Отбасында тұлғааралық қарым қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 17:21, дипломная работа

Краткое описание

Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.

Содержание

КІРІСПЕ ..............................................................................................................................4
І бөлім. ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері..................................................8
1.2 Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасу ерекшеліктері ..........................................................................................................15
1.3 Отбасы қарым-қатынасындағы психотерапияның
негізгі бағыттары ……………………………………………………...…….21
2 бөлім. ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДІ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ
2.1 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуын
анықтау .............................................................................................................................36
2.2 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты түзету жаттығулар
ын жүйелеу және қолдану .............................................................................................45
2.3 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу нәтижесін
жинақтау ............................................................................................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................................59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................................61
ҚОСЫМШАЛАР............................................................................................................66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Отбасында-тұлғааралық-қарым-қатынасты-қабылдаудың-психологиялық-аспектілері.doc

— 1.01 Мб (Скачать документ)

Шужеваева А.И. пікірінше «көптеген қақтығыстар, эмоциялық қызбалық,шапшаңдық, агрессия мен жағымсыз жақтардың көрінуі, мйірімсізділік арқылы пайда болатын көптеген қақтығыстар балаларды келісімге келуге іскелік, жағымды әрі түсіне алатын бола білуге,құрдастарымен серіктестік қарым-қатынасқа түсе білетін іскерліктерге арнайы ққыту жағдайында шешілуі мүмкін. Баланың әлеуметтік дамуы ата-аналармен құрылатын дамушы жағдапймен анықталады. Жас ерекшелік құрылымдар сенімді кезкпен қалыптаспайды [21,10].

Жеткіншектердің мінез-құлқын өзіндік реттеу механизмдері танымдық іс-әрекеттер мен байланысты, зейіннің көлемі, интенсивтілігі, орнықтылығы  арқылы зерттеу барысында мына жағдайлар  анықталды:жеткіншектердегі қалыптасқан  ерік күші мінез-құлықтағы ішкі субьективті позициямен байланысты болады және өзіндік реттелуге әсер етеді. Эмоциялық өзара қатынас мінез-құлыққа әсер етсе де субьективті көз-қарасқа келгенде қақтығыс екінші орынға түседі, олардың әсері сол ұстанған көз-қарасы арқылы сындырмауы деген пікірде Күнсләмова Т.К.

Жеткіншектердегі  өзіндік бағалау, өзіндік реттелу  және эго күйдің белсендірілуі мен  агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-педагогикалық  тренинг негізінде зерттеу» жұмысында [22,21].

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Ата-ана  мен жеткіншек арасындағы қарым-қатынастың қалыптасу ерекшелігі

Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды  меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар  сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.

Отбасы сонымен  қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық. [23,17]

Отбасы-нақты  өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.

Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды  меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар  сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.

Отбасы сонымен  қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып  табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық. [23,17]

Отбасы-нақты  өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.

Шындықтың бейнелннуінің  әлеуметтік психологиялық заңдылықтары адам мінез-құлқына ғылыми негізделген  түрде етудің жаңа мүмкіндіктеріне  қоғам алдында аша алады. Отбасын  әлеуметтік-психологиялық зерттеу  тұлғаның әлеуметтену процесінің негізінде жатқан дәне де отбасылық бірлестіктің мүшелеріне күшті әсер ететін заңдылықтарды білуге мүмкіндік береді [24,63].

Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен  бала арасындағы қарым-қатынас.

Қарым-қатынас  – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлға аралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.

Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсінстік, бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін құптауы сенімді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын,иағлұмат байлығы (информационное богатство)болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығыуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфера мақсаты. Отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп еңбек ету,нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен, отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын ас маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.

Қарым-қатынас  барысындағы біреудің екінші бір  адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері)адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер ету болып саналады [25,9].

Жоғарыда айтылып  кеткендей отбасындағы, бала мен  ата-ана арасындағы қарым-қатынас  түрін қарастырамыз. Яғни жас ерекшелік  жағынан жеткіншек пен ата-ана  арасындағы қарым-қатынас.

Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасыуында маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудырытын кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде жеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық  заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер жеткіншектік жастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар жинақталды, ол өз кезегінде осы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына ықпал етті. Мәдениеттің нақты-әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі, әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буында оқуымен сәйкес келеді.

Жеткіншектік  жас кезеңнің психологиясы тақырыбы әрдайым өзекті болып табылады. Бірақ  жеткіншектердің әрбір ұрпағы осы  кезеңді басынан өткізеді және де қоғам дамуының тарихи жағдайларына сәйкес өз мәселелерін өз бетінше  орындауға тырысады. [26,3]

Жеткіншектік кезеңді М. Мұқанов баланың дамуындағы ерекше орны бар «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген деп көрсетті. Бұл атауларда осы жастарда болатын,өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған.

Біз жеткіншектің «мен» деген қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортада кездесетін қайшылықтарына тоқталсақ. Қайшылық жеткіншекшектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған бала деп қарауының келіспеушілігінен болған. Ал қайшылықтың нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс дейміз. Дағдарыстың жеткіншек жасындағы бұл түрі бөбектердің дағдарыс кезеңінен әлдеқайда басым болады. Дағдарыс дегеннің мағынасы қиын жағдайда тап болған кезді одан қалай шығуын білмеуді білдіреді.

А.Г.Ковалев  дағдарыс кезі жеткіншектің жасына орай келмейді, онымен үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болды дейді. Осылай деу дағдарыс кезі жеткіншекте тіпті кездеспей, ол сергелдеңге ұшырамауы мүмкін. Демек, жеткіншектің үлкендермен қатынасы жақсы болып келсе, онда дағдарыс кезі кездеспейді. Осы пікірге түгелдей қосылу қиын: біріншіден, дағдарысқа үшырайтын үлкендер емес, жеткіншектің өзі. Екіншіден дағдарыс үлкендердің оған қатынасына риза болмаудан кездессе де, мұның өзі тек 11-16 жас арасында болып отыр. Егер А.Г.Ковалевтың айтқаны дұрыс болса, дағдарысқа ұшырау 7-10 немесе 16-18 жастарда да кездесуі ықтимал болар еді.

Жеткіншек үлкендерден  өзінің есейгенімен,өзбетілігімен  санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл  бала тиісті міндеттерді өз еркімен,орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде туған-туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенім білдіргісі келмегенен емес,оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр»,- дейді. Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегесуге, не негативті халде болып, үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады.

Екі арадағы  қайшылықты кім жеңеді деугенде, жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан, сол жеңеді деуге болады. Осындай екі арадағы  түсінбеушілікті неміс психологы  К..Левин «ойлық бөгет» деп атаған. Мұны солай деуінің себебі жеткіншек пен үлкендер арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң, енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек, ал бөгетті жою оңай емес.

Жеткіншектің  үлкендерді түсінбеуі, кейін оны жан-жалға, не сергелдеңге апарып соғады. Мұндай оқиғалар, әсіресе қалалық жерлердегі семьяларда жиі кездеседі. Көпшілік жұрттың мақсата үлкендердің абыройын төкпей,тіпті осылардың өзі жауапты болғанда да,қайткенде де арашалау болып табылады.

Жалпы алғанда  жеткіншектің үлкендерге қоятын талабын  түгел қате деуге болмайды: біріншіден, үлкендер өзінің өмір баяанын  мысал ретнде келтіріп, «біз жас кезімізде мынадай болып едік..» деп, өзі сол кезде қандай болса, баласы да сондай болуы тиіс десе,қателескен болар еді. Себебі үлкендердің жас кезі мен жеткіншектің қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір емес. Екіншіден, бір кісінің үйренген,не қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдерді өзгелердің игілігіне барлық жағдайда сіңе бермейді. [27,]

Бала ересектермен қарым-қатынастың белгілі бір  кезеңінде  жағымды эмоциялық қатынаста  тапшылықты сезінсе немесе осындай  қатынаста қандай да, бір ауытқулар  байқалса, оның дамуында тежеушілік пайда  болады. Бұл Н.М.Аксаринаның, Е.К.Когбериннің  т.б. зерттеулерінде дәлелденді. [28,9]

Жеткіншекте ересектер  тобына өтуге және үлкендердің балаларда  жоқ кейбір артықшылықтармен пайдалануға  деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының аралығындағы жағдайда болатын кезеңнің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д.Коулмен және басқа шетел пстхологтары дамытуда. Олар жеткіншектердің ерекше бір «суб мәдениеті» бар дегенді,яғни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады. Инфармацияның орасан зор тасқыны,көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестіке ерте жетуі, жолдастармен қарым-қатынастың жедел дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.

Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы  бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген түрлері болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір «интелектуал» үшін өмірде ең басты кітап пен білім болады,қалғанының бәрін де ол әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып,радиотехникамен әуестенсе де, сабақты түк бітірмейді, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнінен бастап ең шебер шаштараз туралы мәселеге дейінгі  барлық жайлар жөнінде әңгімелесуге болатын ересек жасөспірімдермен сөйлескенді артық көреді:үшінші бір «интелектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші,өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді, ал қыздарға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын үйпалап кетеді. Бір өлшем ұқсас осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреу үшін маңыздылық енді бірге құны жоқ. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы жалғасады.

Жеткіншектік  кезең қиын әрі сыналатын кезең  деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады, мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмей,қауырт сипат алады деп көрсетті. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан, жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі субьективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, ол екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады. Жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық) деген түсінік берді Б.Г.Ананев.

Информация о работе Отбасында тұлғааралық қарым қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері