Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 10:47, шпаргалка
работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Психология".
15. Естің механизмдері мен негізгі процестері
Адам психикасының жоғары деңгейде дамығандығының арқасында көптеген нәрселердi орындай,жасай алады. Бiздiң қоршаған ортадан алған әсерлерiмiз есiмiзде белгiлi iз қалдырады. Ол iздер жеткiлiктi ұзақ уақытқа сақталады және қажет жағдайда қайта жаңғырады. Ес бiр-бiрiмен байланысты жеке процестерден тұратын күрделi психикалық процесс. Естiң негiзгi процестерi: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту. Есте қалдыру дегенiмiз - жаңадан қабылданған бейнелер мен мәлiметтердi және олардың мәнiн есте бұрыңғы сақталғандармен байланыстырып отыруды айтамыз. Жаңа бiлiмдердi алуда және iс-әрекеттердiң жаңа түрлерiне ие болуда ол орын алады. Бiрақ есте қалдыруда әр нәрсе сақтала бермейдi. Естiң негiзгi процестерi: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту. Психологияда естi дамытуға арналған жаттау тәсiлдерiн – мнемоника немесе мнемотехникалар деп атайды. Бiрақ есте қалдыруда әр нәрсе сақтала бермейдi. Еске қалдыру әрекеттердiң мақсаттарыменен, мотивтерiменен және тәсiлдерменен айқындалынып отырады. Бұл есте қалдырудың таңдамалығын көрсетедi. Өйткенi адам бастан көшiргеннен және болмыстан өмiр мен тiршiлiкке қажеттi әсерлердi, бiлiмдердi және мәлiметтердi жадысына қалдыруды мақсаттайды. Арнайы есте үшiн мынадай шарттар қажет:•Арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; •Есте қалдырудың қоғамдық, эксперименталдық мәнiнiң адам қажетiне байланысты болуы; •Есте қалдыруды жоспарлап, iшiндегi ой түiндiлердiң мәнiн ашу, бiрiн бiрiмен байланыстыру; •Мән-мағыналарды түсiну үшiн ойлау құбылысы мен ұштастыру; •Қабылдаған нәрселердi өз сөзiмен құрастыру және өз ұғымдарыменен байланыстыру; •Сапалы түрде қайталау. Мысалы, керектi мәлiметтi жаттағаннан кейiн, сақтау үшiн 40 минуттан кейiн тағы қайталау керек. Өйiткенi бiр сағаттан кейiн есте оқылған мәлiметтiң 50% ғана қалады екен. Әр түрлi травмалар немесе ауралар естiң бұзулуына әкелүi мүңкiн. Сол кезде естiң жоғалуын – амнезия дейдi. Бұл құбылыстар мидағы тежеу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бiрақ өшкен, ұмытылған байланыстар бiр кезде жаңғырып, еске түседi. Бұны – реминисценсия дейдi. Ұмыту – жүйке клеткаларындағы тежелеу процестерiнiң дамуы. Осыған орай, уахытша ұмытуды сақтық тежеу дейдi. Адамның бұрынғы iс-әрекетi қазiргi есте сақтау жұмысына бөгет болып ұмытуға әкелсе, оны проактивтiк (тежелеу ''алдын ала әрекет ету'') дейдi. Ал кейiнгi iс-әрекеттiң бұрыннан есiнде сақталғандарына керi әсер етсе, ретроактивтi тежелеу (''артқа қарай әрекет ету'') дейдi. Мұндай ұмытудың көрiнiстерi бiр-бiрiне жақын материалдарды үйренуде жиi кездеседi. Тану – естiң бұрын қабылдағандарға кезiккенде көрiнетiн қайта жаңғыртудағы қарапайым түрi. Тану ұқсатумен байланысты болады. Тану айқын, айқын емес, толық,толық емес болады. Есте қайта елестету - бейне түрiнде жаңғыртуда айтамыз. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазiр жоқ көрiнiстiң бейнесi еске түседi. Соған орай қабылданған нәрсенiң бейнесi елестейдi. Бұл елестетулердi сөз айтып та, пiкiрлем мен ой қорытындылары арқылы тудыруға болады және олар белгiлi уақытқа және белгiлi жерге байланысты болады.
16. Естің психологиялық теориялары
Ес туралы көптеген теориялар бар. Олар ес құбылысын әр түрлi жағынан қарастырған әрi түсiндiрген. Солардың iшiнде алғашқы рет Аристотель үсынған, бiрақ өзiнiң көкейтестiлiгiн осы күнге дейiн әлi де жоғалтпаған ассоциациялық теория.Аристотель бiздiң елестерiмiздiң бiр-бiрiмен байланысуына мүмкiндiк беретiн принциптердi табуға тырысқан. CIC ғасырдың аяғында ассоциациалық теорияның орнына гештальттеория келдi. Бұл теорияның негiзгi түсiнiгi заттар немесе құбылыстардың ассоциациясы емес, олардың бастапқы, тұтастай ұйымдасуы - гештальт болды. Бұл теорияны жақтаушылардың пiкiрiнше ес процестерi гештальт қалыптасуымен анықталады. “Гештальт” сөзi “тұтастық“,“құрылым”,“жүйе” деген мағынаны бередi. Бұл терминдi XX ғасырдың алғашқы ширегiнде Германияда пайда болған бағыттың өкiлдерi ұсынған.Бұл теорияның өкiлдерi естi зерттегенде есте сақтау және қайта жаңғыру материалы ассоциациалардың негiзiнде элементтердiң кездейсоқ жиналуы арқылы емес, тұтастай құрылым түрiнде болады дейдi. ХХ ғасырдың басында естiң мағыналық теориясы пайда болды. Бұл теорияның өкiлдерi сәйкес процестердiң жұмысы мағыналық байланыстардың бар немесе жоқ болуына тәуелдi деп пайымдады. Мағыналық байланыстар есте сақталған материалды азды-көптi көлемдi мағыналық құрылымдарға бiрiктiредi. Бұл бағыттың көрнектi өкiлдерi А.Бине мен К.Бюлер болды. Олар есте сақтауда, қайта жаңғыртуда материалдың мағыналық мазмұны басты орын алатынын көрсеткен.Естiң физиологиялық теориясын жасаған И.П.Павлов және П.К.Анохин зерттеулерi бойынша жүйкелiк импульстар нейрон арқылы өткенде, өзiнiң iзiн қалдырады – бұны нейрондық модель теориясы деп те атайды. Естi нерв клеткаларының iшiндегi биохимиялық реакциялармен түсiндiретiн ХХ ғасырда терең зерттелiне басталған биохимиялық теория. Еске сақтау екi сатылы сипатта болады деген жорамал бар. Сонда алғашқы сатыда тiтiргендiргiштер тiкелей әсер еткеннен кейiн мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болады. Олар нейронда физиологиялық өзгерiстерге әкеледi. Екiншi сатыда, бiрiншi реакциядан кейiн жаңа белоктiк заттар (протейiндер) пайда болады. Сонда бұл теория бойынша адамның миының әрекеттерi бағдарламалардан (алгоритмдердiң жиынтығынан) түрады деген. Сөйтiп адам миын, сонымен бiрге естi де, кибернетикалық модельдеу арқылы зерттейдi.
17. Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуы
Естiң генетикалық және иммунитеттiк түрi адамға туылғанында берiледi, ал нервтiк түрi өмiр бақи қалыптасады және дамиды. Бiр-екi айлық балалар ең алдыменен анасын, соңынан басқаларды тани бастайды. Сол кезiнде үй iшiндегiлердiң бiреусi үш немесе көп күнге дейiн көрiнбесе, бала оны ұмытып кетедi екен. Балада естiң тану түрi бiрiншi дамиды екен. Зерттеулерге қарағанда, 3 жасар бала, жарты жыл бұрын көрген заттарын тани алса, 4 жасар бала бiр жыл бұрын, 6 жасар бала бiр жарым жыл бұрын көрген заттарын танитын көрiнедi. Мектеп жасына дейiн балаларда көбiнесе эмоциялық және эйдетикалық есi болады. Есте сақтағандарының көбiсi ұзақ мерзiмдi сақталады. Жастайынан балаларға тақпақтарды, өлеңдердi жаттатып, қайталау, айтылған ертегiлердi, әңгiмелердi айтып берүдi сүрау – естi дамытуының басты шарттары. Бұл балалардың есте сақтау және қайта жаңғыртулары ерiксiз болып келедi. Ал мектепке келгеннен кейiн балаларда ерiктi, сөздiқ -мағыналық, логиқалық естi мұғалiмдер түрлi шаралармен дамытады. Естi тәрбиелеу дегенiмiз, есте қалдыру, қайта жаңғырту жаттығуларының әдiстерiн дұрыс жолға қойып орындауымен байланысты және сонымен естiң көлемiн нығайту. Егер жаттаудың жүйесiн жақсы бiлсе және орындаса, жаттағанды еске түсiруi де еске қалдыруда зор нәтижелi болмақ. Естiң әр адамда даралық ерекшелiктерi болады. Бiреулер түрiн жақсы еске сақтайды да, сөздердi тез ұмыта бередi. Бiреулер әңдердi тез еске сақтайды, бiреулер қимылдарды. Ал қазақ ақындарында мен жырауларында есту есi жақсы дамыған болытын едi. Осындай ерекшелiктерiне орай естiң типтерiн бөлiнедi. Есте қалдыру мен ұмытудың шапшаңдығына, олардың баяулығына орай төрт типке бөлiнедi: есте қалдыру ұмыту, 1. Шапшан-баяу. 2. Баяу-баяу. 3. Шапшан-шапшан. 4. Баяу-шапшан. Бiрiншi типтегi адамдар оқыған немеес жаттаған нәрсесiн бiр реттен ақ есiнде жақсы қалдырады. Естi дамытуға әр кезде болады. Адамға бiлiм алу үшiн әр кезде ес керек болып жатады. Оқудың сапасын көтеру үшiн естi дамытуға қажет. Бiздiң көргенiмiздiң, естiгенiмiздiң және сезiнгенiмiздiң көбiсi ұмытылып кетедi, өйткенi оған зейiнсiз қараймыз. Ес зейiн, қабылдау және ойлау құбылыстарымен тығыз байланысты болады. Сондықтан, есте сақтауды жақсартамын десеңiз байқағыштықты, таңдаушылықты, елестету мен түсiнудi және санаға жеткiзудi жетiлдiру қажет. Еске сақтау мәлiметтi өзiңе түсiнiктi ұғымдармен, өз сөзiңе ауыстыру. Өзiнiң тәжиребеңнен алынған нәрселерге байланыстырғанда еске сақтау жақсарады.
18. Естің теориялары
Ес туралы көптеген теориялар бар. Олар ес құбылысын әр түрлi жағынан қарастырған әрi түсiндiрген. Солардың iшiнде алғашқы рет Аристотель үсынған, бiрақ өзiнiң көкейтестiлiгiн осы күнге дейiн әлi де жоғалтпаған ассоциациялық теория.Аристотель бiздiң елестерiмiздiң бiр-бiрiмен байланысуына мүмкiндiк беретiн принциптердi табуға тырысқан. CIC ғасырдың аяғында ассоциациалық теорияның орнына гештальттеория келдi. Бұл теорияның негiзгi түсiнiгi заттар немесе құбылыстардың ассоциациясы емес, олардың бастапқы, тұтастай ұйымдасуы - гештальт болды. Бұл теорияны жақтаушылардың пiкiрiнше ес процестерi гештальт қалыптасуымен анықталады. “Гештальт” сөзi “тұтастық“,“құрылым”,“жүйе” деген мағынаны бередi. Бұл терминдi XX ғасырдың алғашқы ширегiнде Германияда пайда болған бағыттың өкiлдерi ұсынған.