Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 18:44, реферат
Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тэжірибелерді талдай келе, психологиялык тэжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау жэне дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара эрекетін, оған қажетті түлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мэселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялык кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан пихологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дэл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында түрады.
Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тэжірибелерді талдай келе, психологиялык тэжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау жэне дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара эрекетін, оған қажетті түлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мэселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялык кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан пихологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дэл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында түрады.
Жалпы алғанда студенттер үшін психологиялык кеңес беруді ұйымдастырудың маңыздылығы мынада:
бірінші курсқа қабылданған студенттер жаңа оку жағдайына бейімделу кезеңінен өтуі керек;
студенттердің ішінде бірыңғай үлттық тестілеу нэтижесіне қарай стресстік жағдайдан шыға қоймагандар кездеседі;
мектеп бітірушілер мамандықты таңдауға қарағанда, мамандыққа қатысты емтихан тапсыратын пэнді таңдауга көбірек мэн береді. Соңында пэн мен мамандықтың сэйкес келмеуінен туындайтын қиындықтарға тап болады;
жоғары оқу орындарындагы қазіргі замангы кредиттік жүйеде оқу ерекшеліктеріне төселудің қиындықтары жетерлік;
түлгалык ерекшеліктері мен қажет болатын кэсіби сапалары арасында пайда болатын сәйкессіздіктер студенттің өзіне сенімділігін төмендетіп, оқудағы белсенділігін тежейді;
жоғары мектептегі алып жатқан білімінің техникамен тексерілуі студент пен оқытушы арасындағы адамаралык тікелей қарым-қатынасты шектейді, жэне т.с.с.
Міне, осы себептерге байланысты зерттеу тақырыбының өзектілігін келесі жағдайлар анықтады:
жоғары оқу орындарында психологиялык көмек көрсететін орталықтар жоқ, ал студенттердің элеуметтік-психологиялық проблемалары көптеп саналады;
психология пэні барлық мамандықтар бойынша жүргізіледі (студенттер кредиттік оку жүйесіндегі таңдау бойынша пәндердің ішінен психологияны таңдайтыны жиі кездеседі), дегенмен бүл пэннің студенттерге пайдалы тэжірибелік мүмкіндіктерін қолдану мэселесі негізінен психодиагностикалық жэне психокоррекциялық эдістермен шектеліп отыр;
студенттердің тұлғалық дамуы мен кэсіби даярлығына психологиялык ыкпал ету мүмкіндіктері жеткілікті деңгейде емес;
- жастарға психологиялык көмек көрсетуді оқыту үрдісі үстінде үйымдастыру тэжірибесі зерттелмеген.
Осы проблеманы шешу үшін психологиялык білім беруді үйымдастыруда психология ғылымының төл тэжірибелерінің бірі - психологиялык кеңес беруді колданудың қажеттігі мен студенттердің психологиялык білімін жетілдіру, эрі түлғалық дамуы мен кэсіби даярлығының сапасын арттыру бағытындағы психологияны оқытудың эдістемесі арасында қарама-қайшылық бар екені анықталды.
Біздің пайымдауымызша, психологиялык кеңес беруді тэжірибелік психологияның көлемінде гана емес, оқыту іс-эрекетінде де қолдану мүмкіндіктерін табуға болады. Аталған мэселелер зерттеу жүмысының тақырыбын анықтап берді: «Психологиялык кеңес беру тәсілдерін оқыту үрдісінде қолдану».
Зерттеудің мақсаты: студенттердің түлғалық жэне кэсіби даярлығына психологиялык кеңес беру тэсілдерінің тиімді эсерін зерттеу.
Зерттеудің нысаны: жогары мектептегі психология пэнін оқыту процесі.
Зерттеудің пәні: психологиялык білімнің студенттердің түлғалық дамуы мен кэсіби даярлығына ықпалы.
Зерттеудің болжамы: егер жогары мектептегі психология пэнін оқытуда студенттік кезеңнің ерекшелігіне сай психологиялык кеңес беру тэсілдері қолданылатын болса, онда оқытудың тиімділігі мен нэтижелілігі ғана артып қоймай, студенттің болашақ мамандығына даярлығы мен түлғалық сапасы да жетіле түседі, өйткені психологиялык білім олардың кэсіби бағдарына, өмір тэжірибесіне ықпал ететіндей деңгейде үйымдастырылғанда ғана нэтижелі болады.
Жеке болжамдар:
- егер де психология гылымының теориялық мазмұны тәжірибелік көмекті аса қажет ететіндігі ескеріліп отыратын болса, психология пэні көлемінде психологиялык кеңес беруді ұйымдастырудың мүмкіндіктері мол бола түседі;
- психология гылымы көлемінде қарастырылатын білім белгілі бір дэрежедегі тэжірибемен толықтырылып отыратын болса (психологиялык кеңес беру тэсілдерін қолдану арқылы), студенттің тұлға, эрі болашақ кэсіби маман ретіндегі өзіне-өзіиіц сенімділігі артады.
Зерттеудің мақсатына, нысаны мен пэніне, жасалған болжамына сэйкес келесі міндеттер белгіленді:
оқытудың психологиялык мэселелеріне талдау жасап, жоғары мектептегі психологияны оқыту мен психологиялык кеңес беру іс-эрекетін байланыстырудың эдістемелік негіздерін анықтау;
психологиялык кеңес берудің мазмұнын студенттік кезеңнің ерекшеліктері мен кэсіби багыттарына қатысты талдау;
психология сабақтарына енгізілетін психологиялык кеңес беру тэсілдерін анықтау жэне жүйелеу;
психологиялык кеңес беру тэсілдері арқылы студенттердің психологиялык білімінің, түлғалық дамуы мен кэсіби даярлығының сапасы арта түсетінін эксперименттік зерттеу жэне нэтижелерін талдау.
Студенттерге психологиялык білімді меңгерту тиімділігін арттыруда оқыту процесі мен психологиялык кеңес беру іс-эрекетін байланыстыру - зерттеудің жетекші идеясы болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері жеке адамның қалыптасуы мен дамуы туралы теориялар (Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Г.Олпорт, А.В.Петровский, К.К.Платонов, З.Фрейд, Э.Эриксон, т.б.), оқыту процесі туралы теориялар (Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, И.И.Ильясов, А.Н.Леонтьев, Й.Лингард, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин), психологиялык тэжірибені, оның ішінде психологиялык кеңес беруді қолдану қағидалары (В.Г.Бурменская, И.В.Дубровина, А.Н.Елизаров, Е.В.Копьев, Р Мэй, Р.С.Немов, К.Роджерс, т.б.) жэне болашақ мамандарды кэсіби даярлауда жеке адамның қүрылымдық мазмүны жайлы тұжырымдамалар (А.Адлер, А.Маслоу, К.Юнг, т.б.), сондай-ақ қазақстандық ғалымдар Ә.Алдамұратов, М.Мүқанов, Т.Тэжібаевтың ой-пікірлері мен С.М.Жақыповтың оқыту процесіндегі танымдық іс-эрекет туралы зерттеулері, Ж.Ы.Намазбаеваның тұлғаның даму ерекшеліктері жайлы еңбектері, Қ.Б.Жарықбаевтың түлғаның этнопсихологиялық мэні туралы тұжырымдары, С.Қ.Бердібаеваның адамның творчестволық іс-эрекетінің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу нэтижелері окытуға ықпал ететін факторлар тұрғысынан қарастырылды.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдарға арналган мемлекеттік бағдарламасы, философтар мен психологтардың, педагогтардың жэне т.б. ғалымдардың еңбектері, психология пэнінің оқу жоспарлары мен типтік багдарламалары, автордың жинақтаған тэжірибесі мен зерттеу материалдары.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу жүмысының максаты мен міндеттерін шешу барысында психологиялык, педагогикалық, философиялык эдебиеттерді, диссертациялар мен монографияларды оқып-үйрену арқылы теориялық талдау жасалды, ғылыми негіздері түжырымдалды. Тэжірибе жүзінде тексеру эдістері (студенттердің психология пэніне қатынасын анықтау сауалнамасы, түлганың оку іс-эрекетіне қатысты автономдық-тэуелділік сипатын анықтау эдісі (Г.С.Прыгин), кэсіби іс-эрекет мотивациясын анықтау эдісі (К.Замфир), өзін-өзі багалау эдісі (Б.А.Сосновский), тұлғаның багыттылығын зерттеу эдісі (В.Смекал, В.Кучер), тұлғалық даму тенденцияларын зерттеу эдісі (Т.Лири), жэне сабақтар барысында студенттермен топпен, жеке жүргізілген эңгімелесу, бақылау эдістері) пайдаланылып, автордың іс-тэжірибесі жалпылап қорытын дыл ан ды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- жоғары мектептегі психологияны оқыту процесі мен психологиялык кеңес беруді байланыстырудың эдістемелік негіздері құрастырылды;
- студенттік кезеңнің ерекшеліктері мен кэсіби багыттарына қарай үйымдастырылатын психологиялык кеңес берудің мазмүны аныкталды;
алғаш рет психология сабақтарында қолдануға болатын психологиялык кеңес беру тэсілдері жүйеленіп, психологияны оқыту эдістемесіне енгізілді;
студенттердің тұлғалық дамуына, кэсіби даярлыгына жэне білім сапасына психологиялык кеңес беру тэсілдерінің тиімді ықпалы анықталды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Педагогикалық психологиядағы оқыту туралы теориялар психологиялык мэселелер тұргысынан жүйеленіп, психологияны оқытудың міндеттеріне психологиялык кеңес берудің мүмкіндіктерін қолдану мэселесі енгізілді. Психологиялык кеңес беру іс-эрекетінің тиімді деген тэсілдерін психологияны оқыту процесінде пайдаланудың теориялык-эдістемелік негіздері құрастырылды.
Зерттеудің практикалық қүндылығы: Болашақ мамандардың психологиялык білімін кеңейтіп, түлгалық дамуы мен кэсіби даярлығының сапасын көтеруге бағытталған «Психологиядан тапсырмалар мен жаттығулар» оқу-эдістемелік қүралы қүрастырылды. Студенттердің өз қалауы бойынша психологиялык білімін көтеруіне негізделген «Жеке адам жэне түлғалық өсу» проблемасы бойынша арнайы курстың жүмыс жоспары мен мазмұны, эдістемелік жүйесі жасалды.
Зерттеу нәтижесінің дұрыстығы мен негізделгендігі алынған қорытындылардың теориялық жэне эдістемелік түжырымдарға, қағидаларға негізделуімен, зерттеу мазмұнының қойылған мақсат пен міндеттерге сай келуімен, эксперименттік жұмыстардың нэтижелерінің математикалық-статистикалық түрде өңделуімен жэне ұсынылып отырған мэселенің тэжірибеге енгізілуімен қамтамасыз етілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қагидалар:
- психология ғылымының теориясын меңгерту процесі мен психологиялык кеңес беру іс-эрекетін байланыстыру жоғары мектепте оқытудың психологиялык мэселелерін шешуге көмектеседі;
- студенттік кезеңнің ерекшеліктері мен кэсіби-түлгалық даму бағытына сайұйымдастырылған психологиялык кеңес берудің тиімділігі жогары болады;
психологиялык кеңес беру тэсілдері психологияны оқытудың әдістемелік мазмүнын жетілдіреді;
психологиялык кеңес беру тәсілдерінің көмегімен студенттердің түлғалык жэне кэсіби даярлығының сапасы артады, эрі психологиялык білімі жоғарылайды.
Ғылыми-тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері мен негізгі идеялары
Л.Н.Гумилев атындагы Еуразия үлттық университеті мен Еуразия гуманитарлық институтындағы психологияны оқыту процесінде пайдаланылды.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең (1998-2002 жж.) - зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталып, ғылыми аппараты қүрастырылды. Жоғары мектептегі оқыту процесі жайлы теорияларға талдау жасалып, психологияны окытудың қазіргі замангы эдіс-тэсілдеріне баға берілді. Психология пэнінің оқытушысы үшін қажет болатын педагогикалық-психологиялық білімдер мен түлғалық сапалар талданды. Психологиялык кеңес берудің мазмұны мен білім берудегі міндеттері, студенттік кезеңнің ерекшеліктері мен мамандығына қарай қалай қолдануға болатыны қарастырылды. Ол үшін жас ерекшеліктері мен дамудың психологиялык теориялары, болашақ мамандардың кэсіби даярлығы мәселелері зерттелді.
Екінші кезенле (2002-2007 жж.) психология пэні сабақтарына енгізуге келетін кеңес беру тэсілдері нақтыланып, жинақталды. Бүларды сабақтарда қолдану жолдары белгіленді. «Жеке адам жэне түлғалық осу» атты арнайы курс тэжірибеден өтті. Гылыми болжамдарды тексеру үшін эксперименттік жүмыстар жүргізілді. Эксперимент нәтижелерінің шынайылыгын тексеруге арнайы эдістемелер тандап алынды. Экспериментке катысушылардың бақылау жэне эксперименттік топтары анықталып, зерттеудің міндеттеріне сай жүмыстар жүргізілді.
Үшінші кезең (2007-2009 жж.) - зерттеу бойынша алынған ғылыми-теориялық жэне тэжірибелік нэтижелерге талдау жасалып, психологияны оқытуда қолдануга болатын психологиялык кеңес беру тэсілдері жүйеленді. Психология пэнінің эдістемелік негіздеріне жаңа тэсілдердің енгізілуі студенттердің білімі мен түлғалық дамуын, кэсіби даярлыгын жетілдіретіндігі дэлелденіп, түжырымдалды.
Зерттеу жүмыстарының жүргізілу барысы мен нәтижелері «Қазақстан жоғары мектебі» халықаралық гылыми-педагоги кал ық басылымында, ҚР Білім жэне Гылым министрлігінің гылыми журналы «Ізденіс», Л.Н.Гумилев атындагы «Еуразия үлттық универитетінің Хабаршысы» жэне «Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы» ғылыми журналдарында жарияланды. Сонымен бірге, Л.Н.Гумилев атындагы Еуразия үлттық университетінің, Еуразия гуманитарлық институтының психология, педагогика кафедраларының мэжілістерінде, эл-Фараби атындагы Қазақ үлттық университетінің жалпы жэне этникалық психология кафедрасының отырыстарында жэне Астана (2003, 2005, 2009 жж.), Қарағанды (2004 ж.), Тараз
(2005, 2009 жж.), Өскемен
(2007ж.) қалаларында өткен халықаралық
ғылыми-тэжірибелік
Диссертацияның қүрылымы мен көлемі: Диссертация жүмысы зерттеу тақырыбының өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін айқындайтын, зерттеу нысаны мен пэнін ашатын, теориялық жэне тэжірибелік құндылығымен таныстыратын кіріспе бөлімінен, 2 тараудан, қорытындыдан, эдебиеттер тізімінен, қосымшалардан жэне кестелер мен суреттерден тұрады.