Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 06:37, курсовая работа
Краткое описание
Балалардың логикалық ойын дамыту балабақшада оқытылатын білімдерді және олардың ғылыми мазмұнын меңгеру үдерісінде жүзеге асырылады. А.Байтұрсынов ұғымдарды қалыптастыру үшін ойлау заңдарын, ережелерін дұрыс пайдалану керектігін айтады. Т.Тәжібаев «Адамның дүниетану үдерісі нақты қарапайым пайымдаудан бірте-бірте дерексіз ойлауға көшіп отырады» – дейді.
І-бөлім. Ойлаудың жалпы сипаттамасы..........................................................6 - 8 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы....................................9 - 10
ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауы..........................11 - 13 2.2. Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту жолдары................................................................14 - 21 2.3. Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру........................22 - 26
Ұғымды бұдан әрі қалыптастырудың
барысы баланың сыртқы іс-әрекеттерінен
ойша іс-әрекеттерге өтуді ұйымдастырудан
тұрады. Мұнда сыртқы құралдар сөздік
белгілеулермен алмастырады.
Тиісті міндеттерді ала отырып
бала нақтылы өлшемді пайдалануды доғара
бастайды, оның орнынан өлшеу мүмкіндігін
көздей отырып сан жөнінде пайымдай бастайды.
Бұл пайымдауларда
баланы заттардың сыртқы түрінің
өзгеруі шатыстыра алмайды, білім
тікелей әсерден күштірек болып
шығады.
Ұғымдар жасалуда көрнекі-бейнелі
ойлауды меңгергенге қарағанда сыртқы
бағдарлау іс-әрекетінің формасы ғана
өзгеріп қоймайды, бой үйрену процесі
де басқаша сипатта болады. Нақтылы іс-әрекеттің
сөз арқылы толықтай ой жүгіртуімен алмастыру,
сол іс-әрекеттің көздерін сөз арқылы
көз алдында елестету бала үшін міндетті
сала бола бастайды. Ақырында, пікір айту
есіттіріліп емес, іште жүргізіле бастайды,
пікір айту азая келеді де дерексіз логикалық
ойлау іс әркетіне айналады. Мектепке
дейінгі шақта баланың дерексіз логикалық
ойлау іс-әрекеттерінің ерекше түрлі математикалық
сандармен және таңбалармен (+,-,=) жасайтын
амалдар жатады. Сөздерді қолдану сияқты
балалардың сандармен математикалық таңбаларды
қолдану да логикалық ойлаудың тиісті
нормаларын меңгергендігін көрсете бермейді.
Бала сандар мен математикалық таңбаларды
нақтылы заттардың топтарымен немесе
сондай заттар жөніндегі түсініктерді
орындайтын іс-әрекеттермен байланыстыра,
бөле және біріктіре отырып қолдана алады.
Бірдей жастағы балалар сандарды қолдану
мен есептеудің, қарапайым арифметикалық
есептерді шығарудың түрлі тәсілдерін
қатар қолданып жүреді.
Негізінде баланың логикалық
ойлау қабілеті қарапайым математикалық
алғашқы ұғымдарды меңгеруден басталады.
Себебі, бала сөйлей бастаған кезден өзінің
мекен-жайын, телефон нөмірін жаттайды.
Міне, сан, санау да осыдан басталады.
Бірақ бастапқы математикалық
білімді бейнелерге сүйене отырып меңгеру
кейінірек балалар мектепке матиматиканы
жүйелі түрде үйренуге кіріскенде айтарлықтай
қиындықтар туғызады. Сондықтан мектеп
жасына дейінгі балаға кез келген заттардың
сандық қатынастарының сипаттамасы ретінде
таңбалармен іс-әрекет жасауды бейнелерге
сүйенбей үйрету ретінде қалыптастыру,
мектепке дейінгі шақта ақыл-ой дамуының
маңызды жағы болып саналады. Мектепке
дейінгі бұған қоса матиматикалық ұғымдар
мен амалдарды игеру жағдайында толықтай
қол жеткізуге болатындығын зертттеулер
көрсетіп отыр.
