Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 12:57, реферат
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып, қоғам өміріндегі ізгілендіру мен демократияландыру процестерінің жағдайында үздіксіз білім беру жүйесінің барлық кезеңдеріне қазақ халық педагогикасын өндіру көкейкесті проблемалардың біріне айналып отыр. Себебі халық педагогикасы - ғасырлар бойы електен өткен тәрбие мәйегі. Ел Президенті Н.Назарбаев "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына Жолдауының ұзақ мерзімді басымдығында ("Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты"): "Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек
КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХЫ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1. Қазақ отбасы тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктері
ІІІ. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫҢ ҮЛГІ - ӨНЕГЕСІ
3.1. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың орны
3.2. Баланы еңбекке тәрбиелеуде ата-ананың рөлі
3.3. Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Солардың ішінде А.Е.Личко, УА.Блинков, К.С.Лебединская, И.С.Кон, Дж.Джанпайд, М.Ю.Долфтов т.б. әке-шешесінің баламен қарым-қатынасында, оның мінез-құлық ерекшеліктерін ескермеуінен келіспеушілік туындап, ол баланың психикалық кеселге ұшырауына: ашушаң, қырсықты, не болмаса ынжық, ез, тартыншақ, жағымпаз, жасқаншақтық қылықтардың қалыптасуына себеп болатынын эксперимент түрінде дәлелдеген. Олар осыған орай отбасы қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі қателіктерді төмендегідей жіктейді:
- баланың қуанышы,
күйзелісі, қайғысы секілді
ішкі жан дүниесіндегі
- қазымырлық пен көзден
бір елі таса қылмай, бақылаудың
да жақсылық әкелмейтіндігін
белгілеп, оны
әсіреқамқорлық (гаперпротекцияның) күшті
түрі деп белгілейді. Бұған дұшар
болған балалар өсе келе
- баланың жүріс-тұрысын мүдде бақылаусыз қалдыру, кетірген қателіктеріне ескертулердің болмауы, тиымсыздық, тойымсыздық балаларды ызақорлық пен алаңғасарлық, қанағатсыздыққа тез сынып қалатын жігерсіздікке соқтырады;
— ауыруын, әлсіздігін сылтаулатып, ата-анаға дегенін істету өзімшілдік, текаппарлық бағасын арттыру секілді қылықтардың қалыптасуына соқтырады. Сондықтан, ауру баланың жағдайы қаншалықты назар аударуды талап ететінін нақты мөлшерлеу күрделі болса да, аса маңызды мәселе екенін естен шығармау керек;
— баланың өзін қажетсіз сезінуі, ешкімге керек емес екенін түйсініп, сезінуі тұрлаусыз, секем алғыш секілді жүйке әлсіздігіне соқтырады және талма ауруына бейімділігін арттырады;
— отбасындағы қаталдық: ата-ананың өзара қарым-қатынасындағы, олардың балаларға қатынасындағы қаталдық -рақымсыздық пен қатыгездікке жоқтан өзгені сылтауратып әлімжеттілік істейтін бейбастық, содырлыққа соқтырады, "тазы ашуын тырнадан алады" дейді қазақ, мұндай мінезді;
— балаға әлі жетпейтін міндеттер жүктеп, одан ерекше үміт күту сағын сындырып, кінәмшілдік, өзіне сенімсіздік тудырады. Себебі, ол әке-шешесі күткен үмітті ақтай алмаймын-ау деген қорқынышта больш, шамасы келмейтініне көзі жеткендігінен, өзін нашар, әлсіз сезінеді;
— төрбиедегі қарама-қайшылық: әкесі бір сөз айтса, шешесі оған қарсы бір іс айтса, мұғалім олардың екеуін де жоққа шығарып, өз білгенін айтса, бала кімнің тілін аларын білмей, кімдікі дұрыс, кімнің айтқаны қате екенін ажырата алмай дал болады да, ақыры өз білгенін істеп кетеді. Сөйтіп, ол ешкімнің ақылын тыңдамайтын, ересектердің ой-пікірімен санаспайтын тоңмойын, тілазар болып өседі.
Қарым-қатынас арқылы ықпал етудің қай түрін не тәсілін алып қарасақ та, ол алдымен баланың психикасына әсер ету, сол арқылы жүрегіне, жан дүниесі мен санасына жол тауып қалаған пікірді, іс-әрекет түрінде орындауды 1-кестеден көруге болады.
Отбасының өмір салты деген ұғым — туысқандық сезімдер байланыстырған адамдар тобының өмір сүру сипаты. Баланың нағыз адам, не болмаса екі аяқты хайуан сынды адамгершілік қағидаларына сай келмейтін сипатта өмір сүруі бала кезінде тәрбиеленген отбасының ұстанған өмір салтына байланысты.
Отбасы қарым-қатынасындағы қуатты күшке ие көзге көрінбейтін ықпал, әсер дегенді бала ақылымен, пайымдай алмаса да сезініп түйсінеді. Ер бала болсын, қыз бала болсын әке-шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан үйренеді, көргенін бірде болмаса, бірде қайталайды.
Ата-ананың ықпалы өзінен өзі бола қалмайды, балалар олардың қылықтарын көздерімен көреді, ал, бір көргенін тағы бір, сосын тағы бір рет көрген соң, ол мәңгі есте қалып, санасынан мықтап орын алады. Естігені де осы қағида бойынша бір, екі, үш рет естіген соң құлағында, ойында қалып қояды да, кезінде дереу дайын формула секілді санадан қалқып шығып, іс-әрекетке айналады.
ІІ. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХЫ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.2 Қазақ отбасы тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктері
Әрбір дәуір кезеңінде ата-аналар балаға тәлім-тәрбие берумен бірге олардың бойында ақыл-қайрат, білім-тағылым алу қасиеттерін дамытуға үнемі көңіл аударып, жете мән беріп отырған.
Алдымызда Қазақстан ғасыры. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді.
Халықта "Тәрбие табалдырықтан басталады" - деген нақыл сөз бар. Асыл сөздің мәні неде? Яғни, әр отбасындағы ата-аналардың алдында тұрған басты міндет - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеуде дей отырып, "адам ұрпағымен мың жасайды" - деген тұжырымды үлгі тұту. Мәңгі жасағысы келетін халық атадан балаға қалатын қара шаңырағын қорғап, өркендеп өсуін үнемі қадағалап отырады. ¥зақ жылдар бойы ата-баба жолын, халықтық мұра, мақал-мәтелдер, шешендік сөз бен жыр маржанын "ескіліктің қалдығы", "өзімнен кейін дүниені топан су қаптаса да" демей, өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне баса назар аудару - ата-ананың борышы. Онсыз елде болашақ жоқ, Орта ғасырдағы шығыстың әйгілі ойшылы, ұлы ғалым әл Фарабидің күрделі еңбектерінде тікелей арналған мәселелерінің бірі, адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салуды көрсету болған. Бала тәрбиесі ең алдымен отбасындағы ата-анасының ықпалымен жүзеге асып, қоғамдық тәрбиемен ұштасып жатады. Демек, бүлдіршін тәрбиесі алтын бесіктен. Қазақтың мақал сөздері өмірден келтірілген: "Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді". Сондықтан бесік жырын "баю, баюмен" тербетпей, ана тілінде, ана сүтіне уызынан жарытып Абайдың туған анасы Ұлжанның, бауырына басып, адамдықтың алғашқы әліппесін үйреткен әжесі - Зеренің тілінде "Әлди, әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат, бөпем" - дегеннің өзі санасына сиымды емес пе. Бесік жырында жас нәрестені әлпештеген анасы оны әлемдегі ең асыл нәрсеге теңейді, оның жүрегін жарып шыққан мұң мен сыр; қуанышы мен ренішіне, жұмсақ үн мен жыры, отты леп пен ойлы сөз бала санасына шым-шымдап сіңе береді. Сонымен, қатар тек қана сүйіспеншілігі мен жалынды махаббатын білдіріп қана қоймай, ұрпағына артатын үмітін, сенімін жырлайды. Өз халқына, Отанына қызмет ете отырып қамын ойлауға тәрбиелейді. Халықта "бесік жырын естімегеннен не адамшылық күтесің", "Бесіксіз үйде береке жоқ" дейтіні содан болар. Атаның батасы, әженің әңгімесі, әкенің өнегесі, шешенің тәрбиесі - халықтық мұра. "Ата көрген - оқ жонар, ана көрген - тон пішер", "¥яда не көрсе - ұшқанда соны ілер" - деген. Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің қуатты құралы халық даналығы жасаған ауыз әдебиет туындылары.
Тарихи даму процесінде ұрпақтар жалғастығының ұлы істерін үлгі-өнеге тұтып қала бермек. Ал бұл мәселе Қазақстан елінің бүгінгі өтпелі дәуірі үшін айрықша қажетті фактор. Бабамыз әл Фараби ел қамын ойлап қайғырған, жан-тәнімен, қанымен жерімізді қорғаған Асанқайғы мен Қазтуған, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау мен Әбілқайыр хан, Әйтеке мен Қазыбек би, Төле би ұлы тұлғалар, Ыбырай мен Абай, Шоқан мен Шәкәрім сияқты данышпандар өз еңбектерінде өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің мән-жайын кеңінен сөз еткен. Ы.Алтынсарин:
"Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды" -деп жастардың келешегінен көп үміт артқан. Ал дана Абай "Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол" - деген ұлағатты пікір айтады.
Әл Фараби бабамыз тіл тағылымына айрықша мән беріп халқымыздың болашақ ұрпағы тәлім-тәрбие, білім алып, дүниетанудың сырына қанығуды ойластырды. Тәуелсіз еліміздің, ұлтымыздың төл бесігінің бірі ана тіліміз болып отырғанда, адамзаттық, адамгершілігі мол, еліне, жеріне деген сезімі жоғары жастарды тәрбиелеп, олардың сана-сезімін ояту ең алдымен ата-ананың, әрбір отбасының басты міндеті. Қазақ үшін қазақ тілінде сөйлеу, қазақ тілінде өзара қарым-қатынас жасау жеткіліксіз. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлап, қазақша өмір сүру ғанибет қана емес, ол сән мен сымбат, салтанат пен парасат.
Қандай да бір ұлттың тілі жоғалған кезде толыққанды ұлт болудан қалады. Жаны таза, жүрегі пәк сәбидің тілі шыға бастағанда-ақ оның сүтпен біткен мінез-кұлқының сүйекпен кеткенін есте ұстағанымыз абзал.
Психолог Л.С.Выготский: "Бала дүниеге келісімен әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі болып саналады, оның өсіп-жетілуі үшін ересектермен қарым-қатынасқа түсуінің маңызы зор, осы арқылы бала білім мен әлеуметтік тәжірибені меңгереді". Бүгінгі күні, ерікті адамдарды дамытудың қоғам өмірінде шешуші тәрбиенің маңызды екендігі мемлекеттік мәселе. Бала отбасы мүшелері арасындағы ең жарасты, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болып, үлгі-өнеге алады. Отбасында баланың жауапкершілігі мен өзгелерге достық, ар-намыс сезімдерінің оянуы ата-ана тәрбиесінің ықпалы. Ата-ана және басқа ересектер өскелең буынға тек жеке бастарының өнегесімен, іс-әрекеттерінің үлгісімен ықпал жасайды. Ата-аналар ұнамсыз жайларға тіпті уақытша болса да бой алдыруына жол бермеуі тиіс. Өйткені күйкі көріністің ықпалы лезде тамыр жайып, баланың бойына мінез болып қалыптасуы ықтимал. Ата-бабаларымыз ұрпағын ер-жігітке кедергі болатын жалқаулық, аңқаулық, жасқаншақтық, өтірік-өсек айтып, алдап-арбау сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеген. Сонымен қатар олар жан-тәнімен, қанымен қорғаған жерімізді, елімізді, Отанымызды, тілімізді сақтай отырып өскелең ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулуды мақсат тұтқан.
ІІІ. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫҢ ҮЛГІ - ӨНЕГЕСІ
3.1. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың орны
Бала тәрбиесіндегі ата-ана беділінің маңызын дұрыс түсінбеу және оны қолдану тәсілдерін психология-педагогикалық тұрғыда зерделей алмауы салдарынан отбасы тәрбиесінде жаңсақтықтар кетіп жатады.
Халқымыз "беделдің келуі қиьн, кетуі оңай", ал жалған бедел жақсы атақ әпермейді дейді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бедел - қадір, құрмет, абырой, атақ, даңқ деп, осыған орай, мұнда беделі сақталады, бедел-салды, қадірін, абыройын бетке ұстады, беделі артты, атақ, абыройы жоғарылады, беделін көтерді, абыройы артты, құрметке бөленді, даңқы шықты немесе беделін төкті, беделін түсірді, беделді, сыйлы, құрметті деп келтірілген. Қарап отырсақ, осы сөздердің барлығының педагогакалық астары бар.
А.С.Макаренко: "Ата-аналар кітабы" деген еңбегінде беделді "күмәнсіз абыройы, оның құндылығы мен қуаты балаларға көзкөрінеу, балалар оны дұрыс сезінеді" дейді.
Беделдің тағы бір психологиялық астары, сол арқылы ересектердің балаларға не басқаларға өз дегенін істету, айтқанын орындатуы. Көп жағдайда, бұның екінші біреудің жан дүниесіне, сезімі мен санасына тигізетін әсері, одан қалатын тап, із салдары ескерілмейді. Дер кезіндегі нәтиже ғана көзделеді.
Тәртіп - жалпы жеке адамның не топтың алдына қойған мақсатқа жету үшін іс-әрекетін ұйымдастыру сипаты болып, ол құлықтық мәнге ие.
Отбасы тәрбиесіндегі төртіпке қатысты ғылыми-педагогикалық және психологиялық еңбектерді зерделей келе және бақылауларымыз бен практикалық жұмыстарымыздың қорытындысына сүйене отырып, біз отбасының күн тәртібі бала тәрбиесіндегі аса қажетті компонент екеніне көз жеткіздік. Отбасы тәртібі, оның әр мүшесінің жүріс-тұрысы, мінез-құлық, іс-әрекет жөне сөйлеу мәдениетін қамтитыны белгілі. Осыған орай, Алғабас ауданындағы мектеп оқушыларының ата-аналары арасында жүргізілген сауалнама, әңгіме, сұхбат (интервью) нәтижесінде олардың барлығының, тәртіп дегенде: "ол баланың сабағына өз уақытында баруы - 79%, сабаққа дайындалуы - 82 %, әдеп сақтауы, мектепке кешікпеуі - 92%, қалғандарының барлығы әйтеуір жақсы жүрсе болды да - 8%" деп жауап берген.
Жоғарыда келтірілген мағлұматтардан ата-аналардың тәртіпті, жалпы отбасына онша қатысы жоқ, көбінесе, мектепке байланысты мәселе ретінде қарастыратынын байқадық. Олардың ішінде бір де бір ата-ана, отбасы мүшелерінің әрқайсысының өзіне ғана тиесілі күн тәртібі болуы мүмкін, өйткені ол оның негізгі іс-әрекетімен тығыз байланысты екенін ескермеген. Көшпілік ата-аналар тәртіп пен күн тәртібінің ара жігін нақты ажырата алмағаны байқалады. Олар сондай-ақ, отбасы гигиенасы мен санитариясы, өр адамның жеке гигиенасын тәртіпке жатқызбайды.
Осы және басқа да тексеру жұмыстарының нәтижесінде, отбасы тәрбиесі, әсіресе, ауылды жерде ретсіз, жүйесіз екені, көпшілік ата-аналар бала тәрбиесіне "өзінен өзі жүріп жататын" әдеттегі нәрсе ретінде қарайтыны және тәртіп, күн тәртібі туралы ұғымдарының өте таяз, сыңаржақты екенін көрсетті.
Отбасы тәрбиесіне қатысты ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау, ата-аналар арасында жүргізілген нақты практикалық материалдарды зерделей келе, педагогикалық шарт — баланы жақсы ой, жайдары мінез, пайдалы істерге жетелеп, еліктететін жағымды педагогикалық жағдай деп ұйғардық. Демек, отбасы тәрбиесінің педагогикалық шарттары дегеніміз балаға тәрбиелік ықпал ету үшін ата-ана және басқа да отбасы мүшелері тарапынан жасалған жағымды жағдайлар. Ой отбасының материалдық, рухани ахуалын қамтиды деп анықтама беріп, оларды төмендегідей сипаттамаға келтірдік:
Біріншіден, ата-ана отбасы тәрбиесіндегі алға қоятын мақсатын анықтап алғаны жөн. Бұны баланың болашақ кәсібімен ғана байланыстыру жансақ. Педагогика ғылымының жүздеген жылдардан бергі тәжірибесіне сүйенетін болсақ, ол мақсат бүкіл адамзат үшін біреу ғана - баланы адамгершілікті болуға тәрбиелеу, әрине, бұл өте қиын.
Екіншіден, тәрбиенің мақсатын айқындап алған соң, енді осы жақсылықтың үлгі өнегесін көрсету ата-ананың жағымды ықпал етуінің екінші педагогикалық шарты. Бұны болашақтан үміті бар әр ата-ана өзінен бастауы керек. Айталық, отбасылық тәртіпті жүзеге асырудан бұрын, тәртіптің не екенін және тәртіпті адам қандай болатынын мың ауыз "мыжың" сөзден гөрі ұрымтал ісінен көрсету. Одан соң барып балалардан және басқалардан тәртіпті талап ету.
Үшіншіден, арнайы педагогикалық білімі жоқ адамдар, ата-аналар аздап болса да, осы ілімнен хабардар болуға ұмтылғаны абзал. Бұл отбасы тәрбиесінде баланың мінез-құлық ерекшеліктері, ішкі жан-дүниесі, қалауы мен сұрау-талаптарын дұрыс пайымдап, оларды қанағаттандырудың мөлшері, жолдарын тура таңдап алуға көмектеседі. Бұл ретте, педагог ғалымдар, баланың сұрау—талаптарын қанағаттандырудың мөлшерден аспауын талап етеді, өйтпегенде, шегінен шығьш кетсе, пайдадан зияны кеп болатыны психолого-педагогикалық әдебиеттерде айтылып келеді.
Төртіншіден, ата-ана беделін орынды пайдалану. Осыған орай, аса дарынды педагог АС.Макаренко, мынадай бедел түрлерін белгілеген:
- аулақтық бедел, өзімшіл, менмендік, өсиетшіл, қазымыр, сүйіспеншілік, қайырымды, достық, сатып алу арқылы балалар алдында өз беделін сақтауға, сол арқылы тәрбиелеуге ұмтылу. Осылардың ішіндегі ең тиімді, ықпалы қуаттысы - сүйіспеншілік, қайырым, достық арқылы пайда болған бедел.