Егіндібұлақ желісін талдау және оның мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 19:17, дипломная работа

Краткое описание

М±ндай желіні жетілдірудіњ ењ тиімді т‰рі ол кµпшілікке ќызмет ететін цифрлыќ желі ќ±ру болып табылады. Б±л болса µз кезегінде пайдаланушыѓа жоѓары сапалы сµйлесу тракітлерін ќ±растыруѓа м±мкіншілік береді. Б±л цифрлыќ арналар арќылы пайдаланушыѓа жоѓары жылдамдыќта деректі аќпаратты беруге м±мкіншілік тудырады. Телефондыќ байланысты м±ндай жетілдіру пайдаланушыѓа жоѓары сапалы ќызмет кµрсетуді ќамтамасыз етеді. Абонент кµп жања ќызметтерге ќол жеткізеді, жєнеде ол осы жања ќызмет кµрсетулерді µзі басќара алады, ол ќызметтерге белгілі бір уаќытта тапсырыс беру, кіріс бойланыс кµрсеткіштерін µзіні ќолайлы етіп µзгерте алады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………
1 Егіндібұлақ желісін талдау және оның мәселелері
1.1 Егіндібұлақ желісін жалпы талдау…………………………..……
1.2 Ауыстырудың қажеттілігі…………………………………………
2 Жобаланатын DRX – 4 станциясын негіздеу және есептің қойылуы
2.1 Жобаланатын DRX – 4 станциясын негіздеу…………………...
2.2 Бақылау платалары……………………………………………….
2.3 Перефериялық платалар………………………………………….
2.4 Төлеу пульсі және қоңырау генераторы / кернеуді түрлендіргіш блогы………………………………………………………………..
2.5 Авариялық сигнализация блогы…………………………………
2.6 DRX – 4 коммутациялық жабдығының негізінен толық сипаттамасы……………………………………………………….
2.7 Нөмірленуі………………………………………………………...
2.8 KEBAN SE5 электрқоректену жүйесі…………………………...
2.9 KEBAN жүйесінің модульдері………………………………......
2.10 Жобаланатын АТС-тің құрылымдық сызбанұсқасын
ойластыры..……………………………………………………
2.11 Есептің қойылуы………………………………………………...
3 Телефондық жүктеменің екпінділігін есептеу
3.1 Пайда болатын жүктемені есептеу………………………………
3.2 Шығыс ағын жүктемесін анықтау……………………………….
3.3 Жүктеменің кіріс ағындарын анықтау…………………………..
3.4 Қалааралық жүктеме……………………………………………...
3.5 Регистрге келіп түсетін жүктемені есептеу……………………..
3.6 АНА – блогына келіп түсетін жүктемені есептеу………………
3.7 ИКМ қосылу жолының кіріс және шығыс санын есептеу…….
3.8 DRX – 4 үшін құрылғылардың көлемін есептеу………………..
4 Адам өмірінің қауіпсіздігі
4.1 Еңбек жағдайының анализі………………………………………
4.2 Бөлмедегі өрт сөндіргіштер санын есептеу……………………..
4.3 Өндіріс ішіндегі ауа алмасуды есептеу…………………………
4.4 КРОСС-тағы жасанды жарықтандыруды есептеу……………..
5 Бизнес жоспар
5.1 Мақсаты…………………………………………………………...
5.2 Күрдей қаржы көлемі…………………………………………….
5.3 Қызмет көрсету…………………………………………………...
5.4 Нарықтық қатынас………………………………………………..
5.5 Маркетинг құрылуы……………………………………………...
5.6 Қаржыландыру……………………………………………………
5.7 Эксплуатациялық шығындар…………………………………….
5.8 Табыс………………………………………………………………
5.9 Экономикалық тиімділік…………………………………………
Қорытынды…...……………………………………………………….…

Прикрепленные файлы: 1 файл

n1 (1).doc

— 909.50 Кб (Скачать документ)

 

 

2.3.2 Абоненттік  және таксофондық платалар

 

Абоненттік және линиялық таксофондық платалар перифериялық плата үшін арналған разьемнің кез келгенінде орналаса алады. Таксофондық линиялық плата таксофондық аппараттарға немесе басқа төленетін құрылғыларға 12 кГц немесе 16 кГц жиілікпен сигналды таратуымен өзгешеленеді. Бір абоненттік плата сегіз абоненттік линияға қызмет етеді. Абоненттік линиялық платаның саны абонент санына сәйкес орнатылады. Абоненттік платаның жұмысы үшін қажетті кернеу; қуатты түрлендіргіш платасынан K5V, K12V, KEBAN қоректену болгынан -48VT және -48VS. Платаның беткі панелінде берілген платада тым болмағанда бір абоненттік линия бос емес жайында сигнал білдіретін бір сары светодиод орналасқан. Абоненттік плата станциялық кросс (MDF) және жүйенің артқы панелі рақылы TIP/RING сегіз сыңар көмегімен абоненттік линияға қосылады.

Абоненттік плата ИКМ  каналына қызмет етеді. Бұл каналдар:

  • кірістік ИКМ;
  • абонентке 2,048 Мбит/с жылдамдықпен дыбыстың

 сигналды тарату  каналы;

- шығыстық ИКМ; МХС  платасына 2,048 Мбит/с жылдамдықпен  дыбыстың сигналды тарату каналы.

Абоненттік платаның бірнеше варианттары бар:

- базалық плата;

- тестіленген плата және қорғау 220V.

- жергілікті және қалааралық  таксафондардың платасы. Модульді  бақылау және коммутация платасының  байланысы келесілерге қызмет  етеді:

а) Қоңырау релесінің қосылуы және ажыратылуы үшін.

ә) Шақыруды қабылдау үшін.

б) Қажетті тонды тарату үшін.

Бұл плата келесі тізбектерден тұрады:

Абоненттік линияның қоректенуі, қоңыраудың қоректенуі, жоғарланған кернеуден  сақтану, кодталуы, тесттеу және дыбысты  күшейту. Қоңыраудың қоректенуі - 80 Vrms. Қоңыраудың кернеуі тапсырыс берушінің сұранысы бойынша таңдап алынады. Платада тек қана линиялық ток жүреді. Металдың изоляция және сындық түрлендіру гибридті трансформатормен жүзеге асырылады. Трансформатор жұмысының мақсатпен жүзеге асырылады. 820 Гц жиілікте жұмыс істейтін абоненттік линия кедергісі, шамамен 600 Ом. Платада 8А - /aw GODEC-тер орналасқан. GODEC-ті басқаратын сигналдар бақылау модулінен келеді. Бақылау модулінен келетін сигналдар абоненттік платада дешифраторланады. GODEC-тің синхронизацияланатын сигналы жүйенің негізгі синхронизациялық сигналдан түседі. Осы бақылау каналын қолдана отырып модульді бақылау және коммутация платасы (MXC) аналогты және цифралық линияны, қабылдау таратқыш CODEC-терді басқарады. Жоғарыда көрсетілген айырмашылықтан басқа таксофондық плата екі қосымша тізбегі бар. Бұл тізбектер таксофондық аппараттар үшін қажет 12 кГц жиіліктегі сигналдарды, қалааралық зуммерді тарату үшін қызмет етеді.

 

 

2.3.3 Коммутацияның  және сигнализацияның шарттары

 

Абоненттік линияның кедергісі: 2,000 Ом (телефон аппаратын 

ТА қосқанда).

Қоректену кедергісі: 2х400 Ом.

Сындар арасыдағы изоляция: 20 кал.

Телефондық аппаратқа қосылатын  абоненттік линияның дұрыс жұмысы үшін келесі параметрлер болуы керек.

1 Номерді теру жылдамдығы: 7 – 12 pps.

2 Босау қатынасы: 56-72%.

3  Жалған босау: Макс. 3ms.

4 Ақпараттың қосылу және ажыратылу уақыты.

а) Қосылу 21-63 ms;

б) Босау 46-103 ms.

5 Циффралық интервал: ≥200 ms.

Таксофондық линиялық плата  үшін: импульстер интервалының өзгеру мүмкіндігі бар.

 

 

2.3.4 E&M каналдық  плата

 

E&M каналдық плата  ақпаратты тарату жылдамдығы 2,048 мбит/с қамтамасыз ететін ИКМ  каналы көмегімен қосқыш линия  мен жүйе арасындағы коммутацияны  қамтамасыз етеді. Бұл плата  кез келген ретте орналаса  алады. Бұл плата модульді бақылау және коммутация платасымен басқарылады және төмендегідей модификациясы бар:

- E&M екі смды плата,  еркін жағдайда - ашық, бос емес - жерге қосу.

- E&M екі сымды плата,  еркін жағдайда - жерге қосылған, бос емес- ашық жерге қосылған.

- E&M төрт сымды плата, еркін жағдайда ашық, бос емес - жерге қосылған.

- E&M төрт сымды плата,  еркін жағдайда жерге қосылған, бос емес-ашық.

- E&M сегiз сымды плата,  еркін жағдайда- ашық, бос емес- жерге  қосылған.

- E&M сегiз сымды плата, еркін жағдайда- жерге қосылған, бос емес- ашық.

Екі сымды E&M каналдық плата төрт каналға, ал төрт сымды E&M каналдық плата екi каналға қызмет көрсете алады.

Плата жұмысы үшін қажетті  кернеу K5V және K12V қуатты түрлендіргіш платасынан түседі, ал 60 VDC кернеу KEBAN құрылғысының қоректену болгынан түседі.

E&M платасының екi сымды  орындалу кезінде әрбір канал  үшін төрт сым қосылады:

Екі сым - TIP/RING, 1-М, 1-Е, төрт сымды орындалу кезінде алты сым қосылады: Екi сым - қабылдауға, екi - сым таратуға, 1-М, 1- Е сегiз сымды орындалу кезінде сегiз сым қосылады: екi сым - қабылдауға, екi сым -таратуға, 2-М, 2-Е. Станциялық кросс және жүйенің артқы панелі көмегімен плата қосқыш линиялармен қосылады. Бұл платада екi ИКМ каналы бар. Олардың: бiр кірістік КИМ каналы 2,048 Мбит/с жылдамдықпен қосқыш линия бойынша дыбыстың сигналдарды таратуды қамтамасыз етеді.

 Шығыстық ИКМ каналы  МХС-та 2,048 Мбит/с жылдамдақпен ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді. Каналдық платаның бақылау және коммутация платасымен байлаысы келесі функцияларды орындау үшін қажет:

- логикалық тізбек жұмысы М;

- логикалық тізбек  жұмысы Е;

- таңдалыып алынған каналға аналогты тонды жіберу.

Екі сымды амал кезінде E&M платасының орындалуы 2/4 сымды  трансформация трансформатормен қамтамасыз етіледі. Екі жағдайда автоматты  қосқыш линияның кедергісі – 600 Ом. Платада 4А - Law CODEC-тан тұрады. CODEC-пен басқарылатын сигналдар МХС платадан келеді және қажетті CODEC-терді таңдау үшін сигналдар платада дешифраторланады. CODEC-пен басқарылатын синхронизацияланатын сигнал жүйенің негізгі синхронизацияланатын сигналдан түседі. Платаның беткі панелінде таңдап алынған немесе бос емес линияны көрсететі сегiз жасыл светодиодтар орналасқан. Абоненттік линиядан ҚЛ-ға өту кезіндегі жоғалтулар: 0-1 дБ ҚЛ тізбегінің күшеюі: 2,5 дБ.

М тізбегінің кедергісі:

а) Ашық тізбек: мин. 1 МОМ.

ә) Жерге қосылған: макс 20 Ом

Сигналды тарату тізбегі  екі жақта K2В потенциалдар айырмашылығы кезінде жұмысқа жарамды. Бұл айырмашылық Е соңына, сонымен қатар М соңына бірдей. Е алғының кедергісі 380÷2500 Ом.

 

 

2.3.5 LOOP каналдық плата

 

Плата ИКМ каналы бойынша 2,048 Мбит/с жылдамдық ақпаратты  тарату қосқыш линия және жүйе арасындағы коммутацияны қамтамасыз етеді. Плата  модульдің перифериялық платасына  арналған кез келген разъемінде орналаса алады. Бұл платалардың саны тапсырыс берушінің талабына сәйкес ҚЛ-ның санымен анықтайды. Плата модульді бақылау және коммутация платасымен басқарылады жәнеде келесідей модификациясы бар:

- шығыстық LOОP каналы;

- кірістік LOОP каналы.

Плата төрт ҚЛ-ны қамтамасыз етеді. Платаның жұмысы үшін қажетті кернеуі K12V, K5В POC платасынан түседі, ал – 48 В кернеуі SOPII құрылғысының қоректену блогынан түседі. Төрт сыңарлы сымдар TIP/RING көмегімен платаның артқы панелі арқылы MDF-қа қосылады. Бір сым қабылдаушы, екіншісі- таратушы.

Платаның екi ИКМ каналы бар. Олардың:

- Кірісті ИКМ канал, 2,048 Мбит/с жылдамдықмен ҚЛ-ға  дыбыстық сигналды таратады.

- Шығыстық ИКМ канал,  модульді бақылау және коммутация  платасына дыбыстық сигналды 2,048 Мбит/с жылдамдықпен тарату жүзеге  асырылады. 

МХС-пен осы платаның байланысы келесі амалдарды орындайды:

- батареляның кері  релесін қосады және ажыратады  (I/C LOOP канал);

- линия релесін қосады  және ажыратады (O/G LOOP канал). Линияны  қоректедіру кірістік LOOP каналынан  жүзеге асырылады;

- шақырыс сигналын  қабылдайды (I/C LOOP канал);

- аналогты тональды  сигналды таңдап алынған каналға  жібереді (I/C және O/G LOOP каналы).

Бұл платада 4А - LAW CODEC бар. CODEC-терді басқаратын сигнал MXC платасынан келеді және қажетті CODEC-терді таңдау үшін платада дешифраторланады. CODEC-пен басқарылатын уақыттың сигнал жүйенің таймерінен түседі. Платаның беткі панелінде таңдап алынған және бос емес линияны көрсететін төрт жасыл светодиод орналасқан. Абонеттік линиядан ҚЛ-ға өту кезіндегі жоғалулар: 0=1 дБ, ҚЛ тізбегінің күшеюі: 2,5 дБ.

ҚЛ тізбегі өзінің аяғына K5 В потенциялдар айырмашылығы кезінде жұмыс істеуі мүмкін. Кірістік қосылу платасы кезінде алшақталған станция және канал кедергісін қоса отырып, ҚЛ кедергісімен 5 ком жұмыс істейді. Шығыстық қосылу кезінде ҚЛ кедергісінің 100-3000 Ом байланысы үшін батареядан -48В 12МА ток өдіріледі.

 

 

2.3.6 Операторлық  ҚЛ-ның үш сымды плата

 

Операторлық ҚЛ-ның үш сымды платасы ақпаратты тарату жылдамдығын 2,048 Мбит/с қамтамасыз ететін ИКМ каналы көмегімен ҚЛ мен жүйенің  арасындағы коммутацияны қамтамасыз етеді. Бұл плата модульдің перифериялық платасы үшін кез келген разъемінде орналасуы мүмкін. Бұл плата модульді бақылау және коммутация платасымен МХС басқарылады және төрт каналға қызмет етеді. Платаның жұмысы үшін қажетті кернеу K5V және K12V қуатты түрлендіргіш платасынан түседі, ол - 60 VDC кернеуі KEBAN құрылғысының қоректену блогынан түседі. Операторлық ҚЛ-ның үш сымды платасы а, в және с атауы бар үш сымға қосылады. Станциялық кросс және жүйенің артқы панелі көмегімен плата операторлық ҚЛ-мен коммутацияланады. Бұл платаның екі ИКМ каналы бар:

- Кірістік ИКМ каналы, 2,048 Мбит/с жылдамдықпен ҚЛ бойынша дыбыстың сигналды таратуды қамтамасыз етеді.

- Шығыстың ИКМ каналы, МХС-қа 2,048 Мбит/с жылдамдықпен ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді.

Бақылау және коммутация платасыменн МХС байланыс операторлық  ҚЛ-ның үш сымды платасы жағынан келетін сигналдар көмегімен өзінің функцияларын орындайды (платаны таңдау, функцияны таңдау, стробимпульс). CODEC-ті басқаратын сигнал МХС платасынан келеді және сигнал платада CODEC-терді таңдау үшін сигнал платада дешифраторланады. Токтілік сигнал 2048 кГц және синхросигнал 8 кГц CODEC-пен басқаратын МХС платасынан, жүйенің таймерінен түседі.

 

 

2.3.7 Линиялық  сигнализациясының түрледіргіш  платасы (4WIST)

 

Линиялық сигнализациясының түрлендіргіш платасы линия және жүйе арасындағы линиялық сигнализацияны келістіру үшін арналған. Линияға түсетін линиялық сигналдар осы плата көмегімен жүйеге беріледі және керісінше жүйеде айналдырады; 2600 Гц, 1200+1600 Гц MF сигналдары және 50 Гц ANI сигналы линия сигнализациясының түрлендіргіші платасында орналасқан цифрлық сигналдар генераторы көмегімен өндіріледі және қабылданады. Модульдер платасының бірінші 15 позициясы линия сигнализациясының түрлендіру платасы үшін бөлінген. Төрт WIST платасы бұл модульде болатын МХС платасынан бақыланады. Төрт WIST линия сигнализациясының түрлендіргіш платасының жұмысы үшін қажетті кернеуі K5V және K12V берілген модульді қамтамасыз ететін кернеуді түрлендіру платасынан (POC) беріледі. Платаның трансмиссондық параметрлері МККТТ-нің 6-713 стандартына келеді. Желідегі интерфейс екі қабылдаушы және екі таратушы - төрт тізбек көмегімен жүзеге асырылады және төрт WIST линия сигнализациясы түрлендіргішіінң әрбір платасы Төрт аналогты каналға байланысты қамтамасыз етеді. Төрт WIST линия сигнализациясы түрлендіргіш платасының функциялары:

- төрт дыбыстық канал  үшін аналогты /цифрлық (А/Д) және  цифрлық/аналогты (Д/А) түрлендіру;

- функцияны таңдау  үшін 7 битті шина және мәліметтер  үшін 4 битті шина;

- 08 НЕХ платасының нөмірі;

- платаға каналдық жағдайы үшін индикация;

- шығыстық сигнал Т1;

- кірістік сигнал Т2;

- ANI 50Гц сигналды қабылдау  мүмкіншілігі;

- 2,5 дБ автоматтық реттеу;

- жүктеме компенсациясын  реттеу 2,5 дБ мүмкіншілігі;

- жүйенің интерфейсі.

Жүйедегі плата интерфейс функцияны таңдау үшін 7 битті шина және мәліметтер үшін төрт битті шина көмегімен жүзеге асырылады. Платада орналасқан кодтаушы құрылғы МХС платасынан түсетін сигналдар көмегімен жұмыс істейді.

 

 

 

 

2.3.8 Талшықты-оптикалық  сигналдар платасы (FTD)

 

FTD платасының беткі  панелі FC/PC типті екі талшықты-оптикалық  разъемы бар. Осы разъемның  көмегімен оптикалық қабылдау  және тарату жүзеге асырылады.  Сонымен бірге 750 Ом бойынша  1,6/5,6 типті екі коаксиалды разъем  бар. Бұл разъемдар көмегімен  DМХ платасы FTD платасы арасындағы байланысты 8 Мбит/с жүзеге асырады. FTD платасы 416122х32 DIN разъем көмегімен 19-шы разъемде орнатылады. Осы разъемға авариялық сигнализация және ескерту тізбегі және де қоректену тізбегі шығады. FTD платасы оптикалық таратқыштан LASER, PINFET қабылдағышынан, уақыт құрылғысынан, MCMI кодтау және декодтау құрылғыдан, сервисті канал LCA көмегімен бақылау құрылғысынан тұрады. Оптикалық таратқыш тізбегінде электрлік сигнал оптикалық сигналға түрленеді. Осы мақсатпен 1300 m толқын ұзындығында жанатын LASER диоды қолданылады. LASER диодының жылулық тәртібі РТС элементімен бақыланады.

Оптикалық қабылдау құрылғысында қабылдау тізбегі PINFET диодының көмегімен  оптикалық сигнал электрлік сигналға түрлендіреді. Тізбекке түсетін электрлік сигналдар 75 Ом (8 Мбит/с кезінде) және 120 Ом (2 Мбит/с кезінде) кедергісі бар. Қабылдау және тарату тізбегінде әрқашан оптикалық сигналдық жағдайын бақылайды. Нормасынан ауытқыған кезде бақылау нәтижесі бойынша авариялық сигнализация іске қосылады.

Тарату жылдамдығы 2 немесе 8 Мбит/с. Технология: LCA, LASER диоды, PINFET. Өлшемі (размер): 280х320 мм (DRX платасының типтік өлшемдері).

Кодталу: Электрлік НДВЗ, оптикалық МСМI.

Кедергі: 120 Ом, 2 мбит/с; 75 Ом 8 Мбит/с.

Авария сигнализациясы: мажор минор және светодиодтардың көрсетілуі.

Қолданылатын қуат: K5V кезінде 0,5А, -5V кезінде 0,35А, K5V кезінде 0,65А. FTD платасының беткі панеліне түсініктеме беріп кетелік.

- 8М "ALIS" және 8М  "VERIS" разъемінің көмегімен  8 мбит/с НДВЗ сигналдардың коммутациясы  жүзеге асырылады;

- авария ықтималдылығы  көбейген жағдайда 10-3 шамасынан көп болса, онда 10-3 қызыл "НАТА" светодиоды жанады;

- шамадан жоғары авария  ықтималдылығы көбейген жағдайда;

- 10-6 шамасы болса, 10-6 сары "НАТА" светодиоды жанады;

- егер электрлік кірістік сигнал жоғалса, онда 8М "GУОК" қызыл светодиоды жанады;

- егер LASER диодының шығысында  керекті оптикалық қуат өндірілмесе,  онда қалыпты тәртіпте жанып  тұрған жасыл LASER NORM светодиоды  сөнеді;

- егер кірістік оптикалық  сигнал болмаса, онда қызыл  ОР " GУОК " светодиоды жанады;

- плата "ACIK/KAPALT" тумблермее  тізбекке қосылады немесе өшіріледі. OPIN және OPOUT разъемына оптикалық  кіріс және оптикалық шығыс  қосылады;

- тест коннекторының разъемінде:

- Т1 = фотодиод кернеуіне (LASER Monitor Photodiode);

- Т2 = ОР IN-нен сигнал;

- Т3 = Тригердегі кернеуге;

- Т4 = жер.

 

 

2.3.9 Көбейткіш  платасы (DМХ)

 

Көбейткіш платасының беткі  панелінде 75 Ом бойынша 1,6/5,6 екі коаксиолды разъемы бар. Осы разъеемдар көмегімен FTD және DMX платалар арасындағы 8 Мбит/с  байланысты, сонымен бірге басқа көбейткіштермен байланысты жүзеге асырады. Артқы панельдегі кірістік және шығыстық 2 Мбит/с сигналдар DMX платасы қойылатын разъемға енгізіледі. DMX платасы 2х32 контакты разъем DIN 41612 көмегімен артқы панелге қосылады. DMX платасы оң конверсия (+) жолымен 2 Мбит/с жылдамдықтағы төрт сигналға бөлінеді. Қабылдау және тарату соңында электрлік сигнал параметрлері әрқашан бақыланады. Номиналды параметрінен ауытқыған кезде сәйкес кетелін сигнализация іске қосылады.

МККТТ сәйкес: МККТТ G. 742 бөлімі

Технология : LCA

Өлшемдері: 280х320 ММ (DRX платасының типтік өлшемі)

Көбейту: біріншіден екіншіге (ИКМ)

Кедергі: 120 Ом (салмақталған) 2 Мбит/с

Информация о работе Егіндібұлақ желісін талдау және оның мәселелері