Мұсылман құқығының көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 08:10, реферат

Краткое описание

Мұсылман құқығы-қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелердің бірі. Кезінде ол Шығыс елдеріне көптеген ықпалын тигізген және қазір де ықпалын тигізуде. Мұсылман құқығы VIII ғасырдың басында фикх ілімінің ерекше бөлігі ретінде пайда болды. Фикх ілімін оқудың негізгі қайнар көзі ретінде Қалам Аллах пен Суннат ан-Набиді қарастыруға болады. Ол Алланың сөзі мен Мұхаммед Пайғамбардың сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер. Сүннеттерде- Сунна, шиіттерде-ахбар. Юридикалық және діни нормалар Исламда қызмет ету механизмі арқылы мұсылман елдеріндегі реттеуші нормалар болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3
I тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ…………………………………………...5
1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері…………………....6
1.2. Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы……………….8
II тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ……………16
2.1. Құран……………………………………………………………………...12
2.2. Сунна……………………………………………………………………...23
2.3. Иджма…………………………………………………………………….23
2.4. Қияс……………………………………………………………………....24
2.5. Фирман, Канун…………………………………………………………...25
III тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ РЕТТЕЙТІН ҚАТЫНАСТАР………..26
3.1. Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері…………………...26
3.2. Меншік қатынастарын құқықтық реттеу……………………………….31
3.3. Қылмыс, жаза, сот ісі…………………………………………………….34
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………..36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ…………………………………...39

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мұсылман құқығы бакылау.doc

— 174.00 Кб (Скачать документ)

Заңды мұрагерлер. Бұл Құранның ең күрделі бөлімі. Әйелдердің үлесі еркектердің 1/2 үлесімен тең. Ирс-қайтыс болғандардан қалған мүлікке құқық пен міндеттіліктің жинағы.

Мұрагерлік келесі түрде таратылады:

1) Көмгендігі үшін ұстап қалу;

2) Қарыздарын төлеу;

3) Өсиеттің 1/3 өлшемде болуы;

4) Заңды мұрагерлердің арасында бөлінетін қалған мүліктер.

Мұрагерлер мыналарға бөлінеді:

1) Фарди ер екіден бірі, егер әйелде мұрагер болмаса, егер бар болса, төрттен бірі.

Әйел немесе әйелдері, егер мұрагер болмаса 1/4, егер бар болса, сегізден бірі.

Әкесі-алтыдан бірі, егер әкесі болмаса, онда нақ осы үлес атасына тиесілі. Анасы-алтыдан бірі, әкелері бірге болса, алтыдан бірі.

Балалар барлығын алады. Әрі қарай әйелдің үлесі еркектің үлесінің жартысына тең.

2) Асаба-мұрагерлердің екінші категориясы. Бұған еркектің туыстары қатысады.

3) Зуль-ахрам-қайтыс болған адамның мұрагері болмайтын және мұрагерлікке құқы жоқ адамдар. Егер фарди (1) және асаба (2) жоқ болса, онда мыналар мұрагер бола алады (әкесі және анасының әкесі, ағасының қыздары, қарындастарының балалары, шешесінің ағасының балалары, немере қарындастары, әкесінің қарындастары, аналары, ағасының бауырлары).

Мұрагерлік құқын жоғалтатындар: кісі өлтірген мұрагерлер, дінге сенбейтін адам, құлдыққа түсіп қалғаңдар, т. б.

3.2 Меншік қатынастарын құқықтық  реттеу

 

Шариғат бойынша құқық салалары бөлінбегенімен, азаматтық-құқықтық  қатынастар, соның ішінде меншік құқығы, келісім шарт және деликт құқығы жақсы даму алаған.

«Жеке мәртебе құқығына» шариғат ерекше мән берді. Ортағасырлық Шығыс мемлекеттерінде, сонымен қатар Араб халифатында жекелеген сословиелік топтар иерархиясы қалыптаспады. Мұсылман құқығы бойынша жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі қрастырылды. Оның діни ұстамына қарай анықталды. Толыққұқылы жеке мәртебені тек мұсылмандар ғана иеленді. Христиандық немесе иудаизмді ұстайтындар төмендеу сатыда тұрды және өте ауыр мемлекеттік салық «джизьяны» төлеуге міндетті болды. Оларға қатысты шариғат нормалары мына жағдайларда қолданылды:

    • мұсылмандармен шарттар жасалғанда;
    • қылмыс жасалған жағдайда.

Әлеуметтік қатынастардың дамуы тек құлдар жағдайына әсер етті. Құлдар құқық субъектілері қатарына жатпады, бірақ қожайыны атынан сауда операцияларын және мүлікті сатып алуға байланысты әрекеттерді жүзеге асырды. Мұсылман дініндегі құлдардға бостандық беру құдайдың ниеті деп саналды. Жеке тұлғаға байланысты шариғат бойынша құқықтық мәртебеде әйел мен ер адам теңсіздігі өзіндік ерекшелікке ие болды.

Шариғаттың діни талаптары бойынша құқық субъектісі тек Алла болып табылады, ал мұсылмандар құдай бекіткен міндеттерді орындаушылар. Мұсылманның діни парыздарын қалай өтеуі оның құқықтық мәртебесі жоғарылай түсуіне ықпал етті. Сондықтан мұсылман құқықтанушылары құқыққабілеттігі мен әрекетқабілеттілігі мәселесіне көп көңіл бөлді. Азаматтық әрекетқабілеттілігі меншік құқығына ие болудың негізгі шарты болды. Толық көлемде әрекетқабілеттігі кәмелетке толғаннан және ақыл-есі дұрыс жағдайда берілді. Кәмелетке жету фактісін төрелер (судья) өз қалауынша бекітті. Жасөспірімдерге байланысты  шектеулі әрекетқабілеттілігі түсінігі мастық, ақыл-есі кемдік т.б. жағдайларда қолданылғаны туралы мысалдар бар.

Мүліктік қатынастарын реттеуші мұсылман доктринасы маңызды орын алады. Заттық құқық объектісі ретінде мүлік құқығы анықталды. Ерекше заттар санатын құрайтындарға мыналар жатты: ауа, теңіз, шөл жерлер, мешіт, су жолдары және т.б. «Таза емес заттар», яғни шарап, шошқа еті, ислам талаптарына қайшы келетін кітаптар т.б. мұсылман меншігіне жатқызылмады. Осы заттар араб жаулап алулары кезінде көбінесе жойылып отырылды.

Мұсылман құқығы бойынша заттар мынадай негіздерде топталды:

    • жылжымалы және жылжымайтын;
    • ауысатын және ауыспайтын;
    • жеке белгілерімен сипатталатын немесе сипатталмайтын т.б.

Жер мүліктері мұсылман құқығы бойынша ерекше топтауға түсті. Ерекше топтарға мемлекеттік мүліктер, жерлер, бос жерлер, жеке меншік жерлері, т.б бөлінді.

Шариғат бойынша меншік құқығына ие болу жолдары нақты анықталды. Арабтардың жаулап алу жорықтары кезінде түскен олжаларға меншік иесі болуы мәселесі көтерілді. Басып алынған жерлер мемлекет меншігі болып саналды және халифтар мен әмірлер қол астына өтті. Басқа заттардың құқықтық мәртебесі оның күштеп алуы немесе күш қолданбай алынуына байланысты болды. Күшпен тартып алынған мүліктер бірнеше бөлікке бөлінді. Оның бір бөлігі олжа иесіне, екіншісі мемлекетке, ал үшінші бөлігі мешітке және т.б. жағдайларға жұмсалды.

Шариғат бойынша меншік иесі болудың мынадай жолдары белгілі: мұрагерлік, шарт, затты тауып алу. Мысалы соңғы жағдайға байланысты басқа біреудің затын өз территориясында тауып алған адам оған меншік құқығына ие болды.

Меншік құқығына байланысты қасиетті шығу тегі бар заттар анықталды. Мекке және оның төңірегіндегі жерлер айрықша мәртебеге ие болды. Осы жерлерге тек мұсылмандар ғана қоныстана алды, онда ағаштарды кесуге, аң аулауға және т.б. тиым салынды. Жаулап алынған жерлердің тұрғындары өздерінің жеке құқықтарынан айырылды.

Араб халифатындағы феодалдық жеке меншік құқығы (мүлік) мемлекеттік меншікке қарағанда төменгі даму сатысында болды. Мемлекеттік жер қорының ұлғаюына байланысты және феодалдық қатынастардың дамуы жағдайында жер иеленудің шартты нысандары кең етек жайды. Басып алынған жерлердің бір бөлігі жоғарғы федалдық топқа немесе мемлекеттік қызметке (Иқта) берілді. Осындай жер үлесінің иесі  сол территориядағы тұрғындардан алымдар жинай алды. Олар уақыт өте жерлерді мұраға қалдыра алды. Ауыз су ошақтары Құран бойынша бастапқыда  жалпы игілікке жатты. Бірақ кейін құдықтар, ұсақ өзендер жер иелері меншігіне айналды.

Шариғаттағы зат құқығы ішінде вакуф ерекшеленеді. Ол әдетте діни мекемеге берілген жылжымайтын мүлік болды. Вакуф алып-сатуға жатпады, кепілге берілмеді. Бірақ арендаға берілді және оған тең жағдайда алмастырылатын болды. Вакуф мемлекеттік салымдардан босатылды.

Шариғат бойынша міндеттеме, түрлері: тегін және тегін емес, екі жақты және бір жақты, тез және ұзақ мерзімді.

Шарт жасау мұсылман құқығы бойынша формальді сипат алды. Шарт жағдайлары құжатта, ресми емес хатта және ауызша жасалынды. Шартты орындау Құран бойынша қасиетті міндет деп танылды. Шарт түрлеріне алып-сату, заем, сыйға тарту, жалдау, ссуда, сақтау, серіктестік, одақ т.б. сауданың жақсы дамуына байланысты алып-сату шарттары жиі қолданылды. Ол туралы Құранда «екі жақты келісім» туралы жазылған. Алып–сату шарты реалды жағдайларда ғана заңды болып табылды. Егер көрінбейтін жақтары анықталса (мысалы, құлдың, жануардың ауру екендігі) шарт бұзылуға жатты.

Шариатта өсімқорлық түрі шартты түрінде көрінді. Құранда саудаға жол берілгенімен өсімқорлыққа тиым салынған, бірақ бұл жағдай көп реттерде бұзылып отырды. Қарыздарды құлға айналдыруға тиым салынғанымен оның  кредитор пайдасына жұмыс істеуіне жол берілді.

Жерді жалға алу мұсылман құқығында кең түрде таралды. Жер иесі мүддесіне қатысты аренда мөлшеріне көп көңіл бөлінді. Одақтар мен серіктестіктер шартары кең таралды. Осы құқықтық нысан жерді суландыруда және сауда керуендерін құруда кеңінен қолданылды.

 

3.3 Қылмыс, жаза, сот ісі

 

Қылмыстық құқық нормалары Шариғатта аз қаралаған. Ол заң техникасының төменгі деңгейімен ерекшеленеді. Қылмыстың жалпыға тән анықтамасы болмады. Қастандық, қылмысқа қатысу, жеңілдетуші және ауырлатушы институттары  т.б. аз зерттелді.

Ортағасырлық мұсылман құқықтанушылары қылмыстарды үш топқа жіктеді:

1. Мұхаммед пайғамбардың өсиеті  бойынша «Алла құқығына» қарсы  тұру және ол кешірілмейтін  күнә саналды. Оған ең алдымен  исламнан бас тарту жатты, ол үшін өлім жазасы кесілді. Басқару тәртібіне қарсы тұру, қарсылық көрсету қатаң жазаланды. Осы топқа ұрлық-қарлық, спирт ішімдіктерін пайдалану т.б. жатты.

2. Мұсылман қауымына және жеке  адамға қарсы қылмыстар. Оны реттеуші  нормалар ру-тайпалық әдет-ғұрып ережелерін қолданып, сол  бойынша жазаланды. Қанды кек орын алды. Ол құн төлеумен алмастырылуы мүмкін еді. Дене мүшелеріне зақым келтіру жазалары да қолданылды.

3. Халифат қалыптасуы кезінде  әрекет еткен қылмыстар жазалануға  жатпады.

Құқықтық доктринаның дамуы жағдайында зекетті төлемеу, жеңіл дене зақымдануы, қорлау, бұзақылық, алааяқтық, парақорлық, құмар ойындар ойнау т.б. қылмыс түріне жатқызылды. Ол әрқашанда меншік иелерінің мүддесіне сай қаралды.

Бірінші және екінші топтағы қылмыстар қатаң жазаланды. Үшінші топтағы қылмыстар өте жұмсақ болды. Жалпы жаза түрлері: өлімге кесу, денесін бөлшектеу, дарға асу, масқаралау.  Бостандығынан айыруға қамау және мешітке орналастыру жатты. Мүліктік санкциялар болды: тәркілеу-конфискация, айып салу т.б.

Сот ісін жүргізу мұсылман құқығы бойынша айыптау сипатында болды. Істі қозғау мемлекеттік органдар мен мүдделі жақтар ұсынысы бойынша жүзеге асты. Қылмыстық және азаматтық істер мәні жағынан ажыратылмады. Сот ісі жария түрде қаралды. Тараптар істі өздері жүргізді және адвокат көмегіне сүйенді.

Істі жүргізу ауызша болды. Айыптау дәлеліне тараптардың мойындауы, куәлар жауабы, ант беру жатты. Істі қарау бір отырыста шешілді, кейінге қалтырылмады. Істі қарауда тараптардың сословиелік жағдайы оның барысына ықпал етті. Сот шешімі түпкілікті және даусыз деп танылмады. Жаңа фактілер бойынша сот шешімі өзгеруі мүмкін болды. Дәлелдерді бағалауда формализм сақталды. Әйелдің жауабы жартылай дәлел ретінде қаралды. Айыпталушының мойындауы дәлел ретінде қаралып, шешім шығаруда пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен бұл жұмыста мұсылман құқығының пайда болуы мен қалыптасуының кезеңдері қарастырылған, шариғаттың және оның негізгі бастауларының жалпы сипаттамасы берілген, мұсылман құқығының қазіргі әлемде бейімделуіне талдау жасалынған.

Мұсылман құқығы – мұсылман діні Исламның негізінде құрастырылған ережелер жүйесі.

Ислам бойынша қалыптасқан құқық адамға Мұхаммед арқылы Алладан келген. Ол қоғамның барлық әлеуметтік өмірін қамтиды.

Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:

1. Алланың соңғы елшісі Мұхамедке айтқан ережелерінен тұратын киелі кітап - Құран

2.Мұхамедтің сөздері мен істерін  талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы - Сунна.

3. Құран ережелерін талдаған  ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері  – Иджма

4.Мұсылмандардың алғашқы бастауларында көрсетілмеген өмірлік құбылыстарын  сәйкесінше талдау – Қияс.

Мұсылман құқығына тән: институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық  және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы қоғам құқығы. Салт-дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.

Құқықтық қызметте келісімдер жиі қолданылады, ол мұсылман құқығының ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б.з.д. Х ғ жойылып кетті.

Мұсылман құқығының негізгі мазмұны – дін адамының іс -әрекеті мен ережелерді ұстанбаған кезде қолданылатын жазалар түрінде болады. Алғашқы кезден-ақ ислам, тек діни салттарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.

Мұсылман құқығы (шариғат) – Құран және Сунна негізінде құрастырылған,  мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және  неке-отбасы құқығынан тұратын діни жинақ. Сонымен, шариғат – исламның діни –мистикалық ұғымдарымен тығыз байланысты құқықтық ереже.

Ислам құқықтық ережені Алланың заңдары мен тәртібінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Осыған сәйкес, бұйрықтар мен тиымдарға да ерекше қасиет беріледі.

Мұсылман құқығын қазіргі қоғаммен байланыстыру үшін: келісім, заң шығару, салт-дәстүрлер қолданылады.

Мұсылман құқығы бар елде Конституция ең басты заң деп саналмайды, бұл рөлді Құран, Сунна, Иджма және Кияс атқарады.

Бірқатар елдерде мұсылман құқығын бір қалыпқа келтіріп оған заңдық күш беру жұмыстары жүргізілуде. Иран, Пакистан, Ливия, Суданда оның қызмет ету құқығы  қылмыстық, қаржы-экономикалық істерде және де мемлекеттік құқық институттарында таралған. Мұндай тәжірибе, бұрынғы батыстық үлгідегі заңдарға өзгерістер енгізіп, көпшілік елдерде мұсылман құқығы қайта қалыптаса бастады.

Орта ғасырлар тарихы алуан түрлі көрнекті оқиғаларға толы ұзақ дәуірді қамтиды: ол экономикалық және қоғамдық өмірдің, таптық күрестің жаңа формаларының тууы және дамуымен шиеленіскен саяси және идеологиялық қақтығыстармен, буржуазиялық алғашқы революциялармен әйгілі болды. Орта ғасырларда адамзат материалдық және рухани мәдениеттің дамуы жөнінде тарихтың одан бұрынғы кезеңдерімен салыстырғанда едәуір ілгері басты.

Осы күндері мұсылман елдерінің көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер ұйымдары құрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды. Шариғат сотының сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең жол ашты. Бұндай жағдай қоғамдық-философиялық ойдың дамуына, өмірге материалистік тұрғыдан қарауға кедергі жасады. Көзқарастары демократиялық тұрғыда қалыптасқан адамдар да дін иелерінің қудалауына түспес үшін өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап отыруларына тура келді. Ислам мен шариғат осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда елдердің дамуына кері әсерін де тигізді.

Информация о работе Мұсылман құқығының көздері