Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 08:10, реферат
Мұсылман құқығы-қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелердің бірі. Кезінде ол Шығыс елдеріне көптеген ықпалын тигізген және қазір де ықпалын тигізуде. Мұсылман құқығы VIII ғасырдың басында фикх ілімінің ерекше бөлігі ретінде пайда болды. Фикх ілімін оқудың негізгі қайнар көзі ретінде Қалам Аллах пен Суннат ан-Набиді қарастыруға болады. Ол Алланың сөзі мен Мұхаммед Пайғамбардың сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер. Сүннеттерде- Сунна, шиіттерде-ахбар. Юридикалық және діни нормалар Исламда қызмет ету механизмі арқылы мұсылман елдеріндегі реттеуші нормалар болып табылады.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3
I тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ…………………………………………...5
1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері…………………....6
1.2. Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы……………….8
II тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ……………16
2.1. Құран……………………………………………………………………...12
2.2. Сунна……………………………………………………………………...23
2.3. Иджма…………………………………………………………………….23
2.4. Қияс……………………………………………………………………....24
2.5. Фирман, Канун…………………………………………………………...25
III тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ РЕТТЕЙТІН ҚАТЫНАСТАР………..26
3.1. Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері…………………...26
3.2. Меншік қатынастарын құқықтық реттеу……………………………….31
3.3. Қылмыс, жаза, сот ісі…………………………………………………….34
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………..36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ…………………………………...39
Сахабалар көзқастар турасында бір-бірін кінәламаған, бір-бірінің көзқарасына құрмет көрсеткен. Көзқарастардың бірі тура нәтижесінде қабылданғанда немесе осы көзқарастардың бірі халифаның бекітуімен іске асырылса, барлығы осыған бағынатын. Бірақ, түрлі көзқарастар айналасында топтасудың осы кезеңнен басталғанын айтуға болады.
Сахабаның ижтихад әрекеті көбінесе мына екі мәселе турасында болатын еді:
Аят және хадис мәтіндерінің (нас) түсініліп анықталуы.
Анық емес үкімде діннің, адамдардың пайдасына (маслахат) шешілуі (рей ижти- хады).
Бұл кезеңнің маңызды оқиғаларының бірі жорықтар арқылы Сирия, Ирак, Мысыр және Иранның алынуы және мұсылмандардың сол жерлердегі түрлі мәдениеттерімен таныса бастауы. Осы әрекеттің мұсылман құқығына ықпалы осы күнге дейін анықталған жоқ. Екінші бір маңызды оқиға - сахаба арасында саяси билік күресіне байланысты бөлінуі және бүліктің шығуы. Бастапқыда саяси түрде болған бұл бөліну ісі уақыт өте келе діни бір маңызға ие болып, сенім негіздерімен және Фикһ түсінігімен байланыстырылған, сөйтіп үш негізгі топ пайда болған. Әхли сүннет, Шиа, Харижилер.
Омеядтар дәуірі
Рашид халифалар дәуірі Муауияның 41/661 ж. саяси билік басына келуіне байланысты аяқталады, келесі жаңа кезең Омеядтар дәуірі деп аталады. Муауия халифа болғаннан кейін, дін мен құқық істерін үмметке қалдырып, саяси істерді өз қолында ұстады. Осылайша, рашид халифалар дәуірінде халифа діни-құқықтық және саяси беделге өкілдік етсе, Муауия діни-құқықтық саланы үмбетке қалдырып, дін мен мемлекетті бір-бірінен бөлген еді. Осы тұрғыдан мұсылман құқығының пайда болуы мен жүйеленуінің халық арасында жүзеге асқандығын айтуға болады.
Бұл кезеңде дін мен құқық істері халыққа берілгендіктен, түрлі көзқарастар айналасына топтасу байқала бастады.
Осы кезеңде пайда болған алғашқы бөлініп-топтасу Хижаз мектебі және Ирак мектебі түрінде болды. Кейіннен Хижаз мектебі «хадис әхли», ал Ирак мектебі «рей әхли» деп атала бастаған және бұл топтасу мұсылман құқығы мектептерінің пайда болуымен аяқталды. Бұл кезеңде сахабалармен бірге, табиун ғалымдардың да пікір айтқандықтары байқалады. Табиун - сахабаны көріп, олардан білім алған адамдар. Табиун араб тілінде «зерттеген, бағынған адам» мағынасын беретін «таби» сөзінің көпше түрі. Табиилер орталық Медине болған «Хижаз мектебі» және орталығы Куфа болған «Ирак мектебі» ақыл мен көзқарасқа онша мән бермейтін настардың ашық мағыналарын алдыңғы катарға қоятын, сол себептен де хадис риуаятына мән беретін көзқарасы бар. Бұл мектептің алдыңғы қатарлы өкілдері «Мединелік жеті факих» деп аталған. Олар мыналар: Саид (Мүсеййебұлы), Әбу Бәкір (Абдуррахманұлы), Урие (Зүбейрұлы), Қасым (Мұхаммедұлы), Сүлеймен (Иесарұлы), Хариже (Зейдұлы), Убейдуллах. Ал Ирак мектебі Хижаз мектебіне керісінше рей ижтихадына маңыз беретін сүннеттің алынуына қатаң талаптар қойылып, жан-жақты қарайтын көзқараста болған. Бұл мектептің алғашқы өкілдері - Алкаме, Месрук, Қазы Шурейх Саид (Жүбейрұлы), Ибрахим ән-Нахаи және Хаммад. Одан кейінгі дәуірлерде де Хижаз мектебінің мүшелері жалпы түрде «Хадис әхли», ал Ирак мектебінің мүшелері «Рей әхли» (Рейшілер) деп атала бастады.
Аббасилер дәуірі және Фикһ мектептерінің пайда болуы
Билікті өз қолдарына алып, Омеядтар сұлтандығын құлатқан Аббасилер арабтардан басқа ұлттарға жылы қарап, олардан қолдау тапты және де ғалымдарға жақындық танытып, солардың көзқарастарын ұстанған. Түріктердің сахнаға шығуы да осы кезенде жүзеге асты. Әсіресе халифа Мутасым кезеңінен (833 - 41 жж.) бастап, әскери және басқару саласында түрік халқы таныла бастады. Халифа Харун Рашид қаржылық істерін және осыған қатысты үкімдер жазуды Әбу Ханифаның досы және шәкірті Әбу Юсуфтан сұрайды. Ол атақты «Китабу'л-Харажды» жазып шықты. Халифа Мансұр Имам Малик «Муатта» атты шығармасын билеушілер мен мүфтилер бағынатын заң түріне келтіруді қалады, бірақ ол бұған ризалық білдірмеген.
Омеядтар дәуірінде пайда болған Рейшілер және Хадисшілер деп топтасулар бұл дәуірле орнын жеке мектептерге қалдырды. Бұл мектептердің кейбірі қазірге дейін жалғасып келген, ал кейбірі жоғалып кеткен. Қазір сүнни мазһабтар: Ханафи мазһабы, Мәлики мазһабы, Шәфии мазһабы және Ханбели мазһабы бар. Кейіннен құрылған Шин мазһабтарының ішінде Жафери мазһабы мен Зейди мазһабы де қазіргі кезге дейін жеткен мазһабтар қатарында. Бұл мазһабтар Фикһ мектептері немесе амали (іс-әрекет) мазһабтары болып табылады. Жоғарыда аталған Итиқад (сенімдік) мектептерге (Әһли сүннет, Шиа және Харижилер) бұл дәуірде Муғтазила мектебі мен Муржиа мектебі қосылды.
Мұсылман құқығының түпдеректері (дәлелдері).
Жалпы түпдерек (дәлел) ұғымы Құран мен сүннет, жеке тұлға мен қоғам өмірін, сенім, ғибадат, ахлақ (мораль және құқық тақырыптарын (муамалат) қамтитын үкімдердің негізін құрайды. Осы екі түпдеректен өмірдің бастауыш түсіндіретін, жеке адамды бақыт пен тыныштыққа, қоғамды тәртіп пен қауіпсіздікке қауыштыратын барлық негізгі принциптерді табуға болады. Алайда Құран мен сүннет жеке адам мен қоғамға ұсталатын негізгі тәртіп ережелерін, сақтайтын негізгі құндылықтарын көрсетумен шектеледі. Осы екі түпдеректе берілген үкімдер мен көрсетілген мақсаттарды ұғыну, олардан өмірге және жеке-жеке әрбір оқиғаға қатысты нәтиже шығару ісі толығымен Құран мен Сүннетте мұсылмандарға айтылған тиісті жауапкершілік болып табылады. Сол себептен Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін Құран мен Сүннетті қалай түсіну және қандай амал мен әдістер арқылы үкім шығару мәселесі пайда болады. Тарих ағымында пайда болған түрлі Фикһ мазһабтары де осы мәселеге қатысты жұмсалған ақыл әрекеттің нәтижесі. Сондай-ақ, настардан (аят пен хадис) үкім шығару әдістемесін өз тақырыбы етіп алған ғылымның тарихта «усул-и Фикһ» (мұсылман құқығы әдістемесі) деген атпен алғаш рет мұсылмандар тарапынан шығарылуы да осы процестің нәтижесі болып табылады. Осы тұрғыдан практикалық өмірге қатысты шариғи үкімдердің негізгі түпдеректері Құран мен сүннет болумен қатар, осы екі түпдеректе қамтылған сөздер мен олардың мағына және мақсаттарын түсіндіруге бағытталған ахыли әрекеттердің де маңызы мен қызметі ерекше орын алады. Осыған орай мұсылман құқығының түпдеректерін жалпы үш бөлімге жинақтауға болады. Олар Құран, Сүннет, Ақыл. Классикалық мұсылман құқығы теориясында бұдан да көп дәлелдер келтіріледі: Ижма, қияс, истихсан, истислах, истисхаб, т.б.
Осы дәлелдердің бір бөлігінің нас құрамына, ал екінші бір бөлігінің ақыл құрамына кіруі мүмкін. Дәлелдер фахихтер шариғи амал сипатындағы үкімге апаратын құралды немесе үкімнің сүйенішін дәлел деп атайды. Дәлел түпдерек тұрғысынан «ахыли дәлел» және «иақыли дәлел» болып екіге бөлінгеніндей, күштілігі тұрғысынан да «нақты дәлел» және «занни (жорамал) дәлел» болып екіге бөлінеді.
Фикһ әдебиетінде кеңінен қабылданған
пікірге сай шариғи дәлелдердің ішінен
Құран, сүннет, ижма және қияс негізгі
дәлелдер тобына, ал истихсан, истислах,
истисхаб, седд-и зериа сияқты дәлелдер
қосалқы дәлелдер тобына кіреді.1
1 Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
ІІ тарау. Мұсылман құқығының қайнар көздері
Орта ғасырлардағы шығыс үшін Араб халифатында пайда болып, ең қолайлы бағытта дамыған құқықтық жүйе - Мұсылман құқығы - Шариғат болып табылады. Шариғат жолы Орта Азияда, Закавказьеде, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африкада, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда қолданыла бастады. Яғни, халифат жеткен жерге дейінгі аралықты қамтыды.
Мұсылман құқығы дін ретінде феодалдық қатынастардың дамуына және нығаюына мүмкіндік туғызды. Мыңдаған жылдар бойғы құқық түрінің тұрақтылығы феодализм кезеңінде жаңа мазмұнмен толығып, феодалдардың мүддесін қорғады. Бұл діни тәртіп болды, ірілі-уақты шарттарды қоғамдық өмірдің барлық жақтарында жүргізді.
Мұсылман құқығының әдебиеттегі бағасы әртүрлі сипатта, кейде тіпті қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қазіргі замандағы мұсылман құқығының атқаратын маңызын көрсете отырып, француз ғалымы Давид Рене дүниежүзілік құқық жүйесіндегі мұсылман құқығының орнын анықтап берді. Давид Рене мыналарды бөліп көрсетеді: романдық-германиялық құқықтың отбасы, ортақ немесе роман-германиялық отбасы, социалистік құқықтық отбасы жүйесі, діни жүйелер. Діни жүйелер кезеңінде үшке белінеді: мұсылмандық, иудаизм және индуизм.
Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы, өзінің түбегейлі тұжырымдамасы және теориялық қайнар көзі арқылы басқа құқықтық, отбасылардан өте өзгешілігімен көзге түседі. Жеке құқық, отбасылық құқық, мұрагерлік құқық, мұсылмандық құқық нормаларымен қоғамдық қатынаста реттеледі.
Біз осы құқық жүйесінің феодализм дәуіріндегі жағдайын, құрылу кезеңін әңгіме етеміз. Мұсылман құқық жүйесіндегі құқықтық діни этникалық нормалар, мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтаса отырып, біртұтас біріккен кешен түзейді.
Мұсылман құқығы мен мемлекеттің арақатынасының өзіндік ерекшелігі бар. Шариғаттың барлық нормалары Құран мен суннадан тұрады. Олардың құдайдың құдіретінен тыс болуы және принципті түрде қолданылуы мүмкін емес. Алайда, мемлекет дін сенімінің негізі және діни міндеттердің орындалуы, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа нормалар енгізді. Соңғысы құқықтық норма болып қалыптасты.
Формальды құқықтың нұсқаларымен таныса отырып, оның мемлекетпен қатынасына көңіл бөлу керек. Мұсылман мемлекеттерінің заң шығаратын формальды түпнұсқалары халифаттың алғашқы қалыптасу кезеңдерінде ғана қолданылған (ҮІІ-ҮІІІ ғғ.). Алайда бұл процесті тәмамдау мен мұсылман құқығының одан әрі дамуына тікелей мемлекеттік пәрмен бола қойған жоқ. Мемлекет құқықтың дамуы процесіне объективті түрде ықпал ете алмады. Мұсылман құқығының негізгі ерекшелігі - оның доктриналығы, құқықтанушы беделді оқымыстылардың еңбектері. Санкцияландырылған норма арқылы мемлекет өзінің рөлін жанамалай ғана орындап отырған. Бұл әрекет мұсылмандар құқығының доктриналығымен және өнегелілігімен тұжырымдалған. Мұсылман құқығында көпшілік және жеке құқық нормалары әрқашан тәуелсіз болып келді. "Мұсылман ойының бағыты, -деп жазды Р. Шарль, -қатаң тәртіп пен нақтылық жағдайында ешқашан тәуелді болмау".
Сол кезеңдерде түсініктілік және айқындылық принципі батыс үшін аса маңызды болып есептелді.
Мұсылман құқығы - дін мен құқықтың сабақтасуының жарқын көрінісі. Мұсылман құқығы ғылымның жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана жағы. Бұл дін мыналардан тұрады: теологиялық догмалар жиынтығы, міне, мұсылмандар осы ұғымға сенуі керек: шариғат-адамгершілік жолы.
Шариғат адам баласы үшін жүзеге асуы міндетті идея ретінде түзілген. Міндетін орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады. Ислам әлемінде мемлекет жүргізіліп жатқан діннің қызметшісі ретінде маңызды ірі теократиялық қоғамның тұжырымдамасына жетекшілік етеді. Таза құдай жолымен шектеліп қалмай, мұсылман заңгерлері мен теологтары жер жүзі исламға бағынатын құқықтар жүйесін жетілдірді. Ислам - заңның діні.
Мұсылман құқығы - мұсылман рухының шығу мазмұны, мұсылман идеологтарының ең түсінікті бағыты.
Мұсылман құқығы ғылымының екі тарауы бар: шариғатты құрайтын тұтас бір кешенді түсініктер ережесі, шығу тектері, материалдық мұсылман құқығының нормасына жататын шешімдер.
Мұсылман құқығының қайнар көздері:
1). Құран-ислам дінінің бас
2). Сунна-құдайға байланысты
3). Иджма-мұсылман қоғамының
4). Қияс-аналогиялық пікірлер.
Құран - Алланың соңғы Пайғамбары Мұхаммедке жіберген қасиетті кітабы. Бірақ ол құқық кітабы немесе кодекс емес.
Сунна - Пайғамбардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде діни нанымдағылардың қалай басқару керектігі туралы әңгімелейді. Мұсылмандық дәстүр, адаттың жинағы. Бұл Мұхаммедтің қағидаларының бір тармағы. Бұл салттардың жинағы мұсылман құқығының теориясы болып есептеледі.
Иджма - докторлардың өзара келісімінен құралған. Құран да, сунна да барлық сұраққа толық жауап бере алмайды.
Мұндай күрделі жағдайда (қандай да бір сұраққа жауап жоқ кезде), жауап орнына қатып қалған дайын догмалар мен мұсылман қоғамының тұтастығы мысал ретінде ұсынылады.
1). Адат менің қоғамым қате шешімді ешқашан қабылдамайды;
2). 115 қатар 4 өлеңнен тұрады "кімде-кім наным жолына жатпайтын басқа жол іздесе, ол тозаққа тап болады"1. Иджма Еуропа салтына жатпайды. Ол жалпы мойындауды да талап етпейді. Талап ететіндер барша ілімді жетік білетін адамдар тобы. Олардың рөлі құқық белгілеуден тұрады. Оқымыстылар-пайғамбардың мұрагерлері. Құқық докторларының бір қалыппен ойлауы - исламның қағидаларының кең қанат жаюымен түсіндіріледі. Құранның практикалық мағынасы - сунна мен иджма. Мұсылман құқығының үш қайнар көзі, міне, осылар. Құран мен сунна негізгісі. Бірақ бүгінде бұл тек құқық ілімінің тарихи қайнар көздері, оларды қалай болса солай пайдаланбауы керек. Тек құқық кітаптары ғана иджманы мақұлдаған. Біздің жағдайымызда мұсылман құқығын оқу үшін пайдалану керек.
Мұсылман құқығы догма негізінде біздің дәуіріміздің X ғасырында өзгермейтіндей болып белгіленген. Ислам діні өкімет құқығының өзгерістерін мойындамайды. Мұсылман мемлекеттеріндегі үкімет басындағылар құқық қызметін заңды жолмен құра алмайды. Олар тек заң актілерін мұсылман құқығы рұқсат еткен мөлшерге дейін бере алады. Қияс - аналогияны құқық қолдану ретінде талқылауға болады. Құқық сенімдегілері діни істерге байланысты жүргізуі керек. Ол ақиқаттың айнасы деңгейіне көтерілуі шарт емес.
Әрине, құқық жүйесінде Құран негізгі орын алады. Ол мұсылмандар үшін қастерлі. Бұл қасиетті кітап барлық белгілі оқиғаларды түсіндіреді: адамның өмірге келуін, тууын, өліміне дейін талдау жасайды. Ол ежелгі араб тілінде жазылған.
Құранда соңғы жағынан қысқартылған 90 меккелік, 24 мединалық сүре бар. Олар шабытты жазылған. Айқын ырғақпен ұйқастырылған сөйлемдер тыңдаушыға әсер етіп, ислам құдіретін сездіреді.
"Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед - оның Пайғамбары" - деген исламның негізгі қағидасы. Мұсылмандықтың негізгі өзегін фатализм құрайды. "Сіздерге берілген уәдені сіз әлсірете алмайсыз". Құран бастаған істі аяқтауды уағыздайды: пітір төлеу, бес мезгіл намаз оқу, ораза ұстау сияқты мұсылманның бес парызын қатаң сақтау керек.
Әдебиеттерде Құранға әртүрлі баға беріледі. Құран заңның бастапқы көрінісі. Құранда қоғамдық-бұқаралық жеке бас құқықтық нормалары ещқандай бағынушылықсыз қолданылған: догмалармен суарылған мұсылман құқығының жасанды болуы мүмкін емес. Мұсылман түсінігіндегі ойлы бағыт ешқашан қатаң тәртіп алдында бас июге әкелмеді. Мұсылмандар әлемдегі жаңа көзқарастарға сақтықпен қарайды: "Біз іздейтін жұртпыз, бірақ ойдан шығармаймыз!" дейді олар өздері жөнінде.