Әсемдікті тану (ээстетика) –
табиғатта, қоғамда, адамның іс
- әрекетінің қай түрінде болмасын,
оның қарым – қатынасында,
әсіресе, өнерде заттардың және
құбылыстардың мәні мен даму
заңдылықтары жөніндегі философиялық
ғылым боп табылады.
Ежелгі
тас дәуірінен бастап XIX ға дейінгі
Қазақстанда маңызды орын алған
адамның материалдық және рухани
мәдениеттің негізгі екзеңдері
туралы ғылыми таңдамалар П.
Аюпов пен М. Қадырбаевтың «Ежелгі
Қазыналары» атты кітабында орын
алған. Бұл кітап 1979 ж Алматыдағы
«Жалын» баспасында шығарылған.
Қазақстан өнерінің тууы, жетілуі
туралы, халықтың этникалық мәдениетінің
қалыптасуы мен дамуы туралы
Б. Казыханованың ғылыми еңбектерінен
білуге болады. Оның «Өнер бастаулары
– бұлақтары» атты ғылыми еңбегінің
орны ерекше. Бұл еңбекте қазіргі
өнердің жағдайы жан – жақты
ашып көрсетуімен қатар халық
өнерінің орны мен ролі анықталады.
--- өз егемендігіміз өзімізге
тиіп, ілгері ел, тәуелсіз мемлекетке
айналған кезде қазақ халқы
мәдениетінің шынайы рухани қазыналарын
ашып көрсетуге негіз қаланды.
Сондағы ғасырлар бұрын қазақ
жерінде түркі тектес халықтардың
орта мәдениетінің ошағы болған
қалалары, ата – бабамыз жасаған
әдебиеті мен мәдениеті, философиялық,
психологиялық, педагогикалық тұрғыдан
ой мен жазба мұраларымыз болғаны
дәлелденді. Білім, ғылым, мәдениет
саласындағы осы «ақтаңдықтардың»
бетін ашып, көне мәдениетімізге
тереңірек үңілу, өткен уақыттың
рухани мұрасын саролау, талдау,
он бүгінгі ұрпақтың рухани
жемісіне, қажеттілігіне айналдыру
мәселесі қазіргі уақыттың талабы.
Біздің халқымыз - әсемшіл халық,
рухани мәдениет жасауды басты
міндеттердің бірі деп санайтын
халық. Сол үшін де жаңа өмірдің
жарқын сипатын, сұлу сымбатын,
жаңа қоғамның моральдық қасиетін
уағыздауымыз керек.
Қазақ халқының революциядан
бұрынғы тарихында эстетика ғылымы
болды деп айтпасақ та, халықтың
әсемдік жайлы түсініктері мол
болды. «Әлеуметтік шаруашылық
тіршілігіне сай қазақ руларының
әр кезде өзіндік мәдениеті
болған. Бұл заңды да. өйткені
тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын,
түрлі өнер, мәдени, әдеби шығармажасамайтын
адам – қоғамы, ру – тайпалары
мен халық болған емес. Тарих,
археология ғылымдарының бүгінгі
табыстары ертедегі қазақ рулары
мекендеген жерлерде әр түрлі
қалалар, кенттер жәнебасқа да
мәдениет ошақтары болғандығын
дәлелдеп отыр». Қазақтар ағаштан
түйін түйіп, ер шауып, уық
кесіп, шаңырақ жасады. Киіз басып,
алуан өрнекті кілемдер, алашалар
тоқыған. Бармағынан бал тамған
шеберлер ернеуі жұқа шара, алтын
білезік, сақина, балдақ, алқа, шолпы
соқты. Дүкен ұстаған ұсталар
алтын кездіктерді мүйіздеп, ел
қорғаны – батырларға сауыт
– сайман, оқ өтпейтін дулығы,
шашақты найза, алмас қылыш,
ауыр батпан, шоқпар жасаған. Халық
арасында кең тараған зергерлік,
сәулеттік өнері қазақ халқының
көркемдік талғамының жоғары
болғанын, өмірдің асқақ мұраттарына
сәйкес әсемдік әлеміне үнемі
ұмтылып отырғанын дәлелдейді. «сонау
ерте кездердегі көркем сөз
тіркестері, мақалды, мәтелді сөз
өрнегі, ру таңбалары, жазу –
сызулар, сөздіктерде ұшырасатын
өлеңдер, аңыздар халқымыздың
бейнелі ойға, шешендік өнерге
көне заманда – ақ шебер
болғанын көрсетеді». Осы тұрғыдан
қарасақ, қазақ халқының өнерге
бай, ой - өрісі кең, суреткерлік
қабілеті мол, эстетикалық сезімінің
жетілгенін аңғара аламыз.
Ерте кезден – ақ бізде өнердің
үш түрі: поэзия, музыка. қолөнері
кеңінен өріс алды. Ғасырлар бойы
әсемдікті өнер арқылы бейнелеп,
шынайы асылдарын елге тарата
білген халық жырдағы әуезділік
пен үнділікті, музыкадағы нәзіктік
пен ойлылықты, қол өнердегі
жарастық пен көрнекілікті негізгі
сипат деп бағалаған.
Қазақ халқының көне заманнан
бергі өнер тану жолын, эстетикалық
ойларын, табиғат пен қоғамдық
құбылысқа қатысын, әсемдік жайлы
көзқарасын қалай білуге болады
десек, ең алдымен, өнердің
көне соқпақ іздерін тау үңгіріндегі
суреттер мен өрнектер, тастағы
таңба жазулар, жерден қазылып
табылған көне бұйымдарды ауызға аламыз.
Қазақстан жері тарихи ескерткіштерге
өте бай. Мұнда материалдық мәдениеттің
көне белгілері, архитектуралық ескерткіштер,
тастан қашалған мүсіндер, құлпы тастар
айырықша көп.
Ерте ғасырда сақтармен бірге
үйсіндер, қаңлы тайпалары қатар
өмір сүрді. Олар Хорезм, Сырдария
өңірін жайлады. Бұл тайпалардың
мәдениетінде темірден, ағаштан
жасалған түрлі бұйымдар болды.
Қарапайым тоқу станогын жасап
шығарып, үйге тұтынатын кілем,
алаша, киіз жасай бастады.
Мыстан, қоладан, алтыннан жасалған
бұйымдардың беттеріне аңдардың
суреттерін салумен бірге, өсімдікке
ұқсас оюлар жасады. 1939 жылы Қарғалы
өзенінің бойынан қос өркешті
түйенің және таутекенің мүсіндері
табылды. Осы бұйымдардың алтыннан
жасалған бөліктерінде аңның,
құстың, адамның бейнелері, өсімдік
суреттері кездеседі. Сол оюлардың
кейбір түрлерінің кейінгі уақыттағы
қазақ халқының ою - өрнектеріне
көп ұқсастығы бар. Соған орай
осы орнаменттердің табиғатқа
еліктеуден туған өнер екендігі
аңғарылды. Бұл – көне заманның
жемісі. Көбінесе, оларда тылсым
табиғат күштері, жыртқыш аңның
іздері мен мүйіздері бейнеленген.
Осындағы ою - өрнектің үлгілері
эстетикалық ұғым туғызады. Жарасымды
дөңгелек оюлар мен ширатылған
сызықтар өзара сәнді жалғасып,
қызылды – жасылды бояумен
астасып көмкеріліп тұрады. Жанды
бейнені суреттемесе де ашық,
сұлу көркімен сәнді құбылыс
береді. Әрбір өрнектің түрлі
пішіні сан алуан бояуы бар.
Егерде терең үңіліп, ою - өрнектің
көне тарихына қарасақ, халықтың
қарапайым өнерінің де эстетикалық
терең сыры бар екенін байқаймыз.
Қазақ халқының қай өнердегі
болсын ізгі соқпақтығын көру
қиын емес. Тас қашап, ағаш жону,
темір қақтап, өрнек салу, тас
қалап, үй соғу ертеден етене
өнерге айналады. Халық сол тастан
аңдарадың, адамдардың мүсінін
жасады, киіз үйдің басқұр –
бауларын ою - өрнектермен безендірді.
Қазақстанның қай жерінде болса
да күмбезді үйлер, әсем құлпытастар,
сұлу мүсін бейнелер жиі кездесіп
отырады. Бұлар халқымыздың кейінгі
буынға қалдырған асыл да асқақ
ескерткіші іспетті.
Қазақ тілінде өнер сөзінің
мағынасы кең, ол әдеби тілде
көп қолданылады. Қазақтар өнердің
қоғамдағы орнын, күнделікті тұрмысқа
қажеттігін, адам өміріне ықпалын
жақсы білген. Және өнерді бірінен
– бірін бөліп ажыратпаған.
атқа шабу, кілем тоқу, күміс қақтау,
ер шабу, ән салу, күй шерту, ою
ою, жыр жырлау және т. б. өнер деп санаған.
«Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болу керек»
деген сөздің мағынасы өнердің көп қырлы
екендігін байқатады. Оның үстіне халық
өнерлі адамдарды – ұста, шебер, ақын,
жырау, салт серілерді қатты құрметтеген/
11. 44 – 47/.
XI ғасырда өмір сүрген Шығыстың
ғұлама ойшылы Қайқаус «Қабуснама»
атты үгіт насихат кітабында
өнердің абзалдығы, қадір –
құрметі және өнегелі болуы
туралы былай дейді: «... өнерсіз
жан - өнегесіз, оның ешкімге де
паидасы тимейді. Ондайлар бұтасы
бар да, көлеңкесі жоқ тікенді
шоңайнаға ұқсайды. Өзін де
өзгеге де пайдасыз болады.
Егер адам текті асылзада әулетінен
болса да, өнері болмаса, халықтың
ізет – құрметінен марқұм қалады.
Нәсіл гаухарынан да, өнер өрнегінен
де құр алақан жанның тағдыры
одан да жаман болады»/12. 20/
Бізге аттары мәлім, батыстың
аса көрнекті ойшылдары мен
жазушылары Гегель, Бальзакпен Маркс
«өнер өмірді шындық арқылы
бейнелеп, сезімдік тұрғыда тану»
деген қағиданы мұра ретінде
бізге қалдырған. Марксизм бойынша,
эстетикалық таным әлемі практикалық
игеру үрдісінде, оның материалдық,
өндірістік іс - әрекеттерде пайда
болды. Ол басқа да таным
көздері тәрізді қоғамдық қатынастардың
өзегі деген көзқарасты ұсынады.
«Өнер шығармаларында –дейді
академик М. Қаратаев, - еңбек адамдарының
типтік ерекшеліктерін қамтитын,
олардың ой – арманы мен
твочестволық еңбегінің әсемдігін
барынша молынан ашып көрсететін
образдар мен характерлер жасап
шығару – мақтан етерлік даңқты
да игілікті іс. Дәл осындай
шығармалардың бір жағынан, зор
танымдық маңызды болады, екінші
жағынан, ол адамдарға орасан
үлкен эмоциялық әсер етеді,
адамдар олардан көркемдік ләззат
алады, ондай шығармалар өмірді
эстетикалық тұрғыдан түсінудің
шауман шаттығына бөлейді».(Қаратаев
М. Әдебиет және эстетика. Алматы,
1970. 349 – 38)
Олай болса, әсемдікті түсінуге
негізгі бағыт беретін, қоғамдық
өмірді шындық тұрғыдын суреттейтін
адам адам өмірінің айнасы
– көркемөнер. Көркемөнер өткен
қоғамдық формациядағы халықтың
тұрмысын, саяси хал жағдайын, іс
- әрекетін, мінез – құлқын тереңірек,
көркем түрде білуге жол ашады.
Осы тұрғыда өз ойын жалғастыра
келе М. Қаратаев былай дейді:
«Адам өнердің объектісі, зерттейтін
заты, мақсаты. Ал шығарманың күші
адамның бейнесі,оның ішкі – сыртқы дүниесі
қаншалықты айқын да нанымды көрсетілгендігімен,
оның мінезі, оның қоғамдағы орны мен ролі,
басқа адамдармен қарым - қатынасы
қаншалықты шынайы да терең бейнеленгендігімен
өлшенеді»(Қаратаев)
Қай халқты алсақта, бізге мәлім
болғандай өз өмірін, күнделікті
тұрмыс тіршілігін сәндендіруге
айырықша көңіл бөліп отырған.
өздері тұтынатын бұйымдары мен
күнделікті тұрмысқа қажетті
құрал – саймандарын әшекейлеп
ұстауға тырысқан. Бұл жағдай
адамдардың сезімін баулап, көзге
ілінген заттардың оғашынан жирендіріп,
сұлуы сүйсіндіретін, адам жанын
рахатқа бөлейтін дәрежеге көтерілген.
Қай халықтың болса да өнер
– мұрасы сол халықтың қоғамдық
тарихымен, күнкөріс кәсібімен
тығыз ьайланысты болған. Осыған
орай қазақ халқының өнері
мен мәдениеті де басқа халықтардай
өзінің тұрмыс – тіршілік, өмір
сүру ерекшеліктеріне, тарихи
кезеңдерге сай туып, дамып отырған.
Демек, халықтың өзіндік ерекшеліктерін
бейнелейтін өнер ғана жастарға
ұлкен эстетикалық тәрбие берудің
құралы бола алады.
Қазіргі кездегі қазақтың қолөнеріне,
тұрмыс – салт көріністеріне
ерекше зер салып, байқасақ
сол өмір қажеттілігінен туындағанын
растайтыны анық – ақ. Оны,
К. Мұқановта айғақтайды. «Ғылым
мен білім әлі өркен жая
қоймаған қазақ жерінде сонау
VIII – XIX ғасырларда – ақ
қол өнері ұлттық дәстүр ала
бастағаны халқымыздың өнер тарихынан
аян. Ашық түсті айшықты текеметтер,
қара ала сырмақтар, қызыл -
жасыл түскиіздер, алқызыл гүлдері
құлпырған түкті кілемдер, қошқармүйіз,
самаурынша, құстаңдай, жапырақша
өрнекті терме алашалар мен
тоқылған сандыққап, аяққап, кесеқап
немесе шекпен, шапан сияқты киім
кешектер о баста, сөз жоқ,
тұрмыстық қажеттіліктен туған.
Айталық, жүннен иірілген жіп
– жылу ұстағыштығымен, күннің
көзін өткізбеитіндігімен, бояу
алғыштығымен жоғары бағаланған...»(жүннен
жасалған бұйымдар //құрастырған
Қ. Мұқанов. – алматы: қайнар, 1990.
144 – 120)
Қолөнер дүние жүзінің барлық
халықтарына тән халық қазынасы,
ғасырлар мұрасы. Осыған орай
әр елдің, әр халықтың тарихи
дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігі
мен эстетикалық талғамына байланысты
қолөнері өзіндік ерекшелігімен
халық өмірінде өшпес із қалдырып
отырған.
Сондықтан қолөнер – халық
өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп,
біте қайнасқан өміршең өнер.
Қас шеберлердің қолынан шыққан
қолөнер туындыларын халықтың
өмірінен, тұрмысынан бөліп қарау
мүмкін емес. Өйткені, бұл заттар
ел тұрмысына сән беріп, адамдарға
рухани ләззат әкелген. Аты
шыққан қолөнер шеберлері өз
өнерлерін ұрпақтан – ұрпаққа
мирас етіп қалдырып отырған.
өнердің осындай халықтық сипатын
Абай Құнанбайұлы өте үлкен
құндылық ретінде бағалаған.
Академик М. Қаратаев «Әсемдікке
үйрететін ұстаз» атты кітабында
түс киіз, оюлы текемет, кілем,
сүйекті өрнек, кесте өрім, міне
осы өнердің бәрін халық жасағандығын,
халықтың әсемдікті сую сезімі,
талғамы осы өнерде бейнеленгендігін
айта келіп: «Өнердің халықтың
арғы негізінен қол үзбеу керек,
себебі өнердің шын мәнісіндегі
халықтығы ғана жақсы талғамның,
өміршеңдіктің, өшпес әсемдіктің
кепілі болып табылады», - дейді.(Әбіліова
З, Әсемдік сенің серігің. –
Алматы:Жалын, 1977. 108 – 28)
Шоқан Уалиханұлы халық творчествосын,
мәдениетін, салт – дәстүрін, киім
үлгілерін, тұрмыстық құралдарын
зертеп, өнердің міндеті халық
өмірін реалистік тұрғыда көрсету
деп білді. Сондықтан біздің
суретшілеріміз де, архитекторларымыз
да халықтың қолөнерін өз еңбектерінің
басты арқауы етіп алды. Оны
қазіргі кезді көп қабатты
үйлер мен ғимараттардың қабырғаларында
салынған әшекейлері, ыдыстар мен
тұтыну бұйымдарында безендірілген
өю өрнектері растайды. Сол секілді
киіз басу мен кілем тоқу
жөнінде ғасырлар бойы келе
жатқан халық дәстүрін бейнелейтін
айшықтар да басым келеді. Қорытындысында
қазіргі кездегі қазақтың бейнелеу,
мүсін, кескіндеме өнерлері жастарға
эстетикалық тәрбие берудің бірден
– бір таптырмас құралына айналып
отыр.
«Әр халықтың мәдениетіне терең
үңілу арқылы ғана сол халықтың
таным деңгейінің тереңдігін
тануға болады – дейді Тұрсынбек
Кәкішұлы. Қазақ халқы ертеден
қалыптасқан көне мәдениеттің
мұрагері, - дей келе ол, сол дәстүрді
дамытушы, жаоғастырушы. Осыған орай
халқымыздың этномәдени болмысы
материалдық мәдениетімен де
анықталады» - деген пікірін айтады.
Олай болса, қазақ халқы қолөнерді
қолдддағы бар материалға сүйеніп
жасады. Ал, материал халықтың шаруашылығына,
кәсібіне байланысты өндірілді.
Қазақ халқы көшпелі мал шаруашылығымен
айналысқан ел болғандықтвн, киім
– кешек, үй бұйымдарын, ер
– тұрман әбзелдерін жасау
үшін тері, былғары өндіретін
болған. Ағаш, асыл тастар табиғаттан
алынып өңделеді. Осы айтылған материалдардың
негізінде үй жихаздарын, ыдыс – аяқтарын,
құрал саймандарын, ер – тұрмандарын өрнектеп,
нақыштап, түрлі түске енгізіп, безендіріп,
әшекейлеп отырған.