Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 12:57, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып, қоғам өміріндегі ізгілендіру мен демократияландыру процестерінің жағдайында үздіксіз білім беру жүйесінің барлық кезеңдеріне қазақ халық педагогикасын өндіру көкейкесті проблемалардың біріне айналып отыр. Себебі халық педагогикасы - ғасырлар бойы електен өткен тәрбие мәйегі. Ел Президенті Н.Назарбаев "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына Жолдауының ұзақ мерзімді басымдығында ("Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты"): "Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек

Содержание

КІРІСПЕ

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ІІ. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХЫ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

2.1. Қазақ отбасы тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктері

ІІІ. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫҢ ҮЛГІ - ӨНЕГЕСІ

3.1. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың орны
3.2. Баланы еңбекке тәрбиелеуде ата-ананың рөлі
3.3. Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отбасы.doc

— 143.00 Кб (Скачать документ)

Бесіншіден, отбасында орнаған тәртіп пен әдептілік салт-дәстүрі. Жалпы отбасы мүшелерінің қарым-қатынас сипаты (стиль). Ол сый-құрметке, не айқай-ұйқайға, ұрыс-керіс пен балағат сөзге құрылған ба? Міне, осының өзі-ақ отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың ролін көрсетеді. Егер, отбасының ересек мүшелері, ата-ана ұлттық салт-дәстүрге құрылған тәрбие сипатын ұстанса қалт кетпейді. Мұнда береке-бірлік, сый-құрмет әр мүшеге тиісті болып, жағымды эмоциялық тыныс орнайды. Мұндай ата-аналардың болашағы нұрлы, балалары бақытты деуге болады.

Алтыншы шарт — отбасы мүшелерінің бақытты болуына тура жол көрсетеді. Ол - қуаныш сезімі. А.С.Макаренко "Хотите, чтобы были хорошие дети — будьте счастливы" деген. Ал, енді онық бақытты болу дегенін, қалай ұғыну керек? Негізгі бақыт дегенді біреу — байлық, біреу - мансап десе, көпшілік адам өзіне не тілесе соған мол қолы жетсе, бақытты болар едім дейді. Ғалым-педагог А.С.Макаренко, өмірдің өзі бақыт дейді. Ал, бақытты болудың басы қанағатшыл болу. Барына риза болып, денсаулық пен адал еңбектің өзі бақыт емес пе. Сондықтан барына қуанып, отбасына да қуаныш орнату - ата-ананың үлкен бір маңызды міндеті.

 

 

3.2. Баланы еңбекке  тәрбиелеуде ата-ананың рөлі

 

Бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі болып балаларға ұлттық негізде тәрбие беру қажеттілігі туып отыр. Соның ішінде еңбек тәрбиесі, адамгершілік, рухани экономикалық, тағы басқа тәрбиелерді қамтамасыз ететін негізгі тәрбие болуы тиіс. Балалардың өмірге бейімділігі, олардың іскерлігі көптеген жағдайда отбасында, мектепте еңбек тәрбиесін ұйымдастыруына, жүргізілуіне байланысты.

Отбасында ғана болашақ ұрпағымызға біз өмір туралы, айналада қоршаған орта, табиғат, адамдар қарым-қатынасы жайлы ең алғашқы ұғымдар береміз. Бұл жұмыстың жүзеге асырылуына, әрине, ұрпақтар тәжірибесі кеңінен қолданылады.

Әр ата-ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін ешуақытта да ұмытпауы тиіс. Егер әр ата-ана өзінің баласын саналы, адамгершілігі мол, рухани жағынан жетілген, еңбекке бейім, қолынан әр түрлі өнер келетіндей етіп тәрбиелесе, онда біз егеменді еліміздің болашағы жарқын деп айта апар едік.

Кейбір ата-аналарымыз өз балаларын қиыншылықтан қорғап, барлық жағдайлар жасап, "не киемін, не ішемін" деп ойландырмай, өсіргенмің арқасында көптеген жағдайларда мансапқор, өзімшіл, қолынан еш нәрсе келмейтін, соның салдарынан әр түрлі қылмысқа баратын балалар тәрбиеленеді. Сол ата-аналар баласының сондай жағдайға қалай жеткенін білмейді, өздерінің тәрбиелеу барысында жіберген қателіктерін кеш түсінеді. Балалардың бойында еңбекке деген санапы, шығармашылық қатынасты тәрбиелеуде және сол қатынасты қоғамдық парыз ретінде түсіндірудің рөлі өте зор. Ата-аналар мен балалардың бірігіп атқарар ісі неғұрлым көп болса, соғұрлым әке-шешесінің ұл мен қызға ықпалы, үлгісінің күші де зор болмақ. Ата-ананың жеке басының ықпалы балалар үшін ешқандай салыстыруға келмейтін ұлағатты өнеге. Балалар жақсы-жаманды бірдей көріп өседі, ең абзалы жақсы-жаманды айыра білуі, оны ұғындыратын әке мен шеше, үлкендер балаларына адамдарға сый-құрмет көрсетудің, еңбекке шын ниетімен, бар ынтасымен кірісудің өнегесін көрсетеді. Соның негізінде балалар еңбекті сыйлап, ешқандай қиыншылықтан бас тартпауды, өз еңбегінің нәтижесін көріп, қуануды үйренеді.

-  Балам, не істесең  де адал істе, -деп үйретеді әкесі баласына.

- Ісіңді тындырымды, ұятқа қалмайтындай атқар, - дейді. Әкесінің бұл өсиеті бала көңіліне ұялайды. Баласы бұл құр сөз емес екенін біледі, өйткені оның әкесі өзінің әр ісіне солай қарайды, өзі сондай өнеге көрсетіп отыр. Бала айналадағылар оның әке-шешесін қалай құрметтейтінін күнделікті көріп отырып, ол құрмет ата-анасы еңбегінің нәтижесі екенін, тек қана адал еңбектің арқасында ғана адам сыйлы екенін түсінеді. Еңбекке, ұжымға деген қарым-қатынасы арқылы адамның адамгершілік болмысы анықталады.

- еңбекке деген дағды, іскерлік қалыптаспаған жағдайда оның азаматтық сенімділігі жүзеге аспайды. Өз ісіне мұқият, адал болу - адамгершілік нышаны, ал ондай адам бағалы және сыйлы.

Жауапкершілікті, міндеттілікті, өз ісіне адалдықты балалардың бойында күнделікті еңбекте жүйелі ұйымдастырмай, тәрбиелеу мүмкін емес. Еңбекке ынтаны және дағдыны қалыптастыруда ата-ананың орны зор. Бала бастаған ісін басқаға сілтемей, аяғына жеткізуді ата-ана қадағалауы тиіс. Ақылды ана қызын кішкентайынан өзіне көмекші етіп тәрбиелейді, оның жұмысын күнделікті күрделендіре отырып нәтижесін байқайды, қажет болғанда мақтал, егер қателіктері болса көрсетіп, бірге орындап көмектеседі. Сонда ғана тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленеді. Ұл балалар үй шаруашылығына әкесінің бар ынтасымен араласатынын көріп, қарап отыруға болмайды, егер отбасы, көпшілік игілігі үшін атқарылса, ешқандай істің әбестігі, ұяттығы жоқ екенін түсінеді. Әке балаға құрал-саймандарды қолдануды, таза, ұқыпты, жылдам жұмыс істеуді үйретеді. Барлығынан да осындай біріккен еңбек барысындағы ата-ана мен балалардың өзара қарым-қатынасы тәрбиелік ықпалы мол әрекет. Жастайынан ата-ана балаларының икемсізідігіне мән бермей, оның бойында жалқаулық, еңбекке қырсыздық, немқұрайлылық "тұқымдарын сеуіп" өсірсе, үлкейген соң олардың өмірге бейімделуі қиын. Ұл балалар әскерге және еңбек жолында икемсіздік көрсетсе, қыз балалар тұрмыста көп қиыншылық көріп, тағдырларында әртүрлі қиын жағдайлар болуы мүмкін. Сол себептен ата-ана баласын қиыншылықтан қорғап, оларға алаңсыз балалық шақ қамтамасыз етемін демей, олардың тағдырына терең үңілуі тиіс.

Еңбек тәрбиесіне көңіл бөлмеген жанұяларда балалар бос уақытын көлтеген жағдайда әр түрлі өткізіп, қызық қуумен болады. Ол жастардың азғындауына апарып соғатын бірден-бір нақты жағдай.

Қаншалықты қиын, қызықсыз болғанымен істі аяғына жеткізіп бітіру керек. Бұл - еңбек тәртібі. Кейін нығайып, ол қызмет барысында көрініс тауып, болашақта жауапкрешілікке жалғасады. Юрий Рытхэу деген жазушы бір мақаласында былай деген: "өз ісіне берілген, мамандығын бар тәнімен сүйетін, өз қалауына сенімді адамдардың да шаршап, көңіл-күйінің болмайтын сәттері болады. Сонда ол "керек", "мен осы істі атқарауым тиіс" - деп өзіне өзі бұйрық беріп, арына сүйенеді. Еңбекке осындай қатынасты біз балалар бойында аз тәрбиелейміз". Жазушы балаларға "қажет, керек" деген сөзді жиірек айту керек деп ақыл береді.

Еңбекке қызығушылықты дамытып отыру мақсатымен балаларға бұрын берілмеген жаңа тапсырмалар беру тиіс, ол өзінің жаңалығымен, шығармашылық қиыншылықтарымен қызықтырады. Балада істі ұзақ, тиянақты орындау дағдысы қалыптасады. Тапсырма беру барысында күрделі және қарапайым, қызық және қызық емес әрекеттер алмасып отыратын істер таңдаған жөн, өйткені бала тапсырма орындау барысында тек қана орындаушы емес, сонымен қатар ұйымдастырушы да. Баланың бос уақыты жоқтығы, белгілі бір іс-әрекет пен қызығушылығы, баладан болашақта нағыз іс адамы шығатынына сенуге болады. Бос уақытының қалай өткізілетінін білмей, күн-түн демей, көше кезіп жүрген балалар әр түрлі әрекеттерге барады. Оның ең бастысы - оқуға, еңбекке қызығушылықтың жоқтығының салдары. Ата-ана жоғарыдағы аталған жағдайларды болдырмау үшін өз балаларының еңбекке қызығушылығын үнемі арттыра отырып, баланың бос уақытын пайдалы өткізуін қадағалап, баланың болашағына көңіл бөлу тиіс. Сонда ғана өгемен еліміздің нағыз іскер, ақылды, парасатты азаматтарын тәрбиелейміз. Әр ата-ана "Ел боламын десең - бесігіңді түзе" деген қағиданы естен шығармауы тиіс.

 

 

3.3. Ұлттық тәрбие  берудегі отбасының маңызы

 

Қазақ - ежелден шешен халық. Халықтың өзіндік тіршілік тынысы бар. Мысалы, ел ішіндегі түрлі мәмілегерлік мәселелер, оларды шешіп, реттеп отырудың қарапайым халықтық тәсілдері айрықша. Дәстүрлі шешендік өнердің дами түсуіне әсер еткен жәйттердің бірі осы болса керек. Бұл өзге халықтардың сәлт-дәстүрлерінде кездесе қоймайтын, қазақ халқының өзіне ғана тән айрықша құбылыс деп бағалауға тиістіміз.

Халық алдында талқыланатын дау-жанжал, билік-бітім сөздері қазақ билерінен шешендікті, ойдың жүйріктігін талап еткен. Мұндай сын сәттерде ел басқарған билеріміз бен хандарымыз халықтың салт-санасын, әдет-ғұрпын жетік білетіндігін көрсетуі керек болған. Халық көп жиналатын астар мен тойларда, жәр-меңке-жиындарда сан алуан дауларда қаралып отырған.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

"Тәлім — табалдырықтан" демеюін, күнделікті өмірдегі игілікті істер де, жиренерлік жаман әдеттер де отбасындағы тәрбиеден туындайды. Шығыстың бір данагөйі; "Бір жылдығыңды ойласаң — егін сал, он жылдығыңды ойласаң - ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң — балаңды тәрбиеле" деген екен. Сондықтан, ата-ананың тәрбиесі басқа тәрбиеден өзгеше, ана әлдиімен бесіктен бастап сіңетін дұрыс тәрбие болуы тиіс.

Қазақта: Сөкпей сөйле ұлыңа, Күлмей сөйле қызыңа. Жіберіп қойып еркіне, Күлкі болма жұртыңа — деген жақсы жыр жолдары бар.

"Ертеде бір әйел  өз баласын тәрбиелеу туралы ақыл сұрап, дана қартқа келіпті. Дана қарт: "Балам, ұлыңның туғанына қанша күн болды?" депті, сонда әйел "жеті күн" деп жауап беріпті. Қарт басын шайқапты: "Әттең, әттең, балаңның тәрбиесінен жеті күн кешігіп қалдың". Осы үзіндіден бала тәрбиесінің ана құрсағынан басталып, айналасындағы әсер етуші факторларға байланысты қалыптасатынын байқауға болады.

Білім және ғылым қызметкерлерінің II құрылтайында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: "Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі Ел байрағын алу тиімді. Өйткені, келешекте Ел байрағын қолға ұстар осы жастар екені белгілі. Ал, бозбалаң жастар ұйымының кітапшасына ұлы Абайдың "Ар ұялар іс қылмас ақыл зерек" нақылын беру, келешек жастарды адамгершілікке жетелері сөзсіз.

Сонымен, халық тағылымына негізделген ұлттық мемлекеттік мектеп оқушылары үлкен бес топтан тұратын болады. Мұның өзі келешекте қалыптасар XII жылдық білім жүйссіне еш нұқсан келтірмейді.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Назарбаев Н. «Қазақстан – 2030 – Стратегиялық бағдарламасы», Алматы – 1998, 236 б.
  2. Қалиев С., Майғаранова Ш Тәрбие хрестоматиясы, Алматы – 2001 ж., 27 б
  3. Матаева Б. // Халықтық  педагогикалық идеялар негізіндегі бала тәрбиесінің кейбір мәселелері, Ұлт тағылымы, № 2, 2004 ж., 18 б.
  4. Мүсірепов Ғ. Көп томдық шығармалар жинағы. 1-2 том, Алматы «Жазушы» - 2002 ж., 343 б.
  5. Әуезов М. //Әр жылдар ойлары, Алматы, 1973,  Жарықбаева Қ., Қазақ тәлім – тәрбиесі, Алматы – 1995 ж.259 б.

Информация о работе Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың орны