Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 16:59, реферат
Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі , тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады.
I.Кіріспе
1.1 Тұлға туралы жалпы түсінік
1.2 Топтағы тұлғааралық қатнасты анықтау
II. Негізгі бөлім
2.1 Топ туралы түсінік
2.2 Тұлғаның қасиеттері
2.3 Тұлға және қарым-қатынас
2.4 Тұлға теориясының психодинамикалық бағыттары
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе
1.1 Тұлға туралы жалпы түсінік
1.2 Топтағы тұлғааралық қатнасты анықтау
II. Негізгі бөлім
2.1 Топ туралы түсінік
2.2 Тұлғаның қасиеттері
2.3 Тұлға және қарым-қатынас
2.4 Тұлға теориясының психодинамикалық бағыттары
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Тұлға туралы жалпы түсінік
«Бала туылған кезінде адам емес тек адамдыққа кандидат». А. Пьерон.
Адам – дамудың ең жоғары
деңгейін қамтитын мән, тарихи
– қоғамдық субъект болып
Жаңа туған нәресте «адам»
деп аталғанымен, «тұлға»
Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір тұта білген, адамгершілігі төмен, не одан жұрдайларды «имансыз», «көргенсіз» деп жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ар – ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған. Ар – ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл – парасатты келеді.
Халық түсінігінде мінез – құлықтың әртүрлі жағымды жақтары «кісілік» ұғымының төңірегіне топтасқан. Кісіліктің басты белгілері: ар – ұятты қастертеп сақтау, намыстылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.
Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екенін, нақтылы кәсібін, білімін, іс – тәжірибесін білуіміз қажет. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Топтағы тұлғааралық қатынасты анықтау
Қарым-қатынас топ, ұжым деген ұғымдармен тығыз байланысты. Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсатына, мұратына жете алмайды. Сондықтан олар үнемі бірлесіп тіршілік етуге тиіс. Мұндай бірігулерді топ -деп атайды.
Топтардың түрлері сан алуан болады. Оның бірі-нақты топтар. Бұл-ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте белгілі уақыт ішінде , бір-бірімен қоян-қолтық араласып, іс-әрекетке түсетіндер.
Топтар: үлкен-шағын, ресми-бейресми, формалы-формасыз, ұйымдасқан-ұйымдаспаған, жасанды-табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді. Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасап ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігін «шағын топ» деп атайды. Мұндағылар бірін-бірі жақсы біледі, топ алдында тұрған ортақ міндетті орындау кезінде өзара қоян-қолтық қатынаста болады. Шағын топ мүшелерінің саны 2-3 адамнан құралып, әрісі 30-40 адамнан аспауы керек. Отбасы, өндірістік бригада, ұшақ пен ғарыш корабльінің экипажы, полярстанциясында қыстаушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады. Шағын топтардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез-келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетіне қарай қатынасқа түседі. Осындай шағын топтар формалы (ресми) және формасыз (бейресми) болып бөлінеді. Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әр түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау,ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті эмоциялық әуені ерекше көрінеді. Формалық топтарда кейде теріс эмоциялық әуен, яғни бірін-бірі ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстарда болуы етеді, оның, табысты болуына залалын тигізеді.
Формасыз топ-бұл ұнату, көзқарас бірдейлігі.
Топ туралы түсінік. Қарым – қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады. Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат – мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілк етуі тиіс. Мұндайда адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Ал, топтың түрлері сан алуан. Мәселен, мұның бірі – нақты (реалды) топтар. Бұл – ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде бір – бірімен қоян –
қолтық араласып, іс – әрекетке түсетіндер. Топтар үлкен, шағын, ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі – ұжым (коллектив) деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында
олардың мүдделерінің бір – бірімен ұштасып, «бір жеңнен қол», «бір жағадан бас» шығаратындай халге жетуі, топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда «ырың – жырыңның» орын алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу – ұжымның басты белгісі. Кез келген топтың көп жағдайда ұжым деңгейіне көтеріле алмайтыны да көбінесе осындай топта келеңсіз жа,дайлардың орын тебуінен туындайды.
Әр адам топта қандай да болмасын белгілі бір рөл атқарады. Бірақ оның бұл рөлі тұрақты болмайды. Кісінің атқаратын ісі неғұрлым көп болса, соғұрлым ұжыммен ьез байланысқа түсе алады, ол адамның ұжымға ықпалы тиімдірек болады.
Адамның топқа ықпал ету дәрежесі оның жеке басының қасиеттеріне де тәуелді. Орамды ақыл, терең сезім, күшті ерік – жігер, қажыр – қайрат, қабілеттілік осының бәрі ұжым игілігіне айналса, кісінің рухани өмірі бай болса, дағды икем, шеберлігі жеткілікті болса, ол соғұрлым топ ішіне тез сіңіп, беделі де жоғары болады. Ал, адам өзін ұжымнан жоғары қойса, әсіресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы төмендеп, беделінен айырылатын болады. Тату – тәтті өмір сүретін ұжымда ұрыс – керіс болмайды, творчестволық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психолгияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез құлқының мән жайын толық түсіну қиын болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оның түрткілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс - әрекеттің бағыт – бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс - әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді. Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғнибір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сырқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер ( тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді туғызады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына
байланысты. Адам қажеттердің дамуы – тарихи дамудың елеулі кезеңдерінің бірі. Олар адамның алдына әртүрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет – адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болыр табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері – іс - әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады.
Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат
Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады.
Қызығулар да бейімділіктер
тәрізді балалардың кішкентай кездерінде
ерекше байқалады. Мәселен, кейбір балалар
кішкентайында автомобильге, тракторға
жалпы – техника атаулыға әуесқой
келеді. Мұндай балалардың есі –
дерті машина болып, уақытының көбін
соның айналасында өткізеді, олардың
маркасын жақсы айыра алатын болады.
Қызығу құбылысының табиғаты өте
күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі
жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан
бір адамның қызығуы кең, жан
– жақты болып келеді де, екінші
біреудікі керісінше тар
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты,
мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай:
материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық, т.б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия т.б.); кәсіптік қызығулар сан
салалы кәсіптің түрлеріне байланысты, (эстетикалық қызығулар кино, театр, музыка, бейнелеу өнері) бөлініп жатады.
Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу – бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұраулы болып келсе, адамның ісі оңға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы кетіп отырады.
Жеке адам психологиясының неге бағытталғанын көрсететін негізгі компоненттердің бірі – адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерініің жүйесі. Нағыз дүниетаным мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми – материалистік дүниетаным. Оның басты ерекшелігі – ғылымға негізделетіні. Бірден – бір ақиқат дүниенің даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлінше керітартпа өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты көре тұра бұрмалау, пессимизмге салыну – керітартпа дүниетанымның басты белгісі. Адамдардың дүниетанымы
ұжымшылдықты, гуманизмді оптимизмді дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жанқиярлық күреске баулиды. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі.
Жеке адамның психикасын
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.Өзгелермен қарым – қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деегн сөз. Адам қарым – қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым – қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңдері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Осындай қарым – қатынастың мән – мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады.
Тұлға теориялары. Тұлға психологиясы саласындағы зерттеулер бұрыннан жүргізіліп келеді, олардың өзіндік тарихы бар. Түлға психологиясы дамуының 3 кезеңі келесідей: философиялық-әдеби, клиникалық жөне тәжірибелік.
Зертгеулердің бірінші кезеңі
көне ойшылдардың жұмысынан