Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 16:59, реферат
Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі , тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады.
I.Кіріспе
1.1 Тұлға туралы жалпы түсінік
1.2 Топтағы тұлғааралық қатнасты анықтау
II. Негізгі бөлім
2.1 Топ туралы түсінік
2.2 Тұлғаның қасиеттері
2.3 Тұлға және қарым-қатынас
2.4 Тұлға теориясының психодинамикалық бағыттары
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды:
Түлға- психологиялық сипаттамасы, бірқалыпты жоғарғы даму жүйесі, индивидуалды қажеттіліктермен қамтамасыз ететін, уақытша және белгілі бір жағдайларда адамның түрақты жүріс-түрысы.
Түлға теориясы - бүл болжамдардың жиынтығы немесе түлға дамуының табиғаты мен механизмініңболжамы.
Түлға теориясын тек түсіндіруге тырысып қана қоймай, ол адамның жүріс-түрысын сипатгайды (А.Хьелл, Д. Зиглер).
Қарым-қатынас топ, ұжым деген ұғымдармен тығыз байланысты. Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсатына, мұратына жете алмайды. Сондықтан олар үнемі бірлесіп тіршілік етуге тиіс. Мұндай бірігулерді топ -деп атайды.
Топтардың түрлері сан алуан болады. Оның бірі-нақты топтар. Бұл-ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте белгілі уақыт ішінде , бір-бірімен қоян-қолтық араласып, іс-әрекетке түсетіндер.
Топтар: үлкен-шағын, ресми-бейресми, формалы-формасыз, ұйымдасқан-ұйымдаспаған, жасанды-табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді. Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасап ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігін «шағын топ» деп атайды. Мұндағылар бірін-бірі жақсы біледі, топ алдында тұрған ортақ міндетті орындау кезінде өзара қоян-қолтық қатынаста болады. Шағын топ мүшелерінің саны 2-3 адамнан құралып, әрісі 30-40 адамнан аспауы керек. Отбасы, өндірістік бригада, ұшақ пен ғарыш корабльінің экипажы, полярстанциясында қыстаушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады.