бастауыш сөз әдеттегі өз орнында тұрған жоқ.

           Жазушылар мен ақындардың шығармаларында  мұндай сөйлемдерді стилистикалық мақсатта қолдана береді. Орын ауыстырып қолдану көбінесе инверсия, қайталау мақсатында, яғни сол орын ауыстырылған сөзге оқушының назарын аударып, экспрессивтік мән беру үшін қолданылады. Оқушылар ондай мақсатта қолдануға тәжірибесіз келеді.

           Әсіресе, оқушылар бұл сияқты қатенің түрлерін өлең сөздің мазмұнын айтып беруде жіберіледі. Өйткені өлең сөзде сөздердің, әдетте, орны сақтала бермейді. Оқушылар оны мазмұндап беруде өлеңде қолданылған сөйлемдерді сол қалпында пайдаланады. Мысалы, мен көрдім ұзын қайың құлағанын деген сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыш қатар тұрып байланысқан. Ал оны қара сөзбен мазмұндауда бастауыш пен баяндауыш бөлек, баяндауышы сөйлемнің соңында тұрып байланыстырылады. Ал оқушылар осы секілді сөйлемдегі сөздердің орын ауыстырып ойын жеткізуде мақсатына қарай түрлендіріп қолдануға тәжірибесіз болады.

           б/ құрмалас сөйлемдегі жай  сөйлемдердің ара жігі ажыратылмай  қарастырып, бір-бірімен байланыстырылмай, айтатын ойды шашыраңқы беру  кездеседі. Мысалы, интернатқа Бораштың апасы келіп, апасы оны көріп, сүйіп, айқайлап жылап, құшақтады.

           в/ сөйлемдерде екі бастауыш  сөзді қатар қолдана береді. Мысалы, Ғ:Мүсірепов ол «Қос шалқар»  әңгімесін жазды.

           Стильді-синтаксистік қателерді  болдырмау мен түзету барысында мына сияқты жұмыстарды жүргізуге болады:

           - белгілі сөздердің сөз тіркестерін  жасату және олардан сөйлем  құрау,

           - аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау  және сөздерді алмастырып көру,             

           - бір ойды беру үшін нұсқамен сөйлемдер құрату,

           - сөйлемдегі сөздердің орнына  ауыстырып көру, ондағы ойдың  ауысуын қадағалау,

           - құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдерді  ажыратып, тиянақтау және ондағы  ойды анықтау немесе берілген  бірнеше жай сөйлемнен бір  құрмалас сөйлем құратуға жаттықтыру,

           - сөйлемдердегі сөйлем мүшелерінің  орнын анықтау, оны ауыстырып  байқау,

           - өлеңмен жазылған сюжетте көркем  шығармаларды ауызша және жазбаша  мазмұндау (әр түрлі шақта және  жақта),

           - берілген жоспар бойынша шығармалар мен мазмұндамалар жаздыруға жаттықтыру.

           Стильді-синтаксистік қателермен  жұмыс жүргізуге синтаксистің  тыныс белгілерімен байланыстыра  жүргізген абзал. Өйткені пунктуацияның  тілімізде стильдік рең беруде  қызметі айрықша. Ал оның оқушыларға өтіліп отырған материалға таныстырып отырған жөн.

           ІІІ. Стильді-логикалық қате. Ойды  көркемдеп әдеби тілдің нормасында  жеткізуде әр сөз, сөйлемді  сұрыптап, оның құрылысына, сөйлем  мүшелерінің орын тәртібіне, сөздің  лексикалық мағынасына қарап әсерлі де нақты айту тілімізде жеткіліксіз. Енді сол сөйлемдер арқылы әңгімемізді қалай жеткіземіз, сөйлемдегі ой бір-бірімен байланысты ма, тыңдаушы мен оқушы, айтушы мен жазушының ойын сол мақсатта, сол әсерде қабылдай ма деген мәселелер көңілге оралады.

           Мектеп оқушыларының ауызекі  сөздері мен жазбаша жұмыстарын  осы мақсатта бақылағанымызда  кейде тілдерінде айтайын деген  ойын шашыратып, сөйлемдердегі  ой бір-бірімен байланыспай, тұжырымды  пікір айту мен қорытынды жасауда  кемшіліктерге жол береді. Бір ой аяқталмай-ақ екінші ойды бастайды немесе араластырып қолдана береді. Оларды жүйелі жеткізуге қиналады.

           а/ сөйлемдегі айтылатын ойдың  иесі белгісіз болып қалу. Мысалы, Чапай әскерлеріне мылтық пен  қылыш таратып берді. Бұл сөйлемдегі Чапайдың әскерлеріне мылтық пен қылыш берген өзі ме, әлде басқа біреу ме екендігі белгісіз.

           ә/ сөйлемдеріндегі ойлар бір-бірімен  байланыспай түсініксіз болу. Мысалы, Әкесі мен баласының қоштасар  сәті келді. Екеуі құшақтасып  ұзақ тұрды. Оның көзінен жас шықпады.

