ЖОО психологиялық қызмет: ұйымдар, мақсаты, міндеттері, жұмыс тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 23:11, реферат

Краткое описание

Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер адам өмірінің барлық саласына, оның ішінде жоғары кәсіптік білім беруге айтарлықтай ықпалын тигізді. Дәстүрлі білім беру парадигмасының ізгілікті, тұлғалық-бағдарланған білім беруге көшуі, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі білім беру мақсаты мен оның тиімділігінің қалыптасқан критерийлерін қайта қарауды талап етіп отыр. Жоғары білім берудің мақсаты білім мен біліктерді меңгеру көлемі емес, өз бетінше жұмыс жасай алатын, бастамашыл, бәсекеге қабілетті, нарықтық ортада тиімді іс-әрекет жасай алатын тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖОО психологиялық қызмет.doc

— 139.50 Кб (Скачать документ)

Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің моделі мазмұндық және функциялық ерекшеліктері бар мақсаттық, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, мазмұндық, нәтижелік компоненттерінен тұратын жүйе ретінде көрсетілген.

Жоғары оқу орны психологиялық  қызметінің мақсаттық компонентін анықтаған кезде қазіргі жоғары білім берудің стратегиялық мақсаттары мен прициптерін бағдарға алдық. Отандық жоғары кәсіптік білім берудің модернизациясы студенттердің белгілі бір білімдерді меңгертуге ғана емес, ең алдымен олардың тұлғасын дамытуға бағытталады. Осыған байланысты психологиялық қызметтің негізгі мақсаты студенттердің тұлғалық-кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

Модельдің әдіснамалық компоненті жоғары оқу орны психологиялық қызметін ұйымдастыру принциптері, жұмыс жасау шарттары мен әдістері, сонымен қатар оның қызметінің тиімділік критерийлерінен тұрады. Біздің моделіміздің шегінде психологиялық қызмет тиімділігінің бірқатар шарттарын қарастырамыз. Бұл субъективтік және объективтік талаптар мен шарттар болып табылады. Оның ішінде ұйымдастырушылық және әліеметтік-психологиялық шарттарды ерекшелеп көрсетеміз.

Ұйымдастырушылық  шарттарға жоғары оқу орнының нақты жағдайына сай келетін ғылыми негізделген, әрекетшіл психологиялық қызмет құрылымын құру; психологиялық қызметті нормативтік-құқықтық және құжаттық қаматамасыз ету; жеткілікті материалдық-техникалық және кәсіби ресурстармен қамтамасыз ету; психологиялық қызметті жоғары оқу орны білім беру жағдайына интеграциялау.

Әлеуметтік-психологиялық  шарттарға біз мыналарды жатқызамыз: психологиялық қызмет мазмұнының білім беру кеңістігі субъектілерінің көкейкесті сұраныстарына сай болуы; білім беру үдерісі субъектілерінің жоғары оқу орны психологиялық қызметімен өзара әрекеттесу және ынтымақтастықта болуға даярлығы; психологиялық қызмет ұжымының ішінде жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал, ынтымақтастық және өзара сенім; психологиялық қызмет мамандарының кәсіби деңгейінің жоғары болуы.

Жоғары оқу орны психологиялық  қызметінде қолданылатын әдістерге: психологиялық  фактілер мен оларды интерпретациялау тәсілі ретінде ғылыми зерттеу әдістері, сонымен қатар практикалық психология, оның ішінде жеке және топтық психологиялық кеңес беру (сұхбат, белсенді тыңдау және т.б.); психодиагностикалық (мысалы, проективті әдістер); кәсіби бағдар беру әдістері (мысалы, белсендіру әдістері: психологиялық ойындар мен жаттығулар, «кәсіби сынамалар» және т.б.); психологиялық түзету әдістері (мысалы, жағдаятты талдау әдістері, арт-психология әдістері); дамытушы әдістер (мысалы, әлеуметтік-психологиялық тренинг және т.б.).

Жоғары оқу орны психологиялық  қызметінің мазмұндық компонентінде бірқатар негізгі функциялары атап көрсетеміз: зерттеушілік, психодиагностикалық, коррекциялық, сауықтыру және ағартушылық. Берілген функциялар психологиялық қызметтің негізгі бағыттарын анықтайды.

Психологиялық сүймелдеудің барлық кезеңдерінде психологиялық қызметтің нәтижесі жоғары оқу орны түлегінің тиімді кәсіби қызмет жасауға психологиялық даярлығы болып табылады.

Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде даярлық кез-келген іс-әрекетті орындаудың алғашқы шарты болып  табылады (Б.Г.Ананьев, А.А.Деркач, М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович, В.А.Крутецкий, Н.Д.Левитов, К.К.Платонов және т.б.)

