Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 06:50, реферат
Жас ерекшелігі психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үтіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушыларының психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, геронтопсихология жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланыста.
І Жас ерекшелік психологиясының зерттеу тарихынан.
ІІ Жас ерекшелігі психологиясының тармақтары мен басқа ғылымдармен
байланысы.
ІІІ Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері және оларға
қойылатын талаптар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
КАФЕДРА: ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ АКМЕОЛОГИЯ
ТАҚЫРЫБЫ: Жас ерекшелік психологиясына кіріспе
КУРС: ІІ
ТОБЫ: ПСХ-11-1
ОРЫНДАҒАН: АБДУРАИМОВА Ә.Н.
ҚАБЫЛДАҒАН: МАҚАШҚҰЛОВА Г.Б.
ТАРАЗ 2013ж
ЖОСПАРЫ:
І Жас ерекшелік психологиясының зерттеу тарихынан.
ІІ Жас ерекшелігі психологиясының тармақтары мен басқа ғылымдармен
байланысы.
ІІІ Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері және оларға
қойылатын талаптар.
І Жас ерекшелігі психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үтіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушыларының психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, геронтопсихология жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланыста.
Жас ерекшелігі психологиясы – адам психикасының дамуын және оны тұрғысынан әртүрлі кезеңдердегі ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы.
Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі.
Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б. зерттейді.
Жас ерекшелігі психологиясының негізгі ұғымдары:
Жас – адам дамуының кезеңі организм мен тұлға қалыптасуының тән сипаты заңдылықтарының жиынтығымен сипатталады.
Жаңарыстар (жетістіктер) – нақты кезеңдегі мүмкіндіктерінің алғашқы және осы жастағылардың басқалардың ерекшелінуіндегі жеке бастың және психологиялық процестердің сапалық өзгерісі.
Әлеуметтік даму жағдайлары - әр кезеңдегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдайлар.
Дағдарыс – бір кезеңнен екінші кезеңге секірмелі түрде өтуі.
Жетекші іс-әрекет – белгілі бір кезеңдегі адамның психикалық дамуының сипатын анықтайтын іс-әрекет.
Жас ерекшелігі психологиясының міндеттері:
19 ғасырдың екінші жартысына дейін балалар психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей келді. Кейін психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты ол дами бастады. Даму үстіндегі психололгиялық-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің еңбектері, әсіресе оның «Адам – тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Жас ерекшелік психологиясының дамуына Ч.Дарвиннің эвалюциялық эвалюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына көңіл аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсіндірудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымы И.М. Сеченов те атап көрсетті. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас- жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады. Мұнымен қатар, жас ерекшелік психологиясы туралы мағлұматтар жинала басталды. Біріншіден, балаға туғандарының күнделік жазуы, екіншіден бала психикасын зерттеуде эксперимент тәсілдерін қолдана бастауы әсер етті.
Аса көрнекті чехтың ұлы ғалымы Я.А.Каменский баланың сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту жүйесін құру керектігін айтты. Ол мектепке дейінгі тәрбиенің жүйесін жасады. «Ұлы дидактика» еңбегінде Ж.Ж.Руссо мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін толық ашып берді. Ол баланың ақыл-ойының, ықылас-тілегінің өзіндік ерекшеліктерінің болатынын, оларға барлық уаытта бала деп қарауға болмайтындығын, кейде үлкендермен түрліше араласу баланың табиғи дамуына кері әсер еттіндігін атап көрсетті. Г.Песталоци (1746-1824) баланың жеке басының алыптасуына жанұяның, әсіресе ананың рөлі зор деп бағалады. Ол танымның басталар сәті сезімдік қабылдау деп есептеді, әрбір баланың бойында бақылау мәдениетін қалыптастыруды талап етті.
18 ғасырда Ресейде алдыңғы қатарлы ағартушылар өз пікірлерін қосты, сонымен бірге В.Н.Татищев өзіндік ақылының даму көзі, жас адамға өзгенің іс-тәжірибесін меңгерудің нәтижесінде пайда болады деп көрсетті. Ол ең алғаш рет балалық шақтың психикалық дамуының жас кезеңінің түпнұсасын берген болатын, сонымен бірге адамның адамгершілік санасын қалыптастыруды ұсынды. Новиков (1744-1818) ақыл-ой, адамгершілік және эмоциялық дамуды жан-жақты ашып көрсетті.
Бала психикасын зерттеу шет
елдерде кейіннен дамыған болатын.
Біздің елде Қазан төңкерісінен кейін
зерттеулер жүргізілді. Мұндай зерттеулер
қатарына И.П.Павловтың шәкірттерінің
жұмысы (Н.И.Кросногорский), В.М.Бехтеревтің
басшылығымен жүргізілген оның шәкірттерінің
(Н.М.Щелованов) зерттеулері жатады. Сондай-ақ
кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи
сипатта болады деп, П.П.Блонский мен Л.С.Выготский
бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты.
Тарихи даму процесінде балалар өсетін
жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың
мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады
және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің
өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
С.А.Рубинштейннің 1940ж
жарық көрген «Сана және оның дамуы»
- атты еңбегінің мәні зор болды.
Кеңес психологтары мектеп жасына дейінгі
баланың негізгі әрекеті «
ІІ Жас ерекшелігі психологиясының
баса ғылымдармен байланысы: анатомия,
физиология, философия, жалпы психология.
Жалпы психология – барлық психологиялық ғылымдардың теориялық негізі. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін, оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді.
Анатомия және физиология – баланың дене құрылысының әр жасқа қарай нығайып өсуін, органдардың атқаратын қызметін, әр жаста түрліше өзгерістерге ұшырау себептерін көрсетеді.
Философия – барлық ғылымдардың әдіснамалық негізі. Философия барлық ғылымдар ескеретін ортақ заңдылықтарды ашады.
Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен
тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның
пәні - оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық
заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық
және даму психологиясының бір тұтастығы
зерттелу объектіс і- бала, жеткіншек,
жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі.
Олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы
тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың
зе рттеу объектілері, ал егер педагогтың
мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық
психологияның объектілері болып табылады.
Мектепке дейінгі балалар психологиясы,
төменгі сынып оқушылар психологиясы,
жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы
– даму психологиясының бөлімдері, ал
оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы,
мұғалімдер психологиясы - педагогикалық
психологиясының бөлімдері болып табылады.
Жас ерекшелік психолоиясы психологияның
басқа да салаларымен (еңбек психологиясымен,
әлеуметтік психологиямен, және т.б.) тығыз
байланысты.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың
ерекше сапалы кезеңі болып табылады
және бала дамуының осы кезеңдегі
оның жеке басының өзіндік құрылымының
жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен
сипатталады. Л.С.Выготский жас шағы дамудың
белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың
белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады,
оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын
орнымен және дамудың жалпы заңдарының
одан әр кез өзіндік көрініс табуымен
анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне
өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа
құрылымдар пайда болады және даму барысының
өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Адамның жас ерекшеліктері көптеген
жағдайлардың жиынтығымен анықталады.
Бұл- әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде
қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен
қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін
білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді
игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді
анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың
дене дамуының түрлі жақтарының ( мысалы,
сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық
құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы
организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б.
) ерекшеліктері де енеді.
Жас ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы
жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді.
Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай
да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық
қасиеттер арқылы өтетініне байланысты
әр балаға объективті түрліше әсер етеді.
Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы
жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды
да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас
өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің
қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас
келеді.
Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде
қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының
ерекшеліктерімен, оның айна ласындағылармен
қарым-қатынас ерекшелігімен, блаланың
жеке басының психологиялық құрылымы
дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының
даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық
ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.
Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас
жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің,
қабілеттердің даму деңгейі арасындағы
байланыс анықтайды.
Адамның өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты,
психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес
жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:
1.Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа
дейін /
2.Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін /
3.Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа
дейін /
4.Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа
дейін /
5.Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін
/
6.Жасөспірімдік кезең / 15-16 жастан 17-18 жасқа
дейін /
8.Ерте ересектік шақ / 20-23 жастан 30 жасқа
дейін /
9.Орта ересектік кезең / 30-35 жастан 60 жасқа
дейін /
10.Кеш ересектік кезеңі / 60 жоғары /
ІІІ Кез-келген ғылым негізгі факторларды
зерттеуден тұрады. Факторларды тауып,
анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми
әдістер деп атайды.
Бақылау жас ерекшелік психологиясындағы зерттеулерде кеңінен қолданыады. Бақылау зерттеудің тек тиісті объектілеріне қарау емес, әдейі мақсат қойып баланың тиісті мінез-ұлқын (сөзін, ісін) тексеру. Бұл кейде «кесінді» ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі. Бақылау әдісі таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп және психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттау болып табылады.
Бұл әдіс бойынша, зерттеуші адам зерттеушінің әрекеттерін сырттай бақылап, жазып отырады. Оны жүргізу шарты: жоспарлап алу, мақсат қою, жүйелі түрде жүргізіліп отыруы, кездейсоқ болмай, бақылауды қалай жүргізу керектігін алдын ала белгілеп алу және оған қорытынды беру.
Бала психологиясы тарапынан жасалынатын эксперименттер мектепке дейінгі және мектеп жасындағылармен түрліше жүргізіледі.
Эксперимент деп баланың психикасының даму заңдылықтарын бірнеше рет өзгертіп, құбылтып, кейде жасанды жағдайға зерттеу.
Эксперимент әдісі арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.
Эксперимент екіге бөлінеді: табиғи эксперимент және лабораториялық.
Табиғи эксперимент күнделікті дағдылы жағдайда балалардың арасында ойын, сабақ, оқу, еңбек әрекеті кезінде жүргізіледі. 1910 жылы орыс педагогы А.Ф.Лазурский (1874-1917) табиғи эксперименттің негізін қалады. Лабораториялық эксперимент арнайы жабдықталған лабораторияларда жүргзілетін зерттеу.
Жас ерекшелік психологиясында мынандай эксперимент түрлерін де қолданамыз: белгілеуші эксперимент – тексерілген мәселенің бағытын алдын ала білу. Қалыптастырушы эксперимент – балаларды осы психикалық процестер мен сапалары қалыптастыруға бағытталған эксперимент.
Сонымен бірге «көлденең кесу», «бойлай» зерттеу әдістеі бар зерттеуші психиканың қалыптасуының нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының көлденең кесу әдісімен зерттейді. Кейде психологтар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт зерттейді. Бұны бойлай зерттеу әдісі деп атайды.