Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 06:50, реферат
Жас ерекшелігі психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үтіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушыларының психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, геронтопсихология жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланыста.
І Жас ерекшелік психологиясының зерттеу тарихынан.
ІІ Жас ерекшелігі психологиясының тармақтары мен басқа ғылымдармен
байланысы.
ІІІ Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері және оларға
қойылатын талаптар.
Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобын қолдануда:
Ұйымдастыру әдістері - салыстыру әрқандай топты, жасы, қызметі т.б бойынша салыстыра зерттеу, кешенді зерттеуге әр түрлі ғылымдар өкілдері қатысып бір объектіні жан-жақты әр түрлі құралдармен зерттеу, лангитюд – бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап зерттеу.
Эмпирикалық әдістер – бақылаумен өзіндік бақылау, эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы), психодиагностикалық әдістер: психологиялық болжау, тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу, шығармашылдық іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері, өмірбаян.
Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу) талдау әдістері.
Интерпретациялық әдістер: генетикалық, құрылымдық.
Сондай-ақ реттеу түзету әдістеріне: аутотренинг, топтық тренинг, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу-үйрету әдісі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Бейсенбекова Г.Б., Молдабаева
Р.А., Нұрғалиева С.М. «Жас
психологиясы» - Қ.: «Қарағанды Мемлекеттік Университеті» 2012 (6-13 беттер)
2. Ғаламтор желісі