Егіндібұлақ желісін талдау және оның мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 19:17, дипломная работа

Краткое описание

М±ндай желіні жетілдірудіњ ењ тиімді т‰рі ол кµпшілікке ќызмет ететін цифрлыќ желі ќ±ру болып табылады. Б±л болса µз кезегінде пайдаланушыѓа жоѓары сапалы сµйлесу тракітлерін ќ±растыруѓа м±мкіншілік береді. Б±л цифрлыќ арналар арќылы пайдаланушыѓа жоѓары жылдамдыќта деректі аќпаратты беруге м±мкіншілік тудырады. Телефондыќ байланысты м±ндай жетілдіру пайдаланушыѓа жоѓары сапалы ќызмет кµрсетуді ќамтамасыз етеді. Абонент кµп жања ќызметтерге ќол жеткізеді, жєнеде ол осы жања ќызмет кµрсетулерді µзі басќара алады, ол ќызметтерге белгілі бір уаќытта тапсырыс беру, кіріс бойланыс кµрсеткіштерін µзіні ќолайлы етіп µзгерте алады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………
1 Егіндібұлақ желісін талдау және оның мәселелері
1.1 Егіндібұлақ желісін жалпы талдау…………………………..……
1.2 Ауыстырудың қажеттілігі…………………………………………
2 Жобаланатын DRX – 4 станциясын негіздеу және есептің қойылуы
2.1 Жобаланатын DRX – 4 станциясын негіздеу…………………...
2.2 Бақылау платалары……………………………………………….
2.3 Перефериялық платалар………………………………………….
2.4 Төлеу пульсі және қоңырау генераторы / кернеуді түрлендіргіш блогы………………………………………………………………..
2.5 Авариялық сигнализация блогы…………………………………
2.6 DRX – 4 коммутациялық жабдығының негізінен толық сипаттамасы……………………………………………………….
2.7 Нөмірленуі………………………………………………………...
2.8 KEBAN SE5 электрқоректену жүйесі…………………………...
2.9 KEBAN жүйесінің модульдері………………………………......
2.10 Жобаланатын АТС-тің құрылымдық сызбанұсқасын
ойластыры..……………………………………………………
2.11 Есептің қойылуы………………………………………………...
3 Телефондық жүктеменің екпінділігін есептеу
3.1 Пайда болатын жүктемені есептеу………………………………
3.2 Шығыс ағын жүктемесін анықтау……………………………….
3.3 Жүктеменің кіріс ағындарын анықтау…………………………..
3.4 Қалааралық жүктеме……………………………………………...
3.5 Регистрге келіп түсетін жүктемені есептеу……………………..
3.6 АНА – блогына келіп түсетін жүктемені есептеу………………
3.7 ИКМ қосылу жолының кіріс және шығыс санын есептеу…….
3.8 DRX – 4 үшін құрылғылардың көлемін есептеу………………..
4 Адам өмірінің қауіпсіздігі
4.1 Еңбек жағдайының анализі………………………………………
4.2 Бөлмедегі өрт сөндіргіштер санын есептеу……………………..
4.3 Өндіріс ішіндегі ауа алмасуды есептеу…………………………
4.4 КРОСС-тағы жасанды жарықтандыруды есептеу……………..
5 Бизнес жоспар
5.1 Мақсаты…………………………………………………………...
5.2 Күрдей қаржы көлемі…………………………………………….
5.3 Қызмет көрсету…………………………………………………...
5.4 Нарықтық қатынас………………………………………………..
5.5 Маркетинг құрылуы……………………………………………...
5.6 Қаржыландыру……………………………………………………
5.7 Эксплуатациялық шығындар…………………………………….
5.8 Табыс………………………………………………………………
5.9 Экономикалық тиімділік…………………………………………
Қорытынды…...……………………………………………………….…

Прикрепленные файлы: 1 файл

n1 (1).doc

— 909.50 Кб (Скачать документ)

               75 Ом (салмақтанбаған) 8 Мбит/с.

Авария сигнализациясы: мажор, минор  және свтодиодтық жануы

Қолданылатын қуат: K5V 1А.

Енді DMX платасының беткі панеліне түсініктеме берейік:

- 8М "ALIS" және 8М  "VERIS" разъемінің көмегімен  8 мбит/с сигналдар коммутациясы  жүзеге асырылады;

- егер қате деңгейі (BER) 10-3 мәніне жетсе, онда қызыл 10-3 "НАТА" светодиоды жанады;

- егер қате деңгейі 10-5 мәніне жетсе, онда сары 10-5 "НАТА" светодиоды жанады;

- егер тарату жылдамдығы  қалыпты болса, RNB светодиоды жанады;

- синхронизация жоқ кезінде "СА" қызыл светодиоды жанады;

- егер кірістік 8 Мбит/с сигналы болмаса, онда қызыл 8М "GУОК" светодиоды жанады;

- егер кірістік 8 Мбит/с  сигналында AIS болса, онда қызыл  8М "AIS" светодиоды жанады;

- егер бір немесе  бірнеше кірістік 2 Мбит/с сигналдар  жоқ болса, онда сәйкес келетін қызыл 1, 2, 3 немесе 4.2М "УОК" светодиодтар жанады;

- плата "ACIK/KAPALT" тумблерімен  тізбекке қосылады немесе өшіріледі.

 

 

2.4 Төлеу пульсі  және қоңырау генераторы /кернеуді 

түрлендіргіш  блогы

 

Төлеу пульсі және қоңырау  генераторы/кернеуді түрлендіргіш блогының жұмыс істеуі үшін қажетті тұрақты токтың -48V кернеуі SOP-II құрылғысымен өндіріледі. Кернеуді түрлендіргіш тізбегі перифериялық платасы және бақылау платасы үшін қажетті тұрақты кернеуді K12V және K5V өндіреді. Түрлендіргіш тізбегінің ең көп шығыстық қуаты -130W. -43V және -59V арасында үздіксіз жұмыс істейді. Қоңырау генераторы жүйеге қажетті шақырыс қоңырауын өндіреді. Қоңырау генераторы келесі кірістік параметлері бар кезінде жұмыс істейді.

- Тұрақты токтың кірістік  кернеуі: -43V/ -59V DC.

- Қоректену көзінің кірістік кедергісі: макс. 10М.

- Қосында шу: макс -30 dβ mop.

-Ең көп бірлік тон: -10 dβ mop.

-Шақырыс сигналының жиілігі: 16 2/3 Гц, 25 Гц немесе 50 Гц.

- Жиілік шектері: K2 Гц.

- Кернеу: 60 және 100 Vrms арасында таңдап  алынады.

- Кернеуді тұрақтануы: K10%.

- Гармоникалық бұрмалану: макс 15% (толық жүктеме кезінде).

- Шу: - 68 dβ mop.

- Қайтарыс: мин. 75%.

Төлеу пульсі генераторының  тізбегі таксофондық шақыруларды  төлеу үшін қажетті төлеу пульсін  өндіреді.

Төлеу пульсі генераторының шығыстық сипаттамасы қоңырау генераторының сипаттамасымен бірдей.

Төлеу пульсінің генераторы келесі кірістік параметрлер бар кезінде  жұмыс істейді.

- Жиілік: 12 кГц -16 кГц.

- Жиілік шектері: K5%.

- Деңгей: 2 K0,4Vrms.

- Жалпы қуаты: 1,4 Vrms.

- Реттеу: K1dβ.

- Гармоникалық бұрмалану: макс 10%.

- Тербеліс түрі: синусойдалы.

Төлеу пульсі және қоңырау  генераторы/кернеуді түрлендіргіш блогы  әрбір сөреде 25 позицияға қойылады. Блок жоғарғы кірістік және шығыстық кернеулерден қорғайды. Бұл блокта бір және екі сөресі бір-бірімен параллельді байланысқан. Егер өзара байланысқан блоктардың бірі істен шықса, онда істеп тұрған төлеу пульсі және қоңырау генераторы/кернеуді түрлендіргіш блогы екі сөренің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен жүйеде төлеу пульсі және қоңырау генераторы қоректенуді түрлендіргіш резервті блок қамтамасыз етеді. Блокқа кернеуді берген кезде - 48V ең бірінші жасыл светодиод жанады. Бұл светодиодтан кейін тағы үш қызыл светодиод бар. Қорғағыш - 48V істен шыққан кезде "- 48V FAIL" жанады. Қоректену генератор тізбегі істен шыққан кезде "ONT PUT FAIL" светодиоды жанады. Ал төлеу пульсі және қоңырау генераторының авариясы кезінде "RING FAIL" светодиоды жанады. Төлеу пульсі және қоңырау генераторы және қоректену түрлендіргіштің жалпы авариялық шығыстары МХС платасына байланысқан. Бұл светодиодтан басқа 6 бақылау нүктесі бар. Бұл нүктелер шығыс кернеулерді бақылау өлшуе үшін керек. Сонымен бірге өшіру тумблері және блок қоректенуінің қосылуы бар.

 

 

 

 

2.5 Авариялық сигнализациясының  блогы (FSP)

 

Стативтің жоғарғы бөлігінде  орналасқан FSP блогы минорлық және мажорлық авариялық сигналдардың бар екендігін көрсетеді. Сонымен бірге қоректену блогынан түсетін - 48V кернеуді үлестіреді. FSP блогының жұмысын қарастырайық: FSP блогының сол жағында орналасқан екі үшбұрыш W- автомат жағдайын көрсетеді. Бұл автоматтар кернеудің - 48V бір және 48V2 кірістік қорғаныштары болып табылады. Жасыл светодиодтары (- 48V1 ON және - 48V2 ON)қорғағыштар қосылғанда немесе кірістік кернеу - 48V бар кезінде жанып тұрады. FSP модулі екі платадан тұрады:

- Авариялық сигнализация  платасы. Бұл плата минорлық/мажорлық  авариялық сигнализацияның светодиодтарын  басқарады. Авариялық жағдаймен  бірге шығарылған блокқа дыбыстың  сигнализация беріледі,- 48V авариялық жағдайда МХС блогына беріледі;

- Қоректену платасы. Қоректену  платасы LOOP TIE TRUNK ҚЛ бойынша мазасызданған абоненттердің нөмірлерін анықтау үшін қажетті + 48V кернеуді өндіреді.

Мен бұл тараушада  цифралық электронды 5ESS, S-12, DTC-3100, DX-200, DRX-4 станциялардың ішінен DRX-4 станциясын алғанымды негіздеймін. Негіздеу барысында бұл станциялардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарына тоқталамын.

Цифралы электронды станциялардың  бір-бірінен ерекшеліктері төмендегідей:

- S-12, 5ESS, DTC-3100 станцияларының  коммутациялық жүйелері терминалдардан тұрады.

- DX-200 станциясының коммутациялық  жүйесі абоненттік және топтық  іздегіштерден тұрады.

- DRX-4 станциясының коммутациялық  жүйесі микропроцессорлардан тұрады.

Сондай-ақ олардың сиымдылықтары  мен абоненттерге көрсететін қосымша  қызметтерінде жоғарыды келтірілген талаптар тұрғысынан алғанда жақсы жақтарымен ұқсастықтары төмендегідей:

  • абоненттерге қосымша қызмет көрсетеді;
  • қосылыстарды орнату уақыты нөмір теру уақытымен теңеледі;
  • мамандар мен абоненттерге қауіпсіз;
  • жабдықтардың алатын орны жағынан көлемі аз;
  • тұтынатын электр энергиясы аз;
  • пайдалану уақыты ұзақ;
  • белгілі бір мерзім ішінде жұмыс істеуі жоғары.

2.6  DRX-4 коммутациялық  жабдығының негізінен толық 

сипаттамасы

 

DRX-4 жүйесі микропроцессорлы басқарылатын сандық АТС. Жүйенің процессорлық шинасының құрылғысы үлестірілген және ол бағдарламамен басқарылады. Үлестірілген басқарылу жылдамдығы 2,048 Мбит/с берілген жоғары деңгейлі байланыс мәліметтерінің басқарылатын протокол көмегімен сүйемелденеді.

16 мГц жиілігінде жұмыс  істейтін МХС және DTC платасының микропроцессорлық басқару шиналары көмегімен сиымдылығы 160 аналогты абоненттік линия және 60 сандық қосу жолдары модулінің функциясын орындауды қамтамасыз етеді. Бұл платалар басқару және пайдалану терминалынан негізгі бағдарламалық жұмысты оперативтік жадыға тез қосады. Беру және қабылдау, сигналдау, авариялық және шақырыс сигналдары модуль процессорының басқаруымен функциялары басқару шинасында орындалады. Сандық сигналдың процессорлар біржиілікті, екіжиілікті және акустикалық сигналдарды, сандық фильтрацияны, бірқатар ПЗУ схемалардың көмегімен сигналдарды табу және қабылдауды генерациялау үшін пайдаланылады.

Абоненттік комплектіде  дыбыс сигналдары МСЭ-Т стандартына  сәйкес А заңы бойынша цифралыққа түрлену коммутациялық өріске беріледі. Аналогты және цифралық қосу жолындағы модульдерде блокталу болмайды. Аналогты абоненттік линия модульдері ИКМ екі портына 160:160 концентрациясын қамти отырып қосылған. Әрбір сегіз модуль GNS топтық процессорларына қосылғаг, олар ақпараттың хабарлар ағыны мен модульдер арасындағы байланыс және ИКМ трактісіндегі топтарды басқарады. GNS қайталған және жүктемені бөлу режимінде жұмыс істейді. Бұл қайталау өткізу жолағын арттыру үшін қолданылады. Мұндай жұмыс режимінің аты double plane, АТС сондай-ақ sindlee plane режимінде жұмыс істей алады, әр стативке бір GNS плата.

DRX-4 жүйесі вентиляцияны  немесе пайдаланудың ерекше шараларын  қажет етпейді. Қондырғыны орнату үшін ауданы 18 мг жер болса болады. DRX-4 бағдарламамалық қамтамасыз етілу құрылысы көп функционалды және көп жұмысты көптеген жұмыстарды параллель орындайды. Реальды уақыт режимі процестерді артықшылығы бар механизмдерге сәйкес кезекпен қызмет көрсетеді. Сондықтан процесстер арасындағы кез-келген хабар мәлімет берудің нақты әдісімен қамтамасыз етіледі. Реальды уақыт мәселелері мен мәліметтері 16-битті жоғары деңгей-интеграция процессорларымен өңделеді. Станцияның басқарушы процессорлары АССЕМБЛЕР, С++, VisualBasic тілдерінде жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 сурет - DRX-4 коммутациялық жабдығының негізінен толық

сипаттамасының архитектурасы

 

 

2.7 Нөмірленуі

 

DRX-4 қондырғысы ауылдың  телефондық желіде жабық нөмірлену  жүйесімен ашық шығыс индексі  жоқ, ашық шығыс индексі бар,  аралас бес-

алты және алты-жеті нөмірлі  телефондардың жұмысын қамтиды. Жабық нөмірлі жүйеде станция ішіндегі байланыс және станция аралық байланыстар кез-келген станциядан толық бес нөмірлену абоненттен жүзеге асырылады. Бұл кезде абонент нөмірінің бірінші белгісі болып 8 және 0 саны пайдалана алмайды. Ашық нөмірлі шығыс индексі жоқ, станция ішіндегі байланыс үш нөмірмен, ол станция аралық- бес нөмірлі терумен орындалады. Қысқартылған нөмірлердің алғашқысы болып 8 бен 0 саны бола алмайды. Ашық нөмірлі шығыс индексі бар келесімен сипатталады:

- қысқартылған – сиымдылығы 800 нөмірлі АС мен ТС станция 

  ішіндегі нөмір;

- тораптың ауданнан  тыс байланыста станция аралық  нөмірлену;

- шығыс индексі - «9» саны.

СТС-та екі ЦС арасында тіке қосылыс орнатқанда программалық басқаруда теру 8 индексі арқылы орындалады және шақырылатын абоненттің зоналық нөмірі теріледі.

 

 

2.8 KEBAN SE2 электрқоректену  жүйесі

 

KEBAN SE2 электрқоректену  жүйесі келесі құраушылардан  қосады:

- АС/ДС бөлігі;

- 28А түзеткіш блогынан;

- қуатты бақылау блогынан;

- қызмет етілмейтін аккумулятор тобы 2х55 АС (айнымалы

       кернеу) үлестіру блогы, желінің 3-фазалы айнымалы кернеуін

       қабылдау  үшін арналған.

ДС үлестіру блогы 28А  тұрақты кернеу түзеткіш шығыстарынан алынған кернеуді жүктемелерге үлестіру үшін арналған.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 сурет -  KEBAN SE2 Электрқоректену жүйесінің блок схемасы

 

 

 

 

 

 

2.9 KEBAH жүйесінің  модульдері

 

Бұл жүйе модульдік құрылымның кешенінде тұрғызылған. Тұрақты  және айнымалы токты үлестіру режимде  жұмыс істейтін микропроцессор басқаруы бар импульстік түзеткіштерден құралған.

Бұл жүйе келесі стандарттарға  сәйкесті қамтамасыздандырылған:

- сенімділігі, қорғаныштылығы  бойынша 1 класты IEC 950 және бір 

  класты IEC 435, DIN IP 20, VDE 0100;

- найзағайға қорғаныштылығы  бойынша 1 класты IEEE 587;

- электромагниттік бөгеуілдер бойынша а класты EN 55022,

  GISPR 22;

- электростатикалық қорғаныштар  бойынша IEC 801-2 4 талап 

   деңгейі;

- жерлестіру бойынша  IEC 364; DE 800/2.

Сонымен бірге 50% қалыпты  емес өлшемі бар, түзеткіштер арасындағы жүктемені автоматтандырылған түрде бөлуді қамтамасыз етеді. Барлық KEBAN үлгілері кез келген түрлі батареяларда пайдалану мүмкіндігін қарастырады.

 

 

2.9.1  28 А түзеткіші

 

Түзеткішті қоректеу жиілігі 50Гц-тік кернеумен желісінен  жүргізіледі. Түзеткіш желінің 20% кернеу тербеліс кезіндегі 0,5 В тең шығыстық кернеу ауытқуын қамтамасыз етеді. Блоктағы желінің бір фазалық кернеуі кеңдік- испульстік модулятормен басқарылатын түзеткішпен түзетіледі. Күштік тізбектер құрамына келесілер кіреді. Жоғары жиілікті импульстердің сызықтық сүзгісі, түзеткіш көпір. Белсенді гармоникалар сүзгісі және – 43 В кернеуді – 63 В кернеуге түрлендіру үшін қажетті ДС/ДС түрлендіргіші. Басқару тізбегі 80С31 сериялы 8 битті микропроцессордан тұрады. Басқару тізбегінен микропроцессор өзінің арасында RS485 жартылай дубликсті интерфейсі бар. Басқару тізбегі жүктемені үлестіруді қамтамасыз етуді түзеткіштерді кірісі мен шығысындағы кернеу мен токты бақылап отырады. Апараттар интерфейсі ИЖК тергіштік өріс ретінде тізбекті және параллельдік порттар пайдаланады. Алмасу жылдамдығы 80С31 микропроцессорының тактылық жиілігімен анықталады. Түзекткіштің шығысындағы кернеу клавиатурада – 48 В шинаға – 43 В – 59 В аралығында шектерде және – 63 В шина үшін (теңдеулік зарядтық кернеуі) – 48В – 67В аралықта алынады. – 63 В шинаға кернеуді бағдарламалау тек бірінші түзеткіштер үшін ғана жүргізіледі. 28А түзеткіштің функциональдық схемасы көрсетілген.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 сурет - 28А түзеткіштің функциональдық схемасы

 

 

 

 

2.10 Жобаланатын АТС-тің құрылымдық сызбанұсқасын

ойластыру

 

Жоғарыда берілген техникалық сипаттама бойынша және коммутациялық жабдықтарды жобалауда қолданылатын құжаттар негізінде Егіндібұлақ ауылына жобаланатын DRX-4 станциясының құрылымдық сызбанұсқаны ойластырдым. Ол сызбанұсқа келесідей болады.

 

2.4 сурет - Егіндібұлақ ауылына жобаланатын DRX-4 станциясының құрылымдық сызбанұсқасы

 

2.11 Есептің  қойылуы

 

Қазіргі уақытта байланыс құралдарындағы әртүрлі түрдегі  ақпарат  көлемдерінің сапасы мен  сеімділігіне жоғары талаптар қойылуда. Қойылған мәселені шешуді, электрондық  АТС-ларды кеңіен енгізу есебінен шешу байқалады, яғни олар станция арасына байланысты ұйымдастыруға және телефондық желілерді тұрғызуға мүмкідік береді.

Алдыңғы бөлімдерде Қарағанды  облысы Егіндібұлақ ауылына байланысты ұйымдастыру, істеп тұрған желіні талдау, жобаланып отырған коммутациялау жүйесіне шолу жүргізілді.

Мәселені шешу үшін, берілген дипломдық жобада, мен Қарағанды  облысы Егіндібұлақ ауылындағы координатты  АТСК-100/2000 станциясын, цифрлық DRX – 4 станциясына алмастыру жолымен қайта құрдым.

Бұл есепті (мәслені) шешу кезіндегі бастапқы мәндер келесілер болып табылады:

а) Телефондық жүктеменің екпінділігін есептеу.

ә) ИКМ қосылу жолының кіріс және шығыс санын есептеу.

б) Жабдықтың көлемін  есептеу.

в) Адам өмірінің қауіпсіздігі.

г) Бизес жоспар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Телефондық жүктеменiң екпiндiлiгiн  есептеу

 

 

3.1 Пайда болатын  жүктемені есептеу

 

Пайда болатын жүктеменің таратылуы шақырулар, абоненттен келіп  түсетін және станцияның әр түрлі  қосылу құрылғыларын уақытқа қолдану.

Өндірістік  жобалаудағы нормаларға сәйкес абоненттік шақыруларды үш секторға бөлуге болады: олар халықшаруашылық секторы, пәтерлік сектор, және таксофондар.

Жергілікті  пайда болатын жүктемені анықтау  үшін келесі параметрлерді білу қажет.

Nхш, Nп, Nт – халықшаруашылығында, пәтерлерде және таксофондарға тиісті телефон апараттар саны.

Тхш, Тп, Тт, - УЖС - кезінде i-категориялы абоненттердің орташа сөйлесу уақыты.

Схш, Сп, Ст, - УЖС - кезінде i-категориялы көздердің орташа шақыру саны.

Рр – сөйлесумен аяқталған шақырулар үлесі.

i-категориялы  көздің пайда болу жүктеменің екпінділігін есептейік:

Информация о работе Егіндібұлақ желісін талдау және оның мәселелері