           Стильді- логикалық қателер әлі  де болса оқушының ойлау жүйесінің  дамымағандығын көрсетеді. Бұл  сияқты қателерді болдырмау мақсатында  жеке оқушылармен немесе сынып  бойынша мына сияқты жұмыстар  жүргізіледі:

           - шағын әңгімелерге жоспар жасатып, негізгі айтатын мәселелерді анықтатып, саралай білуге жаттықтыру,

           - берілген жоспар бойынша әңгіме  құрастырып айту немесе жалғастырып  жаздыру,

           - сюжетті көркем суреттер бойынша  сөйлем құрату немесе мазмұндамалар жаздыру,

           - экскурсия материалдары бойынша  шығарма жаздыруға үйрету,

           - эпиграф, цитаталар бойынша шығарма  жазуға үйрету,

           - әр түрлі стиль бойынша шығармалар  жаздыру немесе іс-қағаздардың  үлгілерін жаздыру,

           - әр түрлі мәжіліс хаттар, есеп  беру, баяндамалар жазуға жаттықтыру  т.б.

           Қорыта келгенде, оқушылар мына  себептермен стильдік қателер  жіберетіндігін байқауға болады:

           1. Оқушылардың сөздік қорының  аздығына байланысты сөйлемдер бірыңғай, қарапайым болады да, оны түрлендіре алмайды.

           2. Кейбір сөздердің ауыспалы және  көп мағыналылығына байланысты  контексте орынды қолданбай, ойды  күңгірттеп, әсерлі де нақты жеткізе  алмау кездеседі. Сөздердің байланысуын,  тіркесуін білмеу де байқалады.

           3. Синоним сөздерді сөйлемде түрлендіріп  қолдана білмеу, сондықтан сөздерді  сөйлемдерде қайталай беру.

           4. Сөйлемдерінде қажетсіз басы  артық, қыстырма, диалект сөздерді  талғамай қолдана беру.

           5. Қазақ тілінде аудармасы бар шет елдік сөздерді немесе вулгаризмдердің мәнін ескермей қолдану.

           6. Кейбір сөздер мен формалардың  экспрессивті-эмоциональды мәнін  білмей орынсыз қолдану.

           7. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін  сақтамау, сөздердің тіркесуі мен орын тәртібінің ауысуындағы стильдік ерекшеліктерді аңғармау.

           8. Сөйлемдегі бірнеше ойды байланыстырып  жеткізе алмау. 

           9. Айтайын деген пікірін жүйелі, рет-ретімен айтып не жазып  беруге қиналу, шатастырып жіберу  т.б.

           Стильдік қателерді көп жіберу  – ол оқушылардың қазақ тілі  мен әдебиеті пәндерінен білімінде  ол қылықтардың бар екендігін  көрсетеді. Сондықтан стильдік қателерді түзету мен болдырмау барысында, жұмыс ұйымдастыруда сол етіліп отырылған теориялық материалды терең де сапалы игерту мақсатымен байланыстыра жүргізген абзал. Әр сабақтың бөлінбес бір бөлігі болуға тиісті, өйткені оқушы әрбір сөз бен форманың мәнін, қызметін, қолдану ерекшеліктерін игерген оқушы сол сабақта теориялық материалды оңай саналы түсінеді.

           Ол үшін алғашқы оқу жылы  басталған кезде-ақ оқушылардың  тілінде қандай стильдік қате  кездесетіндігін анықтау мақсатында  байқау кезеңі жүргізіледі. Оның қорытындылары арнаулы дәптерге жазылып, жеке және сынып оқушыларының сильдік қателері есепке алынадыы. Сонымен бірге әрбір сыныптағы тарау, үлкен тақырып бойынша сильдік қателерін саралап бөліп көрсету келешекте оқушылармен сол тақырып, не туралы өту кезінде қате не жұмысты жоспарлы жүргізуге үлкен көмегі болмақ.

           Тәжірибемізде бірнеше мектепте  эксперимент жүргізіп, бақылағанымызда  5-сынып оқушыларының көпшілігі  «Есімдік» сөздерге байланысты  мына сияқты қателер жіберетіндігін анықтадық:

           1. Стиль-фонетикалық қате, а/ кейбір  есімдік сөздерді қолдануда дыбыстарын  тастап кету: ол кісі – о  кісі, бұл адам, бұ адам, б/ кейбір сілтеу есімдіктерінің дыбыстарын ауыстырып қолданады: мұнда – мында, сонау – сынау т.б.

           2. Стильді-лексикалық қате, а/ кейбір есімдіктердің әдеби тіл нормасында емес, жергілікті говор бойынша қолданады: сол жерде не сонда деген есімдіктердің орнына «анда» деп қолдана береді, б/ артық сөздерді қосып отырады: мен өзім, сен өзің т.б. өзіндік есімдіктердің қасына жіктеу есімдігін қабаттастырып қолдана береді. Онның қолданудағы сильдік реңін ажыратпайды.

           3. Стильді-морфологиялық қате, а/  ойды жеткізудегі есімдік сөздерді  қолдануда, оған қосымша жалғауда  қате жібереді. Мысалы, әрбір саналы азаматтар еңбек етуді сүйеді. Ол тың игеруге даңққа бөлінеді, - деген сөйлемде көптік жалғауды керсінше жалғап қолданған, дұрысы –екінші сөйлемдегі есімдік сөзге жалғау қажет еді.

           4. Стильді-синтаксистік қате, а/ мен, сен, ол т.б. жіктеу есімдіктерін бастауыш қызметінде сөйлемдерінде өте жиі қолданады, нұсқалы сөздерін пайдаланбайды, мысалы, Мен сағат жетіде тұрдым. Мен киіндім. Мен мектепке кеттім т.б., б/  сөйлемде екі бастауыш сөзді (бірі- есімдік) қолдана береді, мысалы, Қасым ол итін аяп кетті.

           5. Стильді-логикалық қате. а/ есімдік  сөздерді кезінде сөйлемдегі  іс-әрекеттің иесі анықталмай  қалады, мысалы, «әкесі мен баласы  жолда келе жатып сынған тағаны  көрді. Ол оны көтеріп қолына  алды». 

           Әрбір тақырып, немесе тарау бойынша оқушылардың жіберетін стильдік қателерін топтастырып алғаннан соң, сол қателерді болдырмау мен түзету барысындағы жұмыстар және оны қалай жүргізудің әдіс-тәсілдері ойластырылады. Соған орай материалдарды жинақтап, жаттығулар сұрыпталады, қосымша материалдар жасалады.

           Мұғалімдердің озат тәжірибесі  мен эксперимент жұмысының нәтижелеріне  жүгінсек, стильдік қателерді болдырмау  мен түзету барысында мына сияқты практикалық жұмыстар жүргізуге болады:

           - оқушылардың ауызша жауаптары мен жазбаша жұмысындағы стильдік қателерді ескерту және түзету,

           - жазба жұмыстарындағы оқушылардың  көпшілігінде кездесетін қателермен  сынып жұмысын жүргізу, онда  сабақтың 10-15 минутын қателерді талдауға  пайдалану, стильдік қателерді  оқушылардың өздеріне таптырып және оны түзетуге үйрету, жаттықтыру,

           - стильдік қателері бойынша жеке  оқушылармен кестелер арқылы  жұмыс жүргізу,

           - әрбір шығарма мен мазмұндаманы  талдап, сол сынып оқушыларымен  мәтін бойынша тілдік жаттығулар  жүргізу, онда сол мәтіннің лексикалық, фразалық тіркесі, кейбір қиын синтаксистік тіркестер мен сөйлемдердің мәнін үйретіп, өздерінің тәжірибесінде қолдана білуге баулу,

           - грамматикалық тақырыптарды өткенде,  сол сынып оқушыларының білім  қоры мен жас ерекшеліктеріне лайықты сол грамматикалық категория мен форманың стильдік қолданылуы туралы мәлімет беретін жаттығулар жүргізуді ұйымдастырып отыру,

           - оқушылардың стильдік қатесі  бар сөйлемдерін немесе арнайы  берген стильдік қатесі бар  сөйлемдерді я тіркестерді түзеттіру, жетілдіруге жаттықтыру,

           - сөйлемдердегі арнайы берілетін  сөздерді синоним сөздермен не  нұсқалармен ауыстырып байқау,

           - белгілі ойды жеткізу үшін  түрлі нұсқалы сөйлемдер құрастыру, 

           - оқушылардың шығармалары мен мазмұндамаларына талдау жүргізіп, соның нәтижесінде жетілдіріп қайта жазуға жаттықтыру,

           - сөйлемдер мен шағын мәтіндерді  стильдік талдау жүргізуге төселдіру,

           - түрлі стильдік мақсаттарда  жаттығулар жүргізу т.б.

           Мұндай жұмыстарды орындаттыруда оқушылардың білім қоры мен жас ерекшеліктері ескеріліп, лайықты түрлері таңдалады.

           Қазіргі қолданып жүрген 5-9-сыныпқа  арналған оқулықтар мен дидактикалық  материалдарда бұл мәселелер  қарастырылмаған, сондықтан көптеген материалдарды сұрыптауда, жинақтауда мұғалімнің өзіне жүктеледі. Аталған практикалық жұмыстардың жүргізудің әдіс-тәсілдерін қарастырайық. Мәселен: бір тақырыпқа байланысты жүргіземіз.

           Сөйлемдегі есімдік сөздердің  орнын басқа сөздермен, нұсқалармен ауыстырып байқау. «Есімдік туралы түсінік» тақырыбы өткенде есімдік сөздерді қолдануда сөйлемдегі іс істеушінің түсініксіз болып қалу сияқты стильдік қатені болдырмау барысында жүргізіледі. Әсіресе, сөйлемдердегі зат есім сөздердің орнына есімдік сөздерді ауыстырып қою арқылы оқушыларға есімдік сөздердің қандай ерекшеліктерінің бар екендігін білдіру және ол сөздер қалай қолданылады деген мәселені игерту мақсат етіледі.

Информация о работе Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы