Психологтің кеңесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 18:44, реферат

Краткое описание

Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тэжірибелерді талдай келе, психологиялык тэжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау жэне дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара эрекетін, оған қажетті түлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мэселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялык кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан пихологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дэл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында түрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тэжірибелерді талдай келе.docx

— 41.57 Кб (Скачать документ)

Кіріспеде диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі қарастырылып, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, теориялық жэне практикалык маңыздылығы, ғылыми жаңалығы мазмұндалып, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар белгіленді.

«Оқытуға психологиялык кеңес беру тәсілдерін енгізудің теориялық-әдістемелік негіздері» атты бірінші бөлімінде оқытудың психологиялык мэселелерінің шешілу барысы талданып, психологияны оқыту әдістемесінің қазіргі жағдайында кеңес беру тэжірибесін студенттік кезеңнің ерекшеліктеріне сай пайдаланудың негіздері айқындалды.

«Психологиялык кеңес беру тәсілдерін оқыту процесінде қолдануды эксперименттік зерттеу» деп аталатын екінші бөлімде эксперименттік тексеру жүмыстарының жүргізілуі баяндалып, психологиялык кеңес беру тэсілдері қолданылган эксперименттік топтардағы психология сабақтарының тиімділігі мен мэні дэлелденді.

Қорытындыда зерттеу жұмысының теориялық жэне тэжірибелік нэтижелері түжырымдалып, психологияны оқыту эдістемесін жетілдіру жолдары ұсынылды.

Қосымшада эксперименттік жүмыстардың мазмүнын қүрайтын материалдар көрсетілген.

Негізгі бөлім

Қазіргі уақытта оқытудың тиімділігі мэселесі мемлекеттік деңгейдегі аса өзекті мэселеге айналып отыр. Бүл мэселені шешу жолдарының бірі -студенттердің теориялық білімді практикада еркін қолдана алатындай деңгейде қабылдауына мэн беру. Психология ғылымының жетістіктерін өмірдің барлық салаларында пайдаланып жатқанда, білім беру міндеттерін шешуге қолданудың қажеттілігі анық.

Бірінші бөлім «Оқытуға психологиялык кеңес беру тәсілдерін енгізудің теориялық-әдістемелік негіздері» деп аталып, алғашқы сүрағында оқытудың психологиялык мэселелерін қарастыратын теорияларға талдау жасалды.

Оқыту процесін үйымдастыруда педагогикалық талаптар деңгейінен көрінумен бірге, психологиялык мэселелерін ескеру қажеттігі ертеден бері айтылып келе жатқанымен, дэл қазіргі уақытта оқытудың басты міндеттерінің біріне айналып отыр. Психологиялык сипаттағы мэселелерді ескеру жэне оларды шешудің нэтижесінде оқытудың тиімділігінің артатыны, оку іс-эрекетінің жетіле түсетіні, берілетін білімнің сапасы артатыны, білімді

Қабылдаушылардың түлғалық дамуы қамтамасыз етілетіні жэне т.б. осы сипаттағы зерттеулер психолог галымдар Б.Г.Ананьев, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Л.Б.Ительсон, А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, еліміздің ғалымдары Қ.Б.Жарықбаев, С.М.Жақыпов жэне баска да зерттеу ші л ер дің еңбектерінде баяндалған.

Окытудың психологиялык мазмұнын қарастыратын теорияларда мэн берілген басты мэселелерге оқу материалының мазмұнының оқушы психологиясына ықпалы, оқытудың эдіс-тэсілдерінің оқу материалының ерекшеліктері мен оқушы психологиясына сай болуы, оқытудың тиімділігі, оқытуды ұйымдастыру мен басқару мэселелері, окытудың құрылымдық ұйымдасуының компоненттері арасындағы өзара байланыстарды қамтамасыз ету (оку мотивациясы, оку тапсырмалары, оқу міндеттері, бақылау жэне өзін-өзі бақылау, бағалау жэне өзін-өзі бағалау), оқыту арқылы оқушының түлғалық жэне дара ерекшеліктерін дамыту, оқыту барысында бірлескен іс-эрекеттің қалыптасуы жэне тағы басқалар кіреді.

Аталған мэселелерді талдау оқытудың құрылымының психологиялык мазмұнын анықтап берді: білім беру жағдайына қатысушылардың (мұғалім, оқушы) мэні мен мақсаттары, оқу пэнінің құрылымдық мазмұны, оқу пэнінің мазмұнын меңгеру процесін ұйымдастырушы әрекеттер, оқу іс-эрекетінің жалпы тэсілдерін меңгерудің бір деңгейінен келесісіне өту, тұлғаның дамуын оқыту процесінде элеуметтік тұрғыдан реттеп отыру формасындағы мұгалім мен оқушылар арасындагы жэне оқушылардың өзара оқу эрекетінің жүйесі, жэне осы аталғандардың оқуды меңгеру барысындағы өзгерістері: білімнің пэндік мазмұнын меңгеру процесінің деңгейі мен фазаларының, жеке оку эрекеттерінің өзара байланысын қалыптастыру.

Оқытудың психотерапиялық қызметі жайлы мэселеге бірінші болып назар аударған В.Н.Мясищев. Психотерапиялық бағыттың тар мағынасы дэрігерлік емдеуге жақын түсіндірілсе, кең мағынасы жалпы гуманитарлық бағыттылығымен сипатталады. Педагогтың психотерапиялық қызметі -студенттің стресс жағдайына түспеуін қадағалау. Н.В.Жутикова атап көрсеткендей: «Адамның эрбір эрекеті мен эр сөзі не жақсылыққа, не жамандыққа экеледі. Әрекетсіздік те өзінің ықпалын тигізбей қоймайды». Оқытушының жылы сөздері емдік қасиетке ие. Әкесінің жолын қуған атақты психотерапевт Н.Роджерс былай деген екен: «Егер тұлға өзін еркін сезінетіндей қауіпсіз, сенімді жағдайды қалыптастырса, ол өзінің ішкі психикалық дүниесін зерттей бастайды, бүл жағдайда адам өзінің түлғалық дамуына тиімді бағытты таңдай алады». Тіпті дидактиканың өзі педагогтың сабақты мейіріммен, жылы жүзбен бастауын міндеттейді.

Студенттің мамандығына қатысты білімді, дағдылар мен ептіліктерді игертудің психологиялык механизмдерін анықтап, оқу іс-әрекетінің тиімді психологиялык жағдайларын қарастыру білім беру эдістемесінің ғылыми негізін қүрайды. Оқытудың психологиясын талдау психологияны жоғары мектепте оқытудың эдістемесін жетілдіруде пэн оқытушысының кэсіби мүмкіндіктерінің атқаратын рөлін анықтауга мүмкіндік берді.

Психология пәнінің эдіснамасын зерттеумен айналысушы ғалымдардың пікіріне Караганда (Б.Ц.Бадмаев, В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский, В.Я.Ляудис, В.Н.Карандашев, Е.А.Климов, К.Н.Корнилов, Т.В.Наумова, А.А.Немцов, З.М.Панибратцева т.б.) психологияның пэндік жэне іс-эрекеттік мақсатына келесі мақсаттар кіреді:

жаңа психологиялык білімдерді қарастыру;

психологиялык білімдерді тәжірибелік мэселелерді шешуге қолдану;

психологиялык білімді беру жэне тарату.

Аталған зерттеушілер психологияны оқыту эдістемесін педагогикалық училищеде (И.В.Дубровина, З.М.Панибратцева), жогары оқу орындарында (В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский), педагогикалық мамандықтарда (Б.Ц.Бадмаев, Е.А.Климов, В.Я.Ляудис), техникалық мамандықтарда психологияны оқыту (Т.В.Наумова, А.А.Немцов), орта мектепте (К.Н.Корнилов, О.О.Савина) оқыту бағыттарында қарастырады.

Психология пэнінің оқытушысы психология ғылымының теориясын гана емес, тэжірибесін де меңгеруі қажеттігі біздің зерттеуіміздің негізін қүрайды. Психология пэнінің оқытушысы үшін студенттерге психологиялык білімді берудің әдістері мен тэсілдері, құралдары мен мүмкіндіктері өте мол. Осыларға оқытушының педагогикалық бай тэжірибесі мен тұлғалық сапалары, ізденімпаздық талабы мен шыгармашылық қабілеті үйлесіп жататын болса, ондай оқытушы тек пэн оқытушысы ғана болып қалмай, психолог маман ретінде де қалыптасып, өзінің жеке эдістемелік іскерлігін дамытуда биік деңгейлерге жете алады.

Психологияны оқыту эдістемесі жайлы зерттеулер психологияны оқытуды жетілдіруді мынадай бағыттарда қарастырады:

-      психологияны оқытуда белсенді эдістерді пайдалану;

-      психология пэнінің мазмұнына өзгерістер енгізу, ягни гылыми-теориялық мэселелерге өмірлік тэжірибелер призмасы арқылы қарау;

-      психологиялык теорияларды жеке адамдық міндеттерді шешуде пайдалану деңгейінде түсінуге қол жеткізу.

Психологиялық кеңес беру тэсілдерін қолдану арқылы оқытуда аталган бағыттардың барлық белгілері байқалады.

Әдетте, студенттер психология пэнінің оқытушысынан көмек сүрауға дайын түрады. Жастар үшін психология пэнінің оқытушысы психолог маман деңгейінде қабылданады. Кіріспеде атап өтілген студенттік кезеңдегі қиындықтар психолог маманның көмегін қажет етеді. Бүл көмек психологиялык кеңес беру түрінде үйымдастырылып, психологияны оқытумен байланыстырылуының нэтижесінде студенттік шақтың қиындықтарының алдын алуга, жеңіп шығуга, немесе нэтижелерін түзетуге мүмкіндік береді.

Психологиялык кеңес беруді зерттеушілердің еңбектеріне назар аударсақ, бай мазмұнға ие екендігін аңғарамыз. Мысалы, Г.С.Абрамова, Ю.Е.Алешина, А.Ф.Бондаренко, Б.С.Братусь, Ф.Е.Васильюк жэне басқалар психологиялык кеңес берудің мазмүны мен құрылымын анықтауға үлкен үлес қосты.

Карл Роджерс студенттерге психологиялык кеңес беруді жеке жүмыс эдістерінің біріне жатқызуға болатынын айтады. Білім беру мен кэсіптік бағдар саласында психотехникалық түрлі эдістер көп қолданылғанымен, оның басым

бөлігін психологиялык кеңес беру алады.

Болашак маманның кэсіби қалыптасуы туралы зерттеулерге сүйенсек, эр мамандықтың ерекшелігіне сай студенттердегі қабілет мазмұны да әртүрлі болып қалыптасады. Мысалы, гуманитарлық бағытта даярланатын маман өз кэсібіне қатысты мынадай құрылымдық мазмүнды меңгергені жөн: біріншіден, мамандығына байланысты терең білім; екіншіден, өз бетімен іздену арқылы кэсіби білімін көтеру мэдениеті; үшіншіден, адамдармен жұмыс жасауға психологиялык жагынан дайындық.

Сонымен, болашақ мамандардың дайындығын жетілдіру мен оқыту сапасын арттыру жоғары оқу орны үшін тек педагогикалық қана емес, сонымен бірге психологиялык мәселе:

оку материалдары адам психологиясына зор талап қояды. Себебі, шындықтагы құбылыстардың сыр сипатын, мэн-жайын ұгыну өте күрделі эрекет;

жоғары мектеп оқытушысы тарапынан жылылықты сезіну студенттің өзінің «керектігін», өмірдегі орнын, орнықтылықты сезінуіне мүмкіндік береді;

3)    студенттерді оқу процесіне тартудың психологиялык жолы -оқытушының студенттермен байланыс орната білуінде;

4)    психологияны оқытудың басты максаты - студенттердің психологиялык ойлау икемділіктерін қалыптастырып, алған психологиялык білімдерін түрлі психикалык фактілер мен қүбылыстарды ғылыми негізде түсіндіре білуде, сонымен катар адамның түлғалық дамуына аса қажетті психикалык өзгерістерге ықпал етуде қолдана алуга үйрету. Сондықтан, психология пэнінің өзіндік 
ерекшеліктерін пайдалана отырып, инновациялық мүмкіндіктерді жасаудың жолдары сан алуан;

5)    біздің пайымдауымызша, студенттерге оқыту процесінде психологиялык кеңес беру мынадай міндеттерді шешеді:

-      психология курсын оқытудың мазмұны мен эдістемесін студенттің түлғалық сипатына (түлгалық жетістіктеріне) негіздеп қайта кұру арқылы эр студенттің қайталанбас түлға екендігіне көз жеткізу;

студенттің өзіне-өзінің сенімділігін арттыру;

болашақ мамандығына қажетті сапаларды меңгерту;

-      баскалармен өзара дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыра білуге, оларды түсінуге, дау-дамайсыз ортақтаса білуге, қарым-қатынас мэдениетіне үйрету.

«Психологиялык кеңес беру тәсілдерін оқыту процесінде қолдануды эксперименттік зерттеу» атты жұмыстың екінші бөлімінде эксперименттік зерттеудің жүйесі мазмүндалды.

Психологияны оқытуда қолданылатын психологиялык кеңес беру тэсілдері келесі формаларда үйымдастырылды:

психологиялык кеңес беру мазмұнындағы сабақ түрлері (дэріс-диалог, дэріс-тексеру, сабақ-тренинг, сабақ-есеп беру);

психология пэні бойынша сабақтарда қолдануға болатын психологиялык кеңес беру тэсілдері;

психологиялык кеңес беру мазмүнындағы студенттердің өздік жүмыс формалары (күнделік жүргізу, хат жазу, өзінің психологиялык портретін құрастырып оны талдау);

студенттермен жекелей жэне топпен эңгімелесу, тренингтік жаттығулар, сырттай бақылау нэтижелерін талдау.

Психологиялык кеңес беру мазмұнындағы сабақ түрлерінің сипаттамасы:

а)     Ддріс-диалогта студенттердің өздерін қатыстыра отырып жаңа сабақты түсіндіру іске асырылды. Қатысамын деген студентке алдын-ала тапсырма берілді жэне сол студентпен сабақта өзін қалай ұстауы қажеттігі туралы эңгіме жүргізілді. Сондай-ақ,бүл тэсілді жаңа сабақты өткендегімен байланыстыру үшін де қолдануга болады. Бүл жағдайда студенттерге келесі сабақ дэріс болса да өткен сабақты қайталап келу тапсырылды, оның себебі түсіндірілді (оқытушы рөлі ұсынылуы мүмкін екендігі).

э) Дәріс-тексеру бір бөлімді немесе тарауды қорытындылауда пайдаланылады. Оқытушы өткен тараулар бойынша қорытынды дэрісті оқиды, ал студенттер айтылған мэселелер төңірегінде сұрақтар құрастырады. Сабақтың төрттен бір бөлігі студенттер құрастырған сұрақтарды талдауга арналады. Сұрақтарга өздері жауап береді, жэне де сүрақтардың дүрыс не бұрыс қүрастырылуын сынайды. Сабақтың мақсаты тек өтілген материалды ғана пысықтаумен шектелмейді, студент өзінің қүрастырған сұрагын немесе басқаларға беретін жауаптарын қорғауға, сын айтуға, сынды көтеруге, қателіктерін мойындауға үйренеді.

б)    Сабац-треиинг тренингтік жаттығулардан қүралады. Психология курсының барлық тэжірибе сабақтарын тренингтік дэрежеде ұйымдастыру мүмкіндіктері бар. Көбінесе тэжірибелік-машықтану сабақтарында теориялық сүрақтар талданады да, кейбір психологиялык үрдістерінің даму жағдайы мен ерекшеліктері анықталып отырады. Бүл дэстүрлі сабактарда болатын жағдай. 
Ал, сабақ-тренингті ұйымдастырудың ерекшелігі осындай жағдайларды анықтап қана қоймай, анықталған деректерді пайдаланып оларды жетілдіру немесе кемшіліктерден арылу жұмыстарын да белгілейді.

в)     Есеп беру сабагында студенттер зерттеу мен жаттығулар бойынша қорытынды жасап, есеп дайындайды. Бүл сабақты психологпен кездесу түрінде де ұйымдастыруға болады.

Психология пэнін кеңес беру тэсілдерін қолданып жүргізудің ерекшеліктері психологиялык білімнің теориялық мазмұнына қарай анықталды (кесте 1). Студенттерді белсенді өмірге, оқу эрекеттерін жандандыруға жетелейтін кеңес беру сипатындағы өздік жұмыстардың бірі - күнделік жүргізу мен хат жазуға (өзіне арналған) машықтандыру. Бүл эдісті қолдану барысында студент өзін толғандырып жүрген мэселелерді қағаз бетіне түсіру арқылы көптеген психологиялық қиын жағдайлардан шығуға үйренеді. Адам эрқашанда өзі туралы біле бергісі келеді, ал оған мүмкіндік бола бермейді. Ендеше, күнделік осы мақсатқа жетуге көмектесетін бірден-бір психологиялык тамаша құрал.

Студентті мазалаушы жағдайларды былай қойғанның өзінде, жай ғана қолына қалам алып, қағаз бетіне қолын жүргізу үлкен психикалық жайлылықты қамтамасыз етеді. Аталған психотехникалардың мэні де осында жатыр.

Информация о работе Психологтің кеңесі