Таңдалып қабылданған шешімдердің негізделуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 17:26, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары байланыс саласының дамуында оптикалық кабелдер (ОК) мен талшықты оптикалық тарату жүйелері дамуы қарқынды жүре бастады, өйткені, олар басқа кабелдер мен байланыс жүйелерімен салыстырғанда өз сипаттамасы жағынан алда тұрады. Оптикалық жүйелер мен кабелдер тек қалалық және қалааралық телефон байланысында ғана емес, сонымен қатар телевиденияда, бейнетелефонияда, радиохабарда, есептегіш техникада және т. б қолданыла бастады. Талшықты оптикалық байланысты қолдану радиорелейлік және спутниктік байланыспен салыстырғанда тарататын хабар көлемі әлдеқайда жоғары, өйткені, ТОТЖ-нің өткізу жолағы кең және сыртқы электромагниттік әсерлерге төтеп беру жағынан, ауа райының қолайсыз кезінде де сенімді байланыс ұйымдастыруға тиімді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

n1.doc

— 4.02 Мб (Скачать документ)

Қалдықсыз өнім өндірісінің мәні - жұмсалатын ресурстарды толык пайдалану арқылы биосфераның ластануына жол бермеу. Практика жүзінде қалдықсыз өнім өндіруді жүзеге асыру өте қиын. Қалдықсыз өнім өндіруге технологиялык процестер мен құрал-жабдықтардың тиімділігін арттыру, рекуперацияны пайдалану, қоланылып келе жатқан технологиялык процестерді анағүрлым экологиялық жағынан таза процестермен алмастыру, т.б. арқылы жетуге болады.

Қалдықсыз өнім өндірісін енгізуден біз не күте аламыз? Практика көрсеткендей, олар: биосфераға келетін шығынды төмендету, шикізат  пен энергетикалык ресурстарды  үнемдеу, шикізат базасын кеңейту, қалдықтарға жұмсалатын шығынды азайту, т.с.с.

Қалдықсыз өнім шығару технологиясының ең жақсы мысалы - хромдау гальваникалық цехының қазіргі заманғы технологиясы. Бұл технология бойынша, шайылатын судағы ауыр металл иондары тазартқыш қондырғыға сіңіріліп, хромдау ваннасына қайтып келеді, ал тазартылған технологиялық су хромдалған детальдарды жууға қайтадан қолданылады. Бұндай мысалдарды көптеп кездестіруге болады.

Көптеген  мемлекеттерде тұрмыстық қалдықтарға карағанда өндірістік калдықтардың мөлшері әлде қайда жоғары болады. Қалдықтар касиеттеріне байланысты "қауіпті", "қауіпсіз", улы, күйдіргіш, тұтанғыш, т.с.с. болып бөлінеді. Қалдықтарды шығу тегіне байланысты да жіктеуге болады, олар: тұрмыстық, өндірістік, ауылшаруашылық, медициналык, т.б. Қалдыктар жиналған аймақта 1,5 км-ге дейін территория-ның топырағы пен өсімдіктер дүниесі ластанады.

Қазіргі кезде  үлкен қалаларда жылына 1 адамға шаққанда 250-300 кг-нан қатты тұрмыстық қалдықтар жиналады. (4.1 -кесте)

 

 

Кесте 4.1 – 1 млн халқы бар қаланың қатты тұрмыстық қалықтар жиыны

 

Қалдық түрі

Мөлшері,(т)

ЖЭС күлі, шлактары

550,0

Қатты қалдықтар ,(жалпы канализациядағы)

420,0

Ағаш текті қалдықтар

400,0

Қатты тұрмыстық қалдықтар

350,0

Қара металлургия өнеркәсібінің  қалдықтары

320,0

Тамақ өнеркәсібінің  қалдықтары

130,0

Түсті металлургия өнеркәсібінің қалдықтары

120,0

Химия заводтарының ағызынды сулары құрамындағы қалдықтар

90,0


 

4.1-кестеде Қалдық түрлері  және олардың мөлшері, қазіргі  таңда қалдықтың шығуының түрлері  көп, мысалға кестедең көріп  отырғанымыздай ЖЭС, Қара металургия, тамақ өнеркәсібінің қалдықтары сияқты т.б.

