Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:03, реферат
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық.
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазіргі психологияның құрылымы.
2. Психологияның пәні және оның міндеттері
3. Практикалық психологияның негізгі әдістері
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз. 3.
3. Медициналық психология - Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді.
4. Инженерлік психология - Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор.
5. Жас ерекшелік психологиясы - Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).
6. Арнаулы психология - Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады.
Тармақтары: 1. Олигофрено психология – ми зақымы ауруымен туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.
7. Салыстырмалы психология - Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.
8. Әлеуметтік психология - Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.
9. Әскери психология - Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.
10. Дін психологиясы — діни сананың ерекшеліктеріне, құрылымы мен функцияларына негіз болатын психологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторларды зерттейтін психология ғылымының саласы. Дін психологиясы XIX ғасырдың аяғында — XX ғасырдың басында пайда болды және діни сананың құдай (рух), жұмақ, дозақ, күнә және т.б. ұғымдарды қамтитын мазмұны туралы, сондай-ақ намаз, дұға, жалбарыну және басқа да парыздарды атқару кезіндегі адамның эмоциялық күйі мен сезімдері туралы едәуір материал жинақталды. Дін психологиясында әртүрлі теориялық- әдістемелік тұрғыларға негізделген бірнеше ағым бар. Қазіргі дін психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның, әлеуметтанудың, этнография мен дін тарихының теориялық ережелері мен әдістемелерін пайдаланады. Дін психологиясының зандылықтарын, дамуы мен өз функцияларын атқаруын зерттеу мына бағыттарда жүргізіледі:
1) Дін психологиясының жалпы
теориясы діни сананың мазмұны
мен құрылымын, діни
2) дифференциалдық психология
3) діни топтардың психологиясы
діни қауымдастықтардың
4) діни табынушылық психологиясы
діни ғұрыптардың адам
5) атеистік тәрбиенің
III. Қорытынды.
Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалистік философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Жан туралы көзқарастар қандайда болмасын метаморфозаларды бастан өткерсе де, жанды өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды. Тек XVII ғасырда ғана Рене Декарт психологиялық ілімдердің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті - оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс. Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тэуелсіз екі субстанцияның - материя мен рухтың - бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім "дуализм" (латын тілінен duaIіs - "қосалқы") деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарасы бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт объективтік идеализм деген атқа ие болды
Психологияның ерекшеліктерін, ежелден,
адам ақылы тысқары құбылыстар ретінде
қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми
тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады.
Шынайы бір заттың қабылдануы заттың
өзінен түбегейлі айырмашылықта
болатыны айдан анық. Тәннен жанды
бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды
мысал ретінде келтіруге
Адамның психика туралы нақтылы
көзқарасын оның жеке өмір тәжірибесі
қалыптастырады. Қоғамдық және жеке тәжірибелерден
алынған психологиялық
Сонымен, психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік
2.
Бап Баба С. Жантану негіздері:
3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология/ Қ. Жарықбаев. - 5-ші бас.өнделіп. - Алматы: Эверо, 2004. - 378б.
4.
Құдиярова, А.М. Ортақтасу
5. Әубәкірқызы Б. Этнопсихология: Оқу құралы/ Бибісара Әубәкірқызы . - Қарағанды: ҚарМУ басп., 2004. - 92 б.. - Библиогр.:б.90-92
6.
Алдамұратов Ә. Қызықты
7. Елікбаев Н. Ұлттық психология / Елікбаев Н.. - Алматы: Қазақ ун-ті, 1992. - 97б.
8. Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты: Көмекші құрал /Жүкеш Қ.. - Алматы: Респ.баспа каб., 1993. - 196 б.
9.
Жалпы психология:/.
10. Жалпы психология: Оқу құралы/ Алдамұратов, Ә.. - Алматы: Білім, 1996. - 223б.
11.
Педагогикалық және жас
12. Тәжібаев Т. Жалпы психология: Оқу құралы / Т. Тәжібаев. - Алматы: Қазақ ун-ті, 1993. - 240 б.: 1б. портр.
13. Андреева Г.М. Социальная психология. М: Аспект Пресс, 1997, 374с.
14.
Социальная психология
Жоспар……………………………………………………………. 1
I.Кіріспе………………………………………………………
II. Негізгі бөлім……………………………………………
III. Қорытынды……………………………………………………. 16
IV. Пайдаланған әдебиеттер……………………