Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 10:09, реферат

Краткое описание

Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады?

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 64.31 Кб (Скачать документ)

             Жан – жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы жазушы Ж. Аймаутов педагогика ғылымында тыңнан жол салған тұңғыш «Психология»/1926/ «Жан жүйесі және өнер таңдау» /1926/ атты еңбектердің авторы болды. Ол адам баласының мәдениет тарихынан өнердің көрнекті орын алып келгенін, өнерсіз қоғамның дамуы, рухани байлықтың молаюы мүмкін емес екендігіне тоқталып, ұлт мектептерінде әуелі кескін өнері мен әуез өнерін яғни, сурет салу, ән – күй өнерін үйретуге негіз салу керектігін, әрбір баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабілетін тәрбиелеудің қажеттігін баса айтады. (Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы. Жазушы. , 1989 – 269. 15 бб)

             Балалар мен жастарды қолөнердің  белгілі бір саласына үйрету  туралы идеялар қазақ халқының  ауызекі шығармаларында ерекше  орын алған. Мысалы, «Ақылды қыз», «Жігіт пен өнерлі қыз» ертегілерінде  тегін, кесте өнерін жетік меңгерген қыздар, олардың ісмерлігі, жасаған заттары жайлы әңгімеленеді. Қыздардың қолынан шыққан заттар өзінің нәөіктілігі, көркем өнерлілігі, бояуының жарасымды үйлесімділігімен көзге түседі, халық арасында өте жоғары бағаланаты да сондықтан.

              мысалы, «Ермек» деген ертегіде  Ермек деген кісінің өз қызын  білгілі шеберге тігін ісіне  үйренуге бергені туралы айтылса,  оның жіп мата сатып алып, өрнек,  кесте, киім тігіп үйренгені,  еңбектің нәтижесінде үлкен шеберлікке  жеткені, тіпті оның шеберлігіне  тең келетін адамның болмағаны  туралы айтылады.

              Ал «ақылды етікші» ертегісінде  етікшінің тіккен етігінің әдемілігі,  өзінің ақылдылығы, еңбекқорлығы  суреттелсе, «Өнеге» ертегісінде  ханның әдемі әшекейлі кілемдер  тоқи білу оның тіпті өлімнен  аман қалуына себепші болды.

              Қазақ халықтық халық педагогикасында  білімді, қолөнер саласын жетік  меңгерген, эстетикалық талғамы  жоғары, «өнеріне қарай - өрнегі»  байқалып тұратын шеберадамды  «бармағынан бал тамған» деп  жоғары бағалаған. Оларды халық  өздерінің ұл мен қыздарына  үлгі - өнеге етіп отырған. Мұндай  жетістікке адам тек қолөнер  кәсібінің құпиясын, қыр – сырын  меңгергенде ғана жететінін де  санаға сіңіріп отырған.(Ұзақпаева  )

              «Қазіргі заманымыз - өнердің  өзегі. Осыған орай адам өнердіәдеміліктің  заңы бойынша жасайды», - деген  Маркс қағидасынан туатын басты  міндет – адамды жан – жақты,  жарасымды етіп жетілдіру жаңа  адамның, ертеңгі жаңа қоғамның  ізгілікті мұратын орнықтыру  болып табылады.

              Қоғамдағы халықтық мәдениет  саласындағы қажеттіктері артқан  сайын, өнердің адам баласына  тәрбиелік қызметі артып отырады.  Ондағы өнердің басты мақсаты  - әдемілікті адам өміріне баянды  ету.

              «Өнерді үйрен, үйрен де жирен», - деп Абай айтқандай, «Қашаннан  қалыптасқан халық ұғымы бойынша  өнер ақылдың, дарынның белгісі  болып табылған».

              «Өнер – бәлім бар жұрттар

              Тастан сарай салғызады.

              Айшылық алыс жерлерден, 

              Көзіңді ашып – жұмғанша,

              Жылдам хабар алғызады.

              Жаңа өспірім остарым,

              Қатарың кетті – ау алысқа  – ай,

              Ұмтылыңыз қалыспай!

              Біз надан боп өсірдік

              Иектегі сақалды,

              «Өнер – жігіт көркі» деп 

              Ескермедік мақалды…

              Біз болмасақ, сіз барсыз,

              Үміт еткен достарым;

              Сіздерге бердім батамды!»… - деген  ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің  өсиет өлеңдері мен

               «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер  шашпақ;

              Наданның көзін қойып, көңіл  ашпақ.

              Үлгі алсын деймін ойлы жас  жігіттер,

              Думан – сауық ойда жоқ әуел  бастан – ақ»,- деген ұлы ағартушы  Абайдың жыр жолдары өнердің  құдіретін бізге өнеге өнердің  құдіретін бізге өнеге ретінде  ұстанып, өз отандастарын, соның  ішінде жастарды тәрбиелеуді  мақсат тұтқандарын ерекше бағалаймыз. Олардың бұл өсиеттері бізге  бүгінде баға детпес рухани  эстетикалық құндвлық болып табылады.

              Жалпы халықтық көркемөнер саласындағы  парасатты мәдени дәстүрлері  қоғамның және жеке тұлғаның  рухани эстетикалық дамуына сонымен  бірге, қазіргі заманғы кәсіби  өнер саласында тиімді пайдалану  мәселелері бұрынғы одақ көлемінде  жүктелген көптеген арнайы ғылыми  зерттеулердің мазмұнына арқау  болып келеді /А. Асанов, К. Н.  Долгов,           Б. Р.Казыханова, т.б)

              Өнердің барлық түрі өзіне  тән бейнелі тілі, тәсілдерімен  әсемдік әлемін ашып көрсете  отырып, адам сезіміне әсер ететіні  мәлім. Қолданбалы өнерге тән  ерекшеліктер – айналадағы ортамен,  өмірмен, еңбекпен тығыз болуы.  Қолданбалы өнердің әлеуметтік - тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының  өзіндік көркемдік, эстетикалық  құндылығымен ғана бағаланбайды, сонымен қатар адамдардың өз  заманына сай талғамын білдіруінен  өткендігі мәдениетпен, ұлттық  дәстүрмен сабақтастығынан көрінеді»  - деп өнердің мәні мен маңызына  тоқталады. (Ұзақбаева С. А. Тамыры  терең тәрбие. Алматы:Білім –  1995, 227 – 123)

               

             

                                 ҚОРЫТЫНДЫ

                          ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

             

              Қазіргі кезде жас ұрпаққа  білім мен тәрбие беру ісіндегі  оқулықтар сын тұрғысынан талданып, бұл мәселені педагогикалық, психологиялық  үрдісін халқымыздың ұлттық табиғатына, тәлім тәрбиелік дәстүріне, өнері  мен мәдени мұрасына негіздеу  жұмыстары қолға алынды.

              Мысалы: «қазақ мактептері мен  мектеп жасына дейінгі балалар  мекемелерінде имандылық эстетикалық  тәрбие берудің кешенді бағдарламасы»  /1990/ сияқты қолданбалы өнер сабақтарында  балаларға ұлттық өнер туындыларының  мазмұны арқыла халық мәдениетінің  бай мұрасын игеруді көздеген  құжаттар дүниеге келді және  бұлар басшылыққа алынып отыр. (қазақ мектептері мен мектепке  дейінгі балалар мекемелерінде  имандылық эстетикалық тәрбие  берудің кешенді бағдарламасы. –  Алматы. – 1990 – 52 – 52б)

              М. Мұқановтың психологиялық зерттеулерінде  «Эстетикалық талғамды тәрбиелеу  баланың ең кіші жасынан басталуы  қажет, қазіргі тәжірибеге қарағанда  көркемөнерге талғампаздықты тәрбиелеу  неғұрлым баланың баланың кіші  жасынан басталса, соғұрлым оның  сезімталдығы жоғары дәрежеде  қалыптасатын болады. Себебі, нәрсенің  әдемілігі, соның ішінде көркемөнер істерінің әсемдігі баланың табиғатына жақын келеді. Мұны И. И. Павлов сөзімен айтқанда, көркемөнер ісінің қорытындылары, мысалы: музыка, картина т. б. баланың бірінші сигналы системасына әсер етіп, оның өмірінде ұмытылмайтын әсер қалдырады. Соның нәтижесінде бала жас кезінен – ақ әсерленгіш, әр нәрсені есіне сақтағыш келеді» - деп тұжырым жасаған. (Мұқанов М. М Педагогикалық психология очеріктері. Алматы. 1962. 221 – 54б)

              Ежелгі дәуірден – ақ адам  баласы үшін ғылым мен өнердің  қажеттілігі тең дәрежедебірін  – бірі толықтырып отырған.  Ғылым дүниені тануға, білуге  қызымет етсе, өнер айналаны ортамен  үйлесімді өмір сүрудің тамаша  қасиеттеріне баулаған. Адам айналаны, бүкіл дүнйені, оның әсемдігін  тану арқылы, өзін тауып, өз  рухани дүниесін көркейткен. Сол  себепті өнрде адам бойында  қайырымдылық, адалдық, отан сүйгіштік  сияқтысан алуан асылқасиеттер  сезімін қалыптастырып тәрбиелемек.  Сөйтіп, өнерадамның жанын, оның  рухани байлығын арттырып, ойын  тазартып, мақсатына жетелейді, яғни  ббиік тұлғаны қалыптастырады.

              Көркемөнер мен шығармашылыққа  анағұрлым жақынырақ келетіні  – педагогика, психология, тарих,  әлеуметтану, этнография және  т. б. ғылымдар. / Дюрер А. Дневники, письма, трактаты т 1. Москва: Искуство 1657, 86 – 89/

              А. Н. Лук өз еңбегінде адамның  шығармашылық дамыту мен қалыптастыру, ең алдымен ол шығармашылық  ойлауға байланысты дейді. /Лук  А. Н. Психология творчества. Москва: Наука, 1928. 284 – 23 б/.  Ол  шығармашылық  қабілеттердің белгілері ретінде: 

              Нерв жүйесін (ақпаратты) код  арқылы жіберу;

              Тасымалдай білу;

              Ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;

              Іс - әрекетті бағалауды айтады.

Сондай –  ақ, ғылым шығармашылық іс - әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті  ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш жалқайлық. өзін өзі бағалау сияқты психологиялық кедергілерден тұратын  қарама – қайшылықтармен күресу қажет  екенін айтады.

               Өнердің адамға әсер ету күші, көбіне, адамның оны қаншалықты  терең сезініп, түсіне алатындығына  байланысты. Мұндай қабілетті қалыптастыру - өнердің тәрбиелік мүмкіндіктерін  толықтай пайдаланудың міндетті  шарты. А. К. Василевский: «Өнерге  деген қажеттілік адамның ішкі  рухани мұқтаждықтарының бір  бөлігі ғана, бұл бүгінгіге байланыста  және және ол адамға тікелей  әсер етеді» - деп жазды.                                          

                   

             

    

               

              




Информация о работе Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері.