ЖОО психологиялық қызмет: ұйымдар, мақсаты, міндеттері, жұмыс тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 23:11, реферат

Краткое описание

Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер адам өмірінің барлық саласына, оның ішінде жоғары кәсіптік білім беруге айтарлықтай ықпалын тигізді. Дәстүрлі білім беру парадигмасының ізгілікті, тұлғалық-бағдарланған білім беруге көшуі, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі білім беру мақсаты мен оның тиімділігінің қалыптасқан критерийлерін қайта қарауды талап етіп отыр. Жоғары білім берудің мақсаты білім мен біліктерді меңгеру көлемі емес, өз бетінше жұмыс жасай алатын, бастамашыл, бәсекеге қабілетті, нарықтық ортада тиімді іс-әрекет жасай алатын тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖОО психологиялық қызмет.doc

— 139.50 Кб (Скачать документ)

Осы міндеттерді шешуге "оқыту мен тәрбиелеу технологияларын" жетілдіру арқылы қол жеткізуге  болады. Атап айтқанда, студенттердің танымдық іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру, студенттердің оқу іс-әрекетін белсендіруге бағытталған оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалану, олардың шығармашылық ойлауын дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу және өз іс-әрекетін өз бетінше басқара білу қабілеттерін тәрбиелеу; оқу топтарының шығармашылық ұжымдарын тәрбиелеу және олардың                өзін-өзі басқару ұйымдарында рөлін көтеру болып табылады.

Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын жасау мен  тәрбиелеуде психологиялық қызмет маңызды рөл ойнайды. Себебі оқу іс-әрекетінің субъектісі мен орталық фигурасы студент, ал оқыту үдерісінің өзі – қарым-қатынас, тұлғаны, ақыл-ой әрекеттерін және операцияларын қалыптастыру болып табылады.

  1. Жоғары білікті мамандарды даярлау үдерісін басқаруға қойылатын талаптардың өзгеруі. Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерсін басқару ол "Бір оқытушы – бір студент" принципі бойынша құрылған кезде қолайлы болды. Қазіргі кезеңде жоғары оқу орны бірнеше ғылыми-зерттеу институттары, факультеттері, институттары, ондаған кафедра, жүздеген оқытушы, мыңдаған білім алушылар бар өте күрделі жүе болып табылады. "Бірде бір" принципі бойынша басқару мүмкін болмай қалды: басқару құралының өзгермегеніне қарамастан әрбір оқытушы ондаған, жүздеген студенттермен жұмыс істейді.

Қазіргі кезеңдегі жоғары оқу орнының құрамы мен құрылымының  күрделі екендігі сонша кез-келген уақытта басқару қиындықтарына  кездесуі мүмкіндігінің туындауы болып  табылады. Сондықтан да басқарудың тиімділігін көтеру жоғары мектептің  өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Әрине бұл мәселелерді үлкен жүйелерге тән заңдылықтар мен "адам факторының" рөлін ескере отырып шешу қажет. Аталған заңдылықтарды және оларды оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында пайдалану мүмкіндіктері кең. Егер қазіргі кезеңдегі жоғары оқу орындарын басқару жүйесі ретінде қарастырсақ, онда үш өзара бағынышты блокты ерекшелер көрсетуге болады: әкімшілік, ұйымдастырушылық және оқу. Бұл блоктардың әрқайсысы басқарудың көпдеңгейлі жүйесі болып табылады. Әкімшілік қызметтерді ректор, проректорлар, оларға бағынышты бөлімдер – оқу, ғылыми, шаруашылық, кадр және т.с.с. атқарады. Ал ұйымдастырушылық блоктың элементтері – институт директораттары, факультет деканаттары, кафедралар, оқытушылар болып табылады.

Енді "психологиялық қызмет" ұғымына сипаттама беріп өтсек. Психологиялық қызметтің бір мағыналы түсінігі жоқ. Жантану атауларының түсіндірме сөздігінде "Психологиялық қызмет - адамдарға мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған арнайы қызмет жүйесі" делінген. Дегенмен, психологиялық қызметтің алдына қойған міндеттері мен оларды шешу жолдарын көрсететін екі неғұрлым ортақ анықтамаларды ерекшелеп көрсетуге болады.

Біріншіден, психологиялық қызмет білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс және т.с.с. психологиялық қамтамасыз ете отырып психологиялық қызмет көрсетудің ерекше аясын жасайды. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс, құқық қорғау, көлік және т.б. салалардағы психологиялық сараптама, диагностика, кеңес берудің кешенді міндеттерін шешу үшін психологиялық білімдерді практикалық қолдану болып табылады. Басқаша айтқанда, "психологиялық қызмет" деп бүкіл практикалық психологияның саласын көрсетеді.

Екіншіден, психологиялық қызмет деп түрлі әлеуметтік институттар мен ұйымдарда білікті психологиялық көмек қажет ететін адамдарға арналған арнайы мекемелер жүйесін де атайды. 

Жоғары оқу орнының  психологиялық қызметі психологиялық  диагностика (жеке және топтық), кеңес беру, психологиялық сауықтыру, психологиялық білімдерді насихаттау, студенттерді әлеуметтік-психологиялық бейімдеу, психологиялық мәдениет деңгейін көтеру, тренингтік сабақтар сияқты негізгі құрылымдық бірліктерді біріктіретін қызмет болып табылады. Егер онда "дөңгелек" үстелдерді ұйымдастыру, өзге жоғары оқу орындарының психологиялық қызметтерімен тәжірибе алмасу, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, оқытушыларға қатысты студенттермен, өзара тиімді қарым-қатынас жасауды машықтандыруға бағытталған коммуникативті тренингтер ұйымдастырылса, тақырыптық сұхбаттар жүргізілсе, ата-аналармен де тиісті жұмыстар ұйымдастырылса қызметтің тиімділігі арта түскен болар еді.

Жоғары оқу орны психологиялық  қызметінің негізгі міндеттері студенттердің  кәсіби дамуы мен қалыптасуын психологиялық қолдау мен сүйемелдеу болып табылады. ЖОО-ның психологиялық қызметі білім беру жүйесінің дербес элементтеріне қызмет етуге емес, басты жағдайда аталған жүйе мен оның барлық субъектілерін тұтас психологиялық қамтамасыз етуге бағдарлануы тиіс. Білім беру практикалық психологиясында психологиялық сүйемелдеу идеологиясы кеңінен таралып, нақты бекітілді. Психологиялық сүйемелдеуді оқыту және тәрбиемен қатар білім берудің үшінші жағы ретінде қарастыруға болады. Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісін психологиялық сүйемелдеу білім алушыға оқу жылының түрлі кезеңдерінде білікті көмек беру мен қолдаудың жүйелі технологиясы болып табылады. "Психологиялық сүйемелдеу" ұғымы ресей ғалымдары Ю.В.Слюсарев, Ю.М.Забродин, Э.Ф.Зеер, М.Р.Битянова және т.б., қазақстандық ғалымдар И.А.Абеуова, Ж.И.Намазбаева, Г.А.Дусманбетов, М.Н.Махаманова және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.

Көптеген зерттеушілер психологиялық сүйемелдеу деп нәтижесі өз бетінше таңдау мен шешім қабылдау арқылы тұлғалық және кәсіби дамуы болып табылатын білім алушылардың өзекті қажеттіліктерін (білім беру, жас ерекшелік, дербес-тұлғалық) шешу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған психологтың ұйымдастырылған іс-әрекеті болып табылады. Бұл жағдайда білім алушы ықпал етудің объектісі емес, субъектісі ретінде болады. Жоғары оқу орнының білім алу үдерісінде студенттің тұлғалық-кәсіби дамуын психологиялық сүймелдеудің мәнін анықтағанда бізге ресейлік ғалым Э.Ф.Зеердің тәсілі неғұрлым жақын. Ғалым психологиялық сүйемелдеу деп тұлғаның кәсіби қалыптасуын зерттеудің, қалыптастырудың, дамыту мен түзетудің тұтас үрдісі деп түсінеді.

