Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 06:50, реферат
Жас ерекшелігі психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үтіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушыларының психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, геронтопсихология жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланыста.
І Жас ерекшелік психологиясының зерттеу тарихынан.
ІІ Жас ерекшелігі психологиясының тармақтары мен басқа ғылымдармен
байланысы.
ІІІ Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері және оларға
қойылатын талаптар.