Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 10:47, шпаргалка
работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Психология".
47.К.Леонгард
бойынша мінез типтерінің
К.Леонгард өз классификациясында адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенедi:1)Гипертимдi тип- анық жест, мимикалары болады.сөзге құмар қарым-қатынасқа бейiм, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзiнiң отбасылық қоғамдық мiндеттерiне қалай болса солай қарағандықтан адамдармен конфликтiге тез түседi, конфликтiнi өзi бастайды. Оптимист, энергиясы мол, iс-әрекеттi сүйедi. Бiрақ жеңiлтек, аморальды әрекеттердi жасайды. Жоғары қозғыштық қасиеттерi бар, жалғыздық пен қатал тәртiптi қиын көтередi. 2)Дистимдi тип- пессимистi көңiл-күйдi, аз сөйлегiш, үйде отыруды ұнатады. Тұйық өмiр сүредi. Конфликтiге түспейдi. Онымен достасатын адамдарды бағалап, тiптi оларға бағынады. Әдiл, байсалды, баяу ойлайды, бiрақ тиянақты.3)Циклоидты тип-көңiл-күйi тез өзгередi, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелi болып келедi. Көңiл-күйi жоғары болғанда сөзге, қарым-қатынасқа жақсы түседi, төмен болғанда тұйық болады.4)Қозғыш тип- вербальды және вербальды емес реакциялары баяу, контактiлiгi төмен, конфликтiге бейiм, көңiлсiз. Отбасында басшы болғанды ұнатады, коллективте бiрге бола алмайды. Қозған кезде ашуланшақ, өз әрекеттерiн қадағаламайды,жақсы күйде таза, ұқыпты, бала мен жануарларды сүйедi. 5)Тежелгiш тип- сөйлемейдi, басқаларды үйретедi. Конфликтiде белсендi роль атқарады. Қолға алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге тырысады. Өзiне үлкен талаптар қояды. Ренжiгiш, сезiмтал, өш алғыш, өзiне тым сенiмдi, қызғаншақ, ар ұяты мол.6)Педантты тип- конфликтiде енжар жақта, жұмыста басқаларға үлкен талапты қойса да лидерлiктi кейде басқаларға да бередi. Өзiнiң тазалықты сүйюiмен үйдегiлердi де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйедi, жұмыста сенiмдi, бiрақ конфликтiде ұрысқақ. 7)Уайымшыл тип- ұялшақ, өзiне сенiмсiз, конфликтiге аз түседi, енжар болады. Басқалардан көмек iздейдi. Достықты бағалайды, өзiн-өзi көп сынайды, алға қойғандарын орындайды. Қалжың көтергiш. 8)Эмотивтi тип- жарты сөзден ақ бiрiн бiрi түсiнетiн адамдар тобынан құралады. Ренжiсе оны iшiнде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершiлiк, орындаушылық қасиеттерi бар, бiрақ жылығыш, тым сезiмтал жан.9)Демонстративтi тип- байланысты жеңiл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеушi мен лидерлiкке талпынады, өзiнiң өзiне-өзi сенiмдiлiгiмен адамдарға ұнамайды. Конфликтiнi өзi тудырып, өзiн өзi қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын әрекеттер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бiрақ эгоист, мақтаншақ, жұмыстан қашады, екiжүздi. 10)Экзалтацияланған тип- контактiге түсуi өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады. Дауласады, бiрақ конфликтiге жеткiзбейдi, конфликт кезiнде белсендi, әрi енжар болады. Достары жақындарына байланып қалады. Оларға көп көңiл бөледi. Талғамы жақсы, шын сезiмге бейiм. Көңiл-күйi тез өзгергiш.11)Экстравертивтi тип- достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлi нәрселер жайлы сөйлесе бередi, достары мен жақындарына лидерлiктi бередi. Олардан бiр нәрсе сұраса соны орындайды,зейiн қойып тыңдайды, бiрақ жеңiлтек. Басқалардың әсерiне бейiм, ойланбай бiр нәрсе iстей салады, әңгiме айтып отыруға бейiм, ойланбай көп нәрсе жасайды. Көңiлдi уақыт өткiзуге құмар. 12)Интравертивтi тип- тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққа бейiм, жалғыздықты сүйедi, тек өз өмiрiне басқа бiреу кiрiскенде ғана конфликтiге түседi. өстамды, принциптерi көп, қатал сенiмдерi мен көзқарастары болады. Бiрақ бiрбеткей, өз идеяларын дәлелдегiш, өз ойы қате болса да өз ойын дәлелдей бередi.
48. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек.
Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады.
Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары.
Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте маңызды. Ең бiрiншiден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi.
Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды және қалыптасады.
Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады және өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады деп айта аламыз.
49. Логистиканың маманы болуда қабілеттің қай түрі қажет деп ойлайсыз?
Өзіндік ерекшеліктеріне байланысты қабілеттің екі түріде қажет деп ойлаймын. Олардың түрлеріне тоқталып өтсек. 1. Жалпы; 2. Арнайы. Арнайы қабілеттер адамның іс- әрекетінің жеке арнайы салаларындағы жетістіктерін анықтайды. Ол арнайы қабілеттердің түрге жікелуінен көрінеді.(математика, музыка, әдебиет т.б.) Жалпы және арнайы қабілеттердің арақатынасын жалпы мен ерекшенің ара қатынасы ретінде қарастырады.Өте көп қабілеттер бар. Ғылымда олардың жіктелуінің белгілі әрекеттері бар. Жалпы қабілетке сан түрлі әрекеттер түрлерінде адамдардың табыстарын анықтайтындарды жатқызу қабылданған. Мысалы, аталмыш категорияға қол қозғалысындағы талғампаздық пен дәлшілдік, есте сақтау, сөйлеу және басқа да ойлау қабілеттіліктері енеді. Олай болса, жалпы қабілетпен көбінесе адамдарға тән дараланған қабілеттермен түсіндіріледі. Арнайы қабілет ерекше пайда болатын қажетті бейімділіктерді жүзеге асыруға және олардың дамуына арналған, адамдар табыстылығын арнайы әрекеттер түрлерінде анықтайтындармен жобаланып түсіндіріледі. Ондай қабілеттерге музыкалық, математикалық, лингвистикалық, техникалық, әдеби, көркем-шығармашылық, спорттық және т.б. жатқызуға болады. Адамдарда жалпы қабілеттің болуы олардың арнайы қабілеттің дамуын жоққа шығармайтынын ескеруіміз керек Қабілет мәселелерін зерттеушілердің көпшілігі жалпы және арнайы қабілеттер арасында кереғар ұғым болмайды, олар өзара бірін-бірі толықтырып және байытып отырады.Қабілетті жалпы және арнайы деп бөлудің сыртында теориялық және тәжірибелік қабілет деп бөлу қабылданған. Теориялық және тәжірибелік қабілет бір-бірінен біріншіден, адамның абстрактылы-теориялық ойлау бейімділігін алдын ала анықтайтынымен, екіншіден – нақтылы практикалық әрекетімен өзгешеленеді. Жалпы және арнайы қабілетке қарағанда теориялық және тәжірибелік қабілеттілік көбінесе бір-бірімен сәйкес келмейді.
50. Қарым-қатынаста
комплимент айтудың
Адамға комплимент айту арқылы иландыру
эффектісін тудыру.Осы әрекетпен адамның
қажеттіліктерін қанағаттандырып, өзін
жетілдіруге итермелейсіз және жағымды
эмоциясын тудырасыз. Жақсы сөздер, жылы
лебіз, ашық көңіл адамдардың арасындағы
қарым қатынасты жақсартады, бір бірінің
сенімін артырады. Адамдар арасындағы
қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара
түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас
жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап,
түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге
мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға
өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре
отырып, түсініспеушілік, ұрыс-
51.
Сізде өмір қиындықтарын
Жалпы адамның өмірі түрлі қиындықтардан, сынақтардан тұрады. Бірақ оған мойымай сол қиындықтарға қарсы күресе білу керек. Менің ойымша осы қиындықтарды жеңудегі басты сапаның бірі ерік жігер, төзімділік, ұстамдылық, табандылық деп ойлаймын.Ұстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Адамға кейде күрделi жағдайларда, мысалы денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiретiн жеке басының және қоғамның намысын, абыройын қорғауға тура келетiн т.б. осындай жағдайда әрекет жасауға тура келедi. Ұстамды адам мұндай кезде жағдайға сай келетiн және өз қылығын ақтайтын белсендiлiк дәрежесiн таңдап алады. Табандылық қасиеттке ие адам, қойылған мiндеттi үнемi санасында ұстап, өз мiнез-құлқын соның шешiмiн тездететiндей етiп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды., қиындықтан шыға білуге көмектесетiн нәрселердi таба бiледi. "Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ". Пенде болған соң, кейбір қадамдарымызды шалыс басып жатамыз. Достарымыздың бетін енді көрмейтіндей, оларға қатты-қатты сөздер айтып, ата-анамыздың қадірін кейін біліп, қолымызды мезгілінен кеш сермейміз. Өмір қағидалардан құралады. Ал қағидаларды жасайтын өзіміз екені рас. Мына қарапайым кеңестер шын мәнінде, өмірдің алтын кеңестері. Сондықтан, осы кеңестерді ойға түйсеңіз, бақыт бақшасына бір қадам жақындайтыныңыз сөзсіз... арқашанда тек қиындыққы моымай, шалыс басқан жерімізді тек түзеуге тырысуымыз керек.
52. «Мен психология
жайлы қызықты және маңызды
нені білдім?» тақырыбында
Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады. Жалпы психологияда адам біріншіден адам тірі табиғат өкілі – биологиялық объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырылады. Біріншіден психология - мінез құлық туралы ғылым. Бұл пәннің негізі адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар болып табылады. Мен психология сабагынан оте көп озіме керектіні үйрендім. Мен осы сабакты окығанға дейін бұл мамандық жайлы ойым мүлде өзгеше болатын. Психология сабағын окығалы мен адамдарды, достарымды жақсы түсіне бастадым. Қоршаған ортамен қарым-катнасым өзгерді. Бұл сабақта психикалық жан құаттары жайлы,яғни түйсік,кабылдау,темперамент т.б лар жайлы үйрендім. Мысалы мен бұрын түйсік жайлы білмейтінмін. Ми анализаторлары жайлы, олардың бірнеше миллиондаған саны бар екенін,түйсік пен қабылдаудың айырмашылығын оларда анализаторлардың калай жұмыс істеуін үйрендім. Сонымен қатар адамдарды темпераментке байланысты ажыратуды,соған байланысты олармен калай қарым-катнас жасау керек екенін үйрендім жане ол менін адамдармен қарым-қатынас жасауымда көмектесті.
53.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз.
Тұлға дамуының
кезеңдері (Э.Эриксон бойынша)Даму
кезеңі.Дамудың қалыпты желісі.
Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрай-лық, махаббаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық оқшаулау.2.Кейінгі нәрестелік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін) Дербестік, өзіне өзі сену. Бала өзін дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам деп санайды.Өз өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала өзінің бейімділмегендігін сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым қимыл әдеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы жүргенде. Оның сөйлеу қабілеті нашар дамыған, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыруға тырысады.3.Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында)Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі рольдерге қосылу. Пассивтілік және адамдарға мән бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан қызғану, ұсыныстардан бас тарту, рольдерге қосылу белгісінің жоқтығы.4. Орта балалық шақ (5 пен 11 жас аралығы) Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы. Өз алдына шынайы мақсат қойып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді меңгеру, шешімдер қабылдау.Өзін өзі кемсіту. Әлсіз дамыған еңбек ету қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысудан бас тарту. “Дауыл алдындағы” немесе жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге бағынушылық. Түрлі есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.5. Жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық (11 мен 20 жас аралығы) Өз болашағын анықтау. Уақытша перспективаның –болашаққа жоспардың дамуы. Қандай болу? Кім болу? деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу, үйрену. Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер. Дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасында лидер болу, қажет болса оларға бағыну. Рольдердің шатасуы. Уақытша перспективалардың ығысуы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін өзі тануға жұмсау, сыртқы әлем, қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнатудың орнына өзін өзі түсінуге тырысу. Еңбек белсенділігін жоғалту. Жыныстық айырмашылықты көрсететін рольдердің ауысуы, лидер болуға ұмтылмау. Мораль мен дүниеге көзқарастың шатасуы. 6. Ерте ересек шақ (20 мен 45 жас аралығы) Адамдарға жақын тарту, оларға көмектесуге тырысу. Бала сүйіп, оларды тәрбиелеу, махаббат пен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану. Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақындардан, олармен жыныстық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы, адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әрекеттер жасау. Мойындамау, оқшаулану, әлем қауіптерге толы-мыс деген ойлардың әсерінен психика ауытқуының, жан дүниесі күйзелуінің алғашқы белгілері.7. Орта ересек шақ (40-45 және 60 жас аралығы) Шығармашылық. Өзімен өзі және басқа адамдармен өнімді және шығармашылық жұмыстар жүргізу. Толық құнды, әр қилы өмір. Отбасылық қатынастармен қанағаттану, өз балалары үшін риза болу. Жаңа ұрпақты үйрету және тәрбиелеу. Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм. Жұмыстың өнімсіздігі. Ерте мүгедек болу. Үнемі өзіне кешірімді болып, тек өзіне ғана күтім жасау. 8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары)Өмірдің түрлі оқиғаларға бай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру. Өткен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну. Тағдырдың жазғанына көну қабілеті. Өлім қорқынышты емес екендігін ұғыну.Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, ол өте тез өтуде деп ойлау. Өмір сүруді мағынасыз деп түсіну, өз күшіне, басқаға деген сенімнің жоғалуы. Қайта өмір сүруді тілеу, бұрын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын, жаман, санасыз бастаманың көптігін сезіну. Жақындап келе жатқан өлімнен қорқу.