Психологтің кеңесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 18:44, реферат

Краткое описание

Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тэжірибелерді талдай келе, психологиялык тэжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау жэне дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара эрекетін, оған қажетті түлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мэселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялык кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан пихологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дэл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында түрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тэжірибелерді талдай келе.docx

— 41.57 Кб (Скачать документ)

Осы тэрізді тағы бір психологиялык тэсіл - хат жазу. Хаттың бірнеше түрлерін пайдалануға болады: «Сен ешқашан алмайтын хат», «Менің бүган дейін айтпай келгендерім», «Қарсылық хаты», «Өзімнің «Менімнен» хат». Аталған психотехникалық тэсілдерді психология сабақтарынан «Түлга психологиясы», «Қарым-қатынас», «Эмоциялар мен сезім», «Қабылдау» тақырыптарын қарастырғанда пайдалану мүмкіндіктері бар. Бүгінгі жастарда күнделіктің тағы бір түрі кең тараған. Біз өз зерттеуімізде мұндай күнделікті де назардан тыс қалдырған жоқпыз. Бұл күнделіктің ерекшелігі оған студентпен жақын араласатын, не курстас, топтас қүрбы-қүрдастары туралы мэліметтер жинақталады. Мэліметтердің ішінде олардың эрқайсысының туған күндерінен бастап, нені жақсы көретіндігі, ұнататындығы, керісінше, үнатпайтындығы туралы пікірлер, күнделік иесіне арналған тілектер сияқты қарым-қатынас үшін аса маңызды көптеген мэселелерді табуга болады. Осындай жүмыстарды психология сабақтарында жүйелі үйымдастыру студенттердің психологиядан танымдық іскерліктерін арттыратыны сурет 1- де көрсетілген:

Сондай-ақ, психологиялык кеңес беруді оқытуда қолдану мэселесін шешудің бір жолы ретінде педагогикалық мамандықтар үшін «Жеке адам жэне түлгалық осу» атты арнайы курс ұйымдастырылды. Арнайы курстың мақсаты -болашақ педагогтардың өмірі мен мамандыгы үшін аса қажетті өзін-өзі тану, өзінің даму деңгейін орынды бағалау, жеке түлғалық потенциалдарын пайдалана алу, түлға психологиясы туралы теориялық біліммен қаруландыру жэне оны қолдану іскерлігіне баулу (кесте-2). Бүл максатқа жетуде келесі міндеттер шешімін тапты:

студенттердің психология пэні көлемінде алған білімдерін жетілдіру, түлға психологиясы туралы білімін кеңейту;

студенттердің өзін-өзі тануы мен түсінуін, өзін орынды бағалауын қамтамасыз ету;

басқа адамдарды танып білуге деген қажеттіліктері мен икемділіктерін қалыптастыру жэне дамыту;

-      өмірлік жоспарларын қалыптастырып, құндылық бағыттарын түзету;

-      болашақ маманға қажетті кэсіби маңызды сапалар мен икемділіктерді (рефлексия, сезімталдық, жауапкершілік, эмпатия) қалыптастыру.

Зерттеу жұмысымыздың негізгі гылыми болжамына сай психологиялыц кеңес беру тәсілдері студенттердің психологиялык білімді меңгеру сапасын көтерумен бірге, кэсіби даярлығын арттыратындығы жэне тұлғалық даму деңгейін көтеріп, алған білімдерін өмір тэжірибесінде қолдана білу қабілеттерін жетілдіретіндігі эксперименттік жүмыстардың мазмүны мен жүйесін анықтауга негіз болды.

Сонымен, эксперименттік жүмыстарды жүргізудің төмендегідей міндеттерін белгіледік:

1)    студенттердің психология пэніне қатынасы мен пікірлерін білу;

2)    жоғары мектептегі оқу эрекеттерін меңгеру мен дүрыс үйымдастыра білу қабілеттерін тексеріп көру;

3)    студент жастардың өзін-өзі қалай бағалайтынын анықтау;

4)    жоғары мектеп жағдайындағы психологиялык білім беруде студенттердің болашақ кэсібіне дайындалу деңгейлері мен көзқарастарын нақтылау;

5)    студенттердің жеке түлғалық дамуы мен өсуіне қаншалықты мэн беретіндіктері мен түлғалық потециалын пайдалана алатындықтарын зерттеу. Осы міндеттерді шешу мақсатында психологиялыц кецес беру тәжірибесгнде бүған дейін сыннан өткізіліп, сенімділігі дэлелденген зерттеу әдістерін таңдап алдық. Психологиялык кеңес беру тэсілдерін психология пэні сабақтарының көлемінде қолданудың тиімділігін дэлелдеу үшін аталған эдістер зерттеу кезеңінің басында жэне аяғында жүргізіліп, алынған нэтижелер таразыланып отырды. Салыстырмалы көрсеткіштердегі айырмашылыцтар эксперименттік топта психологиялык кеңес беру тэсілдерінің колданылуы нэтижесінде көрінетін төмендегі көрсеткіштермен сипатталды:

1)    студенттердің психология пэніне қызығушылықтары мен психологиялык білімдерін арттыруға деген қүлшыныстарының оянуы;

2)    жоғары білім алудың мэні мен мазмүнын түсіне отырып, оку эрекеттерін тиімді үйымдастыру қабілеттерінің артуы;

3)           жас ерекшеліктері мен болашақ кэсібіне сай өзін-өзі орынды бағалауға  қол жеткізуі;

4)      кэсіби мотивациясының жоғары деңгейін қалыптастыру, ол үшін студенттің алып жатқан мамандығының психологиялық қыр-сырына түсінуі;

5)      студент жастардың түлғалық белсенділігінің көтерілуі, қарым-қатынас психологиясын меңгеруі.

Алдымен біз студенттердің психология пэніне қатынасын анықтайтын сауалнама үйымдастырдық. Сауалнаманың сенімділігін тексеру үшін Рюлон формуласы мен Спирмен-Браун формуласы негізге алынды. Зерттеуге I - III курстарда оқитын 286 студент (заң, экономика жэне құқық негіздері, қазақ тілі мен эдебиеті, шет тілі, аударма ісі, математика, физика, бастауыш мектеп педагогикасы мен эдістемесі, жаратылыстану мамандықтары) қатысты. Студенттердің жауаптарын саралай отырып, психологиялық білімнің болашақ маман үшін маңыздылығы мен психология пэнін тиімді үйымдастырудың (психологиялық кеңес берумен байланыстыру) қажеттілігі қазіргі заманғы көкейкесті мэселе екендігіне көз жеткіздік.

Зерттеу міндеттеріне сай психологияны оқытуда оқытушыдан тэжірибелік қолдау күту бағытындагы пікірлерге екі топтағы студенттер де қарсы еместігін, нақтырақ айтқанда «эрине солай» жауабын көрсетті. Бүл нэтижелер психологияны оқытуда кеңес беру тэсілдерін қолдануды зерттеуді батылырақ бастауға негіз болды.

Студенттердің жоғары оқу жағдайына бейімделуін анықтап, бүл процессті жеңілдету мақсатында студенттердің оку іс-эрекетіне қатысты қандай стильді қолданатынын тексердік. «Түлгаиыц оқу іс-әрекетіне цатысты автономдъщ-тәуелділік сипатын анықтау» эдістемесі Г.С.Прыгиннің «автономды» жэне «тэуелді» оқушыларды анықтауға арналған арнайы тест сауалнамасының көмегімен орындалды. Бүл эдістемені студенттердің оқу іс-эрекетіне қатынасын білу үшін таңдап алғанымыздың бір себебі аталған әдістемені қолданушылардың пікіріне қарағанда валидтілігі өте жоғары, эрі сенімділігі дэлелелденген.

Сауалнаманы жүргізудегі мақсат - студенттердің эрі түлға, эрі іс-эрекет субъектісі ретіндегі маңызды сапаларының (жауапкершілік, дербестік, өзіне¬өзінің сенімділігі, т.б.) қалыптасу деңгейлерін анықтап, психологиялық кеңес беру тэсілдерін ұйымдастыруда осы нэтижелердің оң өзгерістеріне мэн беру. Алғашқы тексеруде барлық көрсеткіштер бойынша екі топта да айтарлықтай айырмашылықтар болған жоқ. Екеуінде де тэуелді стильдің басым болуы бізді алғашында таңырқатқанымен, себебін тез түсіндік:

-        психология пэні көптеген мамандықтардың оку жоспарына сай I - II семестрлерде жүргізілетіндіктен, студенттердің жаңа оқу жағдайына бейімделу уақытына дэл келеді;

-        мектептегі соңғы оку жылында бірыңғай үлттық тестілеуге дайындалу үшін мұғалімдердің айтқанынан шықпау дагдысы қалып қойган.

Келесі жүргізілген эдістеме - К.Замфирдің «Кэсіби іс-эрекет мотивациясы» (модификациялаған А.Реан). Мотивацияның бағыты түрткілердің арақатынасына байланысты анықталады: IT (ішкі түрткілер) > СОТ (сырткы оң түрткілер) > СТТ (сыртқы теріс түрткілер). Мұндағы ең нашар нэтиже беретін тип : СТТ > СОТ > IT.

Зерттеулер қорытындысы көрсеткендей эксперименттік топта жүйелі ұйымдастырылған психологиялық кеңес беру тэсілдері студенттердің болашақ кэсіби іс-эрекетке байланысты мотивациясының дүрыс бағытта қалыптасуына ыкпал еткендігі дэлелденді.

Зерттеуге қатысқан студенттердің кэсіби мотивациялары нақты бір кэсіппен айналысып жүрген мамандарга берілетіндей мінездемені қажет етпейді. Біз бүл эдістеме бойынша студенттердің болашақ кэсібіне психологиялык даярлығын камтамасыз ету мақсатында қолдандық. Айта кететін жайт, эсіресе «Бастауыш мектеп педагогикасы мен эдістемесі» мамандығының студенттері өз мамандықтарына көп ықылас байқата бермейтін, ал арнайы жүргізілген жүмыстардың нэтижесінде оларда басқа мамандықтарга Караганда тіпті жогарырақ нэтижелерді аңгардық.

Кэсіби іс-эрекет мотивациясын анықтау студенттердің таңдаган кэсіби іс-эрекеттеріне байланысты мотивациясында байқалған негативті түрткілерді түзетуге негіз болды. Психологиялык кеңес беру жаттыгуларынан кейін оң өзгерістердің пайда болуы біз күткен нэтижелерге жетуге мүмкіндік берді: ішкі түрткілердің орнығуымен бірге сыртқы оң түрткілер пайызы арта түсті. Бүл студент жастардың болашақ мамандығына деген оң көзқарасын бекіте түсуге көмектескені сөзсіз.

Сурет-2-де студенттермен зерттеу барысында ұйымдастырылған студенттердің психология пэніне қатынасын анықтау, түлганың оку іс-эрекетіне қатысты автономдық-тэуелділік сипатын анықтау жэне кэсіби іс-эрекет мотивациясын анықтау эдістерінің нэтижелеріне қарай алынған өзгерістер бейнеленген.

Бакылау тобына Караганда психологиялык көмекті психологиялык біліммен бірге ала алған эксперименттік топтағы студенттердегі психологияға қызығушылық таныту, оқудағы белсенділіктерінің артуы мен кэсіби бағдарының нығаю көрсеткіштері бір жарым есеге көтерілгендігі байқалды.

Келесі өзін-өзі бағалау эдісінің көмегімен студент жастардың өз-өзіне сенімділігі мен айналасындағылармен қарым-қатынастағы өзіндік орнын нақтылай отырып, психологиялық көмекті ұйымдастырудың тәсілдерін қолдану мақсаты анықталды. Әсіресе 1 курс студенттерінде өзін-өзі бағалаудың төмен болатыны байқалып, арнайы ұйымдастырылған жаттығулар арқылы өзін орынды бағалау деңгейіне көтеру жолдары белгіленді.

Студенттермен үйымдастырылған психологиялық кеңес беруде олардың өзіне-өзінің сенімділігін қалыптастыруға ерекше мэн берілді. Психологиялық мазмүны жағынан түлганың өзіне-өзінің сенімділігінің қалыптасуы өзін орынды бағалау, яғни адамдар арасындағы, өмірдегі өзінің алатын орнын білуіне тікелей тэуелді болады. Біздің тэжірибемізде студенттердің жеткен жетістіктері өзін бағалаудың адекватты сипатының артуымен анықталып отыр.

Студенттердің түлғалық даму белсенділіктерін арттыра отырып өзін-өзі орынды бағалауға жетуі олардың жеке түлгалық бағыттары мен тұлгалық даму тенденцияларында пайда болатын өзгерістерден көрінеді. Сондықтан, біз келесі эдістерді - түлғаның бағыттылығын зерттеу әдісі мен түлғалық даму тенденцияларын анықтау эдістерін таңдап алғандағы мақсатымыз -психологиялық кеңес беруді тиімді ұйымдастыру арқылы студенттердің түлғалық дамуына ықпал ету болатын. Зерттеу түлганың мынадай көрсеткіштерін қарастырды: адамның жеке түлғалық бағыттылығы, іскерлік бағыттылығы жэне ұжымдық (бірлескен іс-эрекетке) бағыттылығы. Түлғалық даму тенденцияларын зерттеу эдісін қолдана отырып психологиялық кеңес беру тэсілдерін қолдану тиімділігінің жоғары нэтижелеріне қол жеткізе алдық. «Мен» жэне «Мен қандай болғым келеді» көрсеткіштері арасындағы қатынастарды анықтау арқылы студент жастардың тұлғалық жэне кэсіби дамуында болған оң өзгерістерді зерттеу эдісінің сенімділігі /?=0,86 тең болғандықтан, дэлелді деп санауға мүмкіндік туды. Бүл өзгерістер өз кезегінде студенттердің түлғалық дамуына, өзін бағалауының адекваттылығына жэне сол арқылы өзіне-өзінің сенімділігінің қалыптасуына ықпал еткенін келесі суреттен байқауға болады (сурет 3):

Сондай-ақ, психологиялық кеңес беру тэсілдері студенттердің психология пэнінен оқу үлгерімдерінің артуына да ықпал етті. Үлгерім көрсеткішіне студенттердің модульдық рейтинг бойынша балл мөлшері мен емтихан багалары алынды (сурет 4).

Эксперименттік жүмыстың нәтижелері көрсеткендей бақылау тобы мен эксперименттік топтағы салыстырмалы талдау психологиялық кеңес беру тэсілдері қолданылмаған бақылау топтарына қарағанда эксперименттік топтардағы келесі өзгерістерді көрсетіп, белгіленген болжамдарды дэлелдеп берді: студенттердің психологиялық білімге деген қызығушылығы мен қажеттілігі кеңейді; студенттердің өзіне-өзінің сенімділігі нығайып, түлгалық дамуында сапалы оң өзгерістер пайда болды; болашақ мамандығына қажетті психологиялық білімдері тереңдеп, кәсіби дайындықтары жетіле түсті; психология   пэні   бойынша   білім   сапасы   артып,   студенттердің   оку

үлгерімдерінде айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасты; психология пэні бойынша ғылыми жұмыстар орындауга тілек білдірушілердің саны көбейіп, психология пэнінің курстары студенттердің таңдауы бойынша қажетті пэнге айналды.

Қорытынды

Психологияны оқытуда психологиялық кеңес берудің эдіс-тэсілдерін пайдалану қажеттігі жоғаргы мектептің қазіргі заманғы талаптарынан туындап отыр. Психология пэні жоғаргы оқу орнындағы барлық мамандық бойынша оқытылып, болашақ мамандардың психологиялық сауаттылығы бүгінгі күннің басты талаптарының біріне айналды. Коп салалы психология курсының қай-қайсысы болмасын студенттің тұлғалық дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Психология пэнін студенттерге меңгертуде жоғарғы мектептің психология пэнінің оқытушысы тек педагог қана емес, психолог маман сапасында да көріне білуі біз мэн беріп отырған қазіргі заманғы маманды даярлауда басты рөл аткарары анық. Сонымен, «Психологиялық кеңес беру тэсілдерін окыту үрдісінде колдану» тақырыбындыгы зерттеу жүмысымызды қорытындылай келе, мүмкін болган нэтижелерді атап отсек:

-        оқыту теорияларының психологиялық мэселелерін зерттеу психологияны окытудың міндеттеріне осы ғылымның тэжірибелік мүмкіндіктерін қолдану қажеттігін анықтап берді;

-        психологиялық кеңес беру іс-эрекетінің теориясы мен тэжірибесіне жасалған талдаудың нэтижесінде психологияны оқыту процесінде қолдануға келетін тэсілдері анықталып, эдістемелік негіздері құрастырылды;

-        эксперименттік зерттеулер психологияны оқыту эдістемесіне психологиялық кеңес беру тэсілдерін енгізудің жолдары мен мүмкіндіктерін анықтап берді;

-        болашақ мамандардың түлгалық жэне кэсіби даярлығының сапасын көтеруге бағытталган (психология пэнінен) эдіс-тэсілдер, жаттығулар мен тапсырмалар жэне оқу бағдарламалары қүрастырылды. «Психологиядан тапсырмалар мен жаттығулар» оқу-эдістемелік құралы шыгарылды;

Информация о работе Психологтің кеңесі