Мұсылман құқығының көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 08:10, реферат

Краткое описание

Мұсылман құқығы-қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелердің бірі. Кезінде ол Шығыс елдеріне көптеген ықпалын тигізген және қазір де ықпалын тигізуде. Мұсылман құқығы VIII ғасырдың басында фикх ілімінің ерекше бөлігі ретінде пайда болды. Фикх ілімін оқудың негізгі қайнар көзі ретінде Қалам Аллах пен Суннат ан-Набиді қарастыруға болады. Ол Алланың сөзі мен Мұхаммед Пайғамбардың сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер. Сүннеттерде- Сунна, шиіттерде-ахбар. Юридикалық және діни нормалар Исламда қызмет ету механизмі арқылы мұсылман елдеріндегі реттеуші нормалар болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3
I тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ…………………………………………...5
1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері…………………....6
1.2. Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы……………….8
II тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ……………16
2.1. Құран……………………………………………………………………...12
2.2. Сунна……………………………………………………………………...23
2.3. Иджма…………………………………………………………………….23
2.4. Қияс……………………………………………………………………....24
2.5. Фирман, Канун…………………………………………………………...25
III тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ РЕТТЕЙТІН ҚАТЫНАСТАР………..26
3.1. Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері…………………...26
3.2. Меншік қатынастарын құқықтық реттеу……………………………….31
3.3. Қылмыс, жаза, сот ісі…………………………………………………….34
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………..36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ…………………………………...39

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мұсылман құқығы бакылау.doc

— 174.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

Мұсылмандық құқық кафедрасы

 

Бақылау жұмысы

 

Тақырыбы: Мұсылман құқығының көздері.

 

 

 

 

Орындаған: Абдыбекова М.Б.

Тексерген: аға оқытушы,  Едигенова А.Б.

Тексерген күні:

Қорғалды:

Бағасы

 

 

 

 

 

 

Қостанай 2015 

Мазмұны

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3

I тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ…………………………………………...5

1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің  негізгі ерекшеліктері…………………....6

1.2. Мұсылман құқығының тарихи  дамуы мен қалыптасуы……………….8

II тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР  КӨЗДЕРІ……………16

2.1. Құран……………………………………………………………………...12

2.2. Сунна……………………………………………………………………...23

2.3. Иджма…………………………………………………………………….23

2.4. Қияс……………………………………………………………………....24

2.5. Фирман, Канун…………………………………………………………...25

III тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ РЕТТЕЙТІН  ҚАТЫНАСТАР………..26

3.1. Отбасылық және мұрагерлік  құқық ерекшеліктері…………………...26

3.2. Меншік қатынастарын құқықтық  реттеу……………………………….31

3.3. Қылмыс, жаза, сот ісі…………………………………………………….34

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………..36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ…………………………………...39

 

 

 

 

 

                        

 

                                                                                                                           

 

Кіріспе

        Мұсылман құқығы-қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелердің бірі. Кезінде ол Шығыс елдеріне көптеген ықпалын тигізген және қазір де ықпалын тигізуде. Мұсылман құқығы VIII ғасырдың басында фикх ілімінің ерекше бөлігі ретінде пайда болды. Фикх ілімін оқудың негізгі қайнар көзі ретінде Қалам Аллах пен Суннат ан-Набиді қарастыруға болады. Ол Алланың сөзі мен Мұхаммед Пайғамбардың сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер. Сүннеттерде- Сунна, шиіттерде-ахбар. Юридикалық және діни нормалар Исламда қызмет ету механизмі арқылы мұсылман елдеріндегі реттеуші нормалар болып табылады.

        Тақырыптың  өзектілігін екі тезис арқылы түсіндіруге болады. Соңғы кездері мұсылман дүниесі мен мұсылман емес дүниенің қарым-қатынасы ушығып кетті. Оны біз Шешенстанда болған террористік акт, Косовода болған конфликт, Израиль мен Палестинаның арасында болған дау арқылы көріп отырмыз. Бұл дауларда басты рөлді саясат атқарып отыр, бірақ құқықтық аспектті шетке ысырып тастауға болмайды. Бұл конфликтердің қарулы қақтығыс стадиясына ауысып кетпеуі үшін, мұсылман адамының дүниетамыны қалыптасатын, мұсылман құқығының негізін, әдет-ғұрыптарын, дінін әр жақты білу қажет. Шариғатты талқылау исламның маңызды жағына сүйену деген сөз. Бұл құбылысты түсіндіру, елестету  соңғы кезге дейін тек академиялық басылымдардан көрініс тапқан. Ал Бұқаралық Ақпарат Құралдарында бұл діни ілім көне заманға ауытқыған, шыдамсыздық пен шектеулілік ретінде түсіндірілген. Ислам дінінің болашағы жоқ және қазіргі кездегі жағдайға сәйкес келмейді деп айтылған. Ол өз көрінісін тек ортағасырлық әдеттер қалып қойған мемлекеттерде табады деп есептелген.

        Берілген жұмыстың мақсаты- мұсылман құқығының пайда болуын,шариғат нормаларының түсінігін, дамуын ашу. Сондай-ақ оның исламмен үзілмес байланысын сипаттап, негізгі белгілерін көрсету болып табылады.

Берілген тақырып бойынша сұрақтар мен материалдарды зерттеу барысында, зерттеу пәні болып- мұсылман құқығын қарастырамын. Менің алға қойған міндетім- мұсылман құқығын халыққа дұрыс тұрғыдан түсіндіру. Яғни, Шариғат пен қазіргі кездегі заманауи заңнаманың арасындағы қатынасты салыстырып, байланыстыру болып табылады.

 

 

 

 

 

          І тарау. Мұсылман құқығы

1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің  негізгі ерекшеліктері

 

45 афро-азиаттық мемлекеттердің  құқықтық жүйесі (Мароккодан Индонезияға дейін) мұсылман құқығы жүйесіне жатады. Ең негізгі мұсылман мемлекеттері болып 33 ел саналады( Иран, Ауғанстан, Турция, шығыс араб елдері, оңтүстік және оңтүстік шығыс Азия және Африка мемлекеттері және т.б.). Мұнда  80%-дан астам тұрғындар мұсылмандар болып саналады, ислам конституцияда мемлекеттік  дін ретінде жарияланған.

Мұсылман құқығы – бұл  діни түрде көрсетілген және мұсылман діні – исламға негізделген ережелер жүйесі. Исламның шығуы оны өзінің пайғамбары Мұхамед арқылы Алланың адамға тарихтың бір айқын кезінде жеткізуінен шығады. Ол Омеяд кезінде біраз уақыт сасанидтік Иран, Византия құқығы және сонымен қатар  кейде рим құқығы қолданылып тұрды. Бұл көздердің барлығы шариғаттың қалыптасуына аздаған сырттай және көзге түспейтіндей әсер етті, сонысымен шығыс және батыс мәдениетінің байланысын көрсетті. 

Бірақ ақыр аяғында дербес және өзіндік құқықтық жүйе ретіндегі шариғаттың қайталанбастығын және өзіндік бейнесін олар анықтамаған. Шариғаттың қалыптасуына Мұхамед пен оның төрт әділ халифтерінің қайраткерлігі ерекше маңызды рөл атқарды, пайғамбардың өсиет, пікірлері мен әрекеттерін түсіндіру жолымен мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құран мен Сунна құрастырылды. Құқықтық реттеу жағын ғана емес, әлеуметтік өмірдің барлық аумағын қамтиды. Алла құқығы адамға бір рет және мәңгілік берілген, бірақ діни жаңалықтар түсіндіру мен мәлімдеулерді қажет етеді. Ислам – үш әлемдік діннің ішіндегі ең жасы, бірақ кеңінен тараған. Бұл дін  мұсылман неге сенуі қажет; шар немесе шариғат, яғни діндарларға олар не істеп, не істемеуі қажет деген теологиядан тұрады. Шариғат орыс тіліне аударғанда “қолдану жолы” дегенді білдіреді және мұсылман құқығы деп аталатынды құрайды. Бұл құқық мұсылман өзі міндеттемесін өзі сияқтыларға және құдайға қатысты бөлмей қалай ұстауы керектігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, шариғат адамның иелігіндегі құқық емес, адамға жүктелген міндеттер идеясына негізделген. Міндеттерін орындамау күнә болып саналады, сондықтан мұсылман құқығы ереже бойынша бекітілген жазаларға көп көңіл бөле қоймайды. Ол мұсылмандар арасындағы қарым-қатынасты ғана реттейді. Исламда мемлекет діннің қызмет етушісі рөлін атқарады. Ислам өз мәні бойынша иудаизм секілді – заң діні болып табылады.

Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:

1. Алланың соңғы елшісі Мұхамедке  айтқан ережелерінен тұратын киелі кітап - Құран

2.Мұхамедтің сөздері мен істерін  талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы - Сунна.

3. Құран ережелерін талдаған  ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері  – Иджма

4.Мұсылмандардың алғашқы бастауларында  көрсетілмеген өмірлік құбылыстарын  сәйкесінше талдау – Қияс.

Мұсылман құқығына тән: институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық  және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы қоғам құқығы. Салт-дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.

Құқықтық қызметте келісімдер жиі қолданылады, ол мұсылман құқығының ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б.з.д. Х ғ жойылып кетті.

Мұсылман құқығының негізгі мазмұны – дін адамының іс -әрекеті мен ережелерді ұстанбаған кезде қолданылатын жазалар түрінде болады. Алғашқы кезден-ақ ислам, тек діни салттарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.

Мұсылман құқығы (шариғат) – Құран және Сунна негізінде құрастырылған,  мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және  неке-отбасы құқығынан тұратын діни жинақ. Сонымен, шариғат – исламның діни –мистикалық ұғымдарымен тығыз байланысты құқықтық ереже.

Ислам құқықтық ережені Алланың заңдары мен тәртібінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Осыған сәйкес, бұйрықтар мен тиымдарға да ерекше қасиет беріледі.

Құқықтың Исламмен тығыз байланысын мұсылманның шариғатта көрсетілген 5 түрлі іс-әрекетінен көруге болады:

1.Міндетті

2.Кеңес беру

3. Рұқсат етілген

4.Кінә қойылады, бірақ жаза қолданылмайды

5.Тиым салынған және жаза  қолдану.

Шариғаттың негізгі бағыты - әр түрлі өмірлік жағдайды діни тұрғыдан бағалау. Сондықтан, шариғаттың негізгі ерекшелігі, ол тек мұсылмандарға және мұсылмандар қарым-қатынасына ғана байланысты. Шариғат қағидасы үшке бөлінеді: ғибадат (діни салтқа байланысты міндет), муамалят (тек қана заңдық ережелер) және укубат (жазалау жүйесі).

Шариғат ережелері көптүрлі және қатал. Ол адамның қоғаммен, отбасымен қарым-қатынасын, азаматтық қатынастары, мүліктік дауларды шешу ережелерін қамтиды. Шарғат ережелерін бұзғандарға қатал жаза қолданылады.

Шариғаттың Европа елдеріндегі құқықтық ережелерден үлкен айырмашылығы бар. Ол қоғамдық өмір мен мешітті реттеп қана қоймайды, сонымен қатар Азия мен Африка елдерінің басым көпшілігінде орнап, Орталық Азия мен Кавказдың бір бөлігіне, Оңтүстік Шығыс Азия  елдерінің бір қатарына әсерін тигізген ережелер жүйесін құрайды. Бірақ, ислам мен шариғаттың бұлай кең таралуы, оның көп салаларын әр елде әртүрлі өзгеріске түсірді. Сонымен, исламда екі бағыттың, ортодоксальды бағыт – суннизммен қатар, оған қарсы бағыт шиизмнің пайда болуына байланысты шариғатта бөлініс пайда болады.

 

 1.2. Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы

 

         Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дәуірі

        

          Мұсылман құқығының пайда болуы Хазірет Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар болып, оған уахидің келуімен басталады және осы кезеңде түсіріліп, аяқталуына байланысты бұл кезең мұсылман құқығының алғашқы кезеңі болып саналады. Уахи Аллаһтың Пайғамбарларға жолдама жіберуі мағынасына және жіберілген жолдама мағынасына келеді.Уахи қамтитын тақырыптарда Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Меккеден Мединеге көшкеннен кейін (хижрет) өзгерістер болғандықтан, бұл кезең Мекке және Медине кезеңі болып екіге бөлінеді:

Мекке кезеңі. Мекке кезеңі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)-ге уахи жіберіле бастаған Милади 610 жылдан Мединеге кешкен 622 жылға дейін созылады.Мекке кезеңінде түскен аяттар, көбіне сенімді нығайту, бір Тәңір сенімін орнықтыру және ахлақты (мораль) тәрбиелеу тақырыптарын қамтиды. Бұл кездегі дінге шақыру ісі әлемдік сипатта болды және де аяттар көбінесе: «Ей адамдар!» деп басталады. Бұл кезеңде құқық саласында ешқандай аят түспеген. Мұның себептерінің бірі - мүминдер қоғамының қоғамдық беделінің болмауы. Ал құқықтық жүзеге асырылуы қоғамдық күшті қажет етеді. Екінші бір себеп - құқық қағидаларының табысты түрде жүзеге асырылуының және күткен нәтижеге жетуінің алғышарты болған ахлақ (мораль) тұрғысынан жетілген адам түріне байланысты болуы. Бұл жағдай ахлақ пен құқық арасындағы тығыз байланыстыр тіпті құқықтық негізі ахлақ екендігінің нышаны болып саналуы мүмкін. Осылайша Медине кезеңінде түсірілетін құқықтық қатынастардың іргетасы Мекке кезеңінде қаланды.

Медине кезеңі. Бұл кезең Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)-нің 622 ж. Меккеден Мединеге көшуінен басталып, 632 ж. қайтыс болуына байланысты аяқталады. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Мединеге Пайғамбар ретінде ғана емес, сонымен бірге Мединеде сүрген үш яһуди қауымын (Құрайза, Қайнука және Надирұлдары) араларындағы әрі сол жердегі Әуіс және Хазреж деген араб қауымдары арасындағы келіспеушіліктерге қазылық ету және қоғамда сөзі өтетін көсем сипатымен барған. Қысқаша айтқанда Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың Меккедегі діни «шатына дүниелік көсем сипаты да қосылды. Бұл кезеңде қоғамдық тәртіп орнату, адамдар арасындағы қатынастарды реттеу туралы үкімдер келе бастады. Ғибадаттар да осы кезеңде реттелді. Практикалық өмірге қатысты үкім аяттарын ахкәм аяттар дейді. Бұл кезеңнің ерекшеліктерінің бірі - үкімдердің бәрі бірден емес, уақытқа қарай сатылап қойылуы (Тедриж). Арабтар арасында кейінен тараған шарап ішу және пайыз алу бірден тоқтатылмай оларға үйрете келе тыйым салынған. Бұрын қойылған үкімнің кейіннен келген үкіммен күшін жоюы деген «несх» те осы кезеңнің ерекшеліктерінің бірі болып табылады.

    Кейінгі кезеңдердің негізгі қайнары болған уахи - осы кезеңнің де негізгі қайнары. Алайда Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Құрандағы үкімдерді түсіндіргенде ақылын колданғандығы қабылданады. Сол себептен Пайғамбардың (с.а.у.) сөзін немесе іс-әрекеттерінің барлығын, яғни сүннет толығымен уахи деу дұрыс емес. Алайда сүннеттің уахиден шыққанын қуаттайтын ғалымдар да бар.

       Сахаба дәуірі

        Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) 632 ж. қайтыс болғаннан кейін басталып, сахабалардың ықпалы басым болған кезеңге дейін созылды. Бірақ, сахаба дәуірі деген кезде, көбінесе рашид халифалар деп аталған Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әлидің Һ.41/М.661 ж. созылған халифалық дәуірі түсіндіріледі. Шынында да рашид халифалар дәуірі кейінгі дәуірлерден ерекше жағдайларға ие болуы әрі Пайғамбарсыз дәуірдің алғашқы тәжірбиесі болуы жағынан маңызды. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) тірі кезінде Пайғамбар болуымен қатар, саяси беделдің, әрі құқықтық беделдің басшысы болды. Ол сонымен қатар мемлекет басшысы, қазы әрі мүфти еді. Ол қайтыс болғаннан кейін сахабалар саяси және құқықтық істердің қалай жүргізілетіні туралы мәселеге кездесті. Түрлі тартыстардан кейін сахабалар діни құқықтық және саяси салала өкілеттілікті Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жақын досы болған Әбу Бәкірге беруге келісті, және оған бағынуға сөз берді (бей'ат). Сахаба Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) орнына сайланған бұл адамның өкілеттілігін түсіндіру үшін, оны Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у) халифасы ретінде сайлады.

Халифа атауы бұдан былай мұсылман қоғамының діни және саяси көсемі деген мағынаға ие болды. Халифа болып сайланған Әбу Бәкір діни, ұлттық және саяси салада бір шешім қабылдаған кезде, алдымен Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) осыған байланысты сөзі немесе іс-әрекетінің (Сүннет) бар-жоғын зерттеген. Егер бар болса, Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзін негізге алған. Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) сүннеті болмаған жағдайларда Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жақын достарынан сұрап, олардың көзқарасын да ескерген. Бұл кеңес сұрау ісін әдебиеттерде «тура» немесе «мешперет» деп айтады. Бірінші халифа Хазіреті Әбу Бәкір бастаған сүннеттің бар-жоқтығын зерттеу және алдыңғы қатардағы сахабалардың көзқарасын алу ісі кейінгі 3 халифа тарапынан да жүзеге асырылды. Рашид халифалар дәуірінің маңызды ерекшеліктерінің бірі «Рей ижтихадының» кеңінен тарауы болып табылады. Рей ижтихады - кездескен мәселенің Құранның негізгі қағидалары шешілуі үшін ақыл күшін жұмсау деген сөз. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) кезеңінде Рей ижтихадының үлгілері кездеме де қате болған жағдайда, осы ижтихадтарды Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)-ның өзі түзету мүмкіндігі бар еді. Сондықтан да Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) кезеңінде рей ижтихадынан туындаған пікір айырмашылықгары жоқ еді. Бірақ Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін, бұл мәселені қарастыратын жоғарғы ұйым болмағандықтан, барлық адамның жеке көзқарасы принцип ретінде бір-біріне тең болды, бірі екіншісінен жоғары болған жоқ. Сол себептен әрбір жеке көзқарастың болу құқығы бар. Бұл мұсылмандар арасында көзқарас айырмашылықтарының пайда болуының және дұрыс деп саналуының бастауы мағынасына келеді. Жоғарыда айтылғандай шешімнің тура жолымен қабылдануы келіспеушіліктердің азаюын қамтамасыз етеді.

Информация о работе Мұсылман құқығының көздері