Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 06:37, курсовая работа
Краткое описание
Балалардың логикалық ойын дамыту балабақшада оқытылатын білімдерді және олардың ғылыми мазмұнын меңгеру үдерісінде жүзеге асырылады. А.Байтұрсынов ұғымдарды қалыптастыру үшін ойлау заңдарын, ережелерін дұрыс пайдалану керектігін айтады. Т.Тәжібаев «Адамның дүниетану үдерісі нақты қарапайым пайымдаудан бірте-бірте дерексіз ойлауға көшіп отырады» – дейді.
І-бөлім. Ойлаудың жалпы сипаттамасы..........................................................6 - 8 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы....................................9 - 10
ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауы..........................11 - 13 2.2. Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту жолдары................................................................14 - 21 2.3. Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру........................22 - 26
2.1. Мектепке дейінгі
балаларда ойлаудың психологиялық
және логикалық ерекшеліктері
Дұрыс ойлаудың формалары мен
заңдары туралы ғылым логика деп, ал
ой қорытындыларының обьектив пікірлерге
негізделетін процесі логикалық ойлау
деп аталады.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі
– қорытындылардың қисындылығында, олардың
шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен
құбылыс түсіндіріледі, себептері мен
салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар
арасындағы байланыстар мен қатынастар
логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл
байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын
теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде
көрсетіледі.
Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов,
Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау»
ұғымына нақты анықтама берген. Олардың
пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз
логика заңдылықтарын пайдалана отырып
ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға
негізделген ойлаудың бір түрі.
Балалардың логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец,
Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық
көрді.
барлық логикалық ойлау операцияларын
(талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау,
саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.
«Логикалық ойлау – логикалық
сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық
сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті
К.Д.Ушинский.
Логикалық ойлау дегеніміз
– логика заңдылықтарын пайдалана отырып,
ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға
негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың
логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие
үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.
Логика адам ойлауын өзінің
нысанасы ретінде қарастыратын ғылым
болғандықтан оны философия, психология,
педагогика, әлеуметтану, жоғары жүйке
қызметінің физиологиясы және басқа ғылымдардың
зерттеу пәні. Философия өз пәні ретінде
тұтастай ойлау мазмұнын, адамдардың әлемге
деген көзқарасы мен әлемнен алатын орнын,
олардың таным қабілеттерін зерттейді.
Адамның жоғарғы жүйке физиологиясы адам
ағзасында өтетін физиологиялық үдерістердің
механизімі мен заңдылықтарын қарастырады.
Психология адамның түрлі топтарының
ойлау ерекшеліктерін, олардың өзара әрекетін
айқындайды, олардың жас ерекшелігіне
қарай дене және психикалық дамуын зерттейді.
Ал, педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені
ерекше бірлік пен бүтіндік деп танып,
өсіп келе жатқан ұрпақты қоғам өміріне
үйрету мақсатына бағытталған қызметі
ретінде зерттейді.
Кез келген ғылымдағыдай, логиканың
өз заңдары бар, ол айрықша заңдар. Олар,
бір жағынан, ойлаудың негізгі қасиеттерін
бейнелейтіндіктен ғылым заңдарына, басқа
жағынан, дұрыс ойлауға қойылатын негізгі
заңдарды құрайды. Ол заңдарға қайшылық
заңы, тепе-теңдік, үшіншісінің болмау
заңы және негіздеу заңы. Логиканың
формалары мен заңдары дұрыс орындалуы
арқылы балалар білімдерді меңгереді
және логикалық ойлайды.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде
баланың логикалық ойлауын дамыту негізгі
кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық
ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде
қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді
шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік
береді. Тәжірибе барысында жасөспірімдерде
ой тұтастығының сақталмауы байқалады.
Мұндай қателерді болдырмау үшін баланың
ой жүйелігінің қажеттігін сезінуіне
көз жеткізудің амал – тәсілдерін тауып,
орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.
Мектеп жасына дейінгі кезең
балада іс-әрекетінің қалыптасуының өте
ыңғайлы кезеңі. Балалардың логикалық
ойлау қабілетін дамыту білімді, дағдыны
және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін
мақсаты бағытталған түрде басқару, оқушылар
танымының қажетті әдістері мен тәсілдерін
қамтамасыз етеді.
Әйтседе бұл баланы қайткенде
де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға»
шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден,
ойлаудың логикалық формаларын игерудің
өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені
формалары ретінде игерілмейінше, толық
құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі
схемалық ойлау баланы логика табалдырығына
жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды
игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау
өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.
В.Давыдовтың «Мектеп жасына
дейінгі кезеңдегі балалардың психологиялық
дамуы» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі
балалардың логикалық ойлау қабілетін
қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол
– белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының
бірі» делінген.
«Ойлау логикалық заңдылықтары
мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар
логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы
логика заңдылықтары мен формалары арқылы
болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова.
2.2. Мектепке дейінгі
балалардың логикалық
ойлауын дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі ұйымдардың
алдында тұрған негізгі мақсат – балаларға
білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту,
қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын
ояту. Мектеп жасына дейінгі кезеңінде
алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде
қолдануға машықтанады және ой қорытынды
жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік
беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне
бастайды және осы кезеңде баланың ойлауы
нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға
қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға
жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене
бастайды. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйе
– логикалық ойлауға сүйенеді. Логикалық
ойлау анықтылығымен, бірізділігімен,
дәлелділігімен ерекшеленеді. Мектеп
жасына дейінгі балаларының логикалық
ойлауын дамытуға біріншіден – айнала
қоршаған ортаны танып білу, екіншіден
– баланың тапсырмаларды шешуге деген
өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден
– сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.
Логикалық ойлауды дамыту үшін
іс-әрекеттерді нақтылы заттар мен жағдайлардың
орнына белгілер түріндегі сөздер сандар
арқылы игерудің алғы шарттары, бұрын
айтылғандағыдай, сәбилік шақтың соңында,
бала санасының белгілер функциясы қалыптаса
басталғанда қаланады. Бұл уақытта бала
бір затты белгілеуге өзге бір заттың,
суреттің, сөздің көмегімен оның орнын
ауыстыруға болатындығын түсіне бастайды.
Әйтседе сөз бен белгілердің басқа түрлерін
бала өздігінен ойлау міндеттерін шешуге
қолдана алмайды. Көрнекі-әсерлі әсіресе
көрнекі-бейнелі ойлау сөйлеумен тығыз
байланысты. Сөйлеудің үлкендер баланың
іс-әрекетіне басшылық жасайды, олардың
алдында практикалық және танымдық міндеттер
қояды, оларды шешудің тәсілдерін үйретеді.
Баланың өзінің сөйлеу арқылы айтып жеткізетіндері,
осы әркеттің өту барысы мен нәтижелерін
баланың түсіне білуі жағдай жасайды,
міндеттердің жолын іздестіруге көмектеседі.
Сөйлеу жоспарлаушы функцияға ие болғанда
оның мәні бұрынғыдан да арта түседі.
Мектепке дейінгі кезеңдегі
балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу
жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді
ойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту
мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы
баланың логикалық ойлау қабілеттін арттырудың
негізгі мақсаты.
- Танымдық, білімдік, іскерлік
қасиеттері жан-жақты дамыған
еркін ойлы, тілі жетік, ерікті-жігерлі,
өзіне сенімді балдырғанды келесі
білім сатысына - мектепке дайындау;
- баланың логикалық ойлау
қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты
маңызды екенін ата-аналарға түсіндіре,
жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу
жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру;
-баланың логикалық ойлауын
дамыту бағытында тәжірибеде
жүргізілетін жұмыстар: оқыту мен
тәрбиелеу жұмысын баланың жас ерекшелігі
мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,
мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту
мен тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан
Республикасының мемлекеттік стандарты
талаптары негізіндерінде ұйымдастыру;
- балалардың бір орнында
ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып
кетпеуін ескеріп сабақтарды
ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды-
әуенді ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс
барысындағы тапсырмалар, шағын
топтар жұмысы, тапсырмаларды алма-кезек
ауыстырып орындату, эстафеталық
ойын барысындағы тапсырмалар
және т.б.);
- логикалық ойлау қабілеттеріне
арналған тапсырмаларды (жұмбақ
суреттер, ситуациялық тапсырмалар,
тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі
тапсырмалар және т.б.) түрлендіре
қолдану;
- балалардың өздерінің
талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне
жағдай жасап өзіндік іс-әрекеттерді
орындау, бастаған жұмысты аяқтау
іскерліктеріне, өз ойларын еркін
жеткізуге бейімдеу;
- көмекті қажет ететін
балалармен жеке жұмыс түрлерін
жүргізу;
- психологиялық ойындар,
жаттығулар қолдану арқылы балаларға
жан-жақты жағдай жасау, жағымды
микро ахуал туғызу;
- ата-аналарды сабақтарға,
күн тәртібі бойынша жүргізілетін
тәрбиелік шараларға, тестік байқауларға,
ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға
тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік,
танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып,
балаларына білікті көмек көрсете алатындай
жағдайда қатыстыру;
- балаларды мектепке педагогикалық
және психологиялық тұрғыдан
дайындау мақсатында бастауыш
сынып ұстаздарымен қарым-қатынаста
болу.
Мектеп жасына дейінгі балалардың
логикалық ойлауының дамуы екі негізгі
саты арқылы өтеді.
Бірінші сатыда балалар нақты
заттарға немесе оның дәл баламаларына,
бейнелеулерге сүйенеді. Балалар заттар
мен жағдайларды олардың қандай да бір
жеке сыртқы белгісі бойынша бағалайды.
Балалардың ой қорытулары көрнекі алғы
шарттарға, қабылдау деректеріне сүйенеді.
Қорытынды жасау логикалық дәлелдер негізінде
емес, қабылдаған мәліметтерге тура қатынасы
жолымен жүзеге асырылады. Бұл кезеңдегі
балалар жасайтын жинақтау заттардың
көзге түсетін белгілерінің күшті қысымымен
болады. Бұл сатыда туындайтын жинақтаулардың
көпшілігі заттар мен құбылыстардың бетінде
жататын нақты қабылданған белгілер мен
қасиеттерді қамтиды. Балалар жасаған
жаттығулар нақтылы бақылау жағдайларына,
олардың егжей-тегжейлі сөзбен сипаттауға
сүйенетіндей етіп беріледі. Мұндай материалдарды
салыстыруда балалар ұқсас белгілерді
табады және оларды тиісті сөздермен сипаттайды.
Білімді толық жинақтаудың негізгі критерийі
баланың алған білімге сай келетін нақтылы
мысал келтіре білуі болып табылады. Осы
кезеңде оқытудың көрнекілік ұстанымын
кеңінен қолдануға негіз болады.
Жүйелі оқу әрекеті негізінде
5-6 жастағы балалардың ойлау сипаты өзгереді.
Ойлаудың дамуының екінші кезеңі осы өзгерістермен
байланысты. 5-6 жаста ұғымдар арасындағы
қатынасты көрсетуді талап ететін тапсырмалар
көлемі ұлғая береді, балалар ұғымдардың
кейбір белгілері арасындағы тектік-түрлік
қатынасты, яғни топтастыруды игереді.
Екінші кезеңнің аяғына қарай балалардың
көпшілігі бұрынырақ жинақталған ұғымдары
шеңберінде оларды ойша талдау мен құрастыру
арқылы қорытынды жасайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың
логикалық ойлау қабілетін дамытудың
маңызды факторы, баланың психикалық,
ақыл-ой іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін бүкіл оқу үдерісін
жолға қою.
Бала бұл кезеңде де өзін ойлау
іс-әрекетінде сөзбен емес бейнелермен
пайдаланады. Бұл балалар алдарынан шығатын
көбіне ойлау іс-әрекеттерін орындауды
талап ететін міндеттерді шешетіндіктен
және өз ойын сөзбен айтып жеткізе алмайтын
жағдайларға әдейі бұрын бұзып қойған
ойыншықтарды бергенде, көп жағдайда бұзылудың
себебін дұрыс анықтап, оларды жөндей
білді, бірақ неліктен сол істелгенін
сөзбен айтып бере алмайды, тек ойыншықтардың
болмашы белгілерін көрсетті. Осындай
жағдай кнопканы баса отырып қуыршақты
ойыншық қаланың ішімен жүргізілетін
ойын ойналғанда да болады. Балалар қуыршақтың
қимылын басқарады жақсы үйреніп алды,
оларды тағайындалған орындар мүлтіксіз
дұрыс жеткізеді, бірақ әдеттегіше жеке
кнопкалар қуыршақтың қозғалыстарымен
қалай байланысқанын айта алмайды.
Сөз бейнелерді пайдаланбай-ақ
ақыл-ой мәселелерін шешуге мүмкіндік
беретін дербес ойлау құралы ретінде қолданылып
бастауы үшін бала адамзат жасаған ұғымдарды
сөз арқылы бекіген заттардың белгілері
мен болмыс құбылыстарының жалпы әрі маңызды
белгілері жөнінде білімдерді игеру тиіс.
Ұғым өзара бір білімнен екінші
білім шығарарлықтай үйлесімді жүйелерге
біріккен. Ол жүйе заттардың өзінің не
бейнелердің көмегінсіз-ақ ақыл-ой мәселелерін
шешуге мүмкіндік береді. Мысалы: барлық
сүт қоректілер өкпемен демалатындығы
жөнінде жалпы ережені біле отырып және
киттің де сүт қоректі екенің түсінгеннен
кейін оның да өкпесі бар екендігі жөнінде
қорытынды шығарамыз.
Балалар игеретін сөздердің
мәні бұл сөздерге үлкендердің беретін
мәніне біртіндеп жуықтай бастайды. Баланың
ойлауы көрнекі бейнелі болып қалып отырғанда
сөздер ол үшін заттар, іс-әрекеттер, қасиеттер,
қатынастар жөнінде түсінік білдіреді.
Үлкендер балалармен қарым-қатынаста
жиі қателеседі, өйткені олар сөздердің
үлкендер үшін де, мектеп жасына дейінгі
балалар үшін де, мәні бірдей деп шамаламайды.
Шындығында балалар, белгілі заттарға,
жағдайларға, оқиғаларға қатысты сөздерді
дұрыс бағыттай білуді біршама терең тез
меңгере де егжей-тегжейлі зерттеу балалардың
түсінік сөздері мен үлкендердің ұғым
сөздерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар
балатынын көрсетті. Түсінік ұғымға қарағанда
болмысты қунақы әрі айқын белгілейді,
бірақ ұғымға тән айқындыққа, анықтылыққа,
жүйелікке ие бола алмайды.
Балаларда бар түсініктер өздігінен
ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды қалыптастыру
үшін түсініктерді пайдалануға болады.
Ұғымдардың өзінде және оларды қолдануға
негізделген ойлаудың логикалық формаларын
да балалар ғылыми білімдер негізделген
барысында меңгереді.
Ұғымдарды жүйелі меңгеру мектептегі
оқу процесінде басталады. Бірақ кейбір
ұғымдарды мектепке дейінгі ересек балалар
арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайларында
үйреніп алатындығын зерттеулер көрсетті.
Мұндай оқытуда алдымен оқылатын материалдарға
балалардың ерекше сыртқы бағдарлау іс-әрекеттерінің
көмегімен заттардан және олардың қатынастарынан
ұғымның мазмұнына кірерліктей басты
белгілерді айыра білуге керекті әдістер
мен құралдарды алады. Мектепке дейінгі
баланы мұндай әдісті дұрыс қолдануға
және алынған нәтижені оған түсінікті
схемалық формада ұстап қалуға үйретеді.
Мысалы: бұйым сандық қасиеттері
мен қатынастары туралы ұғымдарды қалыптастырғанда
балаларды өлшемдер сияқты құралдармен
пайдалануға үйретеді. Өлшемдер шаманың
қабылдау мен түсініктігі бірігіп
кеткен көлемнің түрлі параметрлерін
– (көрсеткіштерін) ұзындық бір түрлі
өлшеммен, аудан екінші түрлі өлшеммен,
көлем үшінші түрлі өлшеммен, салмақ төртінші
өлшеммен өлшенетіндерін – бір-бірінен
бөліп, ажырата білуге мүмкіндік береді.
Өлшемннің арқасында сан сыртқы әсердің
ықпалсыздығын объективті түрде анықталады.
Балалар, өлшеу нәтижесін белгілі бір
таңбамен белгілеп бөліп қояды, мысалы,
өзара бірдей таяқшаларды қатарға тізеді.
Егер баларға берілген көрсеткіш бойынша
екі затты өзара өлшеу арқылы салыстыру
қажет болса, онда балалар таяқшаларды
екі қатарға орналастырады және әр қатардағы
таяқшаға екінші қатардың таяқшасы дәл
келетіндей етіп тізеді. Шаманың берілген
көрсеткіші бойынша (ұзындық, аудан, көлем,
салмақ) заттардың қатынастарының схемалық
бейнесі шығады. Егер таяқшалардың бір
қатары ұзынырақ болып шықса, онда осы
қатарға бірдей екендігі байқалады.