Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 23:11, реферат
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер адам өмірінің барлық саласына, оның ішінде жоғары кәсіптік білім беруге айтарлықтай ықпалын тигізді. Дәстүрлі білім беру парадигмасының ізгілікті, тұлғалық-бағдарланған білім беруге көшуі, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі білім беру мақсаты мен оның тиімділігінің қалыптасқан критерийлерін қайта қарауды талап етіп отыр. Жоғары білім берудің мақсаты білім мен біліктерді меңгеру көлемі емес, өз бетінше жұмыс жасай алатын, бастамашыл, бәсекеге қабілетті, нарықтық ортада тиімді іс-әрекет жасай алатын тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.
ЖОО психологиялық қызмет: ұйымдар, мақсаты, міндеттері, жұмыс тәжірибесі.
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер адам өмірінің барлық саласына, оның ішінде жоғары кәсіптік білім беруге айтарлықтай ықпалын тигізді. Дәстүрлі білім беру парадигмасының ізгілікті, тұлғалық-бағдарланған білім беруге көшуі, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі білім беру мақсаты мен оның тиімділігінің қалыптасқан критерийлерін қайта қарауды талап етіп отыр. Жоғары білім берудің мақсаты білім мен біліктерді меңгеру көлемі емес, өз бетінше жұмыс жасай алатын, бастамашыл, бәсекеге қабілетті, нарықтық ортада тиімді іс-әрекет жасай алатын тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.
Бұл дегеніміз, қазіргі заманғы жоғары кәсіптік білім беру өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік тұрақты және сонымен бірге ұтқыр, кәсіби салада болып жақтан өзгерістерге жылдам бейімделе алатын тұлғаның дамуына ықпалын тигізетін психологиялық-педагогикалық жағдайларды қамтамасыз етуге бағыттылған деген сөз. Осы жағдайда жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісін психологиялық сүйемелдеудің рөлі айтарлықтай артып отыр. Жоғары оқу орнында психологиялық қызметтің қажеттілігі жайлы әр түрлі деңгейдегі басылымдарда және конференцияларда ғалымдар, практиктер белсенді талқылауда. Олардың барлығы жоғары кәсіптік білім беру алдындағы міндеттерді білікті психологиялық қамтамасыз етусіз мүмкін еместігін мойындап отыр.
Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісі көпдеңгейлі, бірнеше жүйені біріктіретін динамикалық жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйенің түпкі мақсаты - мамандарды жалпы және кәсіби тұрғыдан даярлаудың жоғары сапасына қол жеткізу. Мамандарды даярлауда психологиялық сүйемелдеудің өзектілігін тәжірибе көрсетіп отыр. Психологиялық сүйемелдеуді оқыту және тәрбиемен қатар білім берудің үшінші жағы ретінде қарастыруға болады.
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің болуы елдегі жоғары білім берудің дамуының жоғары көрсеткіші екендігін куәсі болып табылады. К.А.Абульханова-Славская психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы мамандарды даярлау сапасын арттыру міндеттерімен ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орнында тұлғаның дамуына, өзін-өзі дамытуына, өз әлеуетін жүзеге асыруға толық жағдай жасау міндеттерімен де байланысты екендігін атап өтті.
Кәсіптік білім беруді психологиялық қамтамасыз ету мен жоғары оқу орындарына психологиялық қызметтің қажеттілігі туралы кеңес психологтары бірнеше көп жыл бұрын айтып өткен болатын. Аталған мәселенің теориялық негіздерін жасау мен тәжірибеде жүзеге асыруға талпыныс өткен ғасырдың 70-ші-80-ші жылдары байқалады (Б.Г.Ананьев, Н.М.Пейсахов және т.б.). Осы жылдары кеңестік мемлекеттерде бастамашылдық негізінде алғашқы психологиялық қызметтер пайда бола бастады. Бірақ білім беру психологиясының теориялық-әдіснамалық және ұйымдастырушылық аспектілерінің жетілдірілмеуі және практикалық психологияның тұрақсыз жағдайы олардың қызмет жасауы мен дамуын тежеді.
Айта кету керек, соңғы жылдары посткеңестік мемлекеттерде, сонымен қатар біздің елімізде психологиялық қызметті ұйымдастыру мен дамыту мәселесін зерттеуге көп назар аударылуда. Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің түрлі аспектілерін зерттеуге, оны ұйымдастыру мен дамыту мәселелеріне, жекелеген жоғары оқу орындарының тәжірибесін талдауға А.А.Бодалевтің, Ю.М.Забродин, А.А.Захаров (1979), Н.М.Пейсахов (1981), С.М.Глушакова (1986), П.Н.Ермаков, В.А.Лабунская, В.А.Терехин (1987), Л.В.Меньшикова, Г.Б.Скок (1990), К.А.Абульханова (1993), Б.Б.Коссов (1993,1995), С.А.Недбаева (2003), В.В.Жидкова (2006), қазақстандық ғалымдар Ж.И.Намазбаева, И.А.Әбеуова (2004) және т.б. ғалымдардың еңбектері арналған.
Соңғы жылдары психологиялық қызмет бірқатар ресейлік жоғары оқу орындарында құрылды. Дегенмен, қазіргі кезде психологиялық қызмет жоғары оқу орнының міндетті құрылымдық бөлімшесі болып табылмайды. Психологиялық қызмет жоғары оқу орнында қызмет атқаратын оқытушы-психологтардың бастамасымен ұйымдастырылуда. Сондықтан да әр жоғары оқу орны оның құрылымын, жоғары оқу орнының білім беру үдерісіндегі орны мен рөлін, іс-әрекет мазмұнын өз бетінше анықтайды.
Соңғы жылдардағы басылымдарда
жоғары оқу орнының психологиялық
қызметі жайлы жиі жазылады. Бірақ
бұл жұмыстарда нақты бір жоғары
оқу орнының психологиялық
Ғылыми әдебиеттерде
ресей ғалымдары С.М.
Қазіргі кездегі қарқынды жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Сондықтан жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударып отыр.
Жоғары оқу орны психологиялық қызметі – бұл салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болып табылады. Мектептің психологиялық қызметі сияқты үйреншікті құбылысқа айналмағанымен, жоғары кәсіби білім беруде оның рөлі артып отыр. Жоғары кәсіби білімді психологиялық қамтамасыз ету мен жоғары оқу орны психологиялық қызметіне деген қажеттілікті ғалымдар, практиктер, басқару аппаратының өкілдері де мойындап отыр. Дегенмен бүгінде жоғары оқу орны психологиялық қызметінің ұйымдастырылмауы көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің қалыптасу тарихы кеңестік уақытта басталды. Осындай қызмет алғаш рет 1977 жылы Қазан мемлекеттік университетінде (ҚМУ) Н.М.Пейсаховтың жетекшілігімен педагогика және психология кафедрасының базасында ұйымдастырылған болатын. Оның мақсаты мен міндеттері оқу іс-әрекетінің барлық психологиялық деңгейлеріндегі өзін-өзі басқару мен өзін-өзі бақылауға қажеттілік пен дағдыларды қалыптастыру мен дамытуға бағытталды. Атап айтқанда, 1) оқытушы мен студенттер және студенттердің тұлғааралық өзара қарым-қатынасы; 2) мінез-құлық (оқу үдерісінің барлық қатысушыларының дербес және ұжымдық мінез-құлқы); іс-әрекет (оқу іс-әрекеті және оның психологиялық мәселелері; 4) психикалық қалыптар (оқу үдерісінің барлық қатысушыларының әрбірінің). Осы деңгейлер Қазан мемлекеттік университетіндегі психологиялық қызметтің нақты мазмұны мен формаларын анықтайды[3]. Бұл Кеңес Одағында психологиялық қызметтердің қалыптасуының ұзақ үрдісінің алғашқы қадамы болатын. Өткен ғасырдың 70-ші-80-ші жылдары кеңестік мемлекеттерде бастамашылдық негізінде алғашқы психологиялық қызметтер пайда бола бастады. Бірақ білім берудегі практикалық психологиясының теориялық-әдіснамалық және ұйымдастырушылық аспектілерінің жетілдірілмеуі және практикалық психологияның тұрақсыз жағдайы олардың қызмет жасауы мен дамуын тежеді.
Жоғары оқу орындарының
психологиялық қызметін ұйымдастыру
мен дамытуға ықпал жасаған факторларға білі
Біртіндеп білім беру
қызметінің мазмұнында жаңа компоненттер
пайда бола бастады: Атап айтқанда,
психологиялық-педагогикалық
Кәсіби білім беруді психологиялық қамтамасыз ету мен жоғары оқу орындарына психологиялық қызметтің қажеттілігі туралы кеңес психологтары бірнеше көп жыл бұрын айтып өткен болатын. Аталған мәселенің теориялық негіздерін жасау мен тәжірибеде жүзеге асыруға талпыныс өткен ғасырдың 70-ші-80-ші жылдары байқалады (Б.Г.Ананьев, Н.М.Пейсахов және т.б.). Осы жылдары кеңестік мемлекеттерде бастамашылдық негізінде алғашқы психологиялық қызметтер пайда бола бастады. Бұл кезеңде психологиялық қызметтің пайда болуы қоғамдық тәжірибенің қажеттілігімен қатар әлеуметтік, медициналық, педагогикалық психологияның, еңбек психологиясы салаларында фундаментальды және қолданбалы зерттеулердің дамуымен шартталды. Осылайша, психологиялық қызмет теория мен практиканы біріктірудің, фундаментальды білімдерді адам тағдырының практикалық мәселелеріне пайдаланудың тиімді құралы болып табылады. Бірақ білім берудегі практикалық психологиясының теориялық-әдіснамалық және ұйымдастырушылық аспектілерінің жетілдірілмеуі және практикалық психологияның тұрақсыз жағдайы олардың қызмет жасауы мен дамуын тежеді.
Мысалы, кеңес ғалымы Н.М.Пейсаховтың еңбектерінде жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметті жүзеге асырудың психологиялық зерттеулер, қолданбалы функциясы және психологиялық білімдерді насихаттау сияқты үш аспектісі қарастырылады. Психологиялық қызмет зерттеулерінде жоғары білікті мамандар даярлауда қоғамның жаңа талаптары мен оқу-тәрбие процесін басқарудың қажеттілігін ескеру қажет. Мұнда студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті, студентердың кәсіби ынтасы мен қызығушылығын туғызу, білім беру процесінің субъектілері арасындағы қарым-қатынас және оқу-тәрбие процесіне байланысты басқа да зерттеулер жүргізіледі. Ал психологиялық қызметтің қолданбалы функциясы психологиялық зерттеулермен тығыз байланысты. Аталған бөлімде шетел жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы және дамуының негізгі кезеңдері қарастырылады. Әдебиеттер және өзге де дереккөздер (интернет ресурстар) негізінде Ұлыбритания, Канада, Ресей және т.б. елдердің жоғары оқу орындарының психологиялық қызметтерінің мақсаты, құрылымы, мазмұнына талдау жүргізіледі. Көптеген елдерде психологиялық қолдау қызметінің болуы жоғары оқу орнының құрылымы болып табылады. Кейбір елдерде (Ұлыбритания, Канада) мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіліп, кәсіби және материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген. Шетелдегі және Ресейдегі психологиялық қызметтердің түрлі нұсқалары бар. Психологиялық қызметтің құрылымы мен штаттық бірлігі де алуан түрлі және көптеген факторларға байланысты болады. Бірақ шетел және Ресей психологиялық қызметінің негізгі бағыттары, формалары мен әдістері ұқсас болып келеді. Психологиялық қызметтер негізгі бағыт ретінде психологиялық ағарту, психологиялық сауықтыру, психологиялық түзету, психологиялық кеңес беру сияқты дәстүрлі бағыттарды қолданады.
Ресейде жоғары кәсіптік білім беруді психологиялық қамтамасыз етудің мойындалғаны мен ғалымдар, практиктер, мемлекеттік шенеуіктер арасында өзара келісімге қол жеткізілгеніне қарамастан жоғары оқу орындарында психологиялық қызмет баяу құрылуда. Жоғары орнының ресми статусының болмауы оның әр түрлі атауларының болуына әкелді. Мысалы, «Психологиялық көмек орталығы», «Практикалық психология орталығы», «Әлеуметтік-психологиялық қызмет», «Практикалық психология қызметі» және т.с.с. Психологиялық қызметтің ұйымдастырылу формалары да әр түрлі болып отыр.
Ресейде жоғары оқу орны психологиялық қызметінің дамуын тежеп отырған факторлардың ішінде концептуалды (жоғары оқу орнында психологиялық қызметттің принциптері, мазмұны және әдістері жайлы теориялық түсініктердің болмвуы); құқықтық (жоғары оқу орны психологиялық қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаның болмауы); экономикалық (қаржы көздерінің жеткіліксіздігі, қаржыландырылмауы, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі); психологиялық (қазіргі жоғары білім беру міндеттерін шешуде психологиялық қызмет рөлінің дұрыс бағаланбауы).
Жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесі бір мезетте, кездейсоқ туындаған жоқ. Жоғары оқу орнының басқару жүйесін жетілдіруге психологтарды жұмылдырудың аса қажеттілігін анықтаған объективтң шарттар болды. Олардың негізгілерін қарастырып өтейік.
Информация о работе ЖОО психологиялық қызмет: ұйымдар, мақсаты, міндеттері, жұмыс тәжірибесі