Практикалық психологияның мақсаты – ғылыми зерттеулер емес, тікелей психологиялық көмек.

Бұл жерде ғылыми және практикалық психологияны қарама – қарсы қоюға да болмайды. Бұлар психологиялық жұмыстың тығыс байланысты салалары. Және маманның кәсіби дайындығына деген әр түрлі талаптар қойылатын психолог іс-әрекетінің екі түрлі типі.

Психологтың кәсіби іс-әрекетінің үш түрін ерекше көрсетуге болады:

  1. Жаңа психологиялық білімдерді (түсіндірмелер, психологиялық құбылыстардың дәлелі мен болжамдар, психологиялық заңдылықтарды оқыту) ашу жолына бағытталған ғылыми зерттеулер;
  2. Практикалық мәселелерді шешуге керекті психологиялық білімдерді қолданумен байланысты психологиялық жұмыс (психологиялық диагностика және кеңес беру, коррекционды және дамушы жұмыс, психологиялық профилактика);

Кейбір мағынада ғылыми және практикалық психологияның  ара қатынасы адам физиологясы мен  медицина арасындағы қарым-қатынасқа  ұқсас болып келеді. Физиологияның негізгі мақсаты – адам ағзасын зерттеу. Медицинаның басты мақсаты – адамға көмек жасау. Бірақ бұл ерекшеліктер қатынасты. Адам физиологиясындағы білімдер қолданбалы мағынаға ие бола алады. Сонымен бірге өзінің білімдерін біріктіре келе медицина медициналық ғылымды жетілдіре түспек. Олардың өзара қарым – қатынасы: физиологияда медицина материалдары оқытылады, медицинада – физиологиялық зерттеу нәтижелері қолданылады.

Психологтардың практикалық  іс-әрекеті жиырмасыншы жүзжылдық  бойы адамдардың әртүрлі өмір сфераларына көп әсер ете бастады. Бірақ бұл процесс әртүрлі елдерде бірдей жүрген жоқ. АҚШ-та пратикалық психологияның тарауына Америка Психологилық Ассоциациясының белсенділігі маңызды дәрежеде болды және де жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында Англия, Франция, Швейцария және т.б. Европалық елдерде психолог практиктердің саны көбейді. Медициналық психологиялық, мектептік психолгия және ұйымдық психология практикалық психология жұмысын қолдануда негізгі сфералар болып табылады.

Осы уықытта біздің елде біршама практикалық психологиялық тәжірибе жиналған, және адамдардың, және адамдардың кәсіби іс, өмір іс-әрекет сфераларында үлкен табыс әкелді. Бірақ психолгия ғылымның және практиканың мүмкіндіктері туралы көріністер кейде нақтылы емес және шындыққа сәйкес келмейді. Шын мәнінде ол соны бере алмаса да психодогиядан көпті күтеді, көптеген психологиялық білімдер тікелей практикалық қолданудан алыс, олар көп интеллектуалды жұмыстарды және шығармашылық қадамдарды қажет етеді. Кейде психологтан бір мәселені шеше алатын «тетікті» іздейді немесе табуға көмектеседі деген үмітте болады.

Ата-аналардың, мұғалімдердің, кәсіпкерлерді, мемлекеттік қызметкерлердің  санасында «психология» деген магиялық сөз ретінде қалыптасты. Мұғалімдер, ата-аналар немесе басқарушылар өздері шеше алмайтын мәселелерді психологтың компетенциясына жібере бастаған. Бала оқығысы келмейді, бағдарламаны түсіне алмайды ма? Оны психологқа! Түсіне және оқығысы келетіндей ғып істесін. Өнеркәсіптен табыс жоқ? Психологқа ұйымның дамуын жоспарлауға, жаранамалық компанияны жоспарлауға және жаңа жұмыскерлерді жинауға тапсырма беру керек. Немесе кейде, нақтылы мәселелерді түсінбей және белгілі бір міндеттерді қоймай психологты штаттық жұмысқа алады, одан тек бәріне жақсы болатындай ғып «бірдеме» істеуін сұрайды.

Егер де психологиядан  және психологтардан күткен үміттері ақталмай, талаптар орындалмаса, онда олардың көңілдері қалып қояды. Психологпен істелген жұмыс процесіне  және нәтижесіне жоғары сыни қатынас  пайда болады. Бірақ, шын мәнінде  психолог сиқыршы емес, ол түгел мәселелерді жалғыз шеше алмайды.

Психолог тәжірибешілер  қалай жұмыс істейді?

Практикалық психология жұмысының негізгі кейіпкерлері болып тапсырушы, клиент және психолог табылады.

Психологиялық жұмысының  тапсырушысы болып мемлекет  табылады. Мемлекеттің тапсырушысы ретінде министрлік немесе депертамент, аймақтық әкімшілік, өнеркәсіп, жанұя, нақтылы адам болады. Тапсырушы психологқа өзінің жұмысқа деген тапсырысымен келеді. Жұмыстың негізгі мәні клиенттің психологиялық проблемаларын шешу, оған психологиялық көмек көрсету, жене де ол осы жұмыстың ақысын төлейді. Клиент дегеніміз өзінің мәселелерің шешудегі психологиялық көмек алушы адам немесе адамдар тобы. Психологиялық мәселе адамға негізінен қиындық ретінде келеді. Ол осы қиындықтан психолог көмегімен өткісі келеді.

Психолог пен клиент арасындағы қарым-қатынас үш жақтан қаралады: психолог практик, эксперт, мұғалім немесе консультант.

Адамдар арасындағы өзара  көмектің дәстүрлі тамыры тереңнен басталады. Психологиялық көмекке тікелей  қатысы бар мамандықтың дүниеге келуін, қазіргі әдебиеттерде бар мәліметтерге сүйене отырып зерттеп, оның негізгі 6 алғышарттары мен қайнар көздерін атауға болды:

  1. Эксперименталды психологияның дамуы. 1879 жылы В. Вундт Лейпцигте бірінші психологиялық лаборатория ашады.
  2. Психикалық аурулардан зардап шегуші адамдарға жаңа, гумандық және ғылыми тұрғыдан келудің қалыптасуы.
  3. Психолгиялық тестің дамуы және ақыл-ой тазалығы қозғалысының дамуы. Бұл интелектуалды коэффиценттің бірінші тестерін жасаушы Ф. Гальтон мен Ф. Бине іс-әрекетімен байланысты. Л. Термен, Э. Торндайк, Кл. Бирс алғашқы рет АҚШ-да ақыл-ой тазалығын ұйымдастырды.
  4. 20-шы ғ. 1-ші жартысында Фр. Парсонның еңбегі мен мамандықты таңдау және адамға өзіне сай жұмысты таңдауда көмек көрсетуге арналған кеңестің берілуінің дүниеге келуі.
  5. 40-шы жалдарда АҚШ-да дүниеге келген және бекітілген К. Роджерстің/директивті емес психотерапиясы/, қоғамдық санада психологиялық көмек туралы көріністерді бекітті, «пациент» термині «клиент» деп аталынды. Бұл қазіргі уақытта дербес кеңес беруді, психотерапияны біріктірді.
  6. Соңында, американдық дәстурге тән, 2-ші діниежүзілік соғыс қарсаныңда діни қамқорлық және әлеуметтік қызметкерлер институты пайда болды. Аралас философия, социология факультеттерінің түлектері, яғни бұл мамандар қиын эмоционалды немесе ауыр тұрмыс жағдайына ұшырағандарға практиқалық көмек көрсетуге арналды.

Осылайша, 20 ғасырдың 50-ші жылдарында психологиялық, психиатрлық, психотерапевтік, әлеуметтік және діни практикадағы ағымдар жаңа адамзат  іс-әрекеттерінің облысы кеңес беру, психологиялық көмекті бекітті.

ХХ ғасырдың аяғынан  және ХХ-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап, жоғарында аталған ағымдар өндірістік революцияның негізінде пайда болды. Олар: индустрияландыру, жаңа мамандық пен жаңа жол құралдарының пайда  болуы, әлеуметтік қатынастың әртүрлі деңгейінің көтерілуі, адамдардың үлкен массаларының қалаға келуіне байланысты жұмыссыздықтың өсуі т.б.

Соңғы жылдары, әсіресе  АҚШ университеттерінде және басқа  оқу мекемелерінде (семинария, колледж) арнаулы факультеттер ашылды: жанұя психотерапиясы, философия, теоогия, психология, социология. Түлектер, қауымдарда, т.б. әртүрлі мәдени және білім беру орталықтарында адамға практикалық және психологиялық көмек көрсетуге құқық алды және диплом берілді. Осы көрсетілген мамандардан басқа 20-шы ғасырдың 60-шы жылдарында медициналық психотерапия облысында жұмыс істеуші кәсіпкерлердің әр түрлері стандартталды.

  1. Дәстүрлі психиатр фигурасы.
  2. Медицина ғылымы докторы дәрежесі бар, психоанализ облысында қосымша білім алатын, психоаналитик;
  3. Клиникалық психолог;
  4. Әлеуметтік қызметкер.

Осылайша, психологиялық  көмекті индустрияландыру дәстүрлі медициналық және діни өзара көмектен басқа, 2  принципті жаңа қызмет түрі мен мамандықты өмірге әкелді.

Бұл институттың дамуының жалпы тенденциялары индивидтің және жеке бастың социумдағы өмір сүруінің жаңа формаларына әкелді.

Білім беру жүйесіндегі  психологиялық қызметтің ғылыми негіздемесі ретінде, отандық психологиядағы адам психикасының дамуы мен әлеуметтік табиғаты ретіндегі теориялық ерекшеліктері  алынады. Онда адамның психикасы дамудың өнімі және психикалық даму адамзаттың жинаған әлеуметтік тәжірибесінің нәтижесі ретінде қарастырылады (филогенетикалық және онтогенетикалық қатынастарда). Мұнда Л.И. Бажович, Л.С. Выготский, А.В. Запарожец, А.Н. Леонтьев, А.В. Петровский, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин және басқа да авторлардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Осы теориялық көзқарастарға сай, жеке адам сана мен жүріс-тұрыстың қоғамдық формаларын меңгеру барысында қалыптасады. Жеке адамның қалыптасуы дүниеге келген уақыттың алғашқы минутынан бастап және баланың психикалық дамуымен қатар жүреді. С.Л. Рубенштейн психиканың дамуы сандық өзгерістердің сапалыққа ауысуы арқылы жүретін өзгеру процесі деп көрсеткен.

Практикалық психологтардың міндеттері адамдардың неғұрлым шығармашылықты және икемді болуларына көмектесуге бағдарланған практикалық психологиядан туындайды. Практикалық психологтар өзерінің кәсіби іс-әрекеттерімен адамдар өмір сүріп, жұмыс жасайтын жерлердегі қиындықтарды шешу үшін теориядағы жетістіктерді және психологиялық әдістерді қолдану арқылы адамдардың психологиялық денсаулығын жақсартуға және қоғамның психологиялық мәдениетінің өсуіне ықпал етеді.

Информация о работе ЖОО психологиялық қызмет: ұйымдар, мақсаты, міндеттері, жұмыс тәжірибесі