Психологияның пәні және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2014 в 12:28, реферат

Краткое описание

Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1.docx

— 36.94 Кб (Скачать документ)

 Қоғамдағы адамның  қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық  орны. Азамат - әлеуметтік психологияның  зерттеу объектісі. Осы ретте  олардың жоғарыда аталған топтарда  қандай рөл атқаратыны және  соларға бейімделу ерекшеліктерін  зерттейді. Сондай-ақ, қоғамдағы  азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, ұжымшылдығы мен өзімшілдігін, тұрақтылығы  мен болжампаздығын зерттеуге  мән беріледі. Әлеуметтік психологияның  тармақтары, яғни этностық психология, ұлт психологиясы және дін  психологиясы әлеуметтік өмір  тынысын жан-жақты қамтиды. 

 Басқару психологиясы  адам әрекетін тиімді түрде  ұйымдастыру, басшылық ету ретінде  қарстырылып, ұйымдастырудың белгілі  бір мақсатын шешуге бағытталады.  Сонымен қатар, басқару ісінің  әлеуметтік-психологиялық мәселелерін  шешу, басқарушы қызметтің және  оған қойылатын талап-тілектерін  ескеру, басшы қызметкердің тұлғалық  қасиеті мен басқару тәсілін  дұрыс жолға қою мәселелерін  қарастырады. 

 Көркем, әдебиет пен  ғылыми-шығармашылыққа қатысты психология. Соңғы кездерде зерттеле бастаған  сала. Бұл салада шығармашылық  адамның жасампаздық қызметі,  өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі  айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды  ашудағы ішкі түйсігі, сезімдік  рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Бұл сала бойынша әсемдікті  қабылдау және оның адам жан  дүниесін байытуға ықпал ету  факторлары туралы мәселелер  қарастырылады. Психологиялық аспектілерді  қазіргі замандағы маңызды мәселелер  ішінен (бейбітшілікті сақтау үшін  күрес, қоршаған ортаны қорғау, ғарышты меңгеру жэне т.б.); адамдардың  күнделікті өміріндегі сауалдардан  (тұлғалар арасындағы дау-дамайларды  шешу, эмоционалдық күйден шығару  және т.б.) байқауға болады. Бұл  табиғи құбылыс, өйткені бұл  мәселелер қалайда болмасын адамға  қатысты, мұндай кезде бізді  алдымен оның психикасы қызықтырады  [6, 15 б].

 Жалпы психология салаларының  ішінен ерекше орын алатынын  айта кеткен жөн. Ол басқалармен  бір қатарда тұратын психология  ғылымының тармағы емес: бұл - психология айқындаған жалпы  заңдылықтарды сипаттау кезінде  қолданылатын ерекше атау. Психологияның  тарихы мен әдістемелерінің, психикалық  құбылыстардың пайда болуының, дамуының  және байланысының жалпы заңдарын  зерттейтін теориялары мен әдістерінің  мәселелерін шешу жалпы психологияның  міндеттеріне жатады. Ол танымдық және практикалық әрекеттерді зерттейді. Жалпы психология саласындағы зерттеудің нәтижесі - психология ғылымының барлық саласы мен бөлімдерінің дамуына негіз болады.

 Жалпы психология, пәні  психологияның жалпы теориялық  ұстанымдары мен маңызды әдістері  туралы ғылыми ұғым береді. Қарастыруға  ыңғайлы болу үшін, бұл ұғымдар  үш негізгі дәрежелерге біріктіріледі:  психикалық үрдістер, психикалық  күйлер және психикалық қасиеттер,  немесе ерекшеліктер, тұлғалар.

 

 ҚОРЫТЫНДЫ 

 

 Сонымен, психология  дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін  зерттейтін ғылым. Психология  алдында тұрған теориялық және  тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне  байланысты қазіргі уақыттағы  психология ғылымы қарқынды даму  үстінде. Психикалық әрекеттің  даму барысындағы оның заңдылықтарын  оқытып - үйрету психологияның негізгі  міндеті болып табылады. Соңғы  онжылдық көлемінде психологиялық  зерттеулер шеңбері айтарлықтай  кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар  мен пәндер пайда болды. Психологиялық  мәліметтердің басқа ғылымдарда  қолданылуы және, керісінше, психология  олардың нәтижелерін қаншалықты  шамада қолдануға құзырлы екені,  психологияның ғылымдар жүйесінде  алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі  ғылымдар жүйесіндегі психологияның  алатын орны психологиялық білімдердің  даму деңгейін өзінің жіктеу  үлгісінің жалпы философиялық  бағытын айқын көрсетті. Қоғамның  рухани дамуының тарихындағы  білімнің ешбір саласы, ғылымдар  жүйесіндегі орнын, психология  сияқты өзгерткен емес.

 Психологияның жалпы  ғылыми білімдер жүйесіндегі  негізгі қызметінің мағынасы  мынада: ғылыми білімнің басқа  аумақтарындағы нәтижелерін белгілі  бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша  зерттеуінің объектісі адам болатын,  барлық ғылыми пәндердің интеграторы  болып саналады. Белгілі психолог  Б. Г. Ананьев психология адам  туралы мәліметтерді нақты-ғылыми  білім деңгейінде талдауға ыңғайлы  екенін көрсете отырып, бұл мәселені  толығымен өңдеді.

 Қандай күрделі болса  да барлық психикалық құбылыстардың  материалдық негізінің қызметін  бас миы қабыршығындағы уақытша  байланыстар жүйесі атқарады. Осы  байланыстардың қалыптасуы және  қызмет жасауы салдарынан психикалық  құбылыстар адамның іс-әрекетіне  ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын  реттеп, бағыттайды, адамның объективтік  шындықты қабылдауына ықпалын  тигізеді.

Психология пәні, міндеттері, мақсаттары

Психолгия- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді  қоршап тұрған сыртқы дүние заттары  мен құбылыстардың мидағы әр түрлі  бейнелері болып табылады.

 

Олар көпшілігімізге өз тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға  болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауы, олардың өзіндік заңдылықтарын  айқындауы- сөз болып отырған  психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім  салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині  гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.

Ерте замандарда пайда  болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында  насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның  барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі  де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.

Олар дүниеде табиғатқа  бағынбайтын, одан оқшау тұратын  ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір  көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден  уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан  туралы осындай амнистик пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге  дейін кездеседі. Мәселен, Лусан  аралының (Филипины) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта  оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде  адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде  жан мен көлеңкенің ұғымы бір  сөзбен беріледі, өйткені оның ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері “локаль” деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым  түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрлысы жайында  ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен  байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі-бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон /б.з.д. 427 – 347/ керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.

Психологиялық ғылыми білімдердің  тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі- шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің  ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920ж.ж.) Лейпцигте  тұңғыш лаборотория ұйымдастырып, мұның  дербес эксперименттік ғылым болуына  себепкер болды. Психология даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар  Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален , Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негзін жасауда, оны материалисік тұрғыдан түсіндіруге  орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтың (1829-1905ж.ж.) рефлекстер жөніндегі пікірлері  мен И.П.Павловтың (1849-1936ж.ж.) жоғарғы  жүйке қызметі туралы ілімнің  маңызы зор болды.


Информация о работе Психологияның пәні және оның міндеттері