Бұл теорияның өкiлдерi естi зерттегенде есте сақтау және қайта жаңғыру материалы ассоциациалардың негiзiнде элементтердiң кездейсоқ жиналуы арқылы емес, тұтастай құрылым түрiнде болады дейдi. ХХ ғасырдың басында естiң мағыналық теориясы пайда болды. Бұл теорияның өкiлдерi сәйкес процестердiң жұмысы мағыналық байланыстардың бар немесе жоқ болуына тәуелдi деп пайымдады. Мағыналық байланыстар есте сақталған материалды азды-көптi көлемдi мағыналық құрылымдарға бiрiктiредi. Бұл бағыттың көрнектi өкiлдерi А.Бине мен К.Бюлер болды. Олар есте сақтауда, қайта жаңғыртуда материалдың мағыналық мазмұны басты орын алатынын көрсеткен.Естiң физиологиялық теориясын жасаған И.П.Павлов және П.К.Анохин зерттеулерi бойынша жүйкелiк импульстар нейрон арқылы өткенде, өзiнiң iзiн қалдырады – бұны нейрондық модель теориясы деп те атайды. Естi нерв клеткаларының iшiндегi биохимиялық реакциялармен түсiндiретiн ХХ ғасырда терең зерттелiне басталған биохимиялық теория. Еске сақтау екi сатылы сипатта болады деген жорамал бар. Сонда алғашқы сатыда тiтiргендiргiштер тiкелей әсер еткеннен кейiн мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болады. Олар нейронда физиологиялық өзгерiстерге әкеледi. Екiншi сатыда, бiрiншi реакциядан кейiн жаңа белоктiк заттар (протейiндер) пайда болады. Сонда бұл теория бойынша адамның миының әрекеттерi бағдарламалардан (алгоритмдердiң жиынтығынан) түрады деген. Сөйтiп адам миын, сонымен бiрге естi де, кибернетикалық модельдеу арқылы зерттейдi.
19. Ойлау. Оның түрлері және ерекшеліктері
Ойлау дегенiмiз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуi.Ойлау адамға заттар мен құбылыстардың қасиеттерi мен олардың өзара қатынастарын салыстырып, ажыратуға, олардың сезiмдiк түрде берiлмеген қасиеттерiн, жаңа қатынастары мен қырларын ашады.Ойлау процесi елестермен де тығыз байланысты. Ойлау проблемасын қарастырған А.А. Смирнов ойлау және интеллектуалдық процестердiң ассоциативтi ағымын ажырату қажеттiлiгiн атап көрсеткен. Мұның себебi ойлау iс-әрекетiнде бiз ассоциацияларды өте кең қолданамыз - олар ойлау есептерiн шығаруға елеулi септiгiн тигiзедi. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесiнде туындап отырады. Ойлау - өзiндiк iшкi қарама-қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және iске асуының қозғаушы күштерi болып табылады, яғни ойлау осы қарама-қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбидi. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсендi қарым-қатынас жасауының нәтижесiнде, оның өмiр тәжiрибесiмен қосақталып, дамып отырады.Әрбiр адам бiрiнен-бiрi ойының кеңдiгi немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестiлiгi, логикалық жүйелiлiгi, сыншылдығы және т.б. сапалармен ажыратылады. Осылайша, шығу тегi мен пайда болуы (генезi) бойынша ойлау келесi түрлерге жiктеледi: Көрнекi-әрекеттiк ойлау - мәселенi шешу жағдаятын шынайы түрлендiретiн бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы iске асатын ойлау түрi. Көрнекi-бейнелiк (бейнелiк) ойлау – жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетiн ойлау түрi. Сөздiк-логикалық (пайымдаушы) ойлау – тiлдiң және тiлдiк құралдардың көмегiмен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен сипатталатын ойлаудың негiзгi түрлерiнiң бiрi.
20. Ойлаудың қасиеттері.
Ойлау дегенiмiз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуi.Түйсiктер мен қабылдау ақиқат дүние құбылыстарының жеке қасиеттерiн көбiне ретсiз кездейсоқ түрде бейнелендiредi. Ал ойлау адамға заттар мен құбылыстардың қасиеттерi мен олардың өзара қатынастарын салыстырып, ажыратуға, олардың сезiмдiк түрде берiлмеген қасиеттерiн, жаңа қатынастары мен қырларын ашады. Кез-келген психикалық процес тәрiздi ойлаудың да өзiндiк параметрлерi - қасиеттерi болады. Осындай ойлаудағы жекедара ерекшелiктердi бiлдiретiн ойлаудың қасиеттерi сан-алуан болады. Солардың iшiнде негiзгiлерi мыналар: Ойдың сыңдылығы – адамның өз және өзге адамның ойларын объективтi бағалай алу, барлық жасалатын қағидалар мен тұжырымдарды түпкiлiктi және жан-жақты тексере алу қабiлетi. Ойлаудың асығыстығы – адам сауалды, мәселенi жан-жақты ойластырып алмай, оның бiр жағын бөлiп алып, асығыс шешiм қабылдауға тырысуы, белгiлi бiр дәрежеде ойластырылмаған жауаптар мен пiкiрлердi беруi. Ойлаудың тездiгi – адамның жаңа жағдаятты тез түсiне алып, тез ойлау негiзiнде дұрыс шешiм қабылдай алуы. Ойлаудың дербестiгi – адамның жаңа мiндеттердi, мәселелердi шығара алумен және басқа адамдардың көмегiнсiз өзi мәселенiң дұрыс шешiлу жолын табумен сипатталады. Ойлаудың икемдiлiгi – ойлаудың оны шектейтiн жатталып қалған, таптаурын шешу тәсiлдерiнен тәуелсiздiк дәрежесiн бiлдiредi. Ойлаудың тереңдiгi – күрделi сауалдардың мәнiне терең шоғырланып, зерттей алуы. Ойлаудың кеңдiгi дегенiмiз – адамның зерттелетiн сауалдың маңызды жақтарын түсiрмей, тұтас қамтып, талдай алу қабiлетi.
21. Сөйлеудің түрлері
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу дейміз. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі сөйлеудің мазмұндылығы,екіншісі мәнерлілігі делінеді.Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы.Сөздің мәнерлілігі дегеніміз адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы,яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы.
Тіл ұғымының да ауқымы кең,ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес ,ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс.Ал сөз сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі.Ол жас балада,ересек,не қарт адамда да ,әртүрлі мамандық иелерінде түрліше көрінеді.Сөйлеу алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып бөлінеді.Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болып,ал ауызша сөйлеудің өзі диалог монолог болып бөлінеді.Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады,ол ойды кең жайып жатуды тілейді.Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді.Тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады.Диалог логикалық жағынан кемдеу болады.Монологтық сөйлеу дегеніміз біа адамның сөзі,яғни баяндамашының,лектордың сөздері ерекшеліктері:Монолог сөз үнемі белгілі жоспарларға сәйкес құрылады және мәнерлі адамға әсер ететін моменттерді көбірек қажет етеді.Ауызша сөйлеуде актив және пассив сөздер болады.Актив сөздер күнбе күнгі жиі қолданылатын сөздер.Пассив сөздер тіліміздегі сирек қолданылатын сөздер.
Сөйлеудің ерекше түрі жазбаша
сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін
сөйлеудің түрі.Ол адам баласы хат
танырлықтай дәрежеге жеткенде,ауызша
сөйлеудің бңршама дамыған
22. Сөйлеудің шығуы және дамуы.
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі,ой алмасады.Бұл үшін сол ұлттың,тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.Сөйлеудің пайда болуының нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды.Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес,түрлі дыбыс тіркестерін ,тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды.Сөйлеу адам санасының басты белгісі.Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты.Сөйлеу мен сананың пайда болып,біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес,ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік,тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет.Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының,олардың іс-әрекетпен айналысуының,еңбек құралдарын жасап ,пайдалана білудің нәтижесі. Тіл,сөйлеу ежелден бері жеке адамның да,қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады.Сөз ойлы да,мінерлі де болуы тиіс.Әйтпесе ол көздеген мақсатына жете алмайды. Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі,өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді,біртіндеп сөздік қоры молайып отырады.Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды,жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді.Осы кездегі сөздері көбінесе жеке нақтылы болып келеді.Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын,сол тілдің ішкі заңдылықтарын үйренеді,кейін есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғартады
23. Сөйлеу және оның қызметтері
Тіл арқылы ойымызды басқа
біреуге жеткізуді сөйлеу деп
атайды.Сөйлеу-пікір алысу