Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2015 в 11:37, реферат
Психокоррекция дегеніміз - адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.
Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі.
Психокоррекция
Психокоррекция дегеніміз - адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.
Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі. Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әртүрде болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған проблемаларға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына байланысты. Ол ағымдарды қысқаша келесі топтарға сыныптастыруға болады.Психолог Курт Левин және оның әріптестері бірінші психокоррекциялық тренинг топтарының (Т-топтары) жұмысын 1946 жылы ұйымдастырды. Олар топтың тәжірибесін, онда ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесін қатынасушылармен қосылып талдау барысында клиенттер алдында тұрған психологиялық проблемалардың мән-жайына терең түсініп, оларды шешу жолдарын анықады. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас мәдениетін және коммуникация жасау жолдарын үйретуге мүмкіншілігі өте мол екендігі анық байқалды. Кейбір Т-топтар қатынасушылардың сана-сезіміне әсері үлкен болғандықтан оларды сензитивтік топ деп атады.
Т-топтың жетекші ұғымдары: үйрету зертханасы , оқу жолдарын үйрету, «қазір және осы жерде» ұстанымы.
Үйрету зертханасының негізгі міндеті қатынасушыларды өздеріне қауіпсіз ортада басқаларға ыңғайлы мінез-құлық жаңа тәжірибесін апробация жасату.
«Қазір және осы жерде» ұстанымы бойынша әр адам өзінің өмірінде бұрынғы болған оқиғалар мен сонымен байланысты туған тәжірибесін басшылыққа алмай, қазір болып жатқан жағдайға байланысты мінез көрсетуге үйрету.
Т-топтарының негізгі мақсаты – барлық қатысушыларға сыйысымды мінез-құлық үлгілерін көрсетіп осы білім мен дағдыны отбасында және қызмет орындарында пайдалану жолдарын үйрету.
И.Д.Ялдың анықтауы бойынша Т-топтардың басым көпшілігіне тән 10 факторды анықтауға болады. Олар:
1. Ұжымшылдық – топтағыларға адамдардың арақатынастарын нығайтуға және ауызбіршілігін көрсетуге мүмкіндіктері бар екеніне сендіру.
2. Ниеттеріне сендіру – топтық процестердің нәтижесінде оң бағаланатын қасиеттердің орын алатынына, болашақта табысты болатынына сендіру.
3. Қорытындылау - әр клиенттің проблемасы тек оның өзіне ғана тән емес, сол сияқты жағдайлар басқаларда да кездесетінін көрсетіп беру.
4. Альтруизм - әр адамға оның басқаларға керекті екендігін сипаттау.
5. Мәлімет беру – жеке тұлғалық ерекшеліктері бойынша және тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша мәліметтер беру.
6. Көп нәрсеге көшіру - өзінің теріс эмоционалдық жағдайын жансыз нәрсеге көшіру.
7. Бірін-бірі үйрету – топ мүшелерінің эмоционалдық реакциялары мен жаңа мінез-құлық түрлерін апробация жасау ортасын ұйымдастыруы.
8. Тұлғааралық қатынас дағдылары – қатынасушылардың топтық іс-әрекет барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасауға икемділігін тікелей немесе жанама түрде көрсетуі.
9. Иммитациялық мінез – басқалардың мінезін қайталауға және үйренуге құмарлығын қалыптастырып, өзгелерге жағымды мінез көрсету ептілігін нығайту.
10. Катарсис – топтағылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау барысындағы өздерінің наық айқындалған немесе іштей басып жүрген психологиялық кернеуден шығуға жағдай жасау.
Тренинг барысында жетекші топ мүшелерінің іс-әрекет түрлерін таңдап алуына мүкіндік беріп, олардың әрқайсысының белсенділіген мадақтап отыруы қажет. Сонымен қатар, топ мүшелері және жетекшісі ешкімге билігін жүргізбестен, әр адамның қалауымен есептесіп отырғаны жөн. Тренинг тобында жүргізілетін іс-шаралар мен әр қатынасушының психологиялық проблемалары құпия сақалып, ешкімнің жан дүниесіне дақ түсірмейтіндей жағдай жасалуы керек. Топтық тәжірибені жүргізу ережелерін қабылдамаған адамдарды тренингке қатыстыруға болмайды. Т-топтың қарым-қатынас ерекшеліктерін знрттеуге жұмылдырады. Қатысушылардың әрқайсысы өздерінің келесі коммуникативтік қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік алады: өзінің және өзгенің коммуникацияларын талдауға, коммуникациялық сезімнің ерекшеліктерін, басқалардың сөзін тыңдай алуға қабілеттілік, конфронтация түрлерін анықтау.
Т-топтарындағы зерттеулер екі бағытта жүреді:
1) топтық процестерді зерттеу;
2) топтың әсерлілігін бағалау.
Т-топтың үйрету зертханасы ретінде келесі мүмкіндіктер бар:
- Т-топ мүшелерінің әрқайсысы экспериментатор ретінде болуы және эксперимент объектісі болу мүмкіндігі;
- ақиқат өмірде шешімі жоқ мәселелерді шешуге мүмкіндік тудыру;
- топ кездесулерінде қатысушылардың әрқайсысының “психологиялық қауіпсіздігін” қамтамасыз етуге кепілдік беруі.
Т-топтардың келесі міндеті - әр адамды өз-өзін және өзгелерді танып білуге үйрету. Ол жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады:
- өз-өзін басқаларға таныстыру;
- кері байланыс жасау;
- эксперимент жүргізу.
Өз-өзін басқаларға таныстыру (өзін презентация жасау) – топтың алдында толық ашылу процесі. Өзін таныстыру барысында клиент басқаларға өзінің ерекшеліктерін толық бейнелеп береді.
Кері байланыс барысында қатысушылардың біреуі басқалрдың мінез-құлқы мен қылыөтарына өзінің әсерленуін айтып, олардың көрсеткен өрескіл мінез ерекшеліктерін өңдеу мақсатымен талдау жүргізіледі. Бұл әрекет барысында қатынасушылар бір-біріне арнайы белгілер арқылы өрескіл мінезі туралы мәлімет береді. Басқалардың берген “белгі” ескертуі арқылы әр адам өз мінезінің шектен шыққан жерлерін тауып, оны өңдеуге мүмкіндік туады.
Кері байланыс барысында басқалардың мінезіне сын баға беруден гөрі оған эмоционалдық реакциямен жауап берген дұрыс болады. Мысалы: “Сен тәртіпсіздік көрсеттің ”,- деп айтудың орнына “Сен менің сөзімді бөлгеніңде мен саған ренжіп қалдым”,- деп ескертудің әсері тереңірек болады және реніш туғызбайды. Кері байланыс барысында қатысушылардың мінез ерекшелектерін көпшілік бірдеі бағаласа, оның түзетулік әсері арта түседі. Топта жүргізілетін осындай эксперименттер әр түрлі немесе бір-біріне ұқсас жағдайлардан шығудың көптеген варианттарын іздеуге негізделеді.
“Қазір және осы жерде” ұстанымы топпен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың табысты болуының маңызды шарты. Барлық талданған жағдайлар тек қана топта және қазір болып жатқан мәселелермен байланысты болуы керек. Бұрын болған оқиғаларды талдау қатысушыларды жалықтырып жібереді және жүргізуші “ақылгөйлік” білдіргендей сезім туғызады. Сондықтан нақты тәжірибеде болған және барлығына қатысы бар нәрселерді талдаудың әсері әлдеқайда жоғары болады да, барлығын қызықтырады.
Т-топқа қатысушыларға өзінің жаңа тәжірибесін ақиқат өмірде пайдалану жолдарын үйрету (қызмет орнында, отбасын, т.с.с.).
Т-топтарында пайдаланылатын тәсілдер мен техникалардың көпшілігі конфронтацияға негізделген. Конфрантация – коммуникацияның басқа адамды өзінің қарым-қатынастарын талдауға және өзгертуге шақыратын өте белсенді түрі.
Психокоррекция жүргізу мақсатымен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:
1. Нормативтерді құру коррекциясы.
2. Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы.
Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан-дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдиниетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселелерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез-құлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі және клиентке өзінің жан-дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеді.
Сонымен қатар, әр жас кезеңінің және әлеуметтік ортадағы әр адамның атқаратын рөлдер репетуарына, клиенттің алдында тұрған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекцияны жүргізудің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Сондықтанғ бұл жас кезеңдегілермен коррекциялық жұмыстар олардың таным процесстерін жетілдіру және мектеп режиміне үйрету, сыныптағы балалармен, оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемділігін қалаыптастыру, қысқаша айтқанда, оның барлық көрсеткіштері бойынша мектеп өміріне даярлау болып табылады. Бастауыш сыныптарда бұл бағыттағы психологиялық қызмет көрсету жалғастырылады.
Жеткіншек жас кезеңдегілермен жүргізілетін психокоррекция, басқа жас кезеңдегілерден жиірек орын алады. Оның себебі, осы жас кезеңінің көптеген ерекшеліктерімен байланысты. Балалардың өтпелі жас кезеңінде басынан кешетін қиындықтарды психокоррекциялау және психологиялық кеңес берудің негізгі себептері болып табылады. Жеткіншектерде жиі кездесетін акцентуация, агрессия, дидоктегенді невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві, кей кезде, оқу ісінде басты болудан қалады, өйткені, баланың құндылықтарды бағалауы, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде жүйеліліктің болмауы, кейінгі кезде орын алған аралық аттестациялауға баланың ішкі даярлығының төмен болуы олардың психологиялық жағдайына алып келуі мүмкін.
Осы проблемаларды шешуге психологиялық көмек көрсету, психопрофилатика, психокоррекция жасау және басқа мұқтаждарға көмектесетін шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Оның ішінде баланың дамуын диагностикалау, оның барлық мүмкіндіктерін ашу және балалармен, олардың ата-аналарымен, мұғалімдерімен психологиялық қызмет шеңберінде коррекциялық көмек көрсету қажет.
Психологиялық кеңес беру
Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе, психологиялык тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау және дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялык кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан псхологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дәл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында түрады.
Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.
Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі психологиялық консультация (кеңес беру). Яғни, психолог консуль-тациялық іс-әрекетті бағдар беру, ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі.
Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері
Кеңес берудің алғашқы кезеңі. Мақсаты – психологиялық контакт орнату, клиент пен кеңесші арасындағы психологиялық контакттың қорытындысы. Кезеңнің негізгі мазмұны: клинтті қабылдау, танысу, клиент туралы алғашқы мәліметтерді жинау, келісім-шарт қорытындылау (мақсаты, әдістерді, ұзақтығын, кеңес берудің бағасын, жауапкершілікті болу, клиенттің құқықтары туралы және міндеті туралы мәлімет беру, талқылау, конфиденциалдық сұрақтарын және оның шегі туралы талқылау).
Клиентті сұрау кезеңі. Кезеңнің мақсаты – раппорт (өзара жағымды) орнату және мәселесін, мағынасын анықтау. Белсенді тыңдау техникасы – вербалды және вербалды емес компоненттері. Қайталау (парафраз) және үзіліс. Клиенттің мәселесінің мағынасын анықтау. Мәселелердің түрлері: орталық мәселе, мәселе-қорғаныс, терең мәселе. Мәселе кеңесші мен клиенттің біріккен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. Келісім-шарт жасау. Кеңесші пайдаланатын негізгі тәсілдер: тікелей сұрақтар, рефлексифті емес және белсенді тыңдау, эмпатикалы түсіну, клиентті вербалды және вербалды емес тұрғыда жігерлендіру. Кезеңдік (подэтап) нәтижесі — консультативті болжамдарды қалыптастыру және раппортты орналастыру.
Жұмыс кезеңі. Психологиялық әсер ету. Мақсаты: клиентпен психологиялық қиыншылықтарды түсіну, жеңіп шығу жетістіктері. Кезеңнің негізгі мазмұны: клиенттің психологиялық қиыншылықтарды жеңіп шығуына көмектесу үшін әр түрлі психотехникалық тәсілдерді қолдану. Қарсыласу мен трансфермен жұмыс істеу. Қарсыласу түсінігі. Клиенттік қарсыласумен сәтті жұмыс істеу шарты ретінде даярлығы. Қарсыласумен жұмыс істегендегі нәтиже. Позитивті және негативті контртрансфер. Трансфермен жұмыс істеудегі тиімділік. Контртрансфермен жұмыс істеу. 1referat.kz
Қорытынды кезең. Трансферден шығу және суверенитетті алу. Кеңес беруден кейін жүріс-тұрысты қадағалау. Осы кезеңдегі жұмыстың негізгі принциптері.
Психологиялық кеңес және оны ұйымдастыру
Психологиялық кеңес дегеніміз рухани жағынан көмекке мұқтаж адамдарға ақыл- кеңес беру, жол көрсету. Психологиялық кеңес арнайы жабдықталған орында, бөгде адамдардан оңашаланған жерде өткізіледі, кеңесті өткізуге арнайы уақыт белгіленеді.
Психологтың кеңес алушымен алғашқы кездесу кезіндегі әңгімесі.
10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кеңес алушы адам психологқа өзі туралы, өзін мазалап жүрген мәселесі туралы толық айтуы керек. Психолог зейін қоя тыңдайды. Психологиялық кеңес адамдарға психологиялық көмек берудің ең күрделі түрі. Кеңес алушы адамға өз проблемасын психологтың көмегінсіз шеше алатындай болғанға дейін беріледі.
Психологиялық кеңес:
1.Туындаған мәселенің күрделілігіне байланысты 1-2 рет немесе оданда да көп кеңес берілуі мүмкін.
2.Кеңес алушының бір ғана мәселесі емес жеке жеке кеңесті талап ететін бірнеше мәселелері болуы мүмкін.
3.Мәселе бірден шешілуі мүмкін. Тек ғана кеңес алушыға қосымша қолдау, қолпаштау, ерік, жігер қажет болған жағдайда психологиялық кеңес қысқа уақыт мерзімді қамтиды.
Психологиялық кеңестің мақсаты мен міндеттері
Кеңес алушының туындаған мәселесін тез арада шешуге көмек жасау.мәселен, бала мәселесіне байланысты ата ананың ренжісіп қалуы, екі адамның бір біріне ренжуі т.б.