Психологияның пәні және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2014 в 12:28, реферат

Краткое описание

Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1.docx

— 36.94 Кб (Скачать документ)

 Психология пәнін түсінудегі  дағдарыстардың себебі болып  аталған теорияларды қалыптастырған  философияның әдістемелік ұстанымдары  саналады. Осылайша сана психологиясы  тұрмыс пен сана арасындағы, объективтік  пен субъективтік арасындағы  қатынастардың негізгі мәселелерін  идеализм принципі тұрғысынан  шешті. Бихевиористер бұл проблемаларды  вульгарлық материализм принципі  тұрғысынан шешті. Олар үшін  материалдық пен психикалық арасында  айырмашылық болмады. Осылай, жалған  бастапқы философиялық принциптер  психология пәнін айқындауға  жол бермеді. 

 Осы тығырықтан диалектикалық  материализм философиясы шығарды.  Диалектикалық материализм барлық  тіршіліктің бір ғана көзін  - материяны мойындайды, ал психиканы,  ойлауды, сананы материядан туындайтын, екінші ретінде қарастырады. Осылайша, философиялық материализм монистикалық  ілім, материалистік монизм (грек  тілінен: "монос" - жалғыз) болып  табылады. Ол ғылым мен тәжірибенің  мәліметтеріне сүйене отырып, олардың  дамуына байланысты өзінің қорытындыларын  анықтай түседі және тереңдетеді. 

 Диалектикалық материализм  көзқарасы бойынша материя бірінші  болып саналады; психика, сана - бұл  екінші, объективтік шындықтың мида  бейнеленуі. Бұлайша материалдылылық  (шынайы заттар мен құбылыстар) пен идеалдылылық (олардың сезімдер, ойлар және басқалар түрінде  бейнеленуі) өзара қарама-қайшы болады. Егер ақиқаттың мидағы бейнеленуінің  физиологиялық механизмін қарастырсақ,  онда сезімдер, ойлар, түйсінулер  және т.б. мидың -материалдық  мүшенің - қызметі, сыртқы тітіркену  қуатының сана айғағына айналуының  нәтижесі болғандықтан, идеалдылылық  пен материалдылылық айырмашылығы абсолюттік сипатта емес,салыстырмалы сипатта болады. Психика мен сана ми қызметінен бөлінбейді және де басқа ешқандай амалмен білінуі мүмкін емес.

 Психиканы, сананы  және материяны осылайша түсіну  дүниенің материалдылығы туралы  диалектикалық материализмнің бастапқы  бабымен тұтастай келіседі. Дүниеде  мәңгілік қозғалыста болатын  және әр түрлі қасиеттері бар  мәңгілік материядан басқа ешқандай  бастау жоқ. Сонымен қатар,  материя қозғалысы дегеніміз  тек орын ауыстыру ғана емес, оның кез келген өзгеріске  ұшырауы. Бұған материяның дамуы  да, оның жаңа қасиеттерінің пайда  болуы да жатады.

 Материяның дамуы дегеніміз  - оның төменгі түрлерінен жоғары  түрлеріне өтуі, материя қозғалысының  төменгі түрінен жоғары түріне  өтуі. Алғашқыда тек қана органикалықсыз  материя, өлі табиғат болды.  Материяның белгілі бір даму  сатысында, оның ұзақ та көп  жылғы эволюциясының нәтижесінде  органикалық материя пайда болды,  материя қозғалысының жаңа түрі, оның жаңа қасиеті - өмір пайда  болды. Материя дамуының үрдісінде  өсімдіктер, жануарлар және ақырында  адам өзінің санасымен - материяның  ең жоғары туындысымен пайда  болды. 

 Кеңес психологиясына  сүйенетін, диалектикалық материализм  дәрежелерінің жүйесіндегі бейнелеу  дәрежесі негізгі мағынаға ие  болады. Дәл осы дәреже арқылы  психиканың неғұрлым жалпы және  маңызды сипаттамасы айқындалады:  психикалық құбылыстар объективтік  шындықтың әр түрлі формалар  мен субъективтік деңгейлер түрінде  бейнелеу ретінде қарастырылады.  Психологиядағы бейнелеу теориясы  тұжырымдамалар, түсініктемелер, фактілер  лабиринтінде жол табуға, психология  ғылымының пәнін анықтауға, зерттеудің  әдістерін жасауға мүмкіндік  беретін жалпы әдістемелік бағытының  рөлін атқарады. Органикалық материяның  қасиеті ретіндегі психиканың  сапалық ерекшелігін не құрайды? 

 Материя тұтасымен  бейнелеу қасиетіне ие. Психика  мидың қызметі, материяның қасиеті  бола тұра, бейнелеудің ерекше  түрі ретінде, психиканың дамуының  шарты ретінде білінеді. Бейнелеудің  арнайы түрі болып, психика,  материяның даму үрдісі кезінде,  оның қозғалысының бір түрінен  басқа түріне ауыса отырып  пайда болады. Биологиялық эволюция  барысында заң жүзінде пайда  болған психика оның маңызды  факторы болып табылады. Бейнелеу  ағзаның ортамен неғұрлым кең  көлемді көптеген байланысқа  түсуін қамтамасыз етеді. 

 Сыртқы, физикалық өмірсіз  ішкі психикалық өмір бола  алмайды. Яғни өзінен тәуелсіз  әрі тысқары объективтік шындықты  психика, сана бейнелейді, бұл  ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса,  бейнелеу туралы айтудың мағынасы  жоқ. Кез келген психикалық  акт - бұл шынайы шындықтың  бөлшегі: біреуі болмаса басқасы,  біреуі де, басқасы да. Психиканың  өзіндік ерекшелігі болып оның  болмысының шынайы жағы да, оның  бейнесі де болуы есептеледі [2, 9 б].

 Сонымен, психиканың  қызметі шындықтың қасиеттері  мен байланыстарын бейнелеуден  және осының негізінде адамның  әрекеті мен мінез-құлқын реттеуден  құралады. Психикаға диалектикалық-материалдық  көзқараспен қарау, психиканың  шындықтан ажыратылған және оған  ешқандай қатысы жоқ тұйық  дүние емес екендігін көрсетеді. 

 Диалектикалық материализм  принципінің тұрғысынан қарағанда  психологиядағы ғылыми ілімнің  пәнін не құрайды? Бұған алдымен,  психикалық өмірдің нақты айғақтары  жатады. Психикалық өмір айғағы  ретінде есті, яғни адамның жеке  тәжірибелерді жинақтау қабілеттілігін  алайық. Бірақ психология ғылымы  психологиялық айғақты сипаттаумен  ғана шектелуі мүмкін емес - оны  түсіндіру қажет, яғни осы айғақтар, осы құбылыстар бағынатын заңдылықтарды  ашу керек. Теориялық және эксперименталдық  зерттеулер дәл осы мақсатқа  бағындырылған. Ғылыми таным құбылыстар  арасындағы қайталанатын, маңызды,  тұрақты, қажетті байланыстарды  (қатынастарды) анықтаудан тұрады. Сонымен,  ес қызметінің өз заңдылықтары  болады. Естің көптеген түрлері  болатыны белгілі. Мәселен, материалды  қайталау есте сақтауға ықпал  етеді, ал құрылымы жақсы жасалған  материал, байланыссызға қарағанда,  оңай әрі тез есте сақталады. 

 Психика заңдылықтарын  анықтау, заңды деп санауға  болатын байланыстар мен қатынастарды  анықтау міндеті ғылымдағы күрделі  міндеттердің қатарына жатады. Қатаң  ғылыми көзқарас объективтік  заңдылықты анықтауды ғана емес, оның әрекеттерінің саласын, сонымен  бірге оның әрекет жасай алатын  ғана жағдайларын табуды талап  етеді. Сондықтан психологиялық  айғақтармен бірге психологиялық  заңдылықтар да психологиядағы  зерттеудің тақырыбы болып саналады.

 Бірақ заңды байланыстарды  білу, заңдылықтарды айқындауға  себепші болатын нақтылы механизмдерді  өздігінен ашпайды. Психология  міндетіне психологиялық айғақтар  және заңдылықтармен қатар, психикалық  әрекеттің механизмдерін орнықтыру  да кіреді. Ал механизмдер осы  немесе басқа психологиялық үрдісті  жүзеге асыратын нақтылы анатомо-физиологиялық  аппараттардың жұмысын қажет  ететін болғандықтан, психология  бұл механизмдердің табиғаты  мен әрекетін басқа ғылымдармен бірге зерттейді. Мәселен, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді естің негізіне әр түрлі механизмдер жататыны белгілі.

 Сонымен, психология  дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін  зерттейтін ғылым.

Психология ғылымының  салалары

Сонымен, қазіргі кезеңдегі  психология - қалыптасудың әр түрлі  сатысында тұрған және тәжірибенің  түрлі салаларымен байланысқан  ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін  білдіреді. Әдетте, психология салаларын  жіктеудің негізгі принципі деп  әрекеттегі психиканың даму принципін  айтады. Сондықтан психология салаларын  жіктеудің негізі ретінде адамның  іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның  төмендегідей салалары бөлініп шығады:

 Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің  психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті  ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың  психологиялық аспектілерін зерттейді  және психология ғылымының жеке  салалары болып табылатын бірнеше  бөлімдерден тұрады: инженерлік  психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.

 Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие  берудің психологиялық заңдылықтарын  зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы  мен ойлау жүйесін, дағдыларын  қалыптастырудың, олардың оқу  материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт  арасындағы өзара қарым-қатынастарды  реттеудің түйінді мәселелерін  қарастырады. Педагогикалық психология  келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың  психологиялық негіздерін, оқыту  мен білім берудің негізгі  әдістемелік мәселелерін, балалардың  ақыл-ойын қалыптастыру сияқты  өзге де мәселелерін зерттейді;  ә) тәрбие психологиясы - гуманистік  және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің  психологиясын зерттеп, оқушылар  ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының  психологиялық негіздеріне қатысты  мәселелерді қарастырады [5, 22 б].

 Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және  аурудың мінез-құлқының аспектілерін  зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден  тұрады: психикалық құбылыстардың  мидың физиологиялық құрылымдарына  қатынасын зерттейтін 

 нейропсихологиядан; адамның  психикалық әрекетіне дәрілердің  әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны  нығайтуға арналған шараларды  жүзеге асыру жүйесін, оның  әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика  және гигиенадан;адамның психикалық  ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан;  психикалық ауытқушылықтары бар  адамдардың өзіндік психикалық  ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық  көмек көрсететін клиникалық  психологиядан. 

 Заң психологиясы - құқыққа  қатысты мәселелерді реттеу және  оларды тәжірибе жүзінде қолданудың  психологиялық мәселелерін зерттейді.  Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету  психологиясы деп аталатын тармақтардан  құралады, Сот психологиясы сот,  айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін  жүргізу, олардан жауап алу  тәрізді т.б. жайттардың психологиялық  астарларын қарастырады. Қылмыс  психологиясы қылмыскердің жеке  басы мен оның зиянды әрекеттерінің  сырын ашады. Еңбекпен түзету  психологиясы тұтқындағы адамдарды  сендіру не күштеп істету арқылы  қайта тәрбиелеудің жолдарын  қарастырады. 

 Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі  адамның мінез-құлқын, басшылар мен  олардың қарамағындағылар арасындағы  қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық  қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық  насихаттың және кері насихаттың  тәсілдерін және т.б. мәселелерді  зерттейді. 

 Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық  ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт  жетекшілері мен бағынушылардың  өзара қарым-қатынасын, оларды  даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен  қамтамасыз етілуін, психологиялық  даярлығын іздестіре келе, оларды  жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау  деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру,  өткізу мәселелерінің психологиялық  факторларын зерттейді. Әрбір  ел мен халықтың спорт өнеріндегі  ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері  анықталады.

 Психология тармақтарын  жіктеудің негізі ретінде дамудың  психологиялық аспектілерін алуға  болады. Бұл жағдайда даму принципі  пайдаланылады. Енді психология  салаларының келесі қатарын қарастырамыз:

 Даму психологиясы - әр  адамның жасына байланысты психикалық  заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның  психологиялық қасиеттерін және  әр түрлі психикалық үрдістердің  онтогенезін зерттейді. Бұл сала  келесі реттегі тармақтардан  құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер  психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және  геронтопсихология. Осы сала оқыту  мен ақыл-ойдың дамуын және  олардың өзара байланысы мен  іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту  ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді қарастырады [5, 24 б].

 Арнайы психология. Бұл  адам дамуының бірқалыпты даму  жолынан ауытқуын, ми ауруына  шалдыққандардың психикалық күйзелістері  мен осы саладағы әр қилы  аурулардың себептерін қарастырады. 

 Арнайы психологияның  мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихологыя - ми зақымы  ауруымен туған адам психологиясының  дамуын, сурдопсихология - саңырау  не керең болып туған балалар  психикасын, тифлопсихология — нашар  көретіндер мен соқырлардың психологиялық  дамуын зерттейді. 

 Салыстырмалы психология — психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын, әр қилы механизмдерін қарастырады. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жерінде этиология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.

 Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы  қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі  бір негізде ұйымдасқан топтары  мен кездейсоқ топтары арасындағы  өзара қарым-қатынастағы психологиялық  құбылыстардың сырын зерттейді.  Қазіргі кезеңде әлеуметтік психология  қарқынды түрде дамуда. Әсіресе  саяси, экономикалық қоғамның  күрделі мәселелері. Сонымен қатар  үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік  жағдайлары. Бұл мәселелердің құрамына  жалпы бұқаралық байланыстар:  радио, теледидар, баспасөз т.б.  кіреді. Әр түрлі топқа жататын  адамдарға осы құралдар арқылы  алуан түрлі хабарлар, көпшілікке  тән талғамдар, әдет-ғұрыптар  мен дәстүрлер, иланулар мен  сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер  жайлы әсер етудің психологиялық  астарлары жеткізіледі. Бұған  топтық психологияға қатысты  мәселелер, этностық және ұлттық  психология сипаттары, дін психологиясының  өзекті мәселелерін зерттеу де  жатады. Шағын топтардағы психологиялық-әлеуметтік  жағдайлары жайлы мәселелер. Мұнда  оңашаланып тұрақталған топтардағы  адамдардың бірігуі, олардың өзара  қарым-қатынастарының сыры мен  жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің  алатын орны, әр түрлі топтық  типтер болып саналатын ассоциациялар,  корпорациялар, ұжымдар, ресми  жэне бейресми топтар арасындағы  қатынастар, сол топтардың шеңбері,  олардың бірігуінің себептері  мен мақсат-мүдделері, шоғырлану  деңгейі зерттеледі.

Информация о работе Психологияның пәні және оның міндеттері