Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 10:09, реферат

Краткое описание

Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады?

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 64.31 Кб (Скачать документ)

              Көне заманнан келе жатқан  қазақ қолөнері өз халқының  дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап  қалып, әр дәуірде өзінің өшпес  ізін қалдырып, әлеуметтік – көркмдік  жағынан дәуір тынысын қалт  жібермей өз әсерін де тигізіп  отырған. Тұрмысқа қажетті қолөнер  бұйымдары көшіп – қонуға ыңғайлы,  қолданыс орнына сәйкес сыртқы  формасын тауып, әр шебердің  талғамына, ой өрісіне тән ою - өрнекпен нақышталып отырған.  Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі  қарастырылған десек те, олардың  бояуы, әсемдігі жағынан табиғи  үндестік байқалады. Халық шеберлері  сонымен бірге материалдың табиғи  қасиетіне де зер салып, оны  өңдеуде техникалық тәсілінің  барынша тиімді және күделікті  тұрмысқа ең қолайлы жақтарын  қарастырып әсемдік, әлемдік дүниесіне  де көңіл ауцдарып отырған.(Әбенбаев168 – 169)

              «Ел іші - өнер кеніші» - демекші,  өнер ісін көркейтетін көптеген  шеберлер тобы: алтын, күміс соғушы (зергер), қолашы (қола қуюшы), темір  (ұста), қарнаушы, бәдізші (мүсінші), сәулетшілер болған. Бұл шеберлер, әсіресе металл балқытумен, мүсін  жасаумен, үй салумен көбірек  айналысты. Осы кездегі өнердің  өркендегі дамуымен байланысты  әсемдікке бой ұру белең алып, сұлулыққа деген талғам артып,  өнер түрлері көбейгені байқалады.(әбілова  27 28)

              Қазақстан аумағында әр кезеңде  жасалған қолөнер бұйымдарының  бүгінде мынадай дәстүрлі түрлері  бар:

    1. Ағаштан бұйымдар жасау.
    2. Жүннен бұйымдар жасау.
    3. Арқан – жіп есу.
    4. Киіз басу.
    5. Киізден бұйымдар жасау.
    6. Кілем тоқу.
    7. Теріден бұйымдар жасау.
    8. Сүйектен, тұяқтан және мүйізден бұйымдар жасау.
    9. Металдан бұйымдар жасау.
    10. Зергерлік
    11. Тастан, қыштан бұйымдар жасау.
    12. Ши тоқу.
    13. Ер – тұрман жасау.
    14. Кесте тігу.
    15. Киім тігу.
    16. Аяқ киім тігу.
    17. Сабын жасау.
    18. Бояу жасау.            

 Ағаштан  жасалған бұйым түрлеріне:

    1. Киіз үй сүйегі.
    2. Киіз үй жихаздары.
    3. Ыдыс – аяқтар.
    4. Сазгерлік аспаптар.
    5. Мал шаруашылығында қолданылатын құрал – жабдықтар.
    6. Егіншілікте қолданылатын құрал – жабдықтар.
    7. Аң аулауда  қолданылатын құрал – жабдықтар.

8.  Тұрмыста  қолданылатын құрал – жабдықтар.

    1. Ойын жабдықтары.
    2. Бесік (Қоспақов З. Сыр тартсақ тарихынан әншіліктің. – а:ғылым, 1996. 168 – 4)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

              Шикі зат сапасы – төзімді  де әдемі бұйым кепілі екендігі  бәрімізге мәлім. Осы орайда, қазақ  қолөнерінде пайдаланылған негізгі  шикізаттың бірі және ең бастысы  – жүн болды. Сондықтан әрі  әсем, әрі сапалы да мықты бұйым  шығу үшін алғашқы шикізат  ретінде жүннің сапасы ерекше  орын алады. Өйткені жүннің  тұрмыстық қажеттілікпен бірге  адам денсаулығына да пайдалы  әсері бар.

              Жүннен жасалатын бұйымдарға: арқандар, жіптер, киіз үй жабдықтары, киім  – кешектер, мал әбзелдері, төсеніштер, шаруашылық бұйымдарын жатқызады.(Қоспақов 13)

              Күні бүгінге дейін өз маңызын  жоғалтпай келген сондай дәстүрлі  қолөнер үлгілерінің бірі – киіз басу.

              «Киіз басу өнері адамзат өмірінде  сонау көне заманнан бері белгілі.  Археологиялық қазба жұмыстары  кезінде Алтай жерінде Пазырық  қорғанынан табылған киізден  жасалған бұйымдар осының айқын  дәлелі.

              ...Киіз үйдің сыртқы формасы  сол қола дәуірдегі тас үйлерден  алынып, жылдан жылға практикалық  жағынан күрделеніп байытыла  келе біздің уақытқа дейін  жеткен.

              ...Оюланып киіз басу өнерімен  басқа халықтардың да айналысқаны  белгілі. Бірақ туысқан халықтарда  жекелеп кездесетін киізді оюлау  әдісінің тәсілдері Қазақстан  аумағының барлық аудандарында  кездеседі. Сондықтан да оюлап  киіз басу өнері қазақ халқының  еншісіне тиген қолөнері деп  атауға әбден хақымыз бар.

              ...Халық өмірімен бірге жасасып,  біте қайнаған қазақтың киіз  басу өнері әлі өз маңызын  жойған жоқ. әдемі ойылған өрнекті  текемет пен армақтар ауыл  және қала уйлерінің интерьеріне  ерекше сән беріп, жандандырып,  үй тұрмысында төзімділігімен  және көркемдігімен жоғары бағалануда»  (жүннен жасалатын бұйымдар.17 –  18)

              Ою күнделікті тұрмыста үй  жиһаздарын – текемет, сырмақ, көрпеше, сандық, кебеже, жүкаяқ беттерін, сондай – ақ киім – кешектерді, қабырғаларды т. б. заттарды  безендіруде қолданылады. Онда  өрнек элементтерінің ырғағы  қайталанып, симметриялы орналасады.

              Киіз басу ісімен қазақ халқы  өте ертеден таныс. Ғасырлар  бойы көшпелі өмірге ыңғайлы  тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын  киізден жасап келгендіктен киіз  басу тнхнологиясын әбден меңгерген.  Қазіргі заманғы киіз басу  процестері де соған ұқсас,  тек бұрын қолмен атқарылған  жұмыстар бүгінгі күні механикаландырылған.

             

             

               1.3 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ  ТАЛҒАМЫН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ  ҚОЛӨНЕР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

 

              Өнердің барлық түрі өзіне  тән бейнелі тілі, тәсілдерімен  әсемдік әлемін ашып көрсете  отырып, адам сезіміне әсер ететіні  мәлім. 

              Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер  – айналадағы ортамен өнермен,  еңбекпен тығыз болуы. Қолданбалы  өнердің әлеуметтік – тәрбиелік  рөлі тек оның туындыларының  өзіндік көркемдік, эстетикалық  құндылығымен ғана бағаланбайды, сонымен қатар адамдардың өз  заманына сай талғамын білдіруден, өткендігі мәдениетпен, ұлттық  дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді.

              Қазақ халқы сонау ерте заманнан  – ақ күнделікті еңбек қызметінде  өзінің қолданбалы өнерін дамытып  отырды. Көркемдік талғам мен  талапқа сәйкес олардың, отбасының,  жеке бастың, тұрмыстық және рухани  қажеттерін қанағаттандыру, айырбас  сауда жасау үшін ең қажетті  заттарды дайындады. Жүн, тері, сүйек пен мүйіз, яғни мал  шаруашылығы өнімдері, ағаш, металл, қолданбалы өнер туындыларын  жасайтын материалдар қызметін  атқарды. Міне осының бәрін  жасайтын көріп, көңіліне тоқып  өскен бала бірте – бірте  бұл өнердің қыр – сырын  меңгеріп, өз бетімен өмір жолын  бастағанға шейін айтарлықтай  тәжірибе жинақтайды.(Ұзақбаева  С. А. Тамыры терең тәрбие. –  Алматы: Білім 1995 ж. 123 – 227 бб)

              Жас ұрпақтың рухани – эстетикалық  дамуын қамтамазыз ету, негізінен,  көркемөнер түрлері арқылы (әдебиет,  музыка, бейнелеу, қолөнер және т.  б.) білім мен тәрбие беру жүйесінде  жүзеге асырылады. Қандай болсын  өнер түрі қоршаған шындық  болмысының құбылыстарын бейнелейтін,  өзіне тән көркемдік құралдары  арқылы баланың санасына әсер  ете отырып, оның сұлулық туралы  алғашқы түсінігін, қоршаған өмір  шындығына эмоциялық қатынастарының  қалыптасуын сапалы дәрежеге  жеткізетін танымдық мүмкіндіктерін  кеңейтеді.

              Жеке тұлғаның эстетикалық, рухани  дамуына, дүниетанымдық көзқарасының  жарасымды қалыптасуына көркем  өнердің зор ықпалы туралы  теориялық мағлұматтар, сонау  ерте дәуір ойшылдарының (Аристотель, Платон) философиялық, эстетикалық  ой – пікірінен, қайта өрлеу  дәуіріндегі - өнерді, нақтылы шындықты  түсінуге, тануға жетелейтін ғылым  дәрежесіне көтерген (Леонардо, Альберто, Дюрер, т. б.) өнер алыптарының  трактаттарынан, өнердің әлеуметтік  қызметін айқындай отырып, оның  саяси – адамгершілік сипатын  ашып көрсеткен француз ағартушыларының  (Вольтер, Дидро, Руссо) эстетикалық  еңбектерінен және бұдан кейінгілердің  (Кант, Гегель) философиялық, эстетикалық  тұжырымдарынан бастау алады.

              Бұл саладағы ой – пікірлердің  әрі қарай дамуына Н. А. Добралюбов, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Д. Ушинский сияқты орыс  демократ жазушаларының қосқан  үлесі мол болды. Әсіресе В.  Г. Белинскийдің жеке тұлғаның  сезімталдығын, қиял өрісін дамытудағы  өнер туындыларының белсенді  әсері мен ықпалы туралы тұжырымдады  және оның өнерге тәрбиелеудің  ерте жастан басталуын қажет  деп санауы – жалпы эстетикалық  тәрбие  теориясы үшін бағалы  пікір.

              А. В. Луначарский сөзімен айтқанда, өнерайналасындағыларға сезімдік  жағынан әсер етеді. «Ол өткенді,  болашақты түсінуге, сүюге, оны  тез сезінуге мәжбүр етеді,  сондықтан, егер біз бұл үшін  өзімізге лайықты болып табылатын  элементтерді көне өнерден таңдап  ала отырып, оны пайдалана алсақ,  онда біздің идеяларымыз, принциптеріміз, көзқарасымыз көрініс табатын  және орасан зор тәрбиелік  маңызы бар өз өнерімізді дамытуды  қалауға тиіспіз» - деп атап көрсеткен. (Луначарский А. В. О народном  образовании – М.: АПН ССФСР, 1958. 559 бб)

              Қазақтың көркем – эстетикалық  дәстүрлер үлгісін жас ұрпақ  тәрбиесінде тиімді педагогикалық  құрал ретінде пайдалану мәселелерін  Е. Асылханов, Қ. Әмірғазин,  Б. Әлмұхамбетов, М. Болатпаев,  Ж. Балкенов, Б. Б. Байжігітов, Қ.  Болатпаев, Е. Ералин, Е. Сағындықов, О. Сатқанов, С. А. Ұзақбаева  сияқты педагог ғалымдардың арнайы, зерттеу жұмыстарында қарастырылады.

              Жас жеткіншектерде өнер арқылы  көркемдік білім, эстетикалық  тәрбие беру жүйесінің халық  педогогикасының үлгілерімен ұштастығы,  сабақтастығы туралы ғылыми зерттеу  жұмыстарының тұжырымдық негіздерін  С. А. Ұзақбаеваның «Тамыры  терең тәрбие», «Өміршең өнер  өрісі», «Балаларға эстетикалық  тәрбие берудегі халық дәстүрлері»  атты еңбектерінен көруге болады. Халық мұрасын пайдалануда балаларға  сәндік қолданбалы өнер арқылы  эстетикалық тәрбие бер мәселесі  жан жақты қарастырылған.

              Ұзақпаева өзінің «Тамыры терең  тәрбие» атты кітабында балалар  мен жастарға эстетикалық тәрбие  берудің мүмкіндіктерін қарастыра  келіп, халықтық педагогиканың  тамаша идеялары мен дәстүрін  сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуде  халықтың ауызекі шығармашылығы  мен қолданбалы өнері айырықша  рөл атқарады деді. Ол «қолөнер  арқылы тұлғаның адамгершілік  қасиеттерін /қайырымдылық, мейірімділік, инабаттылық, бауырмалдық, туыстық,  достық, жолдастық сезім, туған  жерге, елге сүйіспеншілігін,  ұлттық намыс, ата – баба  дәуіріне сыйласты көзқарас, ұлттық  өнерді құрметеу, сақтау т.б./, психалогиялық  – эмоциялық қасиеттерін /болмыстығы, қуанышы, сүйіспеншілік сезімінен  қабылдау, байыптау, елестеу, еске  сақтау, ойлау т. б./ өнердегі / табиғаттағы  әдемілікті, сұлулықты талғаммен,  жылы сезіммен қабылдау, ләззат  алу, әсерлену, эстетикалық тұрғада баға беру т. б./, қалыптастырады. Олардың маңыздылығы бүгінгі күнде тіпті артып отыр» - деп тұжырымдайды.

 

              Жас ұрпаққа көркемөнердің қыры  мен сырын, бейнелілік тілін  меңгерту және олардың өнер  саласындағы шығармашылық іс - әрекеттерін  дамыту арқылы халқымыздың көркемдік  мәдени бай мұрасын игерту, туған  халқының өнеріндегі парасатты  дәстүріне деген эстетикалық  көзқарасын  қалыптастыру, қазіргі  кездегі балабақшадан бастап  орта мектеп, білім беру жүйесінің  барлық саласындағы имандылық  – эстетикалық тәрбиенің негізгі  де басты міндеттерінің бірі  болып табылады.

              Адамдардың сыртқы тұла болмысынан, олардың өзара қатынасынан, тілінен, жасаған өнер туындылары мен тұрмыстық бұйымдарынан, киім үлгілерінен әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшеліктері, дүниетанымын, эстетикалық талғам сапасын, көркемдік мәдени даму жолдарын, салт – дәстүр үлгілерін, жас ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибеде белгілерін көрсетуге болады.

              Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары сан – алуан. Әр өнер жанрларының адам, сезіміне, санасына, ой - өрісіне ықпал жасайтын өзінік бейнелік тілі, жасалу құралдары бар. Жеке тұлғаның жалпы дамуына, көркемдік талғамының қалыптасуына үлкен мүмкіндік беретін бейнелеу өнерінің бір түрі – қолөнері.

Информация о работе Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері.