Психокоррекция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2015 в 11:37, реферат

Краткое описание

Психокоррекция дегеніміз - адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.
Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

психология 222.docx

— 46.69 Кб (Скачать документ)

Бір мәселе қайталана берсе, онда кеңес алушыны психопрофилактикаға шақыру қажет. Мұнда шешімін таба алмай жүрген мәселелерді өздері шешуге талпынады.

Адамдардың психологиялық білімдерін жетілдіру үшін пайдалы психологиялық кеңестер беріп отыру керек.

Кеңес алушы бірден табысқа жетпеуі мүмкін, бірнеше рет кеңес алудың нәтижесінде қол жеткізетіндігін түсіндіру.

Кеңес алушының алғаш келген кездей ойы мен кеіес алғаннан кейінгі ойын салыстыру. Кейбір жағдайда психологтың ойы мен кеңес алушының ойы бір бірімен сәйкес келіп жатады, ал кей кезде мүлдем алшақ болуы мүмкін.

Кеңес алушының туындаған мәселесіне жеңіл қарамай, оған шын мән беріп шешу керектігіне көз жеткіз.

Психологиялық кеңес жұмыстары

Психологиялық қызметте кеңес беру бағыты бойынша қызметкерлер нақты міндеттерді шешеді:

1.Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту және тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.

2.Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау, ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.

3.Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардың, мастерлердің, қоғамдық өкілдердің психологиялық мәдениетінің жоғары-лауына септігін тигізеді.

4. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу ж.т.б.) анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық жағдайы, психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.

5.Өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекше-ліктеріне сәйкестендіріп, психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

Психодиагностика

« Психодиагностика » сөзі - « психологиялық диагноз қою » дегенді немесе адамның жеке өзінің психологиялық жағдайы немесе қандайда бір психологиялық қасиеттері жайлы сапалы шешім қабылдауды білдіреді.Талқыланып отырған бұл терминнің психологияда екі мағынасы бар. «Психодиагностика» ұғымының бірінші анықтамасы оны алуан түрлі психодиагностикалық құралдарды жасап, оларды практикада пайдалануға қатысты психологиялық білімдердің арнайы саласына жатқызады.Практикалық психодиагностика психолог іс-әрекетінің әртүрлі саласында қолданылады . Дегенмен психодиагностика психологиялык іс-әрекетінің жеке, өз алдына дербес сферасы ретінде қалыптасқан. Оның басты мақсаты : психологиялық диагноз қою яғни былайша айтқанда, адамның нақты психологиялық жағдайын бағалау. Психодиагностика - кез-келген психологиялық - педагогикалық ғылыми тәжірибе барысында психологиялық қасиеттердің даму дәрежесін сапалы түрде бағалауды көздейді. Олардың заңды өзгерістері болжам жасауда көрініс тауып , тәжірибеде тексерілетін қасиеттер. Мәселен , ғылыми психологиялық зерттеудің мәселелері адамның ойлау ерекшеліктері болуы мүмкін. Оларға қатысты мынадай тұжырым жасалуда : олар кейбір заңдар бойынша өмір сүріп өзгереді немесе белгілі бір жағдайда әртүрлі өзгерістерге тәуелді болады. Кез-келген осындай жағдайда соған сәйкес ой-өріс қасиеттерінің , біріншіден, олардың өмір сүруін дәлелдеуге, екіншіден олардың өзгерістерінің айнымас заңдылықтарын көрсетуге , үшіншіден олардың болжамдарында кездесетін өзгерістерге шынайы тәуелді екенін көрсетуге бағытталған дәл психодиагностика қажет. Психологиялық кеңеспен шұғылданушы маман клиентке қандай-да бір кеңес беруден бұрын, дұрыс диагноз қоя білуі тиіс, клиентті толғандыратын психологиялық мәселенің мәнін бағалауы шарт. Маман бұл жағдайда клиентпен болған жеке сұхбат пен оны бақылаудың нәтижелеріне сүйенеді.Егерде психологиялық кеңес өзінің барысында психологтың кеңеспен ғана шектеліп қана қоймай, клиентке өз мәселесін шешуге көмектесе отырып, сонымен бірге өз жұмысының нәтижесін бақылай отырып, сол клиентпен нақты жұмыс атқарса, онда бұл жерде»кіру» және «шығу» психодиагностикасын жүзеге асырудың міндеті пайда болады яғни кеңес берудің бастапқы кезінде және клиентпен жүргізілген жұмыстың соңындағы істің мән - жайын ерекше айқындап алу міндеті пайда болады. Кеңес беру процесіне қарағанда психодиагностика практикалық психологиялық түзету жұмысында өте нақты болып табылады. Мәселе мынада: бұл жағдайда қолға алынған психологиялық түзету шараларының тиімділігіне тек психолог немесе тәжірибе жүргізуші ғана емес, сонымен бірге клиенттің өзі де көз жеткізуі тиіс.Клиентте, оның психологпен бірге жүргізген жұмысының нәтижесінде, оның өзінің психологиясы мен мінез - құлқында маңызды оң өзгерістер байқалғандығы жөнінде дәлелдер болуы қажет. Бұл клиенттің өз уақытының босқа кетпегендігіне сендіру үшін ғана емес, сонымен бірге әсер етудің психологиялық түзету тиімділігін күшейту үшін де қажет. Болатын істің сәттілігіне сену - бұл кез - келген терапиялық әсердің тиімділігінің маңызды факторы. Істің нақты жағдайының дәл психодиагностикасынан кез - келген психологиялық түзету сеансы басталып, сонымен аяқталуы тиіс.Психодиагностика оның өзге де салаларында, мәселен медициналық психологияда, патопсихологияда инженерлік психологияда, еңбек психологиясында басқаша айтқанда адамның кез келген психологиялық қасиеттерінің даму дәрежесін дәл білуді қажет ететін барлық жерлерде қолданылады.

Психодиагностиканың ғылыми – теориялық негіздері.

Психодиагностика - психологиялық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық психологияның негізгі формасы болып табылады. Практикалық психология адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін танудың әртүрлі әдістерін жасауы және қолданылуымен байланысты. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады. Сондықтан, психодиагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер,яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Әртүрлі қасиеттерді зерттеуден ғылыми психодиагностиканың диагностикалық қорытындыға өту үшін белгілі бір әдістерді, тесттерді, эксперттік шкалаларды қолдануды талап етеді. Сондықтан, психодиагностиканың негізгі түсініктеріне диагностикалық қасиеттер және диагностикалық категорияларды жатқызамыз. Қасиеттерді зерттеп, тіркеуге болады. Ал категориялар негізгі зерттеуден жасырын, олар латентті (латентные переменные) болып келеді. Психодиагностиканың қиындығы қасиеттер мен категориялардың арасында қатаң байланыстың жоқтығында. Бір қорытынды жасау үшін бір қасиеттің өзі жетіспейді, ол үшін бірнеше қасиетті тесттер арқылы талдау жасау керек. Психодиагностикадағы тест деп, біз сыналатын адамға көрсететін бірнеше стандарттық қысқа сындарды айтамыз. Тесттік тапсырмалар сыналатын адамның әртүрлі жасырын факторларды анықтауға көмектеседі. Осы қысқа сынаулардың нәтижелері өлшенетін фактордың деңгейін көрсетеді. Сонымен «психодиагностика» ұғымы- психологиялық тестпен тығыз байланысты. Психологиялық тесттен басқа эксперттік(клиникалық) психодиагностикалық әдістер қолданылады.Стандарттық сандық тесттер бір топ адамдар туралы қысқа уақытта мәліметтер алу үшін және қатаң альтернативті шешім қабылдау үшін керек.( мысалы: жұмысқа қабылдау- қабылдамау, демалыс беру немесе кезектікке қою).Бұл тесттер әртүрлі әдістемелік қателерді болдырмайды. Эксперттік әдістерді көбінесе тәжірибелі мамандар психологтар қолданады. Олар белгілі бір адамның бірден - бір өмірлік жағдайына енуді көздейді, бірақ бұған ұзақ уақыт талап етеді. Бұл әдістердің тиімділігі психолог диагносттың өзі психологиялық көмек көрсетіп, психокоррекцияны, психотерапияны, тренинг және психологиялық араласудың басқа түрлерін пайдаланғандығында. Психологиялық диагноз -бір ғана сөзден тұрмайды, кең мағынада жүйелі түрде болады. Қазіргі психодиагностикада психологиялық диагноз - ауруды анықтамайды, сонымен қатар психологиялық ауруларға болжам жасамайды. Психодиагноз кез - келген сау адамға қойылып, сонымен қатар психикалық қасиеттердің комплекстік бейнесін береді,- қабілеттілігін, стилін және адамның өзіне байланысты себептерін, Мысалы,бір адамда бір уақытта бірден бірнеше қабілеттер анықталады: креативтік дамуының жоғары деңгейі, вербальдық(ауызша) интеллекттің орташа деңгейі, социалдық табысқа жетуінің негізі, себептердің негізінде зейінді концентрациялау қабілеттілігінің төмен деңгейі. Белгілі бір адамның кейбір қасиеттері мен қабілеттері кейбір жағдайларда өзара конфликтке ұшырап, әртүрлі қимылдарға итермелеуі мүмкін. Психодиагностиканың мақсаты - адамның қайсы психикалық қасиеттері өзара қайшылықтарға ұшырағанын анықтау. Бүл ішкі конфликтті шешуге көмектеседі.Психодиагностикада норма деген ұғымның үлкен маңызы бар. Норманың екі түрі болады: статистикалық және социокультуралық. Бірінші түрі- стильдік және мотивациялық қасиеттерді бағалау үшін пайдаланады. Екіншісі - қабілеттерді және жетістіктерді бағалау үшін. Статистикалық норма - өлшенетін қасиеттің орта диапазоны.

Барлық жағдайда ғылыми және практикалық психодиагностика өзіне тән бірнеше міндеттерді шешеді. Олар мыналар:

1.Адамдағы белгілі бір психологиялық сапалар мен мінез - құлық ерекшеліктерінің бастамасын анықтау.

2.Бұл сапаның даму деңгейін анықтау, оның белгілі бір сапалық және сандық көрсеткіштерінде көрініс табуын анықтау.

3.Қажет болған жағдайда адамның (мінез- құлық) диагностикаланған мінез құлық және психологиялық ерекшеліктерін сипаттау.

4.Әр түрлі адамдардағы бұл сапалардың даму деңгейін салыстыру.

Психодиагностиканың қалыптасу тарихы.

Психодиагностика (грек тілінен Diagnostikos-танып білуге қабілетті деген мағынаны білдіреді) жеке тұлғаның индивидуалдық ерекшеліктері мен оның дамуының ерекшеліктерін айқындайтын әдістерді жасап шығаратын психологияның сапасы болып табылады. Педагогикалық диагностиканың даму тарихы шамамен педагогика сапасының даму жолымен сәйкес келеді. Кез келген педагог өзінің кәсіби қызметін жоспарлау барысында өзінің мүмкіндігінің мативациясы мен оның нәтижесін анықтай білуге тырысқан. Мұндай әрекеттер мың жылдықтар барысында әр түрлі әдістер көмегімен жүзеге асырылып отырды.Ежелгі Мысыр, Қытайда, кейіннен ежелгі Грецияда, Вьетнамда мемлекеттік қызметке үміткерлерді, дінге қызмет етем деушілерді бірнеше сындардан өткізетін еді. Психодиагностиканың тарихы ғылыми негізделген компакттық әдістердің, нұсқаулардың методологиясы ретінде ХХ ғасырдың басында психологиядан бөлек дами бастады. Ол психологияның бірнеше бағыттарының әсерімен пайда болды. Оның біріншісі – экспериментальдық психология. Өйткені психодиагностикалық әдістемелерінің негізінде эксперименттер болатыны заңды. Экспериментальды психология 1878 жылы пайда болған делінеді, өйткені осы жылы В.Вундт Германияда өзінің экспериментальдық психологияның бірінші лабораториясын ашты. Бұл лабораторияда негізінен түйсіктер және олардан пайда болатын іс- қимыл актілер – реакциялар. Сонымен қатар перифериялық және бинокулярлық көру, түстерді ажырату және т.б. зерттелді. В.Вундттың лабораториясы сияқты басқа да елдерде экспериментальдық лабораториялары ашылды. Англияда Ч.Дарвиннің Ф.Гальтон бірінші болып өзі шығарған жаңа комплексттік ғылымы «антропометрикаға» ерекше сындарды кіргізген. Мысалыға көзінің өткірлігін анықтау, есту қабілетін т.б. реакцияларын анықтау және Ф.Гальтон «Тест» терминді енгізді, соның атымен психодиагностика тарихының пайда болуын байланыстырады. Алғашқы да психодиагностика экспериментальдық дифференциялық психологияның әдістемелері туралы ғылым ретінде қалыптасты. Эксперимент арқылы адамдар арасындағы психологиялық айырмашылықтарды зерттейді, бұл зерттеулер медицинамен педогогика содан соң өнер кәсіп өндірістерінің талаптарының ықпалымен пайда бола бастаған. Әр психологиялық мектептерінің негізін қалаушыларымен олардың жолын қуғандар практиканың талаптарына әр түрлі жауап берген. Тесттік әдістемелер Бихебиоризмнің теориялық принциптерімен тығыз байланысты. Бихебиоризмнің методологиялық тұжырымдамасы организммен қоршаған ортаның арасында бірдей себептік қарым – қатынастар негізінде пайда болған. Организм қоршаған ортаның стимулдарына жауап беріп, жағдайларды өзіне пайдалы жағына өзгертіп соған бейімделеді. Бихебиоризм психологияға тәртіпті жетекші категория ретінде енгізді. Алғашқы да диагностиканың мақсаты тәртіпті тіркеуге келіп тірелген. Бірінші психодиагносттар тест әдісін шығарған. Клиникалық бағыт ассоциятивтік психологиямен психоанализге негізделген. Психодиагностиканың келесі кезеңі А.Бине есімімен байланысты. Ол ой дамуының және ой әрекетінің артта қалуының дәрежесінің психодиагностика әдістемелерінің нұсқауларына негіз салды. В.Штерн iQ коефицентін (ой дамуының) ұсынды. Бұл коефицент зерттелетін адамдардың даму деңгейінің интегралдық мінездеме ретінде алынған. Ешқандай қиындықтарға қарамастан интеллектің психодиагностикасы практиканың әр түрлі салаларында кең таралып кәзіргі күнге дейін пайдаланады. Сонымен қатар К.Юнгтің есімімен ассоциация әдісімен Г.Роршахтың (1921) тесттері проекцияның әдістемелік принципіне негізделген жеке тұлғалық құрылымының психодиагностикалық алғашқы проективтік әдістері пайда болады. 30-шы 40-шы жылдары консультациялық нұсқаулар өзекті бола бастады. 40-шы 60-шы жылдары жеке анкеталар кең таралған болатын. Г.И.Россолиммо (1910) еңбектерінен бастап интелектуалдық дамуының әдістерінің адаптациясымен пайда бола бастағандығына байланысты үлкен жұмыс атқарылды. Критикалық емес мамандардың емес бөгде адамдардың тест нәтижелеріне араласып тез арада дұрыс емес шешім қабылдау арқасында СССР-де психодиагностиканың барлық зерттеулер таратылған еді. Психодиагностиканың қайта өрлеуі 60-шы 70-шы жылдарына тура келген.

Психодиагностиканың революцияға дейінгі дамуы.

Революцияға дейінгі Ресейде және Кеңес дәуіріндегі психодиагностика. Ресейде психодиагностиканың даму тарихы. 19 ғасырдың екінші жартысында отандық психодиагностиканың дамуындағы ерекшелік экспериментальды әдістердің енгізілуімен байланысты. Ол жоғары нерв жүйесінің физиологиясынан басталды Осы бағыттың бастамасында ғылымның екі атасы И.М.Сеченов (1829-1905) және И.П.Павлов еңбектері. Психодиагностикалық процедуралардың әр түрлі ғылыми мектептерде өңделуі (контент-талдау, проективті әдістер, психологиялық тест). Ақыл-ой тестерінің тарихы. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулердің белсенді дамуы. А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин еңбектері. Л.С.Выготскийдің психологиялық-педагогикалық диагностикаға қосқан үлесі. 1967 жылы Берлинде өткізілген халықаралық конферениядан кейін неформалдық тесттер дами бастады. Осы кезде педогогикалық әдебиетте педогогикалық диагностика деген термин пайда болды. Бұл ұғымды 1968 жылы К.Ингенкамп деген неміс педагог ұсынған еді (бір ғылыми проект барысында медициналық диагностикалық аналогиясы бойынша) Бұл кездейсоқ емес. 1970 жылы неміс тілінде сөйлейтіндердің барлығында 122 тест пен анкета болды. Анкеталар оқу үлгерімін , балалардың мектепке дайындығын , ақыл қабілетін , мамандық алуға жарамдылығын , шоғырлану қабілеттілігін анықтады. Бұл тесттер жоғарыда аталған салаларда , эксперименттік мектептерде қолданылды. Екінші сатыдағы мектептерде , гимназияларда тесттер өте сирек қолданылды. Сонымен қатар объективтік әдістер оқыту процесін зерттеу жұмысында өте сәтті қолданылды.1980 ж. Мектептерге арналған тест пен анкеталардың саны 222 көтерілді, бірақ қолдану жиілігі төмен түсіп кетті. Өйткені тест жүйесі сынға алынды және бастауыш мектептерде балалар саны азайып кетті. 1970 жылдарында жалпы мектептерде ориентациялық сатыларда әдіс ретінде диагностикалық анкеталар қолданылды. Бірақ олар кең өріс алалмады. Отандық педагогикалық әдебиетте “педагогикалық диагностика” ұғымын А.С.Белкин ( 1970 ), А.И.Кочетов( 1981), Н.К.Голубев( 1988), В.П.Беспалько( 1989), Б.П.Битинас пен Л.И.Катаева( 1993), В.Г.Максимов ( 1993) және т.б. зерттеген. Соңғы жылдары әртүрлі мамандықтардың мұғалімдерінің диагностикалық іс- әрекетінің ерекшеліктеріне арналған, мектептегі информациялық - диагностикалық орталықтарға мұғалімдерді кәсіби- диагностикалық әрекеттеріне оқу - тәрбиелік процестің диагностикасымен болжамдарына арналған теоретикалық және әдістемелік жұмыстар пайда болған. Бүгінгі таңда негізгі бағыттар болып басқару диагностикасы мен өзіндік диагностика есептелінеді. Педагогиканың теоретикалық функциясын сипаттау барысында В.А. Сластенин екінші деңгейін анықтады диагностикалық (1997), И.П.Подласый “Педагогика” оқулығында студенттерге даму, оқыту, тәрбие алу диагностика туралы оқу материалын ұсынған.( 2000ж). Педагогикалық диагностика жаңа бағыт ретінде тиянақты зерттеуді талап етеді. Қазіргі кезеңдегі оның барысын, маңызын, мазмұнын, әдістерін, ерекшеліктерін және жағдайларын анықтау негізгі мақсаты болып табылады. Қазіргі педагогикалық диагностиканың мақсаттарымен қатар нағыз дидактикалық, мектептегі оқу тәрбие процесінің оптимизациясына бағытталған, педагогикалық кадрларды дайындау процесін және кәсіби куәліктерін беру процесін реттеуіне арналған мақсаттар анықталған. Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулердің дені соңғы жетпіс

жыл көлемінде өркен жайып, дами бастағаны белгілі.

Психодиагностиканың қазіргі даму тарихы.

Психодиагностиканың мәселелері және оны шешу жолдары. Психологиялық қызметегі психолог жұмысы, мұндағы психодиагностиканың алатын ролі. Психологиялық қызметті құру туралы қаулысының өзектілігі. Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің моделі. Ресей мен Қазақстан Республикасындағы психодиагностиканың қазіргі жағдайы. Қазіргі таңда психодиагностика ғылыми және практикалық психологиялық білімнің жеке саласы болып бөлінді. Көптеген психодиагностикалық әдістемелер пайда болып, тез арада көбейіп кетті. Математика мен физиканың қазіргі әдістері, электрондық психодиагностиканың құралдары яғни ЭВМ кеңінен қолданылуда.Көптеген елдерде, мысалы АҚШ та, Германияда көптеген ғылыми және практикалық баспаларда жүйелі түрде психологиялық әдістерді сипаттаған. Соңғы жылдары мұндай әрекеттер Ресейде де жасалынған. Бірақ оның ешқандай тұжырымдамасы мен ғылыми негізі жоқ еді. Бұл жағдайда тұжырымдама дегеніміз негізделген , психодиагностикалық әдістемелердің классификациялау негізіне салынған жүйе. Ғылыми негіз ретінде психодиагностикалық әдістер , олардың ауқаттылығын , күшті және әлсіз жақтарын айтамыз. Баспаларда шығатын әдістемелер ешқандай керек мәліметтермен толықтырылмаған.Бұл формальдық талап емес. Көптеген психодиагностикалық әдістемелер белгілі психологтармен баспаға шығарылған болса да, жоғарыда аталған талаптарға сай келмейді.Педагогикалық іс - әрекетте өзінің мақсаттары, мазмұны, формасы, әдістері және нәтижелері бар. Педагогикалық диагностика мұғалімнің кәсіби жұмысының бір бөлігі ретінде мектепке дейінгі, бастауыш сыныптағы оқушыны,жеткіншекті және жоғары сыныптағы оқушыны , оның дамып жатқан жеке тұлғасын зерттейді.Сондықтан кәсіби диагностикалық жұмыстың практикасы мен теориясын білем деушілер жеке тұлға ұғымының қазіргі түсінігімен таныс болу керек. Социологиялық , психологиялық зерттеу ешқандай өзінің педагогикалық талдауын ауыстыра алмайды. Кешендік зерттеу тұлғаны зерттеу барысында әлеуметтік , психологиялық және педагогикалық зерттеудің бірлігін қамтамасыз етеді. Жүелілік жағынан педагогика тұлғаны жүйелі ұйымдастырудың спецификалық денгейін басқа ғылымдардың адам туралы алынған нәтижелері мен біргелікте қарастырады. Тұлға дегеніміз үнемі өзгеріп дамитын жүйе , ол белгілі әлеуметтік түрде қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы саналы өзін - өзі басқаруына қабілетінің дамуымен ғана сипатталып қоймайды, ол керекті тәртібін қамтамасыз ететін сәйкес мотивацияны қалыптастырумен сипатталады. Мотивация (себеп) ішкі конфликттерді жеңіп шығуды қамтамасыз етеді. Адам тұлға болып тек өзінің тәртібі мен іс - әрекетін басқаруға қабілетті ететін психологиялық дамуының денгейіне жеткен кезде ғана қалыптасады. (6.Психодиагностикалық инструменттердің классификациясы.

Информация о работе Психокоррекция