Біз өз жұмысымызда психологиялық  даярлықты мотивациялық, мақсаттық, реттеуші, тұлғалық, рефлексивті және бағдарлық компоненттерден тұратын  тұлғаның тұтас құрылымы ретінде қарастырамыз (1 кесте).

1 кесте – Кәсіби іс-әрекетке психологиялық даярлығының компоненттері мен көрсеткіштері

 

Психологиялық даярлық компоненттері

Компоненттің сипаттамасы

Психологиялық даярлық көрсеткіші

Мотивациялық

 

Тұрақты және саналы кәсіби мотивация, кәсіби қызығушылық, кәсіпті таңдауға қанағаттанушылық, мамандықты меңгеруге және жұмыс жасауға талпыныс

Тұлғаның кәсіби іс-әрекетке бағыттылығы

Мақсаттық

 

Жақын және алыс преспективаларды қочя білу икемділігі, жеке және кәсіби мақсаттарды  саналы түсіну, мақсатқа жетудегі кедергілерді жеңуге даярлығы.

Нақты мақсаттар мен құндылықтық  бағдарлардың болуы

Реттеушілік

Эмоционалдық тұрғыдан өзін-өзі  реттеу, стресске қарсы тұру дағдыларының қалыптасуы

Эмоционалдық тұрақтылық

Тұлғалық

Қазіргі жағдайда неғұрлым талап етілетін тұлға сапаларының қалыптасуы

Интегралды көрсеткіштер: тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейі; коммуникативтік және әлеуметтік құзіреттілік.

Жеке көрсеткіштер: еңбекқорлық, шығармашылық, үздіксіз дамуға және кәсіби өсуге  қабілеттілік, сенімділік, әлеуметтік-психологиялық құзіреттілік және т.б.

Рефлексивтік

Өзін-өзі тану, өзінің күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктерін және ресурстарын, өзінің қателері мен сәтсіздіктерінің білу

Эго-құзіреттілік

Бағыттаушылық

Қазіргі заманғы еңбек нарығының ерекшеліктерін білу, әңгімелесуге дайындық пен одан өтудің түрлі аспектілерін білу және т.с.с.

Өз бетінше жұмыс іздеп, орналасуға дайын болу


 

Бірінші кезеңнің бірінші  сатысында білім беру үдерісінің түрлі субъектілерінің жоғары оқу орнының психологиялық қызметіне сұраныс сипатын зерттедік. Сауалнама нәтижелері сапалық және сандық өңделіп, контент-анализ жасалынды. Осы кезеңдегі зерттеу жұмысы студенттердің, оқытушылардың психологиялық қызметке позитивті қатынасын және қажеттілікті көрсетті. Студенттер мен магистранттардың  93,7 %, оқытушылардың 91,1 % жоғары оқу орнында психологиялық қызметтің болуы қажет деп есептейді. Студенттердің 18,5 % жоғары оқу орнында психологиялық қызмет болған жағдайда жеке мәселе бойынша жүгінер едік деген пікірін білдірді. Оқытушылар жоғары оқу орнында психологиялық қызмет, ең алдымен студенттік өмір қиындықтарының алдын алу және шешу үшін қажет деп санайды.

Қорытынды

Кезеңдер бойынша жүргізілген психологиялық сүйемелдеу бағдарламасы тиімділігін дәлелдеді. Әрбір жоғары оқу орнында психологиялық қызметті ұйымдастыру қажеттілігі қоғам дамуының талабы, білім беру жүйесінде, ғылымда, техника мен мәдениетте психология ғылымының рөлінің артуынан туындайды. Зерттеу жұмысы жоғары оқу орны психологиялық қызметінің оқу-тәрбие процесіндегі ұйымдастырушылық, әдістемелік және қолданбалы сипаттағы мәселелерді шешуде маңызы зор екендігін көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет

1. Битянова, М. Модели деятельности  психолога в.образовательном учреждении / М: Битянова, Т. Беглова- (Электронный  ресурс] // Школьный психолог. - 2010. - № 2. - Режим доступа :hllp://psy. lseptember.ru/view__aiticle.phplD~201000213..

2. Битянова, М. Р. Организация-  психологической работы в-школе. - М: Совершенство; 1998. 298 с. 

3. Забродин, Ю. М. Развитие- советской  психологии и задачи психологической службы / Ю.М. Забродин // Психологический журнал. - 1984.-Т. 5, № 6.-С. 3-20.

4. Забродин, Ю. М. Проблемы разработки  практической психологии (о научных  основах психологической службы) / Ю. М. Забродин//Психологический журнал. - 1988. - Т. 1, № 2. -С. 5-18.


Информация о работе ЖОО психологиялық қызмет: ұйымдар, мақсаты, міндеттері, жұмыс тәжірибесі