Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 10:47, шпаргалка
работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Психология".
54. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы эссе жазыңыз?Адамның еркi белгiлi бiр қасиеттермен, сапалармен сипатталады. Ерiк күшi. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi деймiз. Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi көрсеткiшi боп табылады. Мақсатқа ұмтылушылық. Iс-әрекеттiң белгiлi бiр нәтижесiне жете бiлуден көрiнетiн, тұлғаның мақсатқа саналы және белсендi бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық деп аталады. Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетi батылдық деп аталады. Табандылық. Мiнез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетiн табандылық деп атайды. Ұстамдылық. Ұстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Дербестiк. Өзi талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба бiлетiн және қабылданған шешiмдердi практикалық орындай алатын адамның ерiктiк қасиетi дербестiк деп аталады. Ерiктiң дамуы мен оны тәрбиелеу адамның бүкiл өмiр iс-әрекетi процесiнде жүрiп отырады. Ерiк өзге де жоғары психикалық процестер сияқты адамның жас кезеңiне байланысты қалыптасады. Ерiктi қалыптастырудың негiзгi жолдары қандай? Ең алдымен бұл процестiң табысты болуы ата-анаға байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, баласының жан-жақты боп дамуына көңiл бөлген ата-аналар оларға жеткiлiктi жоғары талап қоя бiлетiнiн көрсеттi, нәтижеде балада iс-әрекеттi ерiктiк реттеуде еш қиын проблемалар болмайды.Бала тiлегiн қайтармай, құр мәпелей беру, iс-әрекетiн ұйымдастырып отырмаушылық ерiктiң жеткiлiксiз дамуына әкеп соғады. Баланы отбасында тәрбиелеудiң қажеттi шарты ода саналы тәртiптi қалыптастыру. Ата-ананың балада ерiктiк қасиеттердi дамытуы оның iшкi тәртiптiлiгi қалыптасуының алғы шарты боп табылды. Осы талаптардың бәрi баладан ерiктiк қасиеттердiң жоғары деңгейде дамуына әсер етедi.Ерiктiк қасиеттердiң қалыптасуы адам есейген соң тоқтап қалмайды. Еңбек жолына дербес кiрiскен жас маманның ерiктiк қасиетi осы еңбек iс-әрекетiнде жоғары даму дәрежесiне жетедi. Сөйтiп, ерiктi қалыптастыру адам өмiрiнде маңызды рөл алды екен.
55. «XXIғасырдың психологиясы» тақырыбында эссе жазыңыз. Осы заман психологиясы – басқа ғылымдармен тығыз байланысқан қарқынды даму жолына түскен адамзат білімдерінің елеулі аймағы. Сондықтан да, дамудағы құбылыс ретінде психология үздіксіз өзгерісте болады: жаңа ізденіс бағыттары, проблемалар туындап отырады, жаңа жобалар іске асып жатады, нәтижеде психологияның соны салалары ғылым қорына ене береді. Психология салаларының бәріне ортақ құбылыс – бұл пән біртектілігінің сақталуы: психология білімдерінің бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға байланысты, іс-әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, зерттеп отырады.
Психологияның негізі - жалпы психология. Бұл саланың атқаратын қызметі: психиканың жоғары жалпыланған заңдарын, заңдылықтары мен тетіктерін зерттейді. Аса маңызды психологиялық пәндердің бірі психология тарихы. Бұл пән өз назарын психологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуына байланысты тарихи үдерістердің мән-мағынасына аударып, оларға түсіндірме береді.
Көп түрлі психология салаларының өз алдына бөлінуінің негіздемелері де сан қилы. Әдетте, олардың жіктелуі мен топтасуына арқау болар жағдайлар келесідей:
1) нақты іс-әрекет (еңбек психологиясы, медициналық, педагогикалық психология, өнер, спорт және т.б. психологиясы);
2) даму (жануарлар психологиясы, салыстырмалы психология, даму психологиясы, балалар психологиясы және т.б.);
56. Мінезді өзгертуге байланысты қандай шаралар жасауға болады?
Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн ж/е оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек. Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi ж/е оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп ж/е белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады. Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең 2-3 жастан 9-10 жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары. Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте маңызды. Ең 1-ден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi. Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық ж/е оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды ж/е қалыптасады. Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады ж/е өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады д.а. Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына әлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп,оның жаңа сапаларын қалыптастырып отырғандығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық ж/е обьективтi фактор екендiгi еш дау тудырмайды.
57. Логикалық
ойлауды дамытуға арналған
Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады.Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Пікір дегеніміз - ойлау формасы,мұнда бір нәрсе мақұлданады,не теріске шығарылады.Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қорытындылары.
Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады.Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып,логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет деп ойлаймын.
Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың бағдарламалық материалды оқып үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне, іс-әрекеттеріне және дағдыларына, сонымен бірге,математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады. Оқу еңбегінің қаруы - ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік талдау біртұтас.Бұл талаптар ой мен іс -әрекеттің негізгі өзегі болып келеді.Ол үшін әр адам өз орынында еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай ,оның сапасын қалай өсіру керектігін ойластырғаны жөн деп ойлаймын.
Кейін ойлаудың дамуы балада логиканың дами бастауына соғады.Бала талдауға, талқылауға, қарапайым заңдылықтарға, логика заңдылығына байланысты ой қорытындыларын жасауға үйренеді.
58. Сіз болашақта логистиканың маманы ретінде қандай психологиялық білімдерді пайдалана аласыз?
Бүкiл әлемдi өзiмен санастырған логистика iлiмi – қазақ қоғамы мен отандық iскерлер әлемiне таңсық ұғым: жарнама жетiспейдi. Әзiрге, әрине. Өйткенi, логистикасыз кез келген кәсiпкердiң тасы өрге домалай қоюы екiталай.
“Логистика” француз тiлiнде (“loger”) “орналастыру” деген ұғымды бiлдiредi. Ал грек тiлiндегi “логос” алғаш рет византиялықтар қоғамында қолданылған. Уақыт өте келе логистика ғылыми-тәжiрибелiк қызметтiң дербес бағыты ретiнде қалыптасқан. Бүгiнгi таңда “логистика” ұғымы – iскерлер қауымы жиi қолданатын сөз. Өйткенi, логистика шикiзат, материал, өндiрiс, еңбек, дайын өнiмдi өндiрушiден тұтынушыға дейiн жеткiзудегi қозғалыстың теориясы мен тәжiрибесiн айқындайды. Басқаша айтқанда, логистика – түрлi саладағы материалдық, ақпараттық және қаржы қорын жоспарлау, басқару және бақылау iлiмi.Ал психолог үшiн ағзаның әр бөлiгi емес, адамның жалпы жағдайы, мiнез-құлқы мен әрекетi маңызды. Менiңше, Үкiмет экономиканың ойдағыдай жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету барысында белгiлi бiр салаларын жақсартуға ден қойғаннан гөрi кешендi жұмыстарды қолға алғаны жөн. Логистика - клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды.
Логистиканың негізгі мақсаттары
Логистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады
59. Өзіңіздің студенттік тобыңызға қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?
Группада 24 стуент бар.Оның ішінде 13 ұл бала,11 қыз бала.Группада Алматы қаласының өзінеде туылған және еліміздің басқа қалаларынан келген студенттер оқиды.Группа студенттерінің жан-жақтан жиналғандығына қарамастан, группа студенттері ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.
Менің тобым ұйымшыл.Әрдайым
бір-біріне көмекке дайын тұрады.Кейде
келіспеушілік болып қалса да
ол тез шешіліп кетеді. Әрбіреуі
өзінше дарынды,өзінің жеке көзқарасы
қалыптасқан жандар.Ешқашан
60. Адам қабілеттерін
дамытуға арналған қандай
Психология қабілеттердің
2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.Репродуктивті
(өнімсіз) – іс- әрекетті не білімді
берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере
алу деңгейі. Шығармашылық- жаңа нәрсе
ойлап табуға бағытталған қабілеттер
деңгейі. Ал «шығармашылық» сөзінің
мәні неде? «Шығармашылық сөзінің төркіні
(этимологиясы) «шығару», «іздену», «ойлап
табу»» дегенге келіп соғады. Демек бұрын
тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап,
жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал «шығармашылық»
мәселесін терең зерттеген Я.Н.Понаморев
оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені
әрбір жаңалық, әсіресе интелектуалдық
тұрғыдағы, баланы жаңа психологилық сапаға
көтереді.Шығармашылық қабілет деген
не? Қабілеттердің деңгейге көтерілуі
неге байланысты? – деген сұрақтар әрбір
ұстазды мазалайды деп ойлаймын. Шығармашылық
әрекет өте күрделі процесс және ол адамға
ғана тән. Шығармашылық- адамның іс- әрекетінің
түрі. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері
2 түрлі әрекетте дамиды:Біріншіден, кез
келген бала адамзат баласының осы кезге
дейінгі жинақтаған тәжірбиесін меңгертуге
бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды,
білімі, білік дағдыны қабылдайды,Екіншіден,
кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер
орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін
дамытады.Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының
кез-келгені шығармашылық тапсырмалар
шешуді табыспен меңгере алады Ол үшін
мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс:Біріншіден-баланың
шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін
ерте бастан қолға алу. Мысалы; біз тіл
үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап
сөйлесе бастаймыз ғой. Музыканттар жанұясында
үнемі музыка естіп өскен баланың сол
өнер қабілеті өте ерте ашылады. Осыны
басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа?
Екіншіден-баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған
шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы.
Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым-қатынастар
шығармашылық қабілеттерді дамытуға тиімді
әсер етеді деп ойлаймыз.Үшіншіден-
1. Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері
2. Психологияның даму тарихы
3. Психология ғылымның негізгі салалары
4. Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдер
5. Психологиялық зерттеудің негізгі әдістері
6. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы
7. Э.Эриксонның тұлға даму концепциясы
8. Түйсік туралы түсінік. Оның түрлері
9. Түйсіктің заңдылықтары
10. Түйсiктердiң жiктелуi
11. Қабылдау, оның түрлері және заңдылықтары
12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
13.Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау
14. Ес. Естің негізгі түрлері
15. Естің механизмдері мен негізгі процестері
16. Естің психологиялық теориялары
17. Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуы
18. Естің теориялары
19. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
20. Ойлаудың қасиеттері
21. Сөйлеудің түрлері
22. Сөйлеудің шығуы және дамуы
23. Сөйлеу және оның қызметтері
24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
25. Зейіннің психологиялық теориялары
26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
27. Қиялдың түрлері
28. Қиял және шығармашылық
29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк
30. Эмоцияның негізгі түрлері
31. Эмоцияның негiзгi қызметтерiне
Сіз қандай талдау жасар
32. Жоғары деңгейдегі сезімдерді қалай түсіндіресіз?
33. Ерік. Еріктің қандай негізгі қызметтерін анықтай аласыз?
34. Ерік туралы Сіз қандай теорияларды шынайы деп табасыз?
35. Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы қандай жолдармен жүреді деп ойлайсыз?
36. Темперамент өмір барысында өзгермейді деген тұжырыммен келісесіз бе, келіссеңіз мысал келтіріңіз?
37. Гиппократтың темперамент
туралы теориясына қазіргі
38. Ойлауды дамытуға
арналған әдістердің ішінде
39. Неміс философы И.Канттың темперамент туралы теориясын |Сіз қолдайсыз ба?
40. Темперамент типтеріне Сіз қандай психологиялық мінездеме бере аласыз?