Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:03, реферат
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық.
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазіргі психологияның құрылымы.
2. Психологияның пәні және оның міндеттері
3. Практикалық психологияның негізгі әдістері
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Жоспар:
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
I.Кіріспе
Психология.
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық.
Адам - психология ғылымының зерттеуінің негізгі нысаны.
Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
II. Негізгі бөлім
Қазіргі психологияның құрылымы.
Қабілеттің әрқайсысының құрылымы
бар, ондағы басты және жетекші қасиеттерді
айыруға болады. Мәселен, сурет өнерінің
тірек қасиеті әрекет үстінде
дамып жетілетін көру анализаторының
жаратылысынан ритмді, бояуды, жарық
пен көлеңкені, форманы, пропорцияны,
сызықтарды (линияларды) жоғары дәрежеде
сезгіштігі. Тірек қасиеттерге суретші
қолының сенсомоторлық сапалары
да, сондай-ақ дамыған бейнелік ес те
жатады. Жетекші қасиеттерге көркем
творчестволық қиялдау
Психологияның пәні және оның міндеттері
Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу
тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің
тарихын, шығу тегін, тілдері мен
салт-дәстүрлерін тануында психология
ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар
адам үшін басқа адамнан артық
қызық объекті болмайтынын
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұраққа жауап беру ойлағандай оңай емес. Бұл сауалға жауап беру үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу қажет. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі.
XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында,
белгілі психолог Г.Эббингауз
психологияның тарихы қысқа,
Пәннің атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология (псюхе-жан, логос-ілім) жан туралы ілім дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық түсініктер діни нанымдармен байланысты болды. Шындығында, ғылымның ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі грек философтарының ертедегі көзқарастары адамның алғашқы білімімен тығыз байланыста болатын практикалық таным үрдісінде пайда болады және жаратылысты - жалпы, жанды - жеке деп санайтын мифологиялық нанымдары бар дінге қарсы туып келе жатқан ғылыми ой күресі барысында дамиды. Жанды зерттеу және түсіндіру - психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне -материя мен сананың, рухани және материалдық субстанциялардың арақатынасына байланысты болған.
Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериялы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды: идеалистік және материалистік. Идеалистік философия өкілдері психиканы материядан тыс, жеке болатын, бірінші болатын құбылыс ретінде қарастырады. Материалдық түсінік психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс түрінде көрсетеді.
Идеалистік философия өкілдері
материядан тәуелсіз ерекше рухани бастаудың
бар екендігін мойындайды, олар психикалық
әрекетті материалдық, тумайтын әрі
өлмейтін жан түрінде қарастырады.
Ал барлық материалдық заттар мен
үрдістерді сезімдер мен түсініктер
ретінде немесе қандайда бір "абсолютті
рух", "жаратылыстық ерік", "идеялар"
сияқты жұмбақ құбылыстар ретінде қарастырады.
Адамдар психикалық құбылыстарды ерекше,
тылсым күштердің - адам туған кезде
тәніне еніп, ал өлгенде ұшып кететін
жан мен рухтың әрекеттері деп
тәннің құрылысы мен қызметі туралы
қате көзқараста болған кезде идеализм
пайда болды. Алғашқыда жан әр
түрлі ағзаларда болатын
Дуалистік ілімдердің негізінде XIX ғасырдағы психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас - өзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен таралды. Психологиядағы бұл бағыттың басты өкілдері - Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо. Бине, Джемс және басқалар.
Шамамен, осы уақыттан бастап психология пәні туралы жаңа түсініктер пайда болады. Сезіну, ойлау, тілеу қабілеттерін сана деп атай бастады. Сонымен психика санаға теңестірілді. Жан психологиясы орнына сана психологиясы келеді. Алайда, сана ұзақ уақыт бойы басқа табиғи үрдістерден оқшауланған ерекше құбылыс ретінде түсінілді. Философтар сананы құрайтын қарапайым "элементтері" бар, субъективті сезінудің нәтижесі немесе құдайдың ісі деп санай отырып, саналы өмір жайында әр түрлі тұжырымдарды айтты. Бірақ барлық идеалист-философтарды "психикалық өмір -өзін-өзі бақылау арқылы ғана танылатын және себебін түсіндіруге объективтік ғылыми талдаудың шамасы келмейтін субъективті ерекше жаратылыстың көрінісі" деген ортақ пікір біріктірді. Мұндай түсінік кең таралды, ал көзқарас сананың интроспективтік ұғымы арқылы белгілі болды. Осы дәстүр бойынша психика санаға теңестіріледі. Осы ұғымның салдарынан сана өзімен-өзі шектелді. Бұл психиканы объективтік тұрмыстан жэне субъектінің өзінен түбегейлі алшақтауын білдірді.
Психологияның жеке ғылым ретінде
қалыптасқан уақытынан
Сананың құрылымының, мазмұнының және белсенділік деңгейінің әр түрлі сипатталуы - интероепективтік психология шеңберіндегі теориялар арасындағы негізгі айырмашылық болып саналады. Ереже бойынша, сипаттамалардың біреуі жетекші ретінде айқындалды. Әдетте, осының негізінде сананың идеалистік психологиясының бес түрін атап көрсету қажет: сана элементтерінің теориясы, негізін салушылар В. Вундт және Э.Титченер, Вюрцбургск психология мектебінің кейбіреуінің осыған қатысы бар:
сана актілерінің психологиясы, Франц Брентаноның атымен байланысты;
сана ағымының теориясы, Уильям Джемс жасаған;
гештальт психология - ерекше аумақтар теориясы;
Дительдің сипаттамалық психологиясы.
Қоршаған жаратылыспен белсенді әрекеттесетін нақты адамның орнына сананың қойылуы осы теориялардың ортақтығы болып табылады; шынайы адам осының ішіне еніп кетеді. Барлық іс-әрекеттер сананың белсенділігіне келіп тіреледі.
Осы кезде психологияда эксперименталдық
әдіс бола тұрса да, психикаға ұғымдық
емес, сипаттамалық көзқараспен қарау
- барлық аталған теориялардың негізгі
ерекшелігі болып саналады. Вундт 1879
жылы Лейпцигте алғашқы
Адамның мінез-құлқын қадағалауға
мүмкіндік беретін құралдарды жасауды
талап етуші, капиталистік өндіріс
әдісінің дамуына байланысты пайда
болған, көптеген практикалық мәселелер
алдында "сана психологиясы" әлсіз
болды. Бұл XX ғасырдың екінші онжылдығындағы
пайда болған психологияның жаңа
бағытына әкелді. Бұл бағыттың өкілдері
психологиялық ғылымның жаңа мағынасын
жариялады. Оған психика да емес, сана
да емес сырттан бақыланбайтын, адамның
қозғаушы жауап қайтаруларының жиынтығы
ретінде түсіндірілетін мінез-құлық
енді. Бұл бағыт "бихевиоризм"
(ағылшын тілінен Ьеһаvіоиг-"
Психология пәнін түсінудегі дағдарыстардың себебі болып аталған теорияларды қалыптастырған философияның әдістемелік ұстанымдары саналады. Осылайша сана психологиясы тұрмыс пен сана арасындағы, объективтік пен субъективтік арасындағы қатынастардың негізгі мәселелерін идеализм принципі тұрғысынан шешті. Бихевиористер бұл проблемаларды вульгарлық материализм принципі тұрғысынан шешті. Олар үшін материалдық пен психикалық арасында айырмашылық болмады. Осылай, жалған бастапқы философиялық принциптер психология пәнін айқындауға жол бермеді.
Осы тығырықтан диалектикалық материализм философиясы шығарды. Диалектикалық материализм барлық тіршіліктің бір ғана көзін - материяны мойындайды, ал психиканы, ойлауды, сананы материядан туындайтын, екінші ретінде қарастырады. Осылайша, философиялық материализм монистикалық ілім, материалистік монизм (грек тілінен: "монос" - жалғыз) болып табылады. Ол ғылым мен тәжірибенің мәліметтеріне сүйене отырып, олардың дамуына байланысты өзінің қорытындыларын анықтай түседі және тереңдетеді.
Диалектикалық материализм көзқарасы
бойынша материя бірінші болып
саналады; психика, сана - бұл екінші,
объективтік шындықтың мида бейнеленуі.
Бұлайша материалдылылық (шынайы заттар
мен құбылыстар) пен идеалдылылық
(олардың сезімдер, ойлар және басқалар
түрінде бейнеленуі) өзара қарама-қайшы
болады. Егер ақиқаттың мидағы бейнеленуінің
физиологиялық механизмін қарастырсақ,
онда сезімдер, ойлар, түйсінулер және
т.б. мидың -материалдық мүшенің - қызметі,
сыртқы тітіркену қуатының сана айғағына
айналуының нәтижесі болғандықтан, идеалдылылық
пен материалдылылық
Психиканы, сананы және материяны осылайша түсіну дүниенің материалдылығы туралы диалектикалық материализмнің бастапқы бабымен тұтастай келіседі. Дүниеде мәңгілік қозғалыста болатын және әр түрлі қасиеттері бар мәңгілік материядан басқа ешқандай бастау жоқ. Сонымен қатар, материя қозғалысы дегеніміз тек орын ауыстыру ғана емес, оның кез келген өзгеріске ұшырауы. Бұған материяның дамуы да, оның жаңа қасиеттерінің пайда болуы да жатады.
Материяның дамуы дегеніміз - оның
төменгі түрлерінен жоғары түрлеріне
өтуі, материя қозғалысының төменгі
түрінен жоғары түріне өтуі. Алғашқыда
тек қана органикалықсыз материя, өлі
табиғат болды. Материяның белгілі
бір даму сатысында, оның ұзақ та көп
жылғы эволюциясының