Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 07:27, реферат
Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді.
бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; мгленхоликтерді – нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
И.П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз жеке қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байқалған. И.П. Павлов жануарлардың нерв жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірбесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттеріңің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: “Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидумның барлық әрекеттеріне белгілі кейіп беретін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы”. Соңғы жылдары көрнекі орыс психологы Б.М. Тепловтың (1896-1965) лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Ефер И.П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б.М. Теплов оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И.П. Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене түсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бірі
В.Д. Небылицин (1930-1972)
осындай зерттеулердің бірінде нерв жүйесінің
әлсіз типінің өзі бірнеше вариантарға
бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір
сүруге иемсіздеу деп саналатын осы әлсіз
типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу
мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп
бөлінетін болды. Әлсіз типтің де сезімталдығы
күшті екендігі, осыған арай оның сыртқы
ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі
зерттелді.
Темперамент жөнінде түсінік.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми
ойды қызықтырған мәселелердің бірі.
Оған деген қызығушылықтың төркіні
– адамдар бойында болатын
дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың
жан дүниесі өз алдына бір болмыс.
Оның қайталанбастығы, бір жағынан,
адам тәнінің биологиялық және физиологиялық
құрылымы мен дамуына байланысты
болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар
мен қатынастарға негіз бола алуында.
Темперамент адамның
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге
тасын қалаған ежелгі грек дәрігері
– Гиппократ.Оның тұжырымы бойынша,
адамдар төрт «дене шырындарының»
- қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен
ажыратылады. Осы психологиялық
тағылымды арқау ете отырып, ежелгі
дүние дәрігері Клавдий Гален
алғашқы рет темперамент
Ол біздің заманымызға дейін
жеткен темперамент атауларын
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер
адамдардың дене құрылымы және физиологиялық
қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін
көп түрлі әрекет – қылықтарды
тастап, ретке келтіруге ат салысты.
Осыған орай темпераменттің көп түрлі
типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде
назар саларлықтай тип –
1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.
3Атлетик- бұлшық еттері күшті
дамыған, денесі мығым, берік,
ұзынша не орта бойлы, кең
иықты, жамбас сүйектері
4 Диспластик-дене бітімі
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.
Егер сіз кіші оқушыларды қадағалайтын
болсаңыз, олар сабақта да, үзілісте
де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру
сабақтарында да олардың активтілігі
және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі
тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді,
өзгерістерді елемей тез араласып кетеді
және олардың эмоциялары өте айқын,
ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші
біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді,
сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты,
эмоциялары мүлде көрінбейді деуге
болады.Бұндай балалар өз жетістігі
мен кемшіліктеріне мән бермейді.
Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең,
өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш,
сезімге тез берілетін балалар.
Тұйық, ұялшақ, ақырын сөйлейтін, ренжігіш
оқушылар да өздеріне назар аудартпай
қоймайды. Бұл айтылған әртүрлі темперамент
белгілері төрт оқушы типін көрсетеді:
Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген.
1 Күшті қозуы тежелуінен басым
2 Күшті қозуы мен тежелуі тең
3 Күшті қозуы мен тежелуі тең, қозғалысы баяу
Міне, бұл Павлов ұсынған үш тип.
Бірінші типті адамдар
1 Күшті, ұстамсыз
2 Күшті,ұстамды
Павлов өзінің ұсынған типтерін
психологиялық темперамент
Сангвиник.
Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.
3-ші сыныпта оқитын сангвиник
типінің өкілін алатын болсақ,
олар еті тірі, белсенді болып
келеді. Сабақ үстінде тынышсыз,
жиі алаңдайды, сабақта
Флегматик.
Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды.
Істі ойланып, төзімділікпен істейді.
Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады.
Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін
аяғына дейін жеткізеді. Психикалық
процесстер флегматикте баяу жүреді.
Бұл баяулық оған оқу жолында
кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін
жері:тез есте сақтау, тез ойланып
жауап беру. Кейде флегматиктер
жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ
мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста
флегматик бірқалыпты, байыпты, керек
жерде тіл табысады, ал орынсыз
сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың
байыптылығы мен байсалдылығы өмірге
деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті
ызаландыру немесе эмоционалды әрекет
жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ
жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар
тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті
дұрыс тәрбиелегенде
Мысалы 2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Холерик.
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.
Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.
Меланхолик.
Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.
Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.
Әр мұғалім оқушының темпераментін білу керек.
Холерик кіші оқушыда ұстамсыздықты тежеуді жаттықтыру керек. Оған талап қойған кезде, жұмсақ және байыппен сөйлеу керек. Еңбек сабағында ұқыптылыққа тәрбиелеу қажет.
Меланхоликтерде белсенділікті арттыру керек. Оларды қоғамдық жұмысқа барынша кірістіру керек.
Флегматиктерде де сондай қасиеттерді қалыптастыру керек.
Ал сангвиниктерде тұрақтылықты орнату қажет.
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Реферат
Тақырыбы: Кіші оқушылардың темперамент көріністері
Өскемен,2005
Жасөспірімдер
мен бозбалалардың мінез-
Информация о работе Кіші оқушылардың темперамент көріністері