Адамзат коғамының дамуында өнеркәсіп өндірістері мен ауылшаруашылығындағы жаңа көзқарас аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды еңгізу болып отыр.

Қалдықсыз технология дегеніміз - БҰҰ Европа экономикалық комиссиясының Деклорациясына (1979) сәйкес адамзат қоғамының қажеттіліктерін қамтамасыз етуде табиғи ресурстарды барынша тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау үшін білім мен ғылымның жетістіктерін, түрлі әдістер мен қүралдарды практикада қолдану болып табылады. 1984ж. БҰҰ осы комиссиясы бұл түсінікке накты анықтама берді: "Қалдықсыз технология - шикізат ресурстары -өнеркәсіп орны - түтынушы - екінші реттік ресурстар" циклында шикізат пен энергияны барынша тиімді және комплексті, қоршаған ортаға кез келген әсерлердің түрі оның қалыпты жұмыс істеуіне кері әсерін тигізбейтін жағдайда пайдалануды қамтамасыз ететін өнім өндірудің (процесс, өнеркэсіп, террито-риялық - өндірістік комплекс) әдісі болып табылады.

Қалдықсыз технология - өңделетін шикізат пен осы  процесс нәтижесінде түзілетін қалдықтарды толығымен пайдалануды жүзеге асыратын өндіріс процесінің әдісі.

Қоршаған  ортаның ластану деңгейін төмендету, шикізат пен энергияны үнемді пайдалану үшін материалдық ресурстарды қайта пайдалану, яғни рециркуляция үлкен роль атқарады. Мысалы, металлоломнан алюминий алу өндірісінде бокситті балқыту үшін жүмсалатын энергия мөлшері 5%ғана, 1 т. екінші реттік шикізатты қайта балқыту кезінде 4 т боксит пен 700 кг кокс үнемделеді, оның үстіне атмосфераға бөлінетін зиянды фтор қосылыстарының мөлшері 35 кг-ға азаяды екен.

Шын мәнінде калдықсыз технология практикада болуы мүмкін емес, себебі, кез келген өндіріс орны жұмыс істеу барысында ең болмағанда жылу түрінде болса да қоршаған ортаға қалдық бөледі. Сондықтан қалдықсыз технология туралы сөз болғанда біз аз қалдықты технологияны айтамыз.

Көптеген авторлардың  пікірінше, қоршаған ортаға түрлі зиянды қалдықтардың әсері мен мөлшерін азайту үшін темендегідей іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

- қалдықсыз технологиялық жүйелердің түрлі типтері мен қалдық суларды тазартуға негізделген су айналымы циклдарын енгізу;

- өндірістік қалдықтарды екінші реттік материалдық ресурстарға өңдеу жүйелерін жасау;

- ресурстарды бірнеше қайтара пайдаланудың талаптарына сәйкес жаңа өнім түрлерін дайындау мен шығару;

- қалдық түзілетін кезеңдерін қысқартуға немесе мүлде жоюға мүмкіндік беретін жаңа өндірістік процестерді құру

Болашақта қалдықсыз  технологиялар жасауға бағытталған осы комплексті іс-шаралардың ең бастапқьі кезеңі қазіргі кезде кейбір өнеркәсіп орындарында жүзеге асырылып отырған су пайдаланудың жабық, айналымды циклы деуге болады.

Бізді қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында биотехнологияны қолдану дегеніміз - адамға пайдалы өнімдер, процестер мен құбылыстарды микроорганизмдер көмегімен алып, оларды заттар, энергия мен информацияның табиғи айналымына енгізу, сол арқылы биологиялық объектілер, микроорганизмдер, олардық қауымдастықтары, метаболиттері мен препараттарьша негізделген технологиялык процестерді жасау болып табылады.

Қоршаған  ортаны қорғау саласында биотехнология әсіресе төмендегі мәселелерді шешу үшін кең түрде қолданылады:

- ағызынды сулардың катты зат фракциясын, қатты тұрмыстық қалдықтарды анаэробты ашу процесінің көмегімен өңдеу;

- табиғи және ағызынды суларды органикалық жэне минералдық қосылыстардан биологиялық жолмен тазарту;

- ластанған топырақты ағызынды сулар кұрамындағы ауыр металдарды нейтралдайтын микроорганизмдер арқылы қалпына келтіру;

- өсімдік қалдықтарын компостау (биологиялық тотықтыру);

- ластанған ауаны тазартатын биологиялық активті сорбент материалдар жасап шығару.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, қалдықсыз  өнім өндірістері болашақта өнеркәсіптің биосфераға зиянды әсерін түгелдей жою, табиғи ресурстарды өндіру, қайта өңдеу және пайдалану, өнім өндіру кезіндегі келтірілетін шығындарды толығымен жою проблемаларын шешеді деп ойлаймыз.

 

5. БИЗНЕС ЖОСПАР

 

5.1 Түйін

 

Телекоммуникация саласы - әлемде ең қарқынды дамып келе жатқан  салалардың бірі, ал, ақпараттың маңыздылығы күннен күнге артып келе жатыр. Соның ішінде талшықты оптикалық байланыс жүйесі қарқынды дамуда.

Осыған орай, бұл дипломдық жұмыста Орал-Ақтөбе қалалары арасында ТОБЛ ұйымдастыруын жүргіземін. АҚ «Қазақтелеком» Қазақстан интеграциясын әлемдік ақпараттық кеңестікте тездете алатын байланысты, ақпараттануды, және теледидарды қосатын мемлекеттің біркелкі ақпараттық инфрақұрылымын құру ең басты мақсаты болып келеді. Осындай жағдай жоғары мүмкіндікті қондырғыларды сатып алуды талап етеді. АҚ «Қазақтелеком» Ұлттық Ақпараттық Супермагистральдың (ҰАСМ) қызмет көрсетуші ұйымы және құраушысы болып келеді. .ҰАСМ модернизация бағыттарының бірі SDH тарату жүйесін қолданумен, жеткізу қабілеттілігінің артуы болып табылады.

ТОБЛ ұйымдастыру және оның қатынау желілерін кеңейтудің негізгі мақсаты түрлі байланыс қызметтерін жеткізу мақсатымен кеңжолақты қатынас желілерін құру үшін тиімді экономикалық шешімді ұсыну болып табылады. Бизнес-жоспар барысында жалпы капиталдық шығын 496000 мың теңгені құрады, бір жылдық табыс көлемі 657000 мың теңгені, эксплуатациялық шығындар 194391,84 мың теңгені және амортизациялық шығын 74400 теңгені құрайды. Яғни, жобаны енгізу кезіндегі жалпы шығындар мен пайда мөлшерін есептеп шығардық. Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі 1,07 жыл. 

5.2 Компания  және сала

 

ТОБЛ ұйымдастыру қазіргі  уақытта жете дамып келе жатқан сала. Бұл стандарт телекоммуникация саласында жаңа байланыс түрі болғандықтан оның негізгі тұтынушылары ретінде бүкіл халықты қарастыруға болады. Бұндай кәсіпорынды құру үшін нағыз нарық көзі болып табылатын, болашақта ұзақ уақытты стратегия құра алатындай, басқа да байланыс жүйелерімен байланыс орната алатындай, тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыра алатындай байланыс түрі және жерді таңдай білу қажет.

Келісім сұранысы бойынша  «Marconi Communications» фирмасының жабдықтарын таңдаймыз және оны монтаждау, жөндеу және қызметкерлердің білімін жетілдіру кіреді.

Шартта жалгер каналдарды жалға беру кезінде бағасы тіркелген  болуы керек және ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттесуіне байланыссыз  болады.

5.3 Өнімнің  (қызметтің) сипаттамасы

 

Бұл жұмыстың пайда түсімінің жоғарылауына байланысты инвестицияны соған сәйкес таратуға мүмкіндік беретін,  қызмет көрсетілетін абонеттер санын, сонымен қатар ұсынылатын қызмет түрлерін ақырындап көбейтуге мүмкіндік беретін модульді жүйе. Бұл жобаны іске асыру кіріс және шығыс байланысының сапасын жақсартуды, байланыс жылдамдығын жоғарлату. Қазақстан мен Ресей арасындағы халықаралық байланыс түрін дамыту. Сонымен қатар, ол арналарды уақытша қолдануға беру жобасын іске асырудың арқасында қосымша табыс пен пайда түсіруге мүмкіндік береді.

5.4 Өтім нарығын  талдау және қызметтер нарығын  зерттеу

 

Қазіргі заманғы телекомуникациялық технологиялардың дамуы іс- жүзінде  барлық бағыттағы ұрпақтардың ауысуымен  сипатталады. Байланыс жүйелерінің  шеңберінде үшінші ұрпақ жүйелеріне кезең бойынша ауысу қазіргі уақытта жүріп жатыр, ал соның нәтижесінде кеңжолақты мәліметтерді тарату шеңберінде жаңа технологиялардың саны күрт артып, интегралды қызмет көрсетуді ұсынатын жүйелерді құрудың деңгейі артуда. Осының нәтижесінде жаңа технологияларды ұсынатын көптеген фирмалардың (Солярис, Сomputerra, Siecor, Элвис және т.б фирмаларының ) арасында бәсекелестік өте үлкен мөлшерде байқалады.

Бәсекелестік – әлемдік  нарықтың талаптарын қанағаттандыратын, нарықтың бос және адал шарттарында  мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді өндіру дәрежесі, бұл кезде мемлекет өз азаматтарының табыстарын қалыптастыра отырып, оларды арттырады.

Бәсекелестік  жоғары болған сайын, сол мемлекеттің  өмір сүру деңгейі де жоғары болады.

5.5 Менеджмент 

 

Телекоммуникациялық сферада  әрқашанда әсер етуші екі жақ болады: біріншісі- көрсетілетін қызметтерді қажет ететін тұтынушылар, яғни абоненттер; екіншісі – осы қызметтерді ұсынатын операторлар.  Ұсынылған жаңа технология сапалы қызметті көрсетуі тиіс.

Бұл компанияның негізгі  жылдық жоспары 1 жылда 50 000 000 көлемінде жаңа технологиялар сатып алып, жұмыскерлердің класификациясын көтеру, жаңа мамандар алу. Мерекелерде үстем ақы төлеу мен қатар қосымша жалақы беру. Мамандарды басқа кәсіпорындарына жіберіп біліктілігін жоғарлату.

 

 

5.6 Маркетингті стратегия (бағдарлама)

 

Маркетингті бағдарлама –бұл өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкер жоспарын іске асырудағы өзіндік  ерекше маркетингті әсерлер.

Телекоммуникация аумағындағы  маркетинг кейбір қасиеттерге ие болады,бұндағы соңғы тауар оператормен берілетін байланыс қызметі болып табылады.Уақыттық факторлармен тығыз байланысқан және тұтынушының жеке меншігіне ауыспайтын, тұтынушыда немесе желіде орнатылатын байланыс құрылғысы соңғы қызметпен тығыз байланысты.

Маркетингті бағдарлама ең негізгі төрт компоненттен тұрады[12].

Тауар-(Product)

Мына жобаларды енгізуден кейін жоспарланып отырған телекоммуникация қызметі:

Орын/Орналастыру-(Place)

Қызметтер көп қабатты  тұрғын үйлерде, кеңселерде, адресі бойынша  тұрғызылып жатқан мөлтек аудандарда көрсетіледі.

Жылжу-(Promotion)

Жарнамалық буклеттерді  тікелей тарату. Потенциялды қажеткерлермен тікелей әңгімелесу. Радиода, СМИ-да жарнамалардың орналасуы

Баға-(Price)

«Казахтелеком» ААҚ  орнатқан бағасын жобаны іске асыру кезінде қолдану болып табылады.

5.7 Өндірістік  жоспар

250 км аралықта ТОБЛ салу үшін салушы кәсіпорынға қосымша техникалық қондырғылар және қаржы қажет. ТОБЛ жобасына жұмсалатын қаржы көлемін анықтау үшін:

-линиялық қондырғылар;

-станциялық қондырғылар;

-қосымша шығындар.

Шығындар келесі жолмен анықталады:

- линиялық қондырғыларға  – кабелді полиэтилендік құбырға  қойып, монтаждау үшін муфтаға  және белгі ленталарына шығындар  есепелінеді.

Информация о работе Таңдалып қабылданған шешімдердің негізделуі