Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 12:57, реферат
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып, қоғам өміріндегі ізгілендіру мен демократияландыру процестерінің жағдайында үздіксіз білім беру жүйесінің барлық кезеңдеріне қазақ халық педагогикасын өндіру көкейкесті проблемалардың біріне айналып отыр. Себебі халық педагогикасы - ғасырлар бойы електен өткен тәрбие мәйегі. Ел Президенті Н.Назарбаев "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына Жолдауының ұзақ мерзімді басымдығында ("Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты"): "Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек
КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХЫ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1. Қазақ отбасы тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктері
ІІІ. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫҢ ҮЛГІ - ӨНЕГЕСІ
3.1. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың орны
3.2. Баланы еңбекке тәрбиелеуде ата-ананың рөлі
3.3. Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХЫ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1. Қазақ отбасы тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктері
ІІІ. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫҢ ҮЛГІ - ӨНЕГЕСІ
3.1. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың орны
3.2. Баланы еңбекке тәрбиелеуде ата-ананың рөлі
3.3. Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып, қоғам өміріндегі ізгілендіру мен демократияландыру процестерінің жағдайында үздіксіз білім беру жүйесінің барлық кезеңдеріне қазақ халық педагогикасын өндіру көкейкесті проблемалардың біріне айналып отыр. Себебі халық педагогикасы - ғасырлар бойы електен өткен тәрбие мәйегі. Ел Президенті Н.Назарбаев "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына Жолдауының ұзақ мерзімді басымдығында ("Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты"): "Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір - бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейте түсуге тиіспіз. Ата - аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата - аналарына камқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда — еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан - жақты қорғау қажет",/1/ - деген болатын. Бұл стратегиялық міндетті шешуде білім беру саласындағы педагогикалық кадрлардың орны ерекше. Өйткені бүгінгі мектеп мұғалімінің кәсіби даярлығының сапасына біздің қоғамның рухани және адамгершілік тұрғыда қайта өрлеуі тікелей байланысты.
Қоғамдық жаңғыру кезеңінде,
Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық
қатынастардың сипатының
Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымда дамуы, қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеруі т.б. отбасы тәрбиесіне оның құрылымы, қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыратыны белгілі. Қоғамның даму бағытының жаңа сипаты кейбір жетістіктерге алып келгенімен отбасы тәрбиесінің мәлім тұстарына нұқсан келтіргені де хақ. Нақтылап айтсақ, ауылды жерлерде мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жабылуы осы жастағы балалардың жалпы дайындығына теріс әсер етуде. Мұндай жағдайда ата-ананың педагогакалық сауатын ашу бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі екені айқындала түседі.
Отбасында ата-ана өзінің, баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескерілетіні бар. Көптеген ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қоғамдық мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізді болса да баланың дамып қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен. Бұлай болуының басты себебі — отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатында екені тағы белгілі. Алайда кеңес одағы кезіндегі идеологияға байланысты отбасы тәрбиесі адам өміріндегі басты кезең емес, керісінше, оның құны төмендеп, қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі. Сол себепті кеңес одағындағы азаматтардың өмірі туған күннен бастап алдын-ала жоспарланатын — ясли, балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік орта оқу орындары, жоғары мектеп т.б. баланы отбасында емес, мектепте тәрбиелеу, оқыту арқылы ұйымдастыру бағдарламалары жасалып жұмыс жүргізіле бастады.
1994 жылды БҰҰ Халықаралық
отбасы жылы деп белгілеп әлемд
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Бәрімізді таңдандыратын бір нәрсе: тарихтағы ұлы адамдардың көбісінің тамаша ата - аналары болған»
Г.Бокль
Қазақстан Республикасының Конституциясында "балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы" деп, отбасының міндеті анық көрсетілген. "Қазақстан-2030" бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Отбасы — баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтары не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп, өзінің "кім" және "қандай" екенін, басқалардың "кім" және "қандай" екенін практикада сынап байқап көреді. Отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау кезеңдері қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Қазіргі заман отбасының құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау қазақ арасында жоғалмағанымен әлсірей түсті. Ендігі кезде отбасын асыраушы өке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосуы себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі өлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін жауапкерлікті өз мойындарына алуда.
Осы заманның тағы бір ерекшелігі - толық емес отбасылар көбейіп, ата, әже, қайын жұрт, нағашы жұрт секілді т.б. туысқандық байланыстар әлсіреді. Сондықтан, олардың бала тәрбиесіне туысқандық сипаттағы жауапкершілігі де төмендеді. Осылардың барлығы отбасындағы қарым-қатынасқа өз кезегінде ондағы бала тәрбиесіне әсерін тигізіп отыр.
Педагогика ғылымында "тәрбие" терминіне ерекше мән берген. Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады. Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда тәрбиеге қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарда мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне даярлау деп түсінеміз.
Ал, педагогикада көптеген жылдар бойы "Тәрбие – тұлғаның дамуын басқару" деген анықтама беріліп келеді. Яғни, тәрбие сөзі мағынада балаға әрі білім беру, әрі тәрбие беру, әрі дамыту мақсатында қолданылып отырады.
Педагогикадағы тербие теориясы әр жастағы, топтағы балаларды оқытып, тәрбиелеу ерекшеліктерін, әдіс - тәсілдерін, ең тиімді дегенін анықтауға тырысады./2/
Қазақ халқының өте ертедегі ата - бабаларының өмір сүрген кезінен (VI ғасыр, Түркі қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұрасының бірі - халықтық педагогика. «Халықтық педагогика, - делінген қазақ кеңес энциклопедиясында тәрбие жөніндегі халықтық педагогикалық білім тәжірибесі. Халық педагогикасын зерттеу негізінде педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады...
Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәжірибесі және өндіріске білім, дағды, шеберліктерін ұрпақтан ұрпаққа қалдыру»./3/
Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы болып табылады,- деп көрсетеді белгілі ғалым С.Қалиев өз еңбегінде.
Тәрбие мәселесі, оның ішінде қыздар тәрбиесі күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Халықтық педагогикалық идеялар жүйесі қыздар тәрбиесін тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі ретінде қарастырады.
Ал, қоғамның тарихи тәжірибесіне көз жіберсек, қыздар тәрбиесінің міндеттері үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін байқаймыз. Ондағы халықтық тәрбиенің өзекті міндеті - қыз баланың бойында ізгілік қасиеттерді қалыптастыруды көздейді.
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ә.Диваев, М.Нұрбаев, З.Ерғалиев, Ғ.Балғынбаев, А.Жандыбаев, А.Мамытүлы, М.Әуезов т.б. ғалымдар еңбектері де тәрбиенің бастауын қыз бала тәрбиесімен байланыстырады.
Дегенмен, зерттеулерде қыздар тәрбиесін қолданудың нақты жолдары көрсетілмегенмен, олардың көзқарастары мен ой тұжырымдары қыздар тәрбиесінің әдістемесін жасауға негіз болады.
А.Г.Здравомыслов, Н.З.Чавчавадзе, Г.А.Ахмамбетов, Қ.Әбішев, І.Ерғалиев, Ш.М.Майғаранова т.б. ғалымдардың еңбектерін зерделей отырып, тәрбие мәселесіндегі ұғымдарының мәні айқындалды. Сөйтіп, жеке тұлғаның тәрбие нәтижесінде өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін әлемге паш етуге дайындығы, яғни барлық қабілетін, жүрек жылуын қоршаған ортасына беруге ұмытылысы түсіндіріледі. Осы түсінік қыздар тәрбиесінде де жүзеге асырылуы қажет деген ойдамыз.
Қарым-қатынас - адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, екі не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындага мәміле үрдісі іске асады.
Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсіністік, бірінің екіншісіне бой сынуы, бірінің екіншісін құптауы секілді қарым-қатынасының қазіргі кездеті басты ерекшелігі - әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелерін қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфера — мақсатты (отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы) бірлесіп еңбек ету, нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен, отбасы иелері - әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл, анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын аса маңызды құрал - қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі ықпалдастықтың әдіс-тәсілдері педагогикалық сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері) адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық-жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер ету болып саналады.
Отбасы педагогикасында ықпал етуші мен ықпалға түсушінің орыны алмасып отырады. Мәселен, бірде ересектер балаға ықпал етсе, енді бірде балалар ересектерге әсер етіп отырады. Отбасы қарым-қатынасында ата-ана балаға ықпал етудегі мақсатын, өзінің талаптарын, оған түрткі беріп отырған ішкі мотивтерін қанағаттандыру үшін және мұны кейде тікелей, кейде жанама түрде іске асыруға тырысады. Олардың мүдделері де белгілі: балаға нақты әдет, дағдыларды меңгерту, іскерлікке баулу, ерінбеуге т.б. дағды мен әдет қалыптастыру. Ықпал ету ересектер тарапынан өз күшін көрсету, бағындыру, баланың әлсіздігі не білместігін пайдаланып билігін жүргізіп, содан ләззат алу секілді теріс психологиялық мотивтерден туындауы да мүмкін.