Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 11:24, реферат
Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- оқушылардың сөздік қорының лингвистикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттер арқылы анықталды;
- сөздік қордың өсуіне негіз болатын лексикалық нормаларды және оған қойылатын талаптарды белгіленді.
Грамматикалық нормалардан
Болымсыз етістің келер шақтық
тұлғасының бірі -жақта –ма-й-мын...
болуы – грамматикалық норма.
Сонымен қатар ол ауытқып-ман..
Ескі бише отырман бос
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар- намысым қашырман!
Бұлтқа жетпей шарт сынсаң!
Айта келген сөзім бар,
Не қылсаң да жасырман!
Ашу – бөрі, ақыл қой,
Аралас бағып тұра алман,
Көз – төреші, көңіл хақ!
Өмірін екі қыла алман!
-Жібермен, жібермен, қызыл түлкі!. Алдымда тау тұса да тайынбан! (Мұстафин).
Грамматикалық тұлғалардың
Кел балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Мекен іздеп жігіттер, кел-кетелі,
Ортасында Көктөбе белгі етелі,
Азаматтар, жалықпай
Қозы Көрпеш Баянды сөз етеді.
Бұл екі мысалдағы тұлғалардың екеуі де негізгі қосымша ретінде оқта-текте кездеседі. Оның алдыңғысы (-лық) бір іске шақыру, үндеу мағынасында айтылса, соңғысы, барсана, келсана, есіткіл сөздеріндегі қосымшалар сияқты, ескірген тұлға. Мұндайлар тарихи кеіпкердің сөзінде жұмсалса бір сәрі, бірақ қазіргі әдеби тіл үшін оларды қолдану дұрыс болмайды. Сондықтан оқиықтың орнына оқылық деп айту жөнімен ауытқу болады.
Жіктік жалғауының ІІ жағының жекеше тұлғасы да екі түрлі нұсқада айтылады: -сын// -сін, -сың// -сің:
Неге колхоз болмайсың?
Неге ортаға салмайсың?
Берекеге қол сұғып,
Неге ауыл қонбайсың!
Ертеде, осы мысалдардағыдай, -сын//-сін,-нің орнына сөйлеу тілінің; -сың//-сің тұлғасы қолданан беретін. Жарыса айтылып келген осы екі тұлғаның соңғысы әдебиетте жалпылама жақты сөйлем құрудың ерекше стильдік амалы болып барады[49,156]:
Не ексең, соны орарсың. Ұяда не көрсең, ұщқанда соны аларсың (мақал). Кіп-кішкентай, қап-қарағанды шахтаға беліңе арқан байлай; түсесің де кетесің (газеттен). Биік толқынның қыр арқасына шыққанда артта келе жатқандары бір көріп қаласың (Е:Мүсірепов).
Осылай болатындықтан жарыса қолданылатын бұл екі тұлғаның екеуі де әдеби. Ал, барасыз, келесіз дегендерді – барасыңыз, келесің деп айту, аласым, бересім дегендерді – алажағым, бережағым деп айту, баратын, келетін деген сияқтыларды – баратұғын, келетұғын не барулы, келулі деп айту, жиырманшы деудің орнына – жиырмасыншы деу, мектепте оқыдым демей, мектептен оқыдым деу, - әрине, нормадан жөнсіз ауытқулар. Бұлар тілде бар, бірақ әдеби емес. Мұндайға тағы бір-екі мысал келтірейік:
Бәріңіз бір-бір бедеу
Ойын-күлкі сәулетпен жүріпсіңіз,
Жібек сұлу дегеннің аулы
Бар еді, балам қандай
Мұндайды диалогта, халық әдебиетінде
қолдануға болар, ал автор
Дегенмен, ондай нормадан жөнсіз ауытқуларды да қазіргі әдебиеттен көп кездестіреміз. Оның екі себебі бар: біріншісі – тілдегінің бәрін «алтын» деп тану болса, екіншісі – кейбір ақын-жазушылар, журналистер әдеби тілдің нормасы болатынын, оны сақтау керек екенін елемейді. Сондайға тағы бірр мысал: - Ой, пима шешуді ұмытып барамын екен ғой... Сен өзің жар сағына білмейсің екен ғой. (Ж:Тілеков). Мұндағы ұнамсыздық- баяндауышқа жалғанған жіктік қосымшаның «екен» көмекшісіне жалғанбай, одан бұрынғы етістікке жалғануында. Дұрысы - ...ұмытып барады екенмін ғой... Сағына білмейді екенсің ғой. Бұл –норма. Ж:Тілеков жолдастың кейіпкерінің аузына салғаны –нормадан ауытқу. Сөйлеу тілінде ол бар. Сондықтан қарапайым кісінің аузынан бұзылып шыққан ондай сөз саптау да, әлгідей орайы келгенде, жөнімен ауытқу болады.
Ондайды автор баяндауында,
Грамматикалық тұлғалардың
Тілде жарыса қолданылатын
Қазақ тіліндегі сөйлем
Әдеби тіл грамматикалық
Тілдің нормалану үдерісі үздіксіз болып отырады. Сол үдерісті тездету үшін де әдеби тілдің өзіндік өзгешеліктерін дамыта түсу керек.
Бір грамматикалық тұлғаның
Морфологиялық тұлғаларды сұрыптап қолдану. Грамматикалық тұлға дегеніміз – сөздің құрылысы, сөзге жалғанатын қосымшалар. Қосымшалар сөзден сөз тудыру үшін, сөз мағынасын түрлендіру үшін, сөз бен сөзді байланыстыру үшін жұмсалады. Олардың да орнықтылары бар, әдеби тілдің дамуында өзгеріске ұшырап, қосымша қызметке ие болу жағдайы әлі тұрақталмағандары бар. Мысалы, осы күні барынша көп жұмсалатын қосымшаның бірі –лық//лік (-тық)//тік, -дық//(дік).
Осы қосымшаның әдеби тілде сараланған қызметі бола тұрса да, баспасөзде оны жұмсауда көптеген қате кездеседі, мысалы:
«Әңгіме үстінде Я:
Ертеде –лық,-тық..... жұрнағы жақсылық, үлкендік, алматылық, туысқандық, әурегершілік, ауызбірлік сияқты азын-аулақ сөздің құрамында айтылса, 1930 жылдардан кейін оның сөз тудыру қызметі әлдеқайда кеңейді: әрі абстракты зат есім, әрі сын есім тудыратын аса өнімді қосымша болды: мысалы: бостандық, шаруашылық, қамқорлық, бесжылдық, сембілік, шеберлік, халықаралық, отаршылдық, облыстық. Мұндай туынды жаңа сөздердің саны көп-ақ. Солардың қатарына кейде білімдарлық, бейдалық, сібірлік үйеңкі, семейлік Ертіс, республикалық біріншілік тәрізділер қосылып, тіліміз тықылдайды да тұрады. Әрине, соңғыларды мақтаныш етуге болмайды. Әсіресе, -лық,-тық... қосымшасындағы екі сөздің қатар тұруы ұнамсыз-ақ. Мұндайлар газет тілінде орысшаны қазақша дұрыс айта алмаудың, сол сияқты мағынаны басқа да амалдармен беруге болатынын елемегендіктен жиі кездеседі; мысалы, кеңес шахтерлері, партия комитеті дегендер «советские шахтеры», «партийный комитет» баламасы болып жүр. Ал баспасөзде «городские гости» дегенді «қала қонақтары» демей, «қалалық қонақтар» деп жазады. Мұнда қандай принцип бар? Бара-бара «қазақ халқы», «қала тұрғыны» дегендерді «қазақтық халық», «қалалық тұрғын» деміске кім кепіл?
-сыз//-сіз – сын есім, кейде
үстеу тудыратын қосымша.
-гер//-кер қосымшасы қазақ
Ертеде еңбекші-еңбекшіл, капиталист-капиталшы
түрінде қолданылады. Оны
Жаңа сөз тудыру әрекеті әлі де бар. Бірақ ол тәжірибенің қонымды, ұтымды, әдеби тілге еніп, жалпыға ортақ байлық болып кететін дұрысы да, әдеби тілге енбейтініде болады. Мысалы, «Қазақ әдебиеті» газетінде пайда болған «балмұздақ», «аялдама», «туынды» әдеби тілге еніп кетті де, «көрермен», «оқырман», «тыңдарман» солармен бір кезде пайда болғанымен жұртшылық оларды тез қабылдай қоймайды, сонда да олар оқта-текте бой көрсетіп қалады. Мұндай сөз жасаудың принципі –оқушы- ученик, оқырман-читатель, көруші-смотритель, көрермен-зритель... болсын деу ғой. Егер сол ізбен кете берсек, бастаушы, қостаушы, жазушы, ойнаушы сияқты көптеген сөздердің аяғы ұсқынсыз-ман, -мен... болар еді де, жаңа сөз жасауды күлкіге айналдырар едік. «Ұра берсе, құдай да өледі» дегендей, айта берсе, «оқырман....» «тыңдармандарға да» құлақ үйреніп, жүре-бра әдеби нормаға айналып кетуі мүмкін. бірақ мен ол үшін жерден жеті қоян тапқандай бола алмаймын. Жұртшылыққа бірден ұнамсыз көрінген ол жаңа сөздерге әуесқойлар да аз емес. Мүмкін, келешекте солардың ұсынысы қабыл болар. Қазақ тіліне шешім, тоқтам, құрылыс, оқулық тәрізді жүздеген неологизмдерді ендірдік. Соларды неге ешкім тосырқамады. Себебі олардың іштей де, сырттай да басқа сөздермен ұқсастығында. «Оқырмандар» өлермендерге сырттай ұқсайды, іштей ұқсамайды.
Информация о работе Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы