Психолог жұмысының негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 17:59, практическая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыста әлеуметтік-психологиялық тренингтің жалпы түсінігі, қолдану аясы, яғни персоналды басқарудағы тренингті қолдану туралы теоретикалық мәлімет беріледі. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімге бөлінген. Курстық жұмыста қамтылатын мәселе - өндірістегі персоналдың психологиялық қырларын зерттеу. Ал оны зерттеу тренинг жүзінде де қамтылады екен. Персонал – бұл ең бастысы жұмысшылар. Кәсіби және жеке тұлғалық сапа жиынтығы бар адамдар. Олардың арасында адамның әлеуметтік-психологиялық және кәсіби-мамандық сипаттамасы ерекше орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ;
НЕГІЗГІ БӨЛІМІ:
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теоретикалық негізі;
Тренинг термині және тарихы;
Тренинг арқылы персоналды оқыту, дамыту, мотивациялау, біліктілігін жоғарылату;
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің тарихы, және ұйымдастыру, диагностикалық, өзін-өзі тану, бағалау, реттеу, жетілдіру, топтық рефлексия сатылары;
Персоналды дамыту кезінде қолданылатын әлеуметтік-психологиялық тренинг.
ҚОРЫТЫНДЫ;
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Прикрепленные файлы: 1 файл

срсп 14.docx

— 84.94 Кб (Скачать документ)

8. Сеімділік  және құпиялық принципі.

9. “Мұнда  және енді” (“Здесь и теперь”)  принципі.

10. Персонификация  принципі.

11. Экспликация  принципі.

 

  
1. Модельдеу принципі – тренингте  қатысушылар негативті және позитивті  мінез-құлық формаларын көрсететін, әртүрлі шынайы жағдайлар модельденеді.   
2. Жаңашылдық принципі - ойын барысында жұптарды ауыстыру және ойналатын ойындардың оригиналды болуын ұсынатын принцип.  
3. Зерттеушілік принцип – топ өзбетінше

 

 қойылған  мәселелерге шешім табуды ұстанатын  принцип.  
4. Қайта байланысу принципі - видео жазбалар көрумен, қатысушылардың өз пікірлерін айтумен жүзеге асады.

5. Диагностикалау  принципі - тренер ылғида топ қатысушыларының  қалып-күйіне диагностика жүргізіп  отыруы қажет.

6. Мақсатты  болжау (Целепологания) принципі - тренер  алдын-ала топ мақсатын анықтап,  оны тренинг барысында трансформациялауы  қажет. 

 

Әлеуметтік –психологиялық тренингтің түрлері:

1. Инструменталды-бағытталған  тренинг.

  1. мінез-құлықтың белгіл бір аспектісін модификациялауға бағытталған;

  1. организационды мінез-құлыққа бағытталған ( басқарушыларға арналған).

  1. аргументтелген мінез-құлықтың тренинг-бағдарламасы.

  1. Бұхара алдына шығудағы қорқынышты басу тренинг-бағдарламасы.

  1. Қақтығысты шешу стратегиясы тренингі.

  1. Басқарушыларға арналған тренинг.

  1. Іскерлік қарым-қатынасқа арналған тренинг.

  1. Өзіңе сенімділік тренингі.

  1. Әлеуметтік білімдер тренингі және т.б.

 

  

 

 Тұлғалық-бағытталған тренинг. Бұған тұлғаның жеке өсу тобы немесе психокоррекционды топтар жатады. Олардың түрлері:

  1. Кездесу-топтары;

  1. Гештальт-топтары;

  1. Психодраматикалық топтар;

  1. Экстенциалды топтар;

  1. Арт-терапия топтары;

  1. Би топтары және т.б.

 

  

Гештальт  топтарында, кездесу топтарында және басқада топтар арасындағы қатысушылар мен вербалды қарым – қатынасқа және физикалық күйге көңіл бөледі. Сонымен қатар басқада топтар бар, мұнда тұлғаның физикалық және дене параметрларына аса мән береді. Бұл топтарды дене психотерапиясы деп атайды.

 

      Мысалы: көз алдыңызға келесіні  елестетіңіз, сіздің қызыңыз немесе  жігітіңіз, сізге сіздің жанқұрбаныңызға  немесе жолдасыңызға кететінін  айтты. Осы жағдайды сезініп,  өзіңіздің денеңіздегі өзгерістерді  байқайсыз. Кеудеңізге қысым түсіп, дем алу жылдамдығыңыз жиелей бастайды, бет бұлшықеттері жиырылып қиындай түседі. Дене психотерапиясы, бұл жағдайды саналы түрде түсінбесеңізде бұл сіздің организіміңізде белгілі болып тұрады. Адамға қандай да бір хабар келсе, ол адамның іс -әрекетінде, дем алуында, бұлшықеттерінің қысымында сонымен қатар өзін - өзі жаман сезуінде байқалады. Асқазанның ауруы, гипертония және басқада соматикалық бұзылыстар, бұл  психикалық реакцияның нәтижесінде сонымен қатар ұзақ стресстің болуынан  көрініс береді.

 

       Дене терапия принципін ұстанушылар  психикалық әдісінің көпшілігі  саналы түрде түсіндіріледі. Дене  терапиясы бұл психикалық және  физикалық барьерді өту, сонымен  қатар адамның тыйым салу зонасына  кіру, бұл адамның денесін бір  тұтастығына әсер етеді. 

 

    Би  терапиясын дені сау ересектер мен  студенттерден тұратын психокоррекцинды топтарда қолдану тар бағытты  сипатта болмайды. Мүмкін, бұндай топтарда би терапиясына деген қызығушылық  бұл ортақ іс - әрекет болып табылатындығынан шығар. Би демократиялық болып табылады. Әркім билей алады. Бір адамдар екіншісімен салыстырғанда жақсырақ били алады, бірақ,  би психокоррекционды топта қолданылған уақытта  бұндай салыстыру артқы жоспарда қалып, әр қатысушыны биден алынатын қанағаттану көбірек қызықтырады.

 

    Би  - өзбетінше тірі тіл болып табылады. Ол адамзаттық ең терең  уайымдар мен қажеттіліктерді бейнелейтін  образдар мен аллегориялардың жоғары  деңгейі. Бұл жердегі назарда ұстайтын маңыздысы би туралықты қажет ететіндігі. Біздің сәби кезіміздегі физикалық қатынасымыз, жүре бастаған кезде бастан кешірілген уайымдау еркіндігі, біздің достарымыздың әсерлері, бізбен орындалған жұмыстар мен басымыздан кешірілген стресстер – осының барлығы да біздің қозғалу, қимылдау манерамызда өзіндік ізін қалдырады.

 

    Топтық  бидің пайдасы – би арқылы өзіндік саналы түсінудің кеңейуі мен физикалық өзіндік сезімнің жақсаруында. Сонымен қатар топтық би топ мүшелерінің, студенттердің арасында қосымша өзіндік әрекетке мүмкіндік туғызады. Би терапиясы жағымды эмоциялардың тууына жол ашып, қатысушыларға, заң факультетінің студенттеріне  мінез – құлықтың жаңа модельдерін тәжірибеден өткізуге мүмкіндік береді. Бұл қасиеті жағынан би терапиясы  топ қатысушылары, заңгер студенттер  үшін олардың басқа адамдардан оқшаулануларын, дене образдарын, өзіндік бағалауларын және сексуалдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туғызады. Идеалды түрдегі қимылды талдау сезімдерді қимылға трансформациялауға, ал әрекеттерді, қимылдарды түсінуге көмектеседі.

 

    Психодраманың тарихына назар аударсақ, психодраманың  туындауы мен дамуы Якоб Леви Морено есімімен тығыз байланысты. Психодрама жеке психотерапевтикалық әдіс ретінде кеңінен қолданылады. Психодрама ішкі қақтығыстардың, күшті эмоциялардың шығуына, терапевтикалық процестердің жеңілдеуіне, психикалық ауруларды диагностикалауда, қатысушылардың өзін- өзі бағалауын жоғарлатуда, өз сезімдерін сезінуге, сондай- ақ шығармашылық және актерлік қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Психодрама кезінде әр бір топ мүшесі өзі қойғысы келген немесе өзіне жақын рөлді ойнай алады. Өз эмоциясына ерік беріп, сыртқа шығаруына мүмкіндік алады.

 

    Қорыта  айтқанда, психодрама осындай мәселеге тап болған адамдардың сезімдерін, эмоцияларын сыртқа шығарып, өзіне сырт көзбен қарап, өз қателіктерін саналауға көмектеседі. Сонымен қатар,

осы тренинг  барысында кездесетін психодрама жаттығулары алдында кездесетін кедергілерге қарсы психологиялық айкидо тәсілдерін қолдануға үйретеді. Жоғарырақ тұрған фигурамен болған жағдайда немесе  мақсатқа жетер кезде бұл білім тек сәттілік әкеледі. Арт-терапияның тарихына назар аударсақ, арт- терапия психотерапияның жаңа әдісі. Оның дамуына АҚШ- та Маргарет Наумбург әсер етті. Арт- терапияның дамуына Фрейдтің санасыздық және Юнгтің персоналды және универсалды символдары туралы ойлар көп әсер етті. Арт- терапия дәстүрлі психотерапияның көмекші құралы ретінде де, жеке психотерапевтикалық әдіс ретінде де қолданылады.Арт- терапия ішкі қақтығыстардың, күшті эмоциялардың шығуына, терапевтикалық процестердің жеңілдеуіне, символдарды интерпретациялауда, психикалық ауруларды диагностикалауда, қатысушылардың өзін- өзі бағалауын жоғарлатуда, өз сезімдерін сезінуге, сондай- ақ шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

 

     Арт- терапияны пайдаланатын жетекшілер қатысушыларға өз жұмыстарына еркін  ассоциалануға, олардың мағынасын  өзбетінше талқылауға мүмкіндік береді. Кейбір жаттығуларда мысалы, бірігіп сурет салу немесе топтық бейнелердің синаллактикалық бейнелеуі барлық топтың қатысуына арналған. Гуманистік бағыттығы топ жетекшілері қатысушыларға өзінің ішкісезімдеріне сенуді ұсынады. Әрбір мүшенің жұмысын жетекші өзі немесе барлық топпен бағалайды. Алғашында арт- терапияны  ауруханалар мен психиатриялық клиникаларда аурулар мен эмоционалды бұзылыстары бар адамдар үшін қолданған. Қазіргі кезде арт- терапияның қолданылу аймағы өсіп келеді, ол өзінің психоаналитикалық алғашқы негізінен біртіндеп алыстап барады.«Петровская Л.А. Теоретические и методические проблемы социально-психологического тренинга». Кез-келген іс-әрекеттің игеруіне өзіндік белсенділік таныту топтың тұрақты болуы, топ мүшелерінің бір-біріне тиімді ықпалына, арқа сүйеу, еркіндік пен субъективті эмоционалдыққа жағдай жасау талаптары басты шарт болады (В.Ю. Большаков, И.В. Бачков, В.П. Захаров, Н.Ю. Хрящева және т.б.)

 

      Сонымен қатар тренингтердің барысында  жеке адам топ дамуының әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарға негізделген үш сатысы:

1) Бастапқы  – «жұмсару»; 2) жұмыс – «өзгеріс»; 3) ақырғы – «бекіту» болады. (Г.А.  Ковалев, С.И.Марасанов, Т.С. Ященко  т.б.)

 

      Л.А. Петровская, В.В. Сидоренко еңбектерінде тренингтің әр түрімен қоса тиімділігі де оны ұйымдастырып, жүзеге асырушының психологиялық әсер ету позициясымен жеке бас ерекшеліктерімен, бағыттылығымен және стилімен байланыстырады. Қазіргі кезде әртүрлі теорияға негізделген  нақты топтық әдістер өте көп  бұл зерттеу аясында олардың баршасына талдау жасау мүмкін емес. Алайда, қарастырылған мәселені анықтау үшін ғылым мен тәжірибеде бар бағыттарға сипаттама берелік.

 

      Неміс-американдық  психолог К. Левин (1890-1947) адамдарды  жекелей өзгерткеннен де, топ арқылы әсер етудің жөн болатындығын (1993 жылы) психологиялық әсер етудің әлеуметтік-психологиялық тренингі (ӘПТ) қарастырылады.

 

      Тренинг басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі: өз бейнесін басқалар қалай  көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік  береді, өз мүмкіндіктерін байқауға, өзінің санасын жетілдіруге жағдай жасайды.

 

      Тренинг терминін ғылыми пайдалануды ГДР-да  М. Форверг енгізген. Ол алғашқы кезде  оқудың бұл формасын ерлі-зайыптылардың  арасындағы қарым-қатынасты коррекциялауға пайдаланған. Тренинг басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны түсінуге, ойдағыны айтуға, бөлісуге жағдай жасайды, өзіне сенімділікті туғызады, ашық болуға, өз-өзін түсінуге, комплекстерге құрылуға, өзінің бойындағы қасиеттерді көруге көмектеседі. Өз-өзін бақылауға, байқағыштықты дамытуға, қарым-қатынасқа психо-лингвистикалық үйренуге, дамуға жол ашады. «Вочков И.В. Основы технологии группого тренинга».

 

      Тренингтік  топтық жұмыстың қарым-қатынастағы  компитенттілігін жетілдірудегі орны мен маңызы Ю.Н. Емельянов, Л.А. Петровская, А.С. Прутченков т.б. еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.

 

      Тренингтік  қандай модификациясы ұйымдастырлса  да топтық жұмыстың бірқатар нақты  принциптерін сақтау топтағы қарым-қатынас  негізінде оның әрбір мүшесінің  дамып жетілуіне көмектеседі.

Жеткіншектерге  психологиялық әсерінің тренингтерді қолдану негіздері.

Әр  түрлі топтық психологиялық жұмыстардың  формаларын сипаттап, негіздегенде бірнеше  ұғымдар қолданылады: топтық психотерапия, коррекциялық топ, тренингтік топ, топтық жұмыс, тренингтік жұмыс, топтық әдіс, белсенді топтық әдіс. Жағдайдың бұлай болуы, психологиялық әсері бар топтық жұмыстың психологиялық, педагогикалық теория мен тәжірибеде жан-жақты қарастырылуымен анықталады. Сонымен қатар, зерттеушілердің ғылыми позициялары да әр түрлі терминдерді пайдалануға себеп болады.

 

      Алайда  жоғарыдағы ұғымдардың барлығы да бір  негізде: психологиялық әсердің  тиімділігі топ фенаминологиясымен, ал топтық жұмысты ұйымдастыру басты  үш аспектілердің оқыту, психотерапия және психокоррекцияның қиылысуымен  анықталады. 

 

      Біз «тренингтік сабақтар», «тренингтік топ», «топтық әдіс» ұғымдарын әрбір психикалық дені сау, өзінің психологиялық мәселелерін шешуге және өзіндік жетілуге, дамуға мүмкін болатын, шағын топтың ерекше қарым-қатынас жасауға негізделген оқыту формасы деп бір мағынада қарастырамыз. Тренингтік топтардың әртүрлі саласында қарым-қатынас сферасына қажетті біліктілік пен қабілеттілікті дамытып, оларға сәйкес коррекция жасайтын оқытудың бір формасы - әлеуметтік педагогикалық психология (В.А.Кан-Калик) саласындағы мамандардың зерттеу пәніне айналды. Әдебиеттерде қарым-қатынастың пәні қарым-қатынасты жүзеге асыруда қажетсіну, қарым-қатынас құрудағы мотивтер, қарым-қатынас әрекеті, міндеттері, құралдары мен нәтижесі де қарым-қатынас элементтері ретінде қарастырылады. «Большаков В.Ю. Психотренинг, социодинамика, игры, упражнения».

Тренингтің  психологиялық-педагогикалық әдіс ретіндегі  ерекшеліктері.

Тренингтік  жұмыстың  мақсаттары болатын  процесстердің  әр жақтылығын  бейнелейтін сан  қилы  болуымүмкін. Мазмұны және бағыты жағынан  әртүрлі  тренингтік  топтарды біріктіретін  ортақ мақсаттарды  іріктеуге болады:

    • Топ қатысушыларының психологиялық проблемаларын зерттеу және     

 

     оларды шешуге көмек беру;

    • тұлғааралық өзара әрекеттің  адамдармен гармониялық және эффективті  қарым-қатынас құру үшін  психологиялық заңдылықтар   механизмді және эффективті тәсілдерді  оқыту;

    • ішкі және мінез-құлықтық өзгерістер  негізіндегі  эмоционалды  бұзылуларды ескертуге  арналған өзін-өзі сезіну және  өзін-өзі танудың дамуы;

    • шығармашылық потенциалдық реализациясы мен тұлғалық даму процесінің  өзара әрекетімен  өмірлік іс-әрекеттің  оптималды  деңгейіне  және жетістік, бақытты сезінуге  қол жеткізу.

 

      Тренингтік  топтың жұмысының принциптеріне  сипаттама. Психологиялық  тренингтің  нәтижелілігі жалпыға бірдей бекітілетін принциптердің сақталуына байланысты:

1. Қарым-қатынастың  күштемеусіздігі. Ойынның ережесін  түсіндіруде , «жүргізушіні» таңдауда   тренер  қатысушылардың  айтқандарына  сүйенеді. Егер де қатысушылар   бір-бірін қандай да бір   әрекетке  итермелеуге  тырысса, бұл әрекеттерді  тренер жою тиіс. Егер де қатысушылар  «жүргізуші осы болсын» десе,  тренер: «Егер ол болғысы келсе», - деп жауап береді. «Тиісті» және  «міндетті»  деген сөздер «келеді» және «істей аламын» деген сөздермен ауыстырулары тиіс.

Информация о работе Психолог жұмысының негізгі бағыттары