Оны жүйелі түрде дамыту ата-ана
мен тәрбиешінің, қоршаған адамдардың
– басты міндеті. Сезім тәрбиесі - түйсік
пен қабылдаудың қатар дамуы. Сәбилік
шақтың алғашқы күндерінен бастап-ақ бала
өзін қоршаған заттардың қасиетін түсінуге
талпыныс жасайды. Балада заттарды қабылдайтын
көру дағдысы оянады. Бұл кезде затты танып
білу үшін бүлдіршіндер оның түр-түсіне
мән бермейді, заттың құрылымына (пішініне)
көңіл бөледі.
Бүлдіршіндердің логикалық
ойлау ұғымдарын ойын арқылы үйретудің,
математикалық диктант жазудың, заттарды
әр түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың,
ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың,
қиялдаудың, жұмбақтар жаттаудың маңызы
өте зор. Өйткені, жасырын тұрған ойдың
нені меңзеп тұрғанын ойлап табу үшін
баланың ми қыртыстырының жұмысы шыңдалады.
Яғни, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады.
Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалар
іс-әрекет кезінде айналадағы өмірден
алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған
тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады.
“Ойын арқылы бала
өз еркімен қоршаған ортаның негізгі ерекшеліктерін
зерттейді ” - деген Э.Эриксонның сөзі
дәл және анық айтылған.
Қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі
құбылыстар, олардың арасындағы байланыстары
мен қатынастары, адамның алар орны, табиғат
пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен
жануарлар туралы білімдері дамиды. Оларды
орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың
мәнді белгілерін айқындайды, кейбір дерексіз
ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын,
себеп-салдар, көлем, өлшем туралы түсініктерді
игереді. Олар сөздерді еркін қолданады,
өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым
заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды,
талдауды, пайымдау логикасын, ойлауды
үйренеді. Сөздік қоры, тіл байлығы артады,
сюжетті әңгімелер құру қабілеті дамиды.
Ойлауды дамытудың оқытуға
тікелей байланысы осы дамуды мақсатқа
бағыттап басқаруға, оқытудың ойлау іс-әрекеттерінің
белгілі типінің қалыптасуына себепкер
боларлықтай етіп құруға мүмкіндік береді.
Бұл мектепке дейінгі балалық шақта келешек
өмірі үшін ең басты мән алатындығы жөніндегі
мәселені қоюға түрткі болады.
Психикалық дамудың жалпы заңдылықтары
туралы мектепке дейінгі шақ бейнелі
ойлаудың дамытуға бағытталған үйретуге
ерекше сезімтал, нәзік келетіні, ойлаудың
логикалық формаларын меңгерудің шамадан
тыс жылдамдату амалдары бұл жаста қолайлы
болмайтындығы жөнінде айтылған.
2.3. Мектепке дейінгі
балалардың логикалық ойлау
қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін
жетілдіру
Бүгінгі күн талабы – баланың
оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру,
өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру,
заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың танымын
алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында
оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың
құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың
жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана
балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің
құралы болмай, балаға берілетін білім
мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек.
Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама
талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра
отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін
арттыруға жағдай жасау негізгі міндет.
Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын
танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты
және тәуелділікті анықтауға тырысады.
Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін
байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды,
осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.
Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары
өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім
жасау өз ойындағысын айту жағдайларына
мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы,
өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы
кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан,
болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға
ретінде жан-жақты дами алады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың
маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды
белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс
істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды
икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында
пайдаланылады.
Логикалық ойлаудың көрсеткіштері:
1. Қойылған сұраққа ойланып
жауап берулері.
2. Тың идеяны қабылдай
алуы.
3. Өз қабілетін көрсете
білулері.
4. Жаңа бір нәрсені
ашуы.
Ойлаудың негізгі
көрсеткіштерін жүзеге асыру
үшін, оқудың алғашқы күннен бастап
келген оқушылардың логикалық ойлау операцияларының
деңгейін анықтау үшін Э.Ф.Замбацявич
құраған тестін қолдануға болады. Ол 4
субтестіден тұрады. Әрбір субтестіде
дұрыс жауаптардың саны есептеледі. Барлығының
ұпайларын есептей келе, баланың логикалық
ойлау қабілеттерінің жалпы көрсеткішін
анықтауға болады.
Оқушылардың
ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп,
өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер
қабылдай білуге үйретудің жолы
логикалық тапсырмалар орындату.
Осындай тапсырмалар, әдетте, тосын,
болжауға келмейтін және қарапайым
болады. Оқушылар мұндай есептерді
зор ықыласпен шығарады және
өздігінен анализ жасауға үйреніп,
өз жұмыстарының қорытындыларын
жалпылауға, салыстыруға дағдылана
бастайды.
Балалардың
логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда
мынандай талаптарды басшылыққа алу керек:
Сабақта балаларды түгелдей қамту;
Жеке дара қасиеттерін ескере
білу;
Іс-әрекетке қызықтыра білу.
Құрылған тапсырмалар мазмұны
жағынан бір-біріне ұқсамауға тиіс. Бұл
баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай,
оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын
дәлелдеуге де үйретіп, әрі оны жалықтырмайды.
Әр сабақ сайын тапсырмаларды қиындатуға
болады, көлемі көбейген сайын тапсырмаларды
орындау жылдамдығы да артады. Берілген
тапсырмалардың міндеті - баланың ой- өрісін,
тілі мен сөйлеуін үш бағытта дамыту:
1. логикалық;
2. жаңалық ашу;
3. шығармашылық.
Сабақта балалардың
ойлау қабілетін дамыту мақсатында тапсырмалардың
мынадай түрлерін пайдалануға болады:
1. Ми қозғау жаттығулары.
2. Ойлау сәті.
3. Психикалық механизмдерді
жаттықтыру.
4. Көңілді үзіліс.
5. Логикалық тапсырмалар.
Әр тапсырманың өзіндік қызметі
мен нәтижесі баланың қабілетін қалыптастыра
отырып, дамытуға үлес қосары сөзсіз.
Ересектеу бала алдымен белгілер
кезеңіне, сонан соң қатынастар кезеңіне
өтеді, сонымен жеке заттар арасындағы
күрделі қатынастарды кабылдайтынын біз
білеміз. Осыдан: ересектеу оқушы әлемді
адамдар мен заттар күрделі катынастарының
жүйесі деп кабылдайды деген қорытынды
жасалады. Ойлау психологиясы үшін негізгі
маңызы бар түйінді факт біз жаңа ғана
көрсеткен жағдайларды қайта карау болып
табылады. Ол тек заттар мен нәрселерді
ғана емес, заттардың ең майда қасиеттері
мен сапаларын да қабылдауы тиіс, өйткені
заттың өзі — жекелеген белгілер мен
катынастардың күрделі байланысы.
Бала туралы білетініміздің
бәрі: сәбилік шақ пен мектепке дейінгі
бала заттарды олардың аса нақты байланыстылығында
болмыстың кесіндісі ретінде кабылдайды.
Суретпен жасалған тәжірибе негізіндегі
жеке заттарды бастапқы қабылдауы, шын
мәнінде — кейінгі, баланың кейінірек
дамуындағы кезең. Ал ерте кезеңдегі баланың
ойлауының дамуы туралы біздің білетініміздің
бәрі де, осы тәжірибені жалғастыра берсек,
мүлдем басқаша көрініске, яғни бала ойлауының
дамуындағы кері процеске әкелетінін
көрсетеді.
Бала алдымен байланысқан тұтастық ретінде
ойлайды. Бұл кезең синкретизм деп аталады.
Синкретизм — оны жіктемей және бір затты
екіншісінен бөлмей, баланың тұтастай
ойлауына мүмкіндік беретін бала ойлауының
ерекшелігі. Бала ойлауының синкреттік
сипаты, яғни тұтастай жағдаяттармен,
тұтастай байланысты бөліктермен ойлауы
соншалықты күшті, ол тіпті оқушының сөз
арқылы ойлауында да жалғаса береді және
де мектепке дейінгі баланың ойлауын түрлендіретін
формасы болып табылады.
Сонымен, синкретизм ойлаудың
байланыссыз байланыстылығында, яғни
субъективті байланыстың, тікелей әсерден
алған байланыстың объективті байланыстан
үстемдігінде, осы жерден объективті байланыссыздық
және субъективті жалпылай байланыстылық
шығады. Баланың қабылдауында барлығы
өзара байланысты. Объективтілік жағынан,
баланың әсерлер байланысын заттар байланысы
деп ойлайтынын көрсетеді. Бала әсерлер
байланысы болатынды, ол заттар байланысы
деп кабылдайды. Осы жағдайда мида физиологиялық
тұрғыдан не болатыны түсініктілеу: бұл
И.П.Павловтың иррадиация туралы қызықты
жағдайында, яғни қозудың бастапқыда шашыраған,
диффузиялы кезеңі, ол алғашқы әсерлер
кезінде болады, осы әсерлермен байланысты
тұтас кешендер пайда болады.
Бұрынғы кездегі психологтар,
субъективті психологтар ойлаудың дамуын
қалай елестеткен. Олардың айтуынша, жаңа
туған баланың жағдайы қайсыбір инстинкттердің
ретсіздігі, ең алдымен, байланыссыз заттардың
ретсіздігі, өйткені тәжірибе жоқ болса,
байланыс қайдан алынады? Бала ешқашан
заттарды көрмеген, мәселен, адам, үстел,
орындық. Егер сезім мүшелері ғана қызмет
атқарса, онда, әрине, балада елестердің
жылы мен тәттінің, қара мен сарының, түрлі
бір-бірімен байланыссыз инстинкттері
мен заттар қасиеттерінің ретсіздігі
болуы керек. Бірте-бірте инстинкттер
қордалана береді, бөлек инстинкттерден
топтар құрылады. Осыдан заттар шығады,
сосын заттар топтарға қордаланады, ең
соңында бала әлемді қабылдауға көшеді.
Баланың бойындағы жақсы қасиеттер
мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі
де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің
маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде ойын
әдісінің маңызы көп. Мектепке дейінгі
жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-
қатынасы, мінез- құлық көріністері олар
өсіп-есейгенде де жалғасы береді. Ойын
барысында бала өзін қоршаған үлкендер
сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен
кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет
жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға,
тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін
байытуға, логикалық ойлауын дамытуға
бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы
дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы
пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық
әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала
ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке
ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар
алады, дүние сырын ашады.
Ойындардың негізгі мақсаты
балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын,
байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын
дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің
жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай,
құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей
білуін анықтау, қалыптастыру.
ІІІ.Қорытынды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың
жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың
орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі
кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп
жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық
ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген
белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Логикалық ойындар баланың психикасында
сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің,
жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің
дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық
және таным әрекетінің негізі болып табылады.
Логикалық ойлау – адамның интелликтуалдық
қабілеттерінің негізін құрайды. Дамытушы
ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын
арттырады. Сол себептен балаларға логикалық
ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың
маңызы ерекше.
“Ойын - бұл өзінше бір мектеп.
Осы ойын түрлері арқылы балалардың мінез-құлқы,
олардың өмірге, қоршаған ортаны танып
білуге деген, бір-біріне деген танымдық
көзқарасы қалыптасады”. В.А. Сухомлинскийдің
осы сөзі ойын арқылы баланың логикалық
ойлау қабілеті шыңдалатынын дәл көрсетеді.
Ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін
арттырып, балалардың логикалық ойлауын,
математикалық қабілеттерін дамытады.
Тәрбиеші ойындарды шығармашылықпен түрлендіре
отырып, балалардың психофизиологиялық
ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты
өткенде, бұрынғы материалды қайталағанда,
білімді тиянақтау негізінде топтағы
барлық балалармен жүргізілетін бағдарламалар
арасында жұмыс жүргізгені абзал.
Балалардың логикалық ойлау
қабілетін дамытуға бағытталған стандартты
емес тапсырмаларды ретінде шығармашылық
жаттығулар қолданылады. Сондықтан шығармашылық
жаттығуды ұдайы жүргізе отырып балалардың
тек қызығушылығын ғана емес, логикалық
ойлауын да дамытуға мүмкіндік бар.