Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:03, реферат
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық.
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазіргі психологияның құрылымы.
2. Психологияның пәні және оның міндеттері
3. Практикалық психологияның негізгі әдістері
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Кеңес психологиясына сүйенетін, диалектикалық
материализм дәрежелерінің
Материя тұтасымен бейнелеу қасиетіне
ие. Психика мидың қызметі, материяның
қасиеті бола тұра, бейнелеудің ерекше
түрі ретінде, психиканың дамуының шарты
ретінде білінеді. Бейнелеудің арнайы
түрі болып, психика, материяның даму үрдісі
кезінде, оның қозғалысының бір түрінен
басқа түріне ауыса отырып пайда
болады. Биологиялық эволюция барысында
заң жүзінде пайда болған психика
оның маңызды факторы болып
Сыртқы, физикалық өмірсіз ішкі психикалық өмір бола алмайды. Яғни өзінен тәуелсіз әрі тысқары объективтік шындықты психика, сана бейнелейді, бұл ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ. Кез келген психикалық акт - бұл шынайы шындықтың бөлшегі: біреуі болмаса басқасы, біреуі де, басқасы да. Психиканың өзіндік ерекшелігі болып оның болмысының шынайы жағы да, оның бейнесі де болуы есептеледі.
Сонымен, психиканың қызметі шындықтың
қасиеттері мен байланыстарын бейнелеуден
және осының негізінде адамның әрекеті
мен мінез-құлқын реттеуден құралады.
Психикаға диалектикалық-
Диалектикалық материализм принципінің тұрғысынан қарағанда психологиядағы ғылыми ілімнің пәнін не құрайды? Бұған алдымен, психикалық өмірдің нақты айғақтары жатады. Психикалық өмір айғағы ретінде есті, яғни адамның жеке тәжірибелерді жинақтау қабілеттілігін алайық. Бірақ психология ғылымы психологиялық айғақты сипаттаумен ғана шектелуі мүмкін емес - оны түсіндіру қажет, яғни осы айғақтар, осы құбылыстар бағынатын заңдылықтарды ашу керек. Теориялық және эксперименталдық зерттеулер дәл осы мақсатқа бағындырылған. Ғылыми таным құбылыстар арасындағы қайталанатын, маңызды, тұрақты, қажетті байланыстарды (қатынастарды) анықтаудан тұрады. Сонымен, ес қызметінің өз заңдылықтары болады. Естің көптеген түрлері болатыны белгілі. Мәселен, материалды қайталау есте сақтауға ықпал етеді, ал құрылымы жақсы жасалған материал, байланыссызға қарағанда, оңай әрі тез есте сақталады.
Психика заңдылықтарын анықтау, заңды
деп санауға болатын
Бірақ заңды байланыстарды білу,
заңдылықтарды айқындауға себепші
болатын нақтылы механизмдерді
өздігінен ашпайды. Психология міндетіне
психологиялық айғақтар және заңдылықтармен
қатар, психикалық әрекеттің механизмдерін
орнықтыру да кіреді. Ал механизмдер
осы немесе басқа психологиялық
үрдісті жүзеге асыратын нақтылы
анатомо-физиологиялық
Қазіргі кезеңдегі психологияның міндеттері.
Психология алдында тұрған теориялық
және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне
байланысты қазіргі уақыттағы психология
ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық
әрекеттің даму барысындағы оның
заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның
негізгі міндеті болып
Психикалық құбылыстардың
Практикалық психологияның негізгі әдістері
Психодиагностика
Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру, терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының , шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.
Психодиагностика – психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.
Психодиагностика екі жақты мәртебеге ие.
Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни психолог кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа шағымдана келетін өмірлік қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдері мен үрдістердің кешенін анықтайды. Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастырады. Идеялардың теориялық психологиядан тәжірибелік психологияға едәуір жақындауына ықпал етіп, психодиагностиканың теориялық негізі қалыптасады.
Диагностикалық
әдістердің бірнеше түрлері
Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдау.
Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.
Практикалық
психологтың іс - әрекетіндегі
Диагностикалық
әдістер психокоррекция мен
Диагностикалық
үрдістер практикалық
Сұхбаттасу практикалық
психологияның барлық
1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор
Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістері.
1. Еңбек психологиясы - адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .
2. Педагогикалық психология - oқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы.