Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 17:59, практическая работа
Бұл курстық жұмыста әлеуметтік-психологиялық тренингтің жалпы түсінігі, қолдану аясы, яғни персоналды басқарудағы тренингті қолдану туралы теоретикалық мәлімет беріледі. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімге бөлінген. Курстық жұмыста қамтылатын мәселе - өндірістегі персоналдың психологиялық қырларын зерттеу. Ал оны зерттеу тренинг жүзінде де қамтылады екен. Персонал – бұл ең бастысы жұмысшылар. Кәсіби және жеке тұлғалық сапа жиынтығы бар адамдар. Олардың арасында адамның әлеуметтік-психологиялық және кәсіби-мамандық сипаттамасы ерекше орын алады.
КІРІСПЕ;
НЕГІЗГІ БӨЛІМІ:
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теоретикалық негізі;
Тренинг термині және тарихы;
Тренинг арқылы персоналды оқыту, дамыту, мотивациялау, біліктілігін жоғарылату;
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің тарихы, және ұйымдастыру, диагностикалық, өзін-өзі тану, бағалау, реттеу, жетілдіру, топтық рефлексия сатылары;
Персоналды дамыту кезінде қолданылатын әлеуметтік-психологиялық тренинг.
ҚОРЫТЫНДЫ;
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Біреудің тапсырмасымен адамдардың қандай жағдайда жұмыс істеп жатқандығын басшы әрқашанда біліп отыруы тиіс. Кезінде адамдарды қорқытып-үркітіп құл ретінде жұмсаған болса, келе-келе оларға бас бостандығы берілген, ерікті түрде бағынатын, жұмысты өз қалауынша істейтін жұмысшылар қатарына қосылды. Адамдар неғұрлым ерікті болған сайын, оларды басқару күрделене түсті.
Бұл бағыттағы алғашқы жүйелі
зерттеулер, біз жоғарыда атап көрсеткендей,
АҚШ-та Э.Мэйо және оның қызметкерлері “Вестерн
Электрик” компаниясындағы Хоторне
Эксперименттер нәтижесін бағалау үшін қолайлы жағдай жасалды. Нәтижесінде байқалғаны: адамдар өзін құрметтеуді ұнатады.
Алайда, Хоторндегі эксперименттер мотивация моделін бере алмайды, мұнда еңбекке қозғау салатын, жұмысты ілгері бастыруға ықпал ететін себептер толық ашылмайды.
Мотивацияның мәнін, сондай-ақ концепциялары мен ықпалдарын айқындайтын толып жатқан зерттеулер бар.
Мотивацияның
Мотивацияның іс жүргізу (процессуалдық)
теориясы біршама кейінірек пайда болған.
Ол негізінен алғанда, бірінші кезекте адамдардың
түсінігі мен танымын ескере отырып, олардың өздерін қалай
Әрбір адам өз өмірінде лайықты мансапты таңдау мәселесіне көп көңіл бөлген. Сонымен қатар әр адам өмірде белгілі бір табыстарға жеткісі келеді.
Менеджерлерді шартты түрде үш категорияға бөледі:
Әлемдік менеджмент тарихында табысты мансаптың
ең ашық мысалы: Ли Якоккидің «Форд моторс» компаниясының инженер-
Мансаптың екі түрі болады: кәсіби және ұйым ішіндегі.
Кез келген мансап бір нәрсеге қол жеткізу үшін жасалады, осылайша жылдар бойы өзгеріп отыратын қоғаушы мотив пайда болады. Осылардан бастау ала отырып, олардың нақты мақсаттарына жету үшін адамдар белсенді түрде өз күшін жұмсайды. Мұндай мотиверге келесілер жатады:
Мансапты дамыту деп қызметкерлер өз жоспарын орындаудағы жасаған іс - әрекеттерді айтады. Мансаптың әр алуан түрінің болуы, оның төрт негізгі «трамплин», «баспалдақ», «жылан», «шатырман» сияқты модельдерінің бір – бірімен үйлесуі арқылы негізделеді.
Топтық әлеуметтік-психологиялық тренингті ұлттық психологияны және мәдени құндылықтары ескере қолдану арқылы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін игеруіне, ұстануына аса оңтайлы педагогикалық, психологиялық ахуал, құрал, әдіс-тәсіл болады деп ұйғарамын.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг ұғымы ғылымға өткен ғасырдың 70-ші жылдарында енді. Ал әдебиеттерге жасаған талдаудан біздің еліміздегі психология, педагогика салаларында топтық тренинг тым жаңа технология болып табылатыны анықталды.
Ю.Н.Емельянов тренингті жеке
тұлғаның оқуға қабілетін дамытуда немесе
кез-келген күрделі іс-әрекетті, соның ішінде,
қарым-қатынасты меңгеру құралы, әдістер жүйесі
деп анықтайды. Біз өз зерттеулерімізде
әлеуметтік-психологиялық
Әдебиеттерде әлеуметтік-психологиялық
Тренинг нәтижесінде ашықтық, үйірсектік, тәуелсіздік, идентификациялық, өз-өзіне сенімділік қасиеттері жетіледі; адамның өзіне және басқаға қатынасы өзгереді; өзін-өзі бағалауда адекваттылық болады (И.Л.Блинова, В.И.Натаров, В.Э.Костецкий және т.б.). Ғылыми зерттеулерде топтық жұмыстың қарым-қатынас компетенттілігінің артатын, мазасыздық деңгейінің төмендейтін эффектісі тағайындалған (Ю.М.Жуков, Л.А.Петровская, П.В.Растяников және т.б.). А.С.Золотнякова, Е.В.Кузнецов, Л.И.Новикова, Г.А.Филатова және т.б. алған нәтижелер топтық тренингке қатысушылардың рефлексиялық, аффилиативтік, эмпатиялық, децентрациялық тенденциялардың артуын көрсетеді.
Сонымен қатар Л.А.Петровская, Н.В.Семилет өз зерттеулерінде тренинг барысында әлеуметтік-перцептивтік сипаттамалар динамикасына назар аударады. Л.А.Петровская жеке тұлғаның басқалар жайлы түсінігінің басты параметрлері – дәлдігі, икемділігі, көлемі, саралылығы, таңдамалығы, дәрежесі және т.б. топтық тренингте артатынын сипаттаған. Н.В.Семилет топ жұмысына қатысушылардың өзі және басқалар жайлы түсініктерінің өзгеру ерекшеліктерін өзін-өзі бағалау және топтық бағалау динамикалары арқылы қарастырады. Е.Д.Бреус тренинг барысында жеке тұлғаның әлеуметтік-перцепциялық құрылымдарының өзгерісімен қатар локус бақылау саласында да өзгерістер болатынын тағайындаған.
А.В.Серыйдың тренинг арқылы коммуникативтілік дағдылар мен құндылық бағдарлардың жүйесін қалыптастыру мүмкіндігін ашқан жұмыстары біздің зерттеу үшін аса мәнді. Л.В.Меньшикова студенттерді іскерлік қарым-қатынасқа баулуда децентрация механизмін қалыптастыруды баса көрсетеді де, оны тренинг арқылы жүзеге асыру жағдайларын, әдістерін зерттейді. Сонымен қатар Е.В.Кузнецова, В.А.Лабунская бойынша жеке тұлғаның тренинг процесінде вербальді емес коммуникация субъектісі ретінде даму мүмкіндіктері аса жоғары болады.
Г.А.Ковалев, Л.А.Петровская топтық тренингтің жеке тұлғаның когнитивті, аффективті және конативті салаларын комплексті оптимизациялайтын ерекшелігін анықтаған. Сондай-ақ Т.С.Яценко зерттеулерінде тренингке қатысушы студенттердің жеке тұлғалық құрылымдарының комплекстік оңды өзгерістері келтіріледі. Бұл тренингтік әсер феномені В.С.Мерлиннің интегралды даралық іліміне сәйкес түсіндіріледі: жеке тұлғаның бір қасиетінің өзгерісі басқа қасиеттерге де таралып, олардың да өзгеруіне себепкер болады.
Белсенді әлеуметтік-психологиялық оқыту әдістерінің студенттер үшін тиімді болу себептерін талдап, жүйелеу арқылы екі тұрғыны айқындауға мүмкіндік болды. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің эффектісін түсіндірудің бірінші тұрғысын интерналдық позиция деп атадық. Бұл позиция Х.Миккин, Л.А.Петровская, С.А.Прутченков және т.б. зерттеулері бойынша жалпыланды. Мұнда шағын топ ішіндегі белсенді қарым-қатынас, топтық динамика мен интербелсенді оқыту әрбір жеке тұлғаның дамуына тікелей әсер етеді деп қарастырылады. Ал екінші тұрғы – экстерналдық позиция. Бұл позиция (Т.И.Краснова, В.В.Столин және т.б.) бойынша әлеуметтік-психологиялық тренинг жеке тұлғаның белсенді түрде ішкі қуатын пайдалануға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға деген қабілетіне арқаланады.
Біз топтық динамика мен жеке тұлға динамикасы бір-бірімен байланысты, бір-біріне тәуелді, бір-бірін толықтырады деп ұстанамыз. Сонда әлеуметтік-психологиялық тренинг процесі арқылы жеке тұлғаның, мінез-құлықтың, өзара әрекеттестік пен өзара қатынас салаларындағы конструктивті өзгерістердің бес сатылы технологиялық схемасы мынадай болмақ:
Топтағы мақсатқа сай әрекеттер, қарым-қатынас студентке өз өміріндегі қиындықтарды байқауға мүмкіндік береді. Сонда бірінші сатыда сыртқы әрекеттер орын алады да, тұлғаның ішкі әрекеттеріне негіз болады. Нәтижесінде студенттің өзін-өзі реализациялау жолдарын белсенді іздестіруге түрткі, бағдар жасалады. Бұл жеке студенттің когнитивтік деңгейдегі өзгерісі болып табылады. Ал үшінші сатыда студент өз өміріндегі кейбір сәттерді түсініп, ой елегінен өткізеді, саналы аңғарады, жаңа тәжірибені қажетсінеді, топтағы басқалардың тиімді деген мінез-құлық, әрекеттерін өзімен салыстырады, есте қалдырады. Төртінші сатыда топтық әрекет барысында қабылданған жаңа тәжірибе, жаңаша қатынас формалары эмоционалдық деңгейде қайта қарастырылады, қайта бағаланады. Соңғы саты мінез-құлықтық деңгейді сипаттайды. Онда жеке тұлғаның өзгерістері шартты рефлекс ретінде бекітіледі де топ өзгерісіне ықпалын тигізеді. Осыдан топтық тренинг актуализациялайтын студенттің белсенділігін рефлексивті іс-әрекет деп қарастырамыз.
Сонда әлеуметтік-психологиялық
- оқу әрекетіне, қарым-қатынас
жасауға позициясы оңды
Басты мақсат, алынатын нәтиженің негізгісі бойынша тәжірибелік психологияда топтық тренингтің бірнеше түрлері жүйеленген. Оларға тренинг-топ (К.Левин), кездесу тобы (К.Роджерс), гештальттоп (Ф.Перлз), топтық психотерапия (Я.Морено), әлеуметтік-психологиялық тренинг (Б.С.Девятко, Л.А.Петровская және т.б.), оқу-жаттықтыру топтары (Ю.Н.Емельянов), белсенді әлеуметтік оқыту (Г.А.Ковалев), видеотренинг (Х.Миккин), белсенді әлеуметтік-психологиялық оқыту (Т.С.Яценко), кәсіби педагогикалық тренинг (В.А.Кан-Калик, В.В.Кузнецов, А.А.Леонтьев) және т.б. жатады. Бұлардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу тәсілдерін, жаңа білім мен дағдыны меңгеру, интуицияны, креативтілікті, ойлауды, қарым-қатынасты дамыту негіздерін меңгеруге интенсивті жағдай жасайтын жаттығулар жүйесі деп қарастырылады. Ал әдебиеттерге жасалған талдау тренингтердің түрліше аталуы 1) оқытуды ұйымдастыруға, 2) қолданылатын әдістер мен формалар доминанттығына, 3) топтағы нақты қойылатын міндеттерге байланысты болатынын көрсетті. Сондықтан студенттерді психологиялық дайындау процесінде топтық тренинг түрлерінің кейбірін жекеше қолданамыз. Ал жағдай келсе тренинг түрлерін үйлестіріп қолдану тәжірибесі жинақталды. Мысалы, әлеуметтік-психологиялық тренингті болашақ педагогтармен ұйымдастыруда оның әдістері педагогикалық тренинг пен видеотренинг формалары арқылы комплексті қолданылады.
Сонымен студенттерге арналған әлеуметтік-психологиялық тренинг негізіне өзін-өзі тану, өзіндік сана, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі актуализациялау, жеке тұлға белсенділігі, қарым-қатынастың субъект-субъект формасы, қарым-қатынаста мәнді тұлғалық қасиеттер, интербелсенді әдістер әсері, ұлттық психология, мәдени құндылықтардың қарым-қатынасқа әсері жайлы түсініктер кіреді.
1.Тренингке қатысушы студенттердің өзін-
2. Студенттердің өзін-өзі
3. Топтық тренингке
4. Студенттердің болашақ маман
позициясында белсенділігінің
5. Субъект-субъект және объект-
6. Қарым-қатынас барысында
7. Жауапты, белсенді, инициативалы,
тең позициядағы қарым-қатынасты
8. Қарым-қатынасты жүзеге
9. Өзара әрекеттестік пен өзара қатынас механизмдеріне негіз болатын ұлттық мәдениетті адекватты түсініп, қолдану және қарым-қатынаста мәдени құндылықтар жүйесіне ориентация жасау керектігін аңғару.
Сонымен қатар дәстүрлі түрдпе әлеуметтік-психологиялық тренинг теориясы кері байланыс, топтық жұмыс технологиясы жайлы ілімдерді қамтиды.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг барысында басты
Топтық тренингтің әсері әлеуметтік-перцептивтік салада пайда болатын қатысушылардың келіспеушілік сәттеріне фиксация жасау арқылы күшейеді. Ондай келіспеушілікке 1) сезімі мен қалпы жайлы өз түсінігі мен видеожазбадағы бейнесі немесе басқа топ мүшелерінің қабылдауы арасындағы сәйкессіздік; 2) партнердің эмоциясын және қылықтарын өзінше интерпретациялау мен оған партнердің реакциясы арасындағы сәйкессіздік және т.б. мысал бола алады.