Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2015 в 11:37, реферат
Психокоррекция дегеніміз - адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.
Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі.
Тесттердің сенімділігі мен валидтілігі
Тест – психодиагностиканың негізгі құралы. Психологияда тест деп психодиагностикалық стандартты әдістемелерін айтады. Бұл әдістемелер зерттелетін қасиеттердің даму дәрежесінің салыстырмалы сапалық және сандық көрсеткіштерді алуға көмектеседі.Психологиялық - педагогикалық эксперимент -зерттеудің сенімді құралы болуы үшін және одан дұрыс нәтижелерді алу үшін қолданылатын психодиагностикалық әдістемелер ғылыми негізделген болуы керек.Ондай әдістемелер төмендегідей талаптарға сай болуы керек, олар: валидтық, сенімділік, бірегейлік және нақтылық. Әр талапты бөлек –бөлек қарастырып көрейік. «Валидтық» деген термин европа тілдерінен шыққан. Ол «құнды», «жарамды», «сәйкес» дегенді білдіреді. Валидтық психодиагностикалық әдістеме дегеніміз- сол әдістеменің нақты психологиялық сапаны бағалауға жарамды болуы. Валидтық әдістеме өлшейтін заты туралы мәліметтерді ғана емес, сол заттың жағдайы туралы хабарды, оның қолдану салалары туралы мәліметтерді ала алады. Валидтық-теориялық және практикалық (эмпирикалық), ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Теориялық валидтық зерттелетін сапаның нәтижелерінің сәйкестігі анықталады. Бұл нәтижелер нақты әдістемелер көмегімен алынатын, теориялық нәтижелерге негізделген тәуелділігі анықталады. Теориялық валидтықты бір теорияға негізделген әртүрлі әдістемелердің көмегімен бірдей қасиеттің көрсеткіштерінің корреляциясымен тексереді. Эмпирикалық валидтық зерттелетін адамның бақыланатын іс-әрекеттері мен реакцияларға диагностикалық көрсеткіштердің нақты іс-әрекетіне сәйкестілігімен тексеріледі. Мысалы, бір зерттелетін адамның қасиеттерін белгілі бір әдістеме көмегімен бағалаймыз. Бұл әдістеме эмпирикалық валидтық деп айтамыз, тек егер нақты адам өмірде әдістеме болжайтындай өзін